24. Табиғатта вирустар мен вириоидтар әсерінен туындайтын ауруларды және олардың бір-бірінен ерекшеліктеріне салыстырмалы түрде талдау жасаңыз. Вирустар да, вириодитар да клеткасыз тіршілік иелері, олар басқа тірі ағзалардың клеткаларының ішінде паразиттік өмір сүреді. Екеуі де облигатты паразиттер болып келеді, тек қана тірі клеткалардың ішінде көбеюге қабілетті. Олар клетка ішіне енгеннен соң клетка құрылымын өз ыңғайына өзгертеді: генетикалық материалына өзгертеді(мысалы өзінің ДНҚ немесе РНҚ-сын енгізеді), органеллаларды өздеріне қажет өнім алу үшін бағындырады. Мысалы, ядрода РНҚ-полимераза ферментімен вирустық мРНҚ, ал рибосомалар мен Гольджи аппаратында вирус өзіне қажет капсидтің элементтерін синтездейді.
Вирустар мен вириоидтар айырмашылықтары:
Вирустар мен вироидтер - инфекциялық агенттердің екі түрі, олар тек клетканың ішінде көбейе алады. Вирустар мен вироидтардың айырмашылығының бірі - вирустар кез-келген тірі жасушалардың ішінде көбейе алады(бактерия, өсімдік немесе жануар), ал вироидтар бұл тек өсімдіктерде ғана тіршілік ететін ең кішкентай инфекциялық агенттер. Сонымен қатар, вирус – ДНҚ-лы немесе РНҚ-лы болып келуі мүмкін, ал вироидтар – әрқашан тек кішігірім сақиналы РНҚ-дан тұрады. Вирустарда капсид деп аталатын ақуыз қабығы бар, ал вироидтерде белоктық қабат немесе басқа да белоктық құрылымдар болмайды.
Ең алғаш ашылған вириоид - Potato spindle tuber virioid(PSTVd) еді. Ол Potato spindle tuber(веретеновидность клубней картофеля) ауруынын қоздырушысы. Табиғатта картопты, томат және авокадо өсімдіктерін зақымдайды. Картопта PTSVd-мен зақымданған өсімдіктердің өсуі айтарлықтай төмендеуі немесе тіпті толығымен тоқтатылуы мүмкін; алайда өсудің төмендеуі байқалмауы да мүмкін. Жұқтырған өсімдіктердің сабағы кішірек, тік болуы мүмкін және сау өсімдіктерге қарағанда кішкентай жапырақтары пайда болады. Жұқтырған түйнектер кішкентай, веретена тәрізді ұзартылған(ауру атауының себебі), деформацияланған және шытынаған болуы мүмкін.
Вирустық ауруларға темекі теңбілі ауруы, картоптың Y вирусы ауруы, қияр мозаикалық ауруы, жапырақ дақтары вирусы ауруы және т.б. Вирустық аурулардың симптомдары жалпы вирусқа және өсімдікке байланысты ерекшеленеді, бірақ жалпы ортақ симптомдарға мыналарды айтуға болады: