Оман Нұрмұхаммед ЦАФ 19-3
1 тапсырма. ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтары және міндеттері
Қазақстан Республикасының азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтары: ана тілі мен мәдениетін пайдалану, жеке өмірге қол сұқпаушылық, отбасылық және жеке құпия; ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау ар-ождан бостандығы; жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына, қадір-қасиетін қорғау, аумақ ішінде еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді еркін таңдау
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері: әскерге бару, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға қамқорлық жасау міндеті, бастауыш білім алуы, республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
2 тапсырма. ҚР азаматтығын алу және айыру тәртібі
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу
Азаматтық алу негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тәртібі
1. Азаматтықтан айыруға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жағдайларда террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.
2. Азаматтығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға тағайындалмайды.
3. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы күшіне енген сот үкімі келіп түскеннен кейін ішкі істер органдары азаматтығынан айыру туралы қорытынды (ерікті нысанда) шығарады, оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтары не олардың орынбасарлары бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |