1 Тапсырма: мәтiндi оқып, жалғастыр



Дата17.06.2018
өлшемі79,5 Kb.
#42306

1



Тапсырма: мәтiндi оқып, жалғастыр.

Жыл мезгiлдерi

Бiр жылда он екi ай бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бiр мезгiлде үш ай бар. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қаңтар - жыл басы, қыс ортасы. Қаңтарда суық қатты болады. Даланы, орманды қар басады, қатты аяз болады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Өзендерге мұз қатады. Қыстыгүнi балалар өте көңiлдi болады. Олар аққала, қарбөбек жасайды, шанамен, шаңғымен сырғанайды, мұзда коньки тебедi. Адамдар жылы киiнедi, бастарына құлақшын, бөрiк, үстiне пальто, тон, аяқтарына етiк киедi. Жаңа жыл мейрамын бүкiл әлем тамашалайды.
2

Тапсырма: мәтiндi оқып, аудар

Ахмет Байтұрсынұлы

Көрнекті тілші ғалым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, ағартушы және оқу құралдарының авторы Ахмет Байтұрсынұлы қазіргі Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде туған.

Әкесі оны Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне оқуға береді..1891 жыл мектепті бітірген соң, Орынборға келеді. Мұнда мұғалімдер даярлайтын мектепке оқуға түседі.

Оқуды бітірген соң Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралыда балаларға сабақ береді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырлар жазады. Ол тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе, басқа да оқу- құралдарын жазды. «Тіл құрал» деп аталатын оқулығы 1914-1928 жылдар аралығында алты-жеті рет басылып шықты. Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығарады.
3

Тапсырма:мәтiндi оқып, өз ата-анаң туралы жалғастыр.

Ата-ана


Әрбiр баланың туған анасы, туған әкесi болады. Сенiң әкең де – сенiң атаң мен әжеңнiң баласы. Сенiң анаңда – нағашы атаң мен нағашы әжеңнiң қызы.

Әрбiр ана мен әке өз балам жақсы адам болып ер жетсе екен деп тiлейдi, асырайды, бағып- қағады, аялап өсiредi.

Ата- анаң сен үшiн де туған елi үшiн де құлшына еңбек етедi, терiн төгедi, бейнет шегедi .

Ата-анаң – сенiң әке- шешең ғана емес екеуi де еңбекқор өз iстерiнiң шеберi, елдiң елеулi азаматтары. Ата –анаңды мақтаң тұт!

Ата-анаңның тiлiн ал, ақыл, кеңесiне құлақ тос, айтқанын орында.Әсiресе, қартайған шағында қас –қабағына қара кейiтпе, қуан, денсаулығын сақта, ұдайы қамын ойла. «Кәрiге құрмет –балаға мiндет»- өзiң үлкендi сыйламасаң, өзiңнен кiшi сенi де сыйламайды- дейдi қазақ халқы

4



Тапсырма: мәтiндi мазмұнда.

Шоқан Уәлиханов.

Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан ең бiрiншi ғалым саяхатшы және зерттеушi .Шоқан 1835 жылы Көкшетау облысының Сырымбет деген жерiнде туған.Оның әкесi Шыңғыс Шоқанды 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға бердi.Шоқан өте жақсы оқыды.Оны мұғалiмдерi де жақсы көредi.1853 жылы жас Шоқан кадет корпусын үздiк бiтiрiп офицер шенiн алады.

1856 жылы Уәлиханов Құлжа, Ыстықкөл, Алатау өңiрлерiне экспедицияға шығады.Сол жерлерлерде тұратын халықтардың тарихын, әдет- ғұрпын зерттейдi. 22 жасар Шоқан 1857 жылы Ресей Географиялық қоғамының мүшесi болып сайланады.Ол көп ғылыми еңбектер жазды.Оның еңбектерi 1865 жылы Лондонда да ағылшын тiлiнде басылып шықты.Семенов Тянь-Шанский мен Ф.Достоевский Шоқан Уәлихановтың ең жақын достары едi. Шоқан 1865 жылы қайтыс болды.


5

Тапсырма: мәтiндi аудар.

Құстар туралы.

Жер шарында 100 миллиардтай құс тiршiлiк етедi. Олардың 90 пайызы жәндiктермен қоректенедi. 9 мыңға жуық түрiнiң 700-i бiздiң елiмiзде мекендейдi, .оңтүстiк елдерден құстардың 200- ге тарта түрi ұшып келедi.

Құстар 2-3 км биiктiкте 50-90 километр жылдамдықпен ұшады. Көптеген құстар өмiрлiк жұп құрып тұрады. Олар: жапалақ, аққу, құтан. Үйрек, тоты 20-22 жыл көгершiн, тауық 10-12 жыл жасайды.

Дүниедегi ең кiшкентай құс- колибри. Оның салмағы 2 граммдай ғана. Ең үлкен құс – африка түйеқұсы. Салмағы –100 кг .Түйеқұстың жұмыртқасы бiр жарым, екi килограммға дейiн жетедi.

Алматы хайуанаттар паркiнде құстардың 142 түрi бар.


6

Тапсырма: мәтiндi оқы, мазмұнын айт.

Наурыз.


Шығыс елдерiнде жыл басы наурыз айынан басталады. Бұл – күн мен түннiң теңелген күнi. Бұл күн баяғыдан бермен қазақтың жыл басы қып ұстап келе жатқан күнi. Наурыз күнi – қазақ халқы наурыз көже, наурыздама беретiн күн.

Бiрақ жыл басын наурыздан бастап санар жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, жержүзiлiк халықтың бәрiнде де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледi де, жылынады. Күздiгүнi суықтың ызғарынан өлiп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерiмен қайтадан тiрiледi. Қар еридi, көл бұзылады, өзен, сай тасиды. Көк шығады.

Қазақ халқы – мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлi өзгерiс қалпына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейдi. Бiр малы шаруаның екеу болып, кiрiс кiретiн ай. Соның үшiн қазақта наурыздың қадiрi тағы да артығырақ.

«Наурыз» сөзi – парсы сөзi: «нау» - жаңа, «руз» - жыл деген сөзден алынған.

7

Тапсырма: оқы, мазмұнын айт.

Қазақ хандығы

Қазақ хандығында ең жоғарға билеуші хан болады. Қолбасшылық та, сот билігі де, шетелдермен қарым-қатынас жасау да, соғыс ашу немесе бітім жасауда соның қолында болды. Ханның жанындағы кеңесшілері ірі сұлтандар мен тайпа көсемдерінен құралды.

Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болды.Шыңғысханнан тарайтын ер адамдар сұлтандар деп аталды.Сұлтандардан кейінгі беделді адамдар билер еді. Олар тайпаларды басқарды.

Батыр деген атақ теа сұлтандар қауымындағы беделді адам екенін білдіреді.Батыр атағы босқа берілмейді.Ол үшін әрбір батыр өзін шайқастарда көрсетуі тиіс.

Қазақ хандары, сұлтандар, билері арасында батыр атанғандар көп болған.

8

Тапсырма: оқы, мазмұнын айт.

Әкесi мен балалары.

Бiр күнi дастарқан басында әкесi балаларынан: - Сендер қазiр оқушысыңдар. Оқу бiтiрген соң, кiм болғыларың келедi? – деп сұрапты. Балалары үндемептi. Әкесi үлкен баласынан: - Саят, сен кiм болғың келедi? – деп сұрайды. Саят: - Мен инженер болғым келедi, шахтада iстегiм келедi, - дейдi. Әкесi ортаншы баласынан: - Кәрiм, сен кiм болғың келедi? – деп сұрайды. Кәрiм:- . Мен атты, сиырды, қойды, түйенi жақсы көремiн.Қазақстан жерi мал шаруашылығы үшiн өте қолайлы.Халық үшiн ет, сүт, жүн, май қажет – дейдi. Әкесi кенже баласынан: Болат, сен оқу бiтiрген соң, кiм болғың келедi? –деп сұрайды. Болат: -Мен әскери ұшқыш болғым келедi.

Әкесi қызына қарап:- Фатима, сен кiм болғың келедi? – дейдi. Фатима:- Мен мал дәрiгері болғым келедi, –дейдi. Әкесi: -Бiздiң Отанымыз үшiн инженер де керек, ұшқыш та керек, мал дәрiгер де керек. Ондай мамандықтарды меңгеру үшiн жақсы оқу керек, көп оқу керек.

9

Тапсырма: оқып, аудар.

Алтын адам.

Астанада мұражайлардың түр-түрi бар. Балалар оларды аралап, көп қызықтады. Әсiресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады.

Мұражайдағы экспонаттар қазiргi Қазақстан жерiнде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенiн бiлдiредi. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап, бiздiң ата-бабаларымыздың қалай өмiр сүрiп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр.

Балалар бiр экспонаттың жанынан көпке дейiн кетпедi. Онда жас ханзада – сақ жауынгерiнiң бастан-аяқ алтынмен әдiптелген киiмi қойылған.

Оның дулығасы мен кiреуке сауытына зергер бабамыздың бiрi адамдардың, аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретiн бейнелеп, алтын табақшалармен әшекейлеген.

Осы жауынгер киiмiн әшекейлеген алтындар Есiк қорғанында екi мың жылдан астам уақыт жатса да, күнi бүгiнге дейiн сақталған.
10

Тапсырма: оқып, аудар.

Алтыбақан.

Алтыбақан – ұлттық ойын. Мерекелерде, әсiресе Наурыз мейрамында алтыбақан ойнайды. Екi жақтан екi кiсi тербетедi. Жiгiт пен қыз бiр-бiрiне қарап ән шырқайды. Қыздар мен жiгiттер жаңа әндер үйренедi. Онда келген адамдар ұлттық киiм киiп келедi. Алтыбақан әншiлердi жарыстырады. Халық жақсы ән айтатын жастарды сұрыптап алады. Қазақ халқының әншiлерi Бiржан мен Ақанды, Мәди мен Мұхитты алты алашқа танытқан – осы алтыбақан сахнасы. Жас қыздар мен жiгiттер осы алтыбақанда танысқан.


11

Тапсырма: оқып, орысшаға аудар.

Бейтаныс қыз.


Володька сыныпқа кiргенде, алдыңғы партада бiр бейтаныс қыз отыр екен. Володька қызға: - «Сен бiздiң сыныпқа қайдан келдiң?» – дедi. «Мен мұнда жаңадан келдiм», - дедi бейтаныс қыз. Осы кезде сыныпқа екi қыз кiрдi. Володька қыздарға: «Кумачева, Шумлинская, сәлем! Қайырлы таң! Бiздiң сыныпқа жаңа қыз келдi», - дедi. Кумачева мен Шумлинская бейтаныс қызбен амандасып, атын сұрады. «Атым – Валя, фамилиям – Морозова», - дедi бейтаныс қыз. Басқа оқушылар да жиналды. Қоңырау соғылды. Оқушылар парталарына отырды. Сол кезде староста Макарова сыныпқа асығып кiрiп: «Балалар! Тынышталыңдар, жаңалық бар» , - дедi. «Не болды, қандай жаңалық?» – дедi оқушылар. «Бiзге Элеонора Матвеевнаның орнына жаңа мұғалiм келедi». Осы кезде есiк ашылып, сыныпқа ұзын бойлы, көрiктi, жас әйел кiрдi.

Оқушылар орындарынан тұрды. Жаңа мұғалiм: «Сәлеметсіңдер ме, балалар», - деп амандасып, портфелiн столға қойды. Балалар да орындарына отырды. «Ал, ендi танысайық, менiң атым Елизавета Ивановна», - деді.

Елизавета Ивановна алфавит бойынша оқушылармен танысты. Соңында жаңа оқушы Морозованы шақырды. Морозова орнынан тұрып, - атым – Валя, мен Киевтен келдiм. Папам майданда, - деп жылап жiбердi. «Саған не болды, Морозова?»– деп, мұғалiм қыздың қасына келдi. Бейтаныс қыз ақырын: «Менiң папам хабарсыз кеттi», - дедi. «Қалай хабарсыз кеттi?» – «Ол – ұшқыш», - дедi бейтаныс қыз.

12



Тапсырма: оқып, сұрақтарға жауап бер.

Ет тағамдары.

Қазақтың ұлттық тағамдарының денi еттен дайындалады. Ет дәмдiлiгiмен және өзiнiң құрамындағы адам организмiне пайдалы белоктық заттармен құнды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының iшiнде еттiң орны ерекше.Үлкен тойларда тағы басқа жиындарда мал сойылып меймандарға табақ тартылады. Қазақша етке мiндеттi түрде қамыр иленiп нан салынуға тиiс.

Алуан түрлi қуырдақ,манты, тұшпара, палау, орама секiлдi тағамдар да дастарқанымыздың қадiрiн арттыра түседi.

Ыстық ет тағамдары негiзiнен асылып қуырылып отқа қарылып бұқтырылып духовкада пiсiрiледi.

Ет тағамдарын қуыру үшiн негiзiнен мал майы өсiмдiк майы құйрық май қолданылады

1.Ет тағамдарына не жатады?

2.Ет қандай қасиеттермен құнды?

3.Қазақша еттiң орны қандай ?

4.Үлкен тойларда қандай тамақ тартылады?

5.Қазақша етке не салынуға тиiс?

6.Дастархан қадiрiн қандай тағамдар арттыра түседi?

7.Ет тағамдарын қуыру үшiн қандай майлар қолданылады?

13

Тапсырма: мәтiндi жалғастыр

Оқу басталады.

Жаз өттi. Қыркүйек айы туды. Мектепте оқу басталды.. Оқушылар, мұғалiмдер мектепке жиналды. Мектептiң iшi, сырты тап-таза. Бiздiң жетiншi сынып екiншi қабатта, есiкте «7-сынып» деп жазылған. Жетiншi сынып оқушылары өз сыныбымызға кiрiп, қуанысып, әр партаға екi оқушыдан отырдық. Бiрiншi сабақ – орыс тiлi сабағы.

Үзiлiсте оқушылар жазда не көргенi, қайда болғаны туралы айтып әңгiмелестi.

Мен жазда жайлауға бардым, атқа мiндiм, қымыз iштiм. Колхозшылар тойында болдым. Каникул көңiлдi өттi. Қазiр оқуға кiрiстiм.. Әкеме, шешеме биыл озат оқушы боламын деп уәде бердiм .

Сабақтан соң сынып жиналысы болды. Жиналысты сынып жетекшiмiз Галина Хамитовна өткiздi. Ол бiзге көп жаңалықтар айтты. Содан соң бiр ауыздан Петровты староста сайладық. Петров – оқу озаты.


14

Тапсырма: түсiнгеніңдi өз сөзiңмен айтып бер.

Қалам не үшiн керек?

Серiктiң әкесi мен шешесi алыстағы отарда тұрады. Қысы-жазы мал бағады. Серiк қыс қалада, атасының үйiнде тұрып, мектепте оқиды. Атасы немересiн жақсы көредi. Серiк те атасын сыйлап, айтқанын тыңдайды.

Бiр күнi үйге берiлген жаттығуды орындап отырған Серiктiң жанына атасы келдi.



  • Серiк, адамға қалам не үшiн керек? – деп сұрады.

  • Жаттығуды жазу үшiн, - деп, Серiк бiрден жауап бердi.

  • Тағы не үшiн керек?

  • Есеп шығару үшiн.

  • Тағы да?

  • Сурет салу үшiн.

Атасы:

  • Тағы да не үшiн керек? – дедi. Серiк атасының ойын таба алмады.

  • Серiкжан, қалам ата-анаңа хат жазу үшiн де керек. Мiне, көрдiң бе – деп, атасы хатты бердi:

  • Әкең мен шешең саған хат жазбайды деп қатты ренжiптi. Қаламның тағы не үшiн керек екенiн есiңнен шығарма.

Серiк қолма-қол әкесi мен шешесiне хат жазуға кiрiстi.

15



Тапсырма: мазмұнын айтып бер.

Бұл қандай аң?

Алғашқы қар. Айнала аппақ. Ағаш та, жер де, үйдiң төбесi де аппақ, бәрiн қар басқан. Катя есiк алдына шықты. Қардың үстiнде бiр iз жатыр. Бұл жерде жүрген қандай аң? Катя кешке есiк алдына котлет әкелiп қойды. Таңертең котлет орнында жатыр. Ешкiм тимеген, ал iздер көбейген. Бұдан кейiн Катя есiк алдына сүйектер әкелiп қойды. Келесi күнi қараса, сүйектер де орнында жатыр, ешкiм тимеген. Бұдан кейiн Катя есiк алдына сәбiз әкелiп қойды. Ертеңiне қараса, сәбiз орнында жоқ. Осыдан кейiн Катяның әкесi есiк алдына жәшiктi төңкерiп, бiр жағына тiреуiш қойды. Тiреуiште жiп байлап, жiптiң бiр ұшына сәбiз байлап қойды.

Келесi күнi Катя мен әкесi қараса, жәшiктiң астында құлағы ұзын, сұр қоян сәбiздi кемiрiп жатыр. Олар қоянды үйге алып кiрдi. Оған үйшiк жасады. Катя қоянға сәбiз, нан берiп асырады. Бiраз күннен соң қоян Катяға үйрендi.


16

Тапсырма: мәтiндi оқып,аудар.

Мұрагер.


Бiр шалдың төрт ұлы болыпты. Бiр күнi шал ұлдарын жинап алып:

- Мен қартайдым. Бiреуiң үй иесі болуларын керек. Кiмнiң ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерiм болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдықтарыңды көрсетулерiң керек, - дептi.

Үлкен ұлы асыл тасты жүзiк салған қолын көрсетiп:

- Мiне, менiң байлығым. Кiм бай болса, сол ақылды, - дейдi.

Екiншi ұлы асыл киiмдерiн көрсетiп:

- Менiң осы киiмдерiмдi көргенде ақылым мен байлығымның алдында бас иедi, - дейдi.

Үшiншi ұлы қымбыт белдiгiн көрсетiп:

- Мұндай белдiктi ешкiм, ешқашан буынып көрген емес, - дейді.

Төртiншi (ең кiшi) ұлы әкесiне:

- Менде жүзiк те, сәндi киiм де, белдiк те жоқ. Тек еңбексүйгiш екi қолым бар, - дептi.

Шалға кiшi ұлының жауабы ұнады. Ол өзiнiң мұрагерi болады деп, кiшi ұлын айтыпты. Үлкен балаларына iнiсiнiң айтқанынан шықпауды өсиет етiптi.

17



Тапсырма: өз сөзiңмен айтып бер.

Балмұздақ.

Апасы: - Әсия, Әлия маған тамақ iстеуге көмектесiңдер, - дедi.

Әсия Африка туралы қызық кiтап оқып отыр едi. Әлия ойнап отырған.Ол ойынын тастап, апасына көмектескiсi келдi. Ол Әсияға: - Сен неге көмектеспейсiң? – дедi.

Әсия: - Мен бұл жерде жоқпын, Африкадамын. Онда пальма ағаштары өсiп тұр, әдемi тоты құстар ұшып жүр, - дедi. Әлия асханаға апасына жәрдемдесуге кеттi.

Бiраз уақыттан соң Әлия қайтып келiп, ойынына кiрiстi.

Әсия кiтабын оқып болып, Әлияға қараса, ол бiрдеме жеп отыр екен.

- Сен не жеп отырсың?

- Мен өз балмұздағымды жеп болып, ендi сенiң сыбағаңды жеп отырмын.

- Сен неге менiң балмұздағымды жейсiң?

- Апам Әсия Африкадан қайтқанша балмұздақ ерiп кетедi - дедi.
18

Тапсырма: мазмұнын айт, жалғастыр.

Кеше алты сабақ болды.

Кеше бiздiң сыныпта алты сабақ болды. Бiрiншi сабақ сағат сегiзде басталды, соңғы сабақ сағат бiрде аяқталды. Бiрiншi сабақта орыс әдебиетi болды. Мұғалiм бiзге Лев Толстой шығармалары туралы айтты. Бiз мұғалiмге «Соғыс және бейбiтшiлiк» романы туралы сұрақтар қойдық. Мұғалiм жауап қайырды. Екiншi сабақ есеп, үшiншi сабақ география болды. Бұл сабақта мұғалiм бiзге Африканың жерi, халқы, қалалары туралы түсiндiрдi. Төртiншi сабақта Наташа мен Ғалия қазақша тақпақ айтты. Бiз қазiр қазақша түсiнемiз, сөйлеймiз. Бiздiң сыныпта қазақ балалары оқиды. Олар бiзге қазақша үйретедi. Бесiншi сабақ табиғаттану болды. Бұл сабақта мұғалiм Қазақстанның өсiмдiктерi туралы түсiндiрдi. Алтыншы сабақта дене шынықтыру болды. Бiз спорт залында әр түрлi жаттығулар жасадық.
19

Тапсырма: мәтiндi оқып, мазмұнда.

Бөгенбай батыр.

Бөгенбай батыр – XVIII ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы. Бөгенбай 1680 жылы Бөген өзенiнiң жағасында дүниеге келдi. Бөгенбай әулетi – батырлар әулетi. Ол – Ақша батырдың баласы. Ақша батыр – XVII ғасырдың ортасындағы Жәңгiр ханның әскери қолбасшыларының бiрi.

Қазiргi екi мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов та Бөгенбайдың ұрпағы. Екiншi дүниежүзiлiк соғыста ерлiк көрсеткен, бұл күнде ардагер ұстаз Әлихан Барлыбаев – Бөгенбайдың алтыншы ұрпағы.

Бөгенбай батыр – 1708 жылы 28 жасында 30 мың қолға басшы болды. Қазақ елiнiң берекесiн алған қазақ-орыстарды талқандап, Едiлден әрi асырып тастады. Бөгенбай батырды алғаш қолбасшы сайлағанда 28 жаста болса, алғашқы ата жауын өлтiргенде 13 жаста екен. Ол өз өмiрiн 64 жылын жаугершiлiкте өткiзген. Бөгенбай батыр 103 рет жоңғарларға қарсы соғысқан. Бөгенбай Қабанбай батырдан 11 жас үлкен. Бөгенбай батыр XVIII ғасырдың алпысыншы жылдары қайтыс болған.
20

Тапсырма: оқып мазмұнда.

Төле би.


Төле би орта бойлы, нұрлы жүздi кемеңгер кiсi болған. Жасынан әдiлдiгiмен, тапқырлығымен көзге түседi. Тоғыз жасында билiк айтады. Он үш жасында белгiлi билермен ауыл арасындағы дау-шарды шешедi. Ол халық қамы үшiн қазақ даласын аралайды. Қазақ батырларының басын бiрiктiредi. Оларды жоңғар басқыншыларына қарсы күреске бастайды.

Қазақтың атақты батырлары: Қабанбай, Бөгенбай, Жәнiбек, әкелi-балалы Хангелдi мен Райымбек. Қазiр астанамыздағы көшелер сол батырлар мен билердiң атымен аталады.


21

Тапсырма: оқып, сұрақтарға жауап бер.

Дәрiгер.


Дәрiгер адамдарды жақсы көруге әрi мейiрбан жүректi болуға тиiстi. Өйткенi науқастың ауруын жеңiлдету, оны емдеу – дәрiгердiң бiрден-бiр борышы.

Дәрiгер бiлiмдi, батыл әрi шыдамды болуға тиiс. Ол нендей бiр жұқпалы ауру болса да, барып емдеуге мiндеттi. Ауруды жұқтырып алу қаупiн бiлсе де, өз еркiмен саналы түрде, күтiп, емдейдi. Оларды түн демей, күн демей, науқас адамға шақырады. Басқа дәрiгер болмай қалса, ол өзiнiң ауырғанына қарамастан, шақыруға барады. Неғұрлым жылдам жетiп, жедел жәрдем көрсетуге мiндеттi.

22

Тапсырма: оқып мазмұнда.

Табиғатты қорғаңдар.



Табиғат – халық қазынасы. Бiз оның байлығын пайдалана отырып, қорғай бiлуiмiз керек. 1966 жылы бiздiң елiмiзде «Халықаралық табиғат қорғау қоғамы» құрылды. Оның басты мақсаты – саны сиреп, құрып бара жатқан аң, құстарды, өсiмдiктердi қамқорлыққа алып, арнайы кiтапқа тiркеу. Бұл кiтапты «Қызыл кiтап» дейдi. Оның қызыл, сары түстi парақтары бар. Қызыл парағына құрып бара жатқан, сары парағына саны аз аң, құстар, өсiмдiктер жазылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет