1-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.
1. Кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін қандай құжат?
2. Қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат ?
3. Адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін, ілесіп жүретін құжат .
4. Қандай да бір міндеттеменің, жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немес өтіп кеткендігі туралы жазылатын хат түрі.
5. Жауап талап ететін хат.
6. Адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі .
7. Белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты
мәселелердің жазбаша хабарлануы .
2- тапсырма.Сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын жаз.
Зейнетке шығуына байланысты, жұмысқа қабылдансын, қызметтен босатылсын, денсаулығына байланысты, экономист қызметіне, үстемақы белгіленсін.
Подписать приказ, приказываю, текст приказа, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи с уходом на пенсию, временное исполнение, возложить на..., согласно штатному расписанию, особые условия труда, процентная надбавка.
3-тапсырма.Қызметтік хатты толықтыр.
Тапсырманың орындалуы туралы
___________ қаласы
(______________ ауданының)
әкімі аппаратының басшысы
_________________________
Қызметтік хат
Осы жылдың ____________ күнгі ___________ қаласы (____________ ауданы) әкімі аппаратына келіп түскен азамат _______ өтініші1 бойынша, Сіздің тапсырмаңыздың орындалуы барысында төмендегілерді хабарлаймын.
Осы жылдың ____________ күні өтініш беруші _____________ телефон арқылы әңгімелестім2. Әңгіме барысында ол ___________ қаласында (_______________ ауданында) Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының филиалын ашу туралы мәселе3 көтерді.
Әңгімелесу нәтижесінде ол ____________ қаласы (__________ ауданы) әкімінің бірінші орынбасары __________________________ _______________ ж. қабылдауына жазылды.
Жалпы бөлімнің меңгерушісі __________ ___________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |