1. Сәбилік шақтағы бала дамуының қарқыны



Дата16.03.2022
өлшемі24,34 Kb.
#135994
Байланысты:
Курстық ж
Онлайн сервистерді қолдану


Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................
1. Сәбилік шақтағы бала дамуының қарқыны
1.1 Психикалық дамуының үлкен өзгерістері
1.2 Үш жас кезіндегі баланың ақыл – ойының жетілуі
2. Сәбилік шақтағы сөйлеу кезеңі
2.1 Сөз үйренуге инсентивті әзірлігі
2.2 Сөйлеуді дамытудағы ата – анасының маңызы.
Қорытынды......................................................................................

Кіріспе Зерттеудің өзектілігі - онтогенезді тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі қашықтықтан өтеді. Баланың бойындағы алғашқы 3 жылда пайда болатын сапалық өзгерістерлің елеулі екендігі соншалық , кейбір психологтар туған күнінен бастап кәмілеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері туралы ойлағанда, оны 3 жас деп есептеп жүр. Ерте сәбилік шақтың соңына қарай іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріліп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан басталған қарым – қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда бола бастайды. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде қандай да бір себептермен тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілеген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әркеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптаса бастайды. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды. Ерте сәбилік балалық шақ – балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейінгі бала 30-40 тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі өзгкріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып, оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын , сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын жасайды. Ерте сәбйлік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады.
Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады. Көзбен қабылдаумен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.
Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.
Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.С.Выготский бала өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады. Осылайша сәбилік шақтың адам өмірінде маңызды рөл атқаратынын түсіндім.
Зеттеудің мақсаты – ерте сәбилік кезеңнің дамуының қалай дамитынын және жүретін процесстер тізімін анықтау.
Зерттеу обьектісі – жаңа туған сәбидің психикалық дамуының үдерісі.
Зерттеу пәні – сәбилердің онтогенезді ерекшеліктерін зерттеу Зерттеудің болжамы – егер сәбилік шақ кезеңінің бір қатар сапалы, физиологиялық және психикалық ерекшеліктері бар болса, ол тәрбиелеудің әдістері мен маңызын анықтайды және осы жастағы балалар үшін арнайы жағдайларды жасауды талап етеді. Зерттеудің міндеттері - сәбилік шақ кезенің қалай өтетінін анықтап зерттеу - алғашқы сөйлеу кезеңінің тәжірбиелік – экспериментер процесінің өтуі. Зертттеу әдістері – бақылау, эксперимен, талдау, танысдық процесстер, ойын – жаттығулары. Зерттеудің теориялық – әдіснамалық кезеңі дүниеге келген алғашқы жылында нәрестеде адамға тән психикалық іс-әрекеттердің басқа формалары туралы ой - пікір. Зерттеудің практикалық мәнділігі зерттеу жұмысында пайданылған әдістемелік жұмыстар сәбилік шақтағы қолдану. Зерттеудің кезеңдері - - психолгиялық, жас ерекшелік, жалпы психологиялық ақпаратар. Зерттеу толық нәтижелі түрде зеттелді, барлық ақпараттар қамтылды. Курстық жұмысының құрылымы: кіріспе, екі тарау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет