1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық бейімделуі бойынша анықтама Бірінші сынып оқушыларының сабағына ену барысында олардың мектепке бейімделуі және сабаққа үлгерімі жайында психологиялық диагностика жүргізілді.
Мектеп табалдырығын аттау әр баланың өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Барлық балалар ең алғашында оқуды ойын деп қабылдағанмен, уақыт өте оның маңызды екенін түсінеді. Баланың оқуы жақсаруы мұғалім мен ата-аналарға тікелей байланысты. Сырт көзге сабырлы көрінгенімен , 1 сынып оқушылары үлкен күйзеліске ұшырайды.
Бұл бейімделу кезеңі кейбір балаларда 1 ай, ендігісінде жарты жылдықта және 1 жылға созылады.
Мақсаты: Оқушылардың мектепке бейімделуін анықтау
Сынып ұжымымен танысу және топтағы ұйымшылдықты анықтау.
«Танысу» тренингі. Бұл тренингте оқушылар өз есімін атайды. Өз есімінің сәйкес адамның жақсы қасиеттерін айтады. Мысалы: Әсел – әдемі, Айша – ақылды, Сержан – салмақты т.б. балалар өз атына осылай теңеу келтіреді. Келесі оқушы алдындағы адамның есімі мен қасиетін айтып, одан кейін өзініңкін айтады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын қызықты болды, барлық балалар белсене атсалысты.
Оқушының сабақ үлгерімін анықтау үшін Керн – Йиерасик әдістемесі қолданылды. Тест 3 тапсырмадан құрылды. Бірінші тапсырма – ер адамның суретін сал, екінші –сөздерді көшіріп жаз, үшінші – нүктелерді көшіріп салу. Осы үш тапсырма балалардың жазу қабілетін байқауға және зейіні мен қол қимылын дамытуға бағытталады. Бұл тапсырма жазу қабілетін арттыруға аса қажет. Сонымен қатар баланың интеллектуалды қабілетін арттыруға көмектеседі (ер адамның суретін сал). «Сөздерді жазу» және «Нүктелерді көшіру» тапсырмалары балаларға есте сақтау, көру қабілетін дамытуға арналған.
Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтаудағы тесттің нәтижесі:
Жоғары 17%оқушыны құрайды.
Орта 80 % оқушыны құрайды.
Төмен 3 % оқушыны құрайды.
«Мен және менің мектебім», «Дұрыс сәемдесе білу», «Менің күн тәртібім» тақырыбтарында оқушылардың мектепке қызығушылығын арттыру мақсатында әңгімелесу жүргізілді. Балаларға келесі сұрақтар қойылды:
Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағандарың естерінде ме?
Не көрдіңдер?
Не естідіңдер?
Не сездіңдер?
Үйге барғанда ата-аналарына мектеп туралы не айттыңдар?
Сол кез несімен есте қалды?
Дұрыс сәлемдесуді білесіңбе?
Күн тәртібін қалай ұйымдастырдың?
Берілген жауаптар: «Алғашқы қоңырау» мектепке ең алғаш келген кездерің, таппақ айтқанын, сынып және сынып жетекшісімен қалай танысқандары жайлы айтты. Оларға мектептің қандай екенін көруі қызықтырды. Әңгімелесуден кейін оқушыларда мектепке деген жағымды көзқарас қалыптасты.
Ұсыныс. Оқуға қабілеттілігі төмен балалармен жеке жұмыс жасап: тренингтер, сурет салдыру, психолгиялық жаттығулар жасау арқылы оқущылардың сабаққа деген ынтасын арттыру.
Мұғалімдерге ұсыныс. Мұғалімдер оқушыларды оқудан жалықтырып алмау үшін, ойын ретінде қызықтырып өтуге жағдай жасау . Сабақ барысында кем дегенде бір рет сергіту сәтін ұйымдастырып, оқушыладың жеткен жетістіктеріне мадақтау сөзін айтуды әдетке айналдыру. Сабаққа үлгерімі төмен балаларға қосымша сабақтар ұйымдастыру.
Мектеп психологтары: С.Б.Жетпісбай, Э.З.Базанова