Қыс к -1 Жауын – шашынды бақылау



Дата27.01.2020
өлшемі201 Kb.
#56628
Байланысты:
Серуендеу- 2-ші кіші ұлттық тобы

Қыс К -1
Жауын – шашынды бақылау.

Мақсаты:

- Қыстың басында қар жерге түсісімен су болып еріп, шалшықтар пайда болатынын түсіндіріп бақылату;

- Балалардың қыс туралы түсініктерін қалыптастыру, қыс мезгілінің келгенін түсіндіру.


Жұмбақ.

Жалт – жалт етеді,

ұстасаң еріп кетеді

(қар).
Еңбек: Топ ауласын жинау, тербиешіге көмек көрсету.

Мақсаты:


  • Балаларды еңбекке, қамқорлыққа баулу.


Қимылдық ойын: «Үлкен құс».

Мақсаты:


- Балаларды шапшаңдылыққа, аңғарымпаздылыққа баулу.


Қыс К - 2

Ауа - райын бақылау.

Мақсаты:


- Балаларға қыстың келгенін айтып түсіндіру (күннің көзі жылытпайды, күн суытты, адамдар жылы киініп, үйлерін жылытады).
Жұмбақ.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар).


Еңбек: Топ ауласын жинау, тербиешіге көмек көрсету.

Мақсаты:


  • Балаларды еңбекке, қамқорлыққа баулу.



Қимылдық ойын: «Кім шапшаң?».

Мақсаты:


- Балаларды көздеп лақтыруға, қырағылыққа үйрету, шапшаңдылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қыс К -3
Күннің көзін бақылау.

Мақсаты:


- Балаларға қыс мезгілінде болатын күн құбылыстарын түсіндіріу (күн көзінің кеш шығып ерте батуын, күннің қысқарып, түннің ұзаруын).
Жұмбақ

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады

(Күн)

Еңбек: Топ ауласын жинау, тербиешіге көмек көрсету.

Мақсаты:


  • Балаларды еңбекке, қамқорлыққа баулу.


Қимылдық ойын «Кім жылдам»

Мақсаты:


- Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қыс К -4
Қарды сипаттау, бақылау.

Мақсаты


- Күннің көзі шығып тұрғанда балаларға қарды бақылату (жылтыр жарқырайды, көз аштырмайды).
Аппақ – аппақ ақша қар,

Жапты біздің көшені.

Ақ жамылды бақшалар,

Біздер еккен кешегі.


Еңбек: Ағаштардың түбіне қар үю.

Мақсаты:


  • Балаларға қардың ағаштарға тигізетін пайдасын түсіндіру (ағаштарды аязға ұрындырмау, көктемде қосымша су қоры болады).


Қимылдық ойын «Бүркіт және балапандар»

Мақсаты:


  • Балаларды абайлап жүруге, қырағылыққа тәрбиелеу.


Қыс К -5
Ауа – райын бақылау.

Мақсаты:

- Қыс айларын сипаттау

(желтоқсанда көп жел тұрып, күн бұлтты болады, қаңтар - ең суық аязды ай, ақпанда – боран көп болады).
Ақ қыс келді боранды,

Аяз айтты зо әнді.

Айналаның бәрі де,

Ақ көрпемен оранды.


Еңбек: Қарды бір жерге үю.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Қимылдық ойын «Қуып жет»

Мақсаты:


- Балаларды жылдамдыққа, достыққа баулу.

Қыс К -6
Ауа – райын бақылау.

Мақсаты:

- Табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыруды жалғастыру

(күн көзі шығып тұрғанмен күн суық, аяз бетіңді шымшиды).
Шеберін – ай аяздың

Әйнектерді қағаз қып,

Әшекейлеп қойыпты,

Бірнеше ою ойыпты.


Еңбек: Қар күреп, қар төмпешіктерін жинау..

Мақсаты:


- Балаларды күректі дұрыс ұстауды үйрету еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Тышқан мен мысық»

Мақсаты:


- Балаларды жылдамдыққа, достыққа, бауырмалдыққа баулу.
Қыс К -7
Қарды сипаттау, бақылау.

Мақсаты:

- Қар суық, ақ, жылтыр, жарқырайды. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту, байқампаздыққа баулу.


Жұмбақ

Домалатса өсемін,

Күнге қойса,

Еріп кетемін.

(Қар)
Еңбек: Күрекпен жолды ашу, тазарту, Мақсаты:

- Балаларды еңбекке, жұмыс құралдарын дұрыс қолдана білуге үйрету.


Қимылдық ойын «Бүркіт және балапандар»

Мақсаты:


  • Балаларды жылдамдыққа, бауырмалдыққа баулу.


Қыс К -8
Қардың жаууын бақылау.

Мақсаты:

- Ұлпа қарлардың пішіндеріне көңіл аудару, алақанға түскен қардың күйіне көңіл аудару.


Қыс келді, қыс келді

Ақтарып ақ қарды.

Аралап қайтайық,

Ақ күміс бақтарды.




Еңбек: Құстарға жем шашу

Мақсаты:


- Балаларды қамқорлыққа, адамгершілікке және достыққа баулу.
Қимылдық ойын «Аю және аралар»

Мақсаты:


  • Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.



Қыс К -9
Желді бақылау.

Мақсаты:

- Ақпанда қатты жел соғып боран болатынын айту. Жел ағаш бұтақтарын тербетіп қар жинайды, шатырды тарсылдатады. Жел басылысымен тыныш болады.


Ақ қыс келді боранды,

Аяз айтты зор әнді.

Айналаның бәрі де,

Ақ көрпемен оранды.




Еңбек: Қарды бір жерге үю.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Қимылдық ойын «Қуып жет»

Мақсаты:


  • Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қыс К -10
Терезе әйнегіндегі аязды бақылау.

Мақсаты:

- Аяздың әйнектерге ою, сурет салатынын түсіндіру. (Аяз өрнегін ауа қысымымен және желдің көмегімен салады ).


Жұмбақ

Қыста біреу әйнекке

Өрнек салып жүреді.

(Аяз)



Еңбек: Қардан аққала жасау.

Мақсаты:


- Балаларға аққала жасауды үйрету, ұқыптылыққа, еңбекке тербиелеу.
Қимылдық ойын «Тышқан мен мысық»

Мақсаты:


- Балаларды жылдамдыққа, достыққа, бауырмалдыққа баулу

Қыс К -11
Аязды күнгі қардың сықырын бақылау, қарды сипаттау.

Мақсаты:

- Аязды күні қардың неліктен сықырлауын түсіндіру (аязды күні күн ашық болады, ауа суық болғаннан кейін жердегі қар құрғақ болады).


Жұмбақ

Жалт – жалт етеді

Ұстасаң еріп кетеді.

(Қар)



Еңбек: Қардан доп, кубик, үшбұрыш пішіндерін жасау.

Мақсаты:


- Балаларға қардан әртүрлі пішіндерді жасап үйрету.
Қимылдық ойын «Аю және аралар»

Мақсаты:


- Балаларды достыққа, бауырмалдыққа баулу.


Қыс К -12
Қыс туралы әңгімелесу.

Мақсаты:

  • Балалардың қыс туралы түсініктерін бекіту, әңгімелеп беруге үйрету. Қыстың басқа жыл мезгілдерінен айырмашылық ерекшеліктерін айту.

Қыста күн қысқарып түн ұзарады, күн суытады, қар жауып боран тұрады адамдар жылы киінеді, өзендер мен көлдерді мұз басып, өсімдіктерді қалың қар жабады.


Еңбек: Қыс көрінісін суретке салу.

Мақсаты:


- Балаларға қыс мезгілінде көздерімен көрген көріністерді қағаз бетіне түсіруді үйрету, ой өрісін дамыту.
Қимылдық ойын «Поездъ»

Мақсаты:


  • Балаларды бір – бірінің ізімен жүруге үйрету, ұжымдық сезімдерін ояту.


Күз К -1
Ағаштарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға ағаштардың жапырақтарының сарғайып түсуін, олардың қысқа дайындалуын түсіндіру.

Алтын сары, қызыл, көк...

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.
Еңбек: Топ ауласындағы жапырақтарды жинау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа үйрету,еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Ормандағы аш қасқыр»

Мақсаты:


  • Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, достыққа тәрбиелеу.

Күз К -2
Жауын - шашынды бақылау.

Мақсаты:

  • Жаңбыр жауған кездегі құбылыстарды, өзгерістерді түсіндіру (жаңбырдың тамшылауын, шалшықтардың пайда болуын, адамдардың қолшатыр ұстауы).

Күзім – ау, күзім - ау,

Мінезің бұзық - ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық – ау.
Еңбек: Топ ауласын шалшықтардан арылту, су жылғаларын жасау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа үйрету,еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Қаздар мен қарғалар»

Мақсаты:


  • Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.



Күз К -3
Айналамен танысу, өсімдік – шөптердің, жапырақтардың сарғаюын, адамдардың жылы киінуін бақылау.

Мақсаты:

Шоғы толған гүлдей жайнап,

Жарқырады жарқын жүз.

Сайраңдады күліп – ойнап,

Келді, міне, алтын күз.
Еңбек: Топ ауласын жапырақтардан, қураған шөптерден арылту, тәрбиешіге көмектесу.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа үйрету,еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты:




Күз К -4
Ауа – райын бақылау.

Мақсаты:

  • Балалардың табиғат құбылыстары жайлы түсініктерін жетілдіру тілдерін дамыту (Күннің суытуын, ауа - райының бұлтты болуы, жаңбырдың жаууы).

Жұмбақ

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде қалқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

(Жапырақ)


Еңбек: Топ ауласын тазалау, тәрбиешіге көмектесу.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа үйрету,еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Аю және аралар»

Мақсаты:


  • Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Күз К -5
Ауладағы құстарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балалардың құстар туралы түсініктерін тиянақтау, ой - өрісін, танымын молайту.

Көгершін – ау көгершін,

Жер жасарып көгерсін.

Жем шашайын уыстап,

Маған жақын келерсің.
Еңбек: Құстарға жем шашу.

Мақсаты:


  • Құстарға деген қамқорлығымен сүйіспеншілігін арттыру.


Қимылдық ойын «Торғайлар мен машина»

Мақсаты:


  • Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.



Күз К -6
Күз туралы әңгіме.

Мақсаты:

  • Күз жайлы балалардың түсініктерін нақтылау, ойлау дамыту. Күздің ерекшеліктерін атау. (Күзде күн суытып көп жауын – шашын болады, ағаштар мен жапырақ - өсімдіктер сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшады, адамдар егін жинайды)

Қазан болды молшылық,

Дәулет қорын қалады.

Заңғар көкке жол созып,

Құстар қайтып барады.
Еңбек: Ауладағы жапырақтарды жинау.

Мақсаты:


  • Балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру.


Қимылдық ойын «Мысық пен тышқан»

Мақсаты:


  • Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа баулу.



Күз К -7
Ауа – райын сипаттау

Мақсаты:

  • Балаларға ауа – райының өзгерістерін сипаттау. (Күзде күн суытып көп жауын – шашын болады, жер беті қырауланып, жиі тұман түседі).

Сұр бұлт түсі суық

қаптайды аспан,

Күз болып,

дымқыл тұман жерді басқан.

Еңбек: Күз көрінісін суретке салу.

Мақсаты:


- Балаларға күз мезгілінде көріністерді қағаз бетіне түсіруді үйрету, ой өрісін дамыту.
Қимылдық ойын «Поездъ»

Мақсаты:


  • Балаларды бір – бірінің ізімен жүруге үйрету, ұжымдық сезімдерін ояту.

Күз К -8
Айналаны бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға маусымдық өзгерістер жайлы айтып беру. (Күзде күн суытып көп жауын – шашын болады, ағаштар мен жапырақ - өсімдіктер сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшады, адамдар егін жинайды).

Сұрғылт көкек біртіндеп,

Сұрқай бұлттар жетеді.

Суық түсіп бір түнде,

Қазан ұшып кетеді.

Еңбек: Гербарий жасауға әртүрлі жапырақтар жинау.

Мақсаты:


- Балаларды жапырақтарды көрсетіп, ағаштар түрлерін ажыратуды үйрету.
Қимылдық ойын «Кім жылдам?»

Мақсаты:


- Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.


Күз К -9
Құстарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балалардың құстар жайлы түсініктерін нақтылау, олардың қимыл – қозғалысына, даусына түсіне назар аудару. Күзде құстардың жылы жаққа ұшып кететіні туралы түсінік беру.

Қалықтаған аспанда,

Тырау – тырау тырналар.

Алыстаған достарға,

Жеткіз біден бір хабар.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

Мақсаты:


- Балаларға құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қимылдық ойын «Аңшылар»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа баулу.

Күз К -10
Қоршаған ортаны тану.

Мақсаты:

  • Балаларға әр құбылыстың мәнін түсіндіру, табиғатты сүйуге, қорғауға тәрбиелеу.

Құстар қайтты күз болып,

Сұр бұлт жапты аспанды.

Жапырақ түсіп, гүл солып,

Қыс ызғары басталды.

Еңбек: Топ ауласын жапырақтардан тазалауға тәрбиешіге көмектесу.

Мақсаты:


- Балаларды табиғатты сүйуге, қорғауға тәрбиелеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Ақ қоян»

Мақсаты:


- Балаларды достық қарым қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту.
Күз К -11
Айналаны бақылау, табиғат өзгерістерін айту.

Мақсаты:

  • Балалардың тілін, ойын, аңғарымпаздығын дамыту (күзді күні күн суытады, адамдар жылы киінеді, жан – жануарлар қорек жинап қысқа дайындалады, ағаш - өсімдіктердің жапырақтары сарғайып қурайды)

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал – кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.
Еңбек: Топ ауласын жапырақтардан, қоқыстан тазалау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Мысық пен тышқандар»

Мақсаты:


- Балалардың достық қарым қатынастарын нығайту, шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.

Күз К -12
Күннің көзін бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға күн жерге жылуын беретіні жайлы түсінік беру, ойлау қабілеттерін дамыту, таппықырлыққа баулу (күн көзі болмағанда не болатынын сұрау).

Жұмбақ


Алтын сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(Күн)
Еңбек: Балаларға күн бейнесін салдыру.

Мақсаты:


- Балалардың дүние танымдылығын, күнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Қимылдық ойын «Күннің көзі және жаңбыр»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.


Көктем К -1
Желді бақылау.

Мақсаты:

  • Желді күнгі ауа – райын бақылап, анықтауға үйрету (Көктемде жылы жел тұрып қар суды ерітеді, жер кебеді, ағаш - өсімдіктер құлпырады)

Көктем сұлу келді,

Жадыратып жер - көкті.

Кілемдерін іледі,

Қырат – қырға өрнекті.
Еңбек: Топ ауласын қардан, қоқыстан тазалау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Өз үйіңді тап»

Мақсаты:


  • Балаларды аңғарымпаздыққа,, жылдамдыққа баулу.


Көктем К -2
Табиғаттағы көктемгі құбылыстар жайында әңгімелесу.

Мақсаты:

  • Балалардың тілін, ойын, аңғарымпаздығын дамыту (көктемде күн жылынады, қар ериді, көк шығады)

Наурыз келді – жыл келді,

Тірілтуге гүлдерді.

Наурыз келді, нұр келді,

Түгел аймақ түленді.
Еңбек: Топ ауласын, ағаш түптерін тазалау.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қимылдық ойын «Қай мезгіл»

Мақсаты:


- Балаларды жан – жақты дамыту, жыл мезгілдерін айыра білуге үйрету.

Көктем К -3
Аспанды бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға ауа – райындағы өзгерістерді бақылай білуге үйрету (Көктемде көбінесе аспан ашық көгілдір, кейде жел қуған ақ бұлттар болады)

Жұмбақ


Көкпеңбек тон,

Бүкіл дүниені жауып тұр.

(Аспан)
Еңбек: Топ ауласын қардан, қоқыстан тазалау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Мысық пен тышқандар»

Мақсаты:


- Балалардың достық қарым қатынастарын нығайту, шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.


Көктем К -4
Ағаштарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балалардың ой - өрісін, байқағыш қабілетін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, маусымдық өзгерістермен таныстыру (жер жұмсарады, ағаштардың тамыры көбірек су сіңіріп, бұтақтары бүрші жара бастайды)

Ағаш ексе балалар

Оранар жасыл қалалар

Еңбек сүйгіш ұлан деп

Мақтайды ата – аналар
Еңбек: Топ ауласын бұтақтардан тазалау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Аю және аралар»

Мақсаты:


- Балалардың шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.
Көктем К -5
Ағаш - өсімдіктерді бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға ауладағы ағаш - өсімдіктердің атын атап, олардың бүршік атып көгеріп шығуын айтып түсіндіру.

Көкек ай, көкек айы,

Көкпеңбек боп келеді тағы.

Ағаштар да бүршік жарып,

Айналасын қуантады.
Еңбек: Топ ауласындағы топырақты қопсыту.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Асық тасу»

Мақсаты:


- Балаларды ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру, бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.
Көктем К -6
Желдің күшін бақылау.

Мақсаты:

  • Қағаз ұшақтар, құстар жасап желдің күші мен қимылын бақылауды үйрету (Жел соқса қағаз ұшақтар мен құстар ұшады).

Жұмбақ


Қолы жоқ, аяғы жоқ,

Гуілдеп есік қағады.

(Жел)

Еңбек: Қағаздан ұшақ пен құс жасауү

Мақсаты:


- Балалардың қолдарын жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Қимылдық ойын «Ұшты - ұшты»

Мақсаты:


- Балаларды ойлау қабілетін арттыру, жылдамдыққа, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Көктем К -7
Табиғат жайлы әңгімелесу.

Мақсаты:

  • Балалардың дүние танымын, тіл байлығын дамыту.

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат дегеніміз – жер, тау, ағаш – орман, өсімдік пен жан – жануарлардан тұратын қоршаған орта.

«Адамның табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»
Еңбек: Топ ауласын жинау.

Мақсаты:


- Балалардың еңбекке деген құрметін нығайту, бағалай білу.
Қимылдық ойын «Қағып алу»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа үйрету.
Көктем К -8
Жаңбырдың жаууын бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға ауаның дымқыл екенін айтып, шалшықтарды көрсету, жаңбыр жауса жер көгеретінін айту.

Тырс – тырс!

Жаңбыр кеп жауады,

Тамшылар тамады.

Тырс – тырс!

Терезе қағады,

Жылғалар ағады.
Еңбек: Топ ауласын тазалау, су жылғаларын жасау.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты:


  • Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа, бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.


Көктем К -9
Құстарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға көктемде құстардың ұшып келіп ұя сала бастауын айту, құстарға қамқорлдық жасауды үйрету.

Аппақ керуен тәрізді,

Торғын көкте жоғары.

Келеді сағап жыл құсы,

Көктемнің тұңғыш қонағы.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

Мақсаты:


- Балаларға құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қимылдық ойын «Бүркіт пен балапандар»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Көктем К -10
Күннің көзін бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға күннің ұзарып түннің қысқаруын айту, күн жерге жылуын беретіні жайлы түсінік беру.

Жұмбақ


Мейірімімен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды.

(Күн)
Еңбек: Балаларға бормен күн бейнесін салдыру.

Мақсаты:


- Балалардың дүние танымдылығын, күнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Қимылдық ойын «Күннің көзі және жаңбыр»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көктем К -11
Ауладағы гүлдерді бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға ауладағы гүлдердің өсуін, гүлденуін, олардың адамдарға қажеттілігін айтып түсіндіру (гүлдердің қоршаған ортаға әсемдік беретінін, ауаға хош иіс беретінін, адамдардың көңіл – күйін арттыратынын ).

Гүлдер – гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Таңмен бірге оянып,

Көрік бердің далаға.
Еңбек: Топ ауласындағы гүлдердің көшеттерін тазалау, суару.

Мақсаты:


- Балаларды қамқорлыққа, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Шар»

Мақсаты:


- Балалардың шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Көктем К -12
Жәндіктер тіршілігін бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларды қоршаған ортадағы жәндіктер тіршілігімен таныстыру. Олардың пайдасы мен зияндылығын айту (Пайдасы - өсімдік қалдықтарын қарашірікке айналдырады, гүлдер мен ағаштарды тозаңдандырады, аралар – бал береді, зияны – шағады, гүл жапырақтарын жеп қояды ).

Жұмбақ


Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім.

(Көбелек)
Еңбек: Топ ауласындағы топырақты қопсыту.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Аю және аралар»

Мақсаты:


- Балалардың шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.

Жаз К -1
Жаз келбеті.

Мақсаты:

  • Балаларға жазда күн ыстық, ағаштар мен өсімдіктерді қалың жапырақ басқан, жылы жаңбыр жауып жұпар ауа болатынын айту.

Жаз деген кәдімгі,

Көктемнің жалғасы.

Пісетін балбырап:

Өрігі, мейізі, алмасы...

Еңбек: Құмды қопсыту, жайып – үю.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу, ойын алаңын таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылдық ойын «Асық тасу»

Мақсаты:


- Балаларды ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру.

Жаз К -2
Күннің көзін бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға жазда күн ыстық, күннің көзінде бас киімсіз жүруге болмайтынын айтып түсінік беру (бас киімсіз болса – күн өтеді, бас аурады).

Мөлдір суға жүземіз,

Шомыламыз, ойнаймыз.

Жарысамыз, күлеміз,

Жаздың күнін тойлаймыз.

Еңбек: Балаларға бормен күн бейнесін салдыру.

Мақсаты:


- Балалардың дүние танымдылығын, күнге деген сүйіспеншілігін ояту.
Қимылдық ойын «Күннің көзі және жаңбыр»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Жаз К -3
Тастарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға тастардың әр пішінде болатынын, күн кзіндегілері ыстық, көлеңкедегілері салқын болатынын айтып көрсету (пішіндері – тегіс, бұдыр, қырлы, дөңгелек, сопақ).

Жазды ыстық сүемін,

Сайраңдап жүремін.

Суына шомылам,

Күніне күйемін.
Еңбек: Топ ауласындағы тастарды жинау.

Мақсаты:


- Балалардың тастарды айыра білуін үйрету, олардың қажеттілігін түсіндіру.
Қимылдық ойын «Доппен ойнау»

Мақсаты:


- Балаларды жылдамдыққа, допты қағып алуға үйрету.


Жаз К -4
Көлік туралы түсінік.

Мақсаты:

  • Балаларға жазда көлік көп жүретінін, олардан сақ болуын ескеру, көлік түрлерін айту (автобус, жүк және жеңіл машина, трактор, кран, тікұшақ, ұшақ, поездъ, кеме).

Жұмбақ


Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр.

(Автобус)
Еңбек: Болмен жерге көліктің суретін салу.

Мақсаты:


- Балаларға көлік түрлерін ажырата білуін түсіндіру.
Қимылдық ойын «Машина мен торғай»

Мақсаты:


- Балаларды сақтыққа, аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа үйрету.

Жаз К -5
Ағаштарды бақылау.

Мақсаты:

  • Табиғаттағы маусымдық өзгерістермен әрі қарай таныстыру, балалардың ой - өрістерін байқағыш қабілетін дамыту (ағаштардың жапырағы қалың, тұқымдары мен жемістері пісіп жетілген, ыстықта көлеңке болады, ауаны тазартады)

Жұмбақ


Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(Ағаш)
Еңбек: Топ ауласындағы ағаштарды суару.

Мақсаты:


- Балаларды қамқорлыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Мысық пен тышқан»

Мақсаты:


- Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.


Жаз К -6
Құстарды бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға құстармен таныстыруды жалғастыру, оларға қамқорлдық жасауды үйрету (Қарлығаш, торғай, шымшық, қарға, сауысқан, көгершін).

Құстарға біз барамыз,

Бірге әнге саламыз.

Қуанамыз, күлеміз,

Асыр салып ойнаймыз.

Еңбек: Құстарға жем шашу.

Мақсаты:


- Балаларға құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қимылдық ойын «Ұшты - ұшты»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Жаз К -7
Жәндіктер тіршілігін бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларды қоршаған ортадағы жәндіктермен таныстыруды жалғастыру. (Көбелек, құрт, ара маса, шыбын, кене, қоңыз, құмырысқа, өрмекші).

Мен тимеймін, жасқанба,

Дос болайық көбелек.

Жайнап тұрған бақшамда, Гүлерімді көре кет.


Еңбек: Топ ауласындағы топырақты қопсыту.

Мақсаты:


- Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.
Қимылдық ойын «Аю және аралар»

Мақсаты:


- Балалардың шапшаңдыққа, жылдамдыққа дамыту.
Жаз К -8
Балалар құмын бақылау.

Мақсаты:

  • Топ алаңындағы құмның күйін тексеру (құмның өте ыстық, лайлы болмауын, жәндіктердің жоқтығы).

Жарық айлы қысқа түн,

Ұзақ кезіп даламда.

Тас балықтар ыстық күн,

Тек шілде де болады.


Еңбек: Топ ауласындағы құмды тазалау, құмнан әртүрлі пішіндер жасау.

Мақсаты:


- Балаларға құмнан әртүрлі пішіндер жасауды үйрету.
Қимылдық ойын «Доппен ойнау»

Мақсаты:


- Балаларды жылдамдыққа, допты қағып алуға үйрету.

Жаз К -9
Жаңбырды бақылау.

Мақсаты:

  • Балаларға жаза жылы жаңбыр жауатынын, содан соң кемпірқосақ шығатынын айтып түсіндіру.

Жұмбақ


Мені күтіп, ел тілер,

Келсем «неге келді? - дер».

(Жаңбыр)
Еңбек: Топ ауласын жинау.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу№
Қимылдық ойын «Қуып жет»

Мақсаты:


  • Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Жаз К -10
Табиғаттағы жазғы құбылыстарды бақылау

Мақсаты:

  • Балаларға жазда күн ыстық, ағаштар мен өсімдіктерді қалың жапырақ басқан, жылы жаңбыр жауып жұпар ауа болатынын айту.

Жұмсақ шөбі малға жай,

Бәйшешегі балға бай.

Жұпар желі жанға жай,

Жайлау үсті төлге бай.

Еңбек: Құмды қопсыту, жайып – үю.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу, ойын алаңын таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылдық ойын «Асық тасу»

Мақсаты:


- Балаларды ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Жаз К -11
Жаңбырлы күнгі, күннің күркіреуін бақылау

Мақсаты:

  • Балаларға жауынды күні күн күркіреп найзағай болатынын түсіндіру (күн күркіресе ауа тазарады, өсімдіктер тез өседі).

Жер жаңбырмен сусындап, Кемпірқосақ өрілер.

Тамызда аспан албырап, Сансыз жұлдыз жамырар.

Еңбек: Құмды қопсыту, топ ауласын жинау.

Мақсаты:


- Балаларды еңбекке баулу, ойын алаңын таза ұстауға тәрбиелеу.
Қимылдық ойын «Күннің көзі және жаңбыр»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
.
Жаз К –12
Табиғат жайлы әңгімелесу.

Мақсаты:

  • Балалардың дүние танымын, тіл байлығын дамыту. Судың адамға қажеттілігін айтып түсіндіру.

Судың қандай пайдасы бар?

Жазда судың пайдасы зор, ол шөліңді басады, ысысаң шомыласың, ағаш -өсімдіктер тез өседі және қурамайды.

Еңбек: Ағаштар мен гүлдерді суару Мақсаты:

- Балалардың еңбекке деген құрметін нығайту, бағалай білу.


Қимылдық ойын «Шар»

Мақсаты:


- Балаларды аңғарымпаздыққа, шапшаңдыққа үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет