1. Салық есебі туралы түсінік бойынша баяндама дайындау. Әдістемелік нұсқау



бет1/5
Дата08.05.2020
өлшемі30,56 Kb.
#66582
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 тапсырма
ОСӨЖ арналған тапсырмалар

11.2.1

Тапсырма.
1. Салық есебі туралы түсінік бойынша баяндама дайындау.
Әдістемелік нұсқау.

Қазақстанның салық есебі саясатын зерделей отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің салық және фискалдық саясат тұрғысынан стратегиялық даму жөніндегі қолданыстағы бағдарламаларына талдау жасау, оларды іске асыру нәтижелерін бағалау қажет.



Баяндама

Салық – кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады. Салықтардың мемлекет қазынасын толтыруға бағытталған қызмет құралы ретінде орны өз алдына, уақыт өткен сайын оның шаруашылық салаларына ықпал жасауға және өндіріс пен ғылыми- техникалық прогрессті дамытуға ынталандыруға икемді экономикалық реттеуші тұрғысындағы маңызы айқын аңғарылады.

Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын орта түсуде . Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салыққа қатысты заң актілеріне ортақ методалогиялық және тұжырымдамалық негіздері еліміздің аумағын да берегей салық тәртібін қолдануды және барлық салық қатынастарын реттеуді қамтамасыз етуде. Әлемдік тәжірбиеде қолданылып жүрген салық салу принциптеріне және республика экономикасының даму деңгейіне жете назар аударылды. Салықтардың саны қысқартылды, салықтың анағұрлым маңызды түрлеріне бірегей ставка белгіленді, бюджетпен есеп айырысу жеңілдетілді.

Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.

Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы  енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.

Республика экономикасы шетелдік инвестицияны тарту барған сайын ұлғая түсуіне байланысты Салық кодексінің бір тарауы халықаралық салық салу мәселесін қарады.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сай сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушылар салынатын салықтардың тиімділігін арттыру.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет