1.Шекті пайдалылық теориясы, оның экономикалық талдаудағы рөлі мен орны.
Шекті пайдалылық - бір игіліктің қосымша бірлігін тұтынғандағы оның тұтынушыға берер шекті пайдалылығы, ол негізінен кему заңына бағытталған. Ал талғамсыздық қисығы өз кезегінде тұтынушының бюджеттік шектулігін ескере отырып, оның тауар тұтынудағы ең ұтымды деңгейін анықтайды. Сондай-ақ жеке сұранысқа бағаның өзгеруіне байланысты табыс және алмастыру әсерлері өз ықпалын тигізеді. Нарықтық экономикада сұраныстың өзіндік орны ерекше және сұраныс негізінен тұтынушының мінез-құлығына және талғамына байланысты субъективті бағытта болады.
2.Қазіргі кездегі тұтынушының рөлі мен құқықтары.
Тұтынушылардың негізгі құқықтары:
негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы;
адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;
өзің сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы;
монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;
өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын ескеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы;
сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқығы;
тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.
3.Пайдалылық теориясы және құндылық теориялары, оларды арттыру жолдары.
Достарыңызбен бөлісу: |