Физикалық викториналық сұрақтар 1. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? 2. Қандай денеде конвекция болмайды? 3. Аспан денелерін бақылауға,зерттеуге арналған құрал? 4. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың? 5. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады? 6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? 7. Қозғалып келе жатқан денеде қандай энергия болады? 8. Қант қайнату заводындағы қызылшадан қантты шығарып алу қандай құбылысқа негізделген? 9. Жаңғырық көмегімен бағдар жасауға болады ма? 10. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? 11. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? 12. Теңізде қандай тастар табылмайды ? 13. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?