№1 Практикалық жұмыс «Ару» жайында не білеміз?



Дата07.02.2022
өлшемі14,12 Kb.
#95810
Байланысты:
Қазақ аруы 1 практикалық жұмыс


№1 Практикалық жұмыс
«Ару» жайында не білеміз?
Берілген сұрақтары:
1.«Ару» сөзінің мәні не?
Ару-Сұлу,сымбатты,батырдың адал жары.Тек ғана келбеті емес,оған қоса жан дүниесіде сай болу қажет.
2.Бұл күнде «Ару» кімдерге тән атау?
Менің ойымша бүкіл қазақ қыздары нағыз арулар.Өйткені олар болашақ бір отбасының ұйытқысы болатын жандар.
3.«Ар» ұғымы туралы шолу жасау.
Негізгі қазақтарда барлығанан бұрын ар,ұят бірінші тұрады.Сондықтан қазақ қыздары өз ар-ұяттарын сақтап,ешкімге қолжаулық етпеген.
4.«Ар» сөзі қандай сөздермен қатар жүреді?
Менің ойымша:ұят,пәктік,абырой.
5.«Қыз» сөзінің этимологиясы?
«Қыз» (Ару) сөзі әйелдерге қатысты сөз болғанымен, ертеректе «пәк, таза, кіршіксіз» деген және діни ұғымдағы «әулие, ие», осылардан барып, «игі, мінсіз, игілікті, асыл» деген ауыспалы мағыналары пайда болған. Сондықтан көне түркі ескерткішткерінде арығ тон (таза киім), аруғ азуқ (адал тамақ), қылқы аруғ (мінез-құлқы игі), ару күмүш (таза, қоспасыз күміс) деген тіркестерді көруге болады. Бұл сөз тегі тек түркі емес, түркі-монғол тілдеріне ортақ ежелгі сөз болуы керек. Өйткені, монғол тілінде де ариг сөзі «таза» мәнін береді. Монғолша ариг ус – ауыз су (таза, ішуге келетін су), ариун 1) киелі, әулие, таза, адал; 2) үсті-басы таза жүретін деген мағыналарды білдіреді екен.
6.«Ару» ұғымына ортақ ой тұжырымдау.
«Ару»-арлы,пәк,таза болащақ ана болатын жан.

Қорытынды.



Білетінім

Білгенім

Білгім келеді

«Ар» сөзінің қандай жағдайда,қалай қолданатынын білемін.

«Қыз» сөзінің этимологиясы жайлы ақпараттар білдім.

Алдағы уақытта тағы да қазақтың жаңа сөздерін білгім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет