1. Тәртіптік жаза категориясының түсінігі



Дата14.04.2023
өлшемі16,07 Kb.
#174511
Байланысты:
сөж


1.Тәртіптік жаза категориясының түсінігі. 
Тәртіптік жаза - мемлекеттік қызметшіге теріс қылық жасағаны үшін жоғары тұрған лауазымды адам немесе мемлекеттік орган қолдануы мүмкін тәртіптік жауапкершілік шарасы. 
Тәртіптік жазалардың түрлері: 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауды қоспағанда, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес қызметшілерге тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жазаның мынадай түрлері қолданылуы мүмкін: 
1) ескерту; 
2) сөгіс; 
3) қатаң сөгіс; 
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 
5) лауазымын төмендету
6) атқаратын лауазымынан босату. 
Тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге мынадай тәртiптiк жазаның түрлері қолданылады: 
1) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 
2) лауазымын төмендету
3) атқаратын лауазымынан босату. 
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады. 
Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады. 
Атқаратын лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады. 
Жасалғаны үшін заңда көзделген өзгедей жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет үшін жаза қолданылмайды. 
Жазалар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік саяси қызметшілердің жеке ісіне енгізу арқылы есепке алуға тиіс. 


2. Академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік 
− оқу үдерісіне қатысушылар академиялық адалдық қағидаттарын бұзғаны үшін моральдық және құқықтық жауапкершілікті толық көлемде көтеретіндерін білуі керек; 
− плагиат, курстық, дипломдық жұмыстардың заңсыз айналымы академиялық адалдық қағидалары шеңберінен шығу ретінде қарастырылады және Еуразия гуманитарлық институттың академиялық қоғамдастығына қатысты елеулі бұзушылық ретінде қабылданады және тиісті құқықтық ықпал ету шараларына әкеп соғады
− оқу үдерісіне қатысушылар тарапынан академиялық адалдық ережелерін бұзудың әрбір жағдайы тіркелуге, талдауға, құқықтық және тәртіптік біліктілікке жатады
− белгілі бір ықпал ету шараларын қабылдау, олардың мазмұны, сондай-ақ әрекет ету кезеңі академиялық адалдық ережелерін бұзудың сипатына, олардың білім беру процесінің міндеттерін шешудің тиімділігіне, сондай-ақ жоғары оқу орны мен ЕАГИ академиялық қауымдастығының іскерлік беделіне тікелей байланысты. 
Академиялық адалдықты бұзу түрлерінің осы тізбесі толық болып табылмайды және қажеттілігіне қарай толықтырылуы мүмкін. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет