1. Сөз зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады



Дата27.05.2022
өлшемі17,11 Kb.
#145221
Байланысты:
15,16 билет
httpsc0005.stepnogorsk.aqmoedu.kzpublicfiles2019124041219 214335 razvitie-navykov-slushaniya-i-govoreniya-na-urokah-rus, Острый живот, реззюме, Аралық бақылау 1 «Белдеулік уақыт»-emirsaba.org 2, 02.11.23 срсп

15 билет
1. Сөз – зат пен құбылыстың атын, түр-түсін, сапалық белгісін, амалын, қимыл-әрекетін таңбалаушы негізгі мағыналық-құрылымдық бірлік. Болмыстың тілдік атауы ретінде дыбыс пен мағына тұтастығынан тұрады.Сөзді құраушы бірлік – дыбыс, ал мағына – Сөздің ішкі мәні, мазмұны. Дыбыстық құрылым сөздің ішкі мәніне, ұғымға бағынышты болады. Сөз – тілдік категория, ұғым – логикалық категория. Ұғым сөз арқылы айтылады, бірақ сөз тілдегі барлық ұғымдарды білдіре бермейді. Одағай, шылау сөздерде мағына болғанмен, олардың ұғымға қатысы болмайды.
Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. б.
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.

2. Мәтін жазбаша түрде ғана емес, сөйлеу әрекеті жағдайында да пайда болады. Сондықтан қарым-


қатынас үстіндегі сөйлеу әрекеті өзіндік ерекшеліктері арқылы даралана отырып түрлі қасиеттерге ие болады. Ол термин ретінде тіл білімінде « дискурс», «дискурстық талдау» деп беріліп жүр.
Осыған орай Ю.А. Левицкий: «Речь можно осуществляться в двух формах–устной и письменной. Следовательно и тексты могут быть устными и письменными» ,– деп атап көрсетеді Сонымен тіл білімінде дискурс, дискурсивті анализ
(талдау) сияқты ұғымдар қалыптасты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін лингвистикасы және дискурс.
Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі.
Мәтінді оқуға болатын объект ретінде анықтауға болады, ол әдебиет туындысы
ма, тақтадан жазылған сабақ па, көшедегі белгі. Бұл белгілі бір ақпараттық хабарламаны беретін белгілердің
үйлесімді жиынтығы.
Дискурс терминінің көптеген мағыналары мен анықтамалары бар. Дискурс алдымен диалог - спикер мен тыңдаушының өзара әрекеттестігі ретінде түсіндірілді. Осылайша, дискурс кең коммуникативті контекстке енгізілген, негізінен ауызша түрдегі күнделікті коммуникацияларға қатысты болды. Дискурс термині сонымен бірге белгілі бір салада және әлеуметтік практикада қолданылатын кодталған тілдің жиынтығына қатысты қолданылды (мысалы, медициналық
дискурс, құқықтық дискурс және т.б.).
16 Билет

  1. Психолингвистиканың қолданбалы аспектілері

.
1. Сот психолингвистикасы.
2. Тіл және тендер.

3. Нейролингвистикалық бағдарламалау.

4. Мәтінді автоматты талдау..
5. Тіл және тілдесімдік әсер.

Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.

  1. Этнопсихолингвистика

Этнос – белгілі бір территория аймағында тарихи түрде қалыптасып, өзінің этникалық.
бірлігін саналы түрде сезінетін және мәдениетінің тұрақты ерекшеліктері болатын, соның ішінде ортақ тілі бар әлеуметтік топ.
Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін
көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика
қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.
Этнопсихолингвистиканың мақсаты – түрлі мәдениет өкілдерінің ұлттық тілдік санасын
зерттеуге бағытталған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет