1. Ситуациялық есеп.
Емхананың хирургиялық кабинетіне 40 жастағы пациент екі білезігіндегі ауырсыну сезіміне, қолдарының ұйып қалуына шағымданы келді. Анамнезінде 2 сағ бойы аязда қолғапсыз тұрғандығы анықталды. Қарап тексергенде: қол білезігінің тері жамылғылары бозарған, сезімталдық бұзылған. Тамыр соғысы 80, АҚ 130/80 мм с.б. , ТАЖ 18, температурасы 36,90 С.
Науқастың жағдайын бағалаңыз.
І дәрежелі үсік шалу
Медбике іс әрекетінің кезең бойынша алгоритмін құрыңыз.
Ең алдымен, үсік шалу белгілері бар науқасты жылы жайға жеткізіп, аяқ киімін, шұлығын және қолғабын шешу керек. Дереу жедел жәрдем шақырту қажет.
І дәрежелі үсік шалғанда үсіген тері қабатын қызарғанша жылы алақанмен жылытып, уқалау қажет, жүн матамен, демнің жылуымен жылытып, соңынан мақта-дәкемен таңады.
Үсік шалғанда не істеуге болмайды?
Науқасты жылыту мақсатында ішімдіктер беруге, сонымен қатар, үсуге ұшыраған тері аумақтарын интенсивті түрде қармен, маймен, спиртті ерітінділерімен уқалауға мүлдем болмайды. Үсіген адамды алдын ала жылы температурада жылытып алмай, ыстық сулы ваннаға салуды әрекет етпеңіз. Науқасты жылыту мақсатында лаулап тұрған отты пайдалануға тыйым салынған. Осы аталған жылыту әдістері үсіген аумақта температураның бірден жоғарылауына алып келіп, ол өз кезегінде кіші капиллярлардың жарылуына, ішкі қан ағудың көріністеріне, тіпті ауыр жағдайға дейін алып келеді.
2. Ситуациялық есеп.
31 жастағы науқас И... Қан тобы 0(I), аудандық ауруханада толық емес түсік тастау ( 26-27 апталық) , постгеморрагиялық анемия және септицемия бойынша келіп түсті. Жатыр қуысын қыру жүргізілді. Қателікпен В(111) тобының қанын құю басталды. 100 мл енгізген соң науқаста бел аймағында ауырсыну және қалтырау пайда болды. Трансфузия тоқтатылды. 15 мин кейін науқас жағдайы бірден нашарлады, адинамия, терісі бірден бозаруы, акроцианоз, көп мөлшерде тер, өте күшті қалтырау пайда болды. Тамыр соғысы – 96, толық емес. АҚ – 75/40мм с.б.
Науқаста қандай асқыну пайда болды?
Анафилактикалық шок.
Медбике іс әрекетінің кезең бойынша алгоритмін құрыңыз.
ЖЕДЕЛ КӨМЕК.
Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін буйірге бұру. Аллергеннің орга¬низмге одан әрі тусуін тоқтату; инъек¬ция орнын немесе жәндік шаққан жеді 0,18 пайыз 0,5 мл эпинефрин ерітіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісіндекрест тәрізді енгізу және мұз басу. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу. Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.
Шокқа қарсы шаралар: 0,18 пайыз эпинефринерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне. Қайталап 5-10 минуттан кеін артериалдық қысымды бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1 пайыздық дифенгидрамин ерітіндісі 1,0 мл бұлшық етке. (процестің одан әрі өршуін тоқтатады) Көк тамырға инфузионды ем 0,9% натрий хлорид ертіндісі 1литр мөлшерінде. Аллергияға қарсы ем; пред¬низолон 90-150мг көк тамыр ішіне.
Симптомды ем. Егер артериалдық гипотензия сақталса көк тамыр ішіне вазопрессорлы аминдер.Систолалық артериалдық қысым 90 мм-ге жеткенге дейін допамин 4-10мг/кг/мин,бірақ 15-20 мг/кг/мин аспауы қажет (200 мл допамин 400 мл натрий хлорид ерітіндісінде не¬месе 5 пайыз№ декстроза ерітіндісінде) Инфузия минутына 2-11 тамшы енгізіледі. Брадикардияда 0,1 пайыздық атропин ерітіндісі 0,5 мл тері астына. Қажет болған жағдайда 5-10 минуттан кейін қайталап енгізеді. Бронхоспазм¬да көк тамырға 2,4% АМИНОФИЛЛИН ЕРІТІНДІСІ 1,0 МЛ (10,0мл ден көп емес) натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде енгізеді немесе В2-адреномиметиктер, сальбутамол, 2,5-5,0 мг небулайзер арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |