Сейтқасым Ақжүніс
КОК-215
№4 практикалық сабақ
1.XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі.
Eртеде жазу өнері болмағандықтан қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы ретінде айтыс өнері туды. Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол екздегі ел өмірінің көркем шежіресі деугеде болар еді.
«Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген. Бізде екі адамның бетпе – бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысу менде, қолма - қол шығарып айтылатын өлеңмен болуыда мүмкін. Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын – сауық, үлкен жиын, ас – тойларда өтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би, абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір қақы жоқ. Екі жақта «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап қайтарады» деген ұлағатты птинципті ұстанады.
Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мейлінше ол дамыған. Бұл кездегі жазу – сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет – ғұрып, салт – санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жаныр оларда дәл біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.
«Айтыс жанрының XVIII ғасырда даму қалыптасу ерекшелгі деген тақырыпта таңдау себебім күні бүгінге дейінтөл әдибетіміздің төрінен орын алып келе жатқан ұлы өнерге деген басты қызығушылығым себеп болды. Бұл тақырыпқа қалам тартып өз көзқарасын айтып өтпеген жазушы немесе ақын кемде – кемшығар. Өз жұмысымды жазу барысымда Х. Сүйіншәлиев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Жармұқанмедов, М. Ғабдуллин, А. Байтұрсынов,М. Мағауин,Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев, Ғ.Мүсірепов, сынды т.б. көптеген ғалымдардың еңбектері мен танысып шықтым.
Жұмыстың мақсаты айтыс жанрының XVIII ғасырдағы дамуы қалыптасуы кейінгі дәуірдегі айтыстың кемелдене түсуіндегі алатын орны оның түрлеріне тоқталу. Жұмыстың басты міндеті айтыстың ешқашанда ұлт тарихынан өшпейтін өміршең өмір екендігін таныту. Бұл тақырыпты зерттей келе айтыс өнерінің сонау ерте заманнан бері етек алып келе жатқанына көзім жетті. Көне ислам дәуірі әдебиетінің кезінде –ақ ақындық өнер біртіндеп дамып қалыптаса бастаған. Сөзімді дәлелді болуы үшін сол кездегі өмір сүрген Әбу Насыр Әл –Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани сияқты аты әлемге мәшһүр ойшылдардың шығармаларымен қалыптасып өзіндік даму жолына түсті.
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.
Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.
Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады. Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, – деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз. Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі. Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем. Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.
Көрінсін Біржан салға ай секілді, Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді, Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым, Біржанға баламаймын тай секілді...
Мұнда сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау болса да, ішкі мазмұнында Жиенқұлдың шын суреті мен шын қасиеті бұл мақтауды жоққа шығарады да, оны иронияға (әжуаға) айналдырады. Мұнда сырт жағынан болса да мақтау бар. Ал екінші үзіндіде Сара Жиенқұлды ашық шенейді:
Қонжиып мінер Құла жорға барса, Келе алмас ол шірігің қорғаласа, Ол бізді шын масқара қылар сонда, Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.
Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді. Сөйтіп, "Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлақтың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға арқау етуі, ескі феодалдық салтқа қарсы шығуы өз дәуірі үшін прогресшіл идея еді. Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.
2. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы. XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жолы. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, C.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Ә.Қоныратбаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардын айтысты теориялық жолмен зерттеуі.
Айтыс- ауыз әдебиетіндегі ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр екені белгілі. Көшпеліелдің өмірімен бірге жасасып келе жатқан бұл жанрдың халық мәдениеті мен өнеріндегі мәні зор. Айтысқ азақтың жиын-тойының сәнін келтірсе, екінші жағынан әлеуметтік мәселелердің талқыға салынып, ел мүддесі таразыланып жатады. Мұхтар Әуезов айтыс жанрының әлемдік сөз өнері тарихында қазақ әдебиетіне ғана тән екендігін атап көрсетеді де, оны әлемдік сөз өнері дамуымен сабақтастыра бағалайды: “Тегінде қазақтағы айтыс өлеңдері – өзге жұрттың әдебиетінде кез келмейтін, біздің әдебиеттің байлығына дәлел болған айрықша бір түр”. Айтыс” өнері мен “айтыс” атауының шығу тарихы жөнінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, М. Жармұхамедов, Ә. Қоңыратбаев сынды әдебиетші ғалымдарымыз пікір айтып, оның түрлерін жан-жақты зерттегендігі баршамызға мәлім. Ал жазбаша айтыстар – өлеңдерін жазба түрде жазған, оқымысты ақындардың ортақ туындылары. Әрбір ақынның өзіне тән жазу мәнері, қағазға түсіру барысында сұрыпталған, екшелген, талғам таразысына салынған сырлы толғаныстары болатындығы белгілі.
Жазбаша айтыстарда ақындар өмір келбеті, замана ағымытуралы, адамдардың мінез-құлық, дағды қасиеттерін саралап жырлайды. Өлеңмен замандасын ой бөлісуге шақырады. Жазбаша айтыстардың жазылуындағы дәстүрлі бағдар – сайысушы ақындардың бірдей өлеңдік өлшем өрімін қатаң сақтайтындығы, қара өлең үлгісіндегі он бір буындық өлең өлшемін сақтамаған ақынды сынайтыны. Жазбаша айтыстар қазақ поэзиясының көркемдік дәстүр тағылымын байқатады. “Жазбаша айтыс – ерте заманда Шығыспоэзиясында, атап айтқанда, араб, парсы, түрік, моңғол әдебиеттерінде болған үрдіс. Осы Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан айтысдәстүрі қазақ арасына кең тарады. Жазбашаайтыс ауызша айтыстың қорынан пайда болды, яғни соның заңды жалғасы. Егер ауызша айтысқа екі адам қатысатын болса, жазбаша айтысқа кейде бірнеше ақын араласады, айтыс ұзап кетсе, сырттан біреу тоқтау сөз салып, төрелік айтады. Мысалы, Ырысты мен он алты ақынның айтысы да жазу түрінде хатқа түскен айтыс. Мұнда қара өлең формасы мен ғазал араласып келеді. Ырысты мен он алты ақын адамгершілік, ізгілік, еңбек, әділдік, махаббат жайлы толғайды”, – дейді. Жазбаша айтыс Қазақстанның бірнеше өңірінде, әсіресе, Сыр бойында қарқынды дамыды. Сыр бойындағы жазба айтыс мұраларын ғалым Ә.Қоңыратбаев зерттеп, жүйелесе, зерттеуші М.Байділдаев оларды жинақтауда үлкен еңбек сіңірді. Сыр бойындағы жазба айтыс жөнінде ғалым Т.Тебегенов өзінің зерттеу еңбегінде: “Ақындардың жазып айтысу дәстүрі қазақ әдебиетінің тарихында ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бірінші жартысында айрықша дамып қалыптасты. Әсіресе Сырдариямен Әмудария аралығындағы қазақ, қарақалпақ ақын-шайырлары мен Қаратау атырабындағыиШығыстың классикалық әдебиетінің дәстүрлерін меңгерген ақындар шығармашылығындажазбаша айтыстар тұрақты орын алды”, – деп жазды. Демек, жазбаша айтыстыауызша айтыстың заңды жалғасы ретінде ақындарды сауаттылыққа, тапқырлыққа, көркем бейнелеуге, ой ұшқырлығына тәрбиелейтін сөз өнерінің ерекше жанрларының бірі деуге әбден болады. Осы орайда зерттеуші Е.Әбдіхалықова: “Қазақтың сөз өнерінде ақындардың бір-бірімен жазбаша түрде айтысуы, хат арқылы сөз додасына түсуі тек қана Сыр бойы емес, басқа да өңірлерде кездесіп отырғандығы мәлім. Ш.Құдайбердіұлының “Жайлаудың баласымен айтысқаны”, М.Дулатұлының “Қарақұс һәм адам”, Ж.Басығариннің “Ғылым мен надандықтың айтысқаны”, т.б. айтулы туындылары жазба айтыстың көркем әдебиеттің бір түрінде дамығандығын дәлелдей түседі”,– деп тұжырымдайды. Біз бұл тұжырымды құптайотырып, жазба айтыс үлгісінің бастауы көркем әдебиетте ХІ ғасырдағы Махмұт Қашқари жазып қалдырған “Жаз бен қыстың айтысы” және ХІІ ғасырдағы Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” “Жұмақ пен дозақтың айтысы” туындыларынан, сондай-ақ Иасауи шәкірті Сүлеймен Бақырғани жырларындағы діни ұғымдардың сөз сайысынан қылаң беретінін аңғарамыз. Мұнан жазба айтыс ХІ ғасырдан басталды деген пікір туындамауы тиіс. “Жаз бен қыстың айтысы” мен “Жұмақ пен дозақтың айтысы” сондай-ақ ХХ ғасырда дамыған жазба айтыс үлгілеріндегі ортақ ұқсастық қағаз бетіне түскендігінде жатыр. Бірінде екі немесе бірнеше адам бірі-бірімен хат арқылы айтысса, екіншісінде, жеке авторлар абстрактілі ұғымдардыбір-бірімен айтыстырады. Қазақ халқының айтыс өнері бүгінгі күнге дейін ұрпақ тәрбиесінде үлкен рөл атқарады. Әсіресе жастарды өнерге, еңбекке, адамгершілік ізгі қасиеттер – қайырымдылық, бауырмалдық, ерлік, ар-ұят, ождан сақтау, елін, жерін, Отанын қорғауға баулуда, қоршаған ортағадеген сүйіспеншілік сезімін дамытуда айтыстың орны ерекше. Айтыста тапқырлықпен қатар сөз шеберлігі, шешендік, аталы сөзге тоқтаған бабалар өнегесі, ар-намысты қастерлеген аталық ақыл-өсиет көрініс тауып жатады. Қазақ ақындарында жазып айтысу дәстүрі елеулі орын алған. Бұл әсіресе шығыстың классикалық әдебиетінен үйренген ақындар тәжірибесінде жиі ұшырайды. Шығыс әдебиетін үлгі тұтқан айтыскерлер сөз сайысында әйгілі “Мың бір түн”, “Кәлила мен Димна”, “Шахнама” тәрізді классикалық шығармалардан мысал-аңыздар келтіріп отыруды да үлкен білімділік санаған. “Қазақ поэзиясындағы жазбаша айтыстар – ақындық өнер шығармаларының көркем әдебиет ұғымын құрайтын жанрлық түр” деген пікірдің жаны бар . Сыр бойының дауылпаз ақыны Т.Ізтілеуұлы сөз өнерінде ежелден келе жатқан ерекше дүние – айтыс жанрында да қалам тербеген ақын. Тапқырлық сөз, шешендік үлгідегі өлеңдерінен байқағанымыздай, Тұрмағамбет ақынның суырыпсалма ақындық қасиеті де көп айтыскер ақындардан кем болмаған. Бірақ көзбе-көз отырып айтысқандығы жөнінде дерек бір жерде ғана көрініс тапқан (Тұрмағамбет пен Нұрғалидың айтысы, 1934 жыл). Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болған.
Айтыс ақыл-ой парасатын шыңдап, тапқырлыққа тәрбиелейді. Ал жұмбақ адамның қиялдау қабілетін дамытып, ойды жетілдіруде зор мәнге ие болады. Ол ойды тікелей емес, салыстыру мен ұқсату арқылы жеткізеді. Жұмбақ жайында А. Байтұрсынов былай деп түйіндейді: “Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан: яғни қолдың ішінен бірнәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақта нәрсені қолда жұмып тұрып таптырмайды. Оны көріп айтпай қойып, сол нәрсеге ұқсас нәрсені сипаттап айтып, ұқсастығы бойынша таптыртады. Жұмбақ – зейінді ұстартуға пайдалы нәрсе” . Өйткені заттың белгісі, қасиеті, тұлғасы, түсі, жасалуы, үні, дауысы мен ырғағы сияқты ұқсатуларды білу барысында және жұмбақталған ойдың шешімін табуда адамның ақыл-парасаты, білім деңгейі байқалады деп ұқтырады халық педагогикасы. Астарлап сөйлеп, жұмбақтай айтудың әсері мен ықпалын, тәлім-тәрбиелік мәнін айтыстан көбірек байқаймыз. Осы жолда қазақ халқы адамгершілік танымдарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде айтысты таныған.
3. Сүйінбай Аронұлы (1822–1895). Шығармашылық мұрасы. Ақын өлеңдерінің әлеуметтік астары. Тіл кестесі. Айтыстары. Бақтыбай, Түбек ақындар. Өмірі. Айтыстары.
Белгілі қазақ ақындарының бірі – Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Майтөбе жайлауында 1822 жылы шілде айында туған. Өз әкесі – Аран Күсепұлы, арғы атасы – Жиенқұл деген кісілер. Ол кедей жанұядан шыққан. Әкесі Аранның шаруасы тым шағын болып, кейде ішер ас, мінер атқа зар болған екен. Өзінің өмірі туралы айтқан өлеңдерінің бірінде ақын бұл жайды және екей елінің түгел кедей болғанын толық бейнелейді.
Сол момынның біреуі,Малға кедей жан едім,
Екей деген ел едім.
Көже қатық қой сұрап.
Сүйінбай деген мен едім,
Дүйсен деген біреуге
Әкем Аран тұқымы.
Кеше күндіз кеп едім.
Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі – кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басады. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.Ақынның бұлайша ел ісіне араласуы оның қоғамдық бетін айқындайды.Болашақ талант иесінің шығармашылық ізденуі басталады. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін ол түгел аралайды. Өз кезіндегі халық ақындарының біразымен кездесіп тілдеседі. Өзіне дейінгі ақындардан өз атасы Күсептің жырларын, Жанкісі жыраудың өлеңдерін жақсы білген. Аға буын ақындардан Қабан, Жанақ, Түбек, Шөжелермен кездескен. Ал, өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен, кейбірімен айтысқан.Сүйінбайдың соңғы кезде табылған өлеңдерінің ішінде оның өмір белестерін танытатын кейбір толғаулары кездеседі.Сүйінбай өлерде айтқан бір өлеңінде мұрасының қағаз бетіне түсіп, жазылып қалмағанына өкінеді. Өзі қайтыс болғаннан кейін өлеңдері елдің есінде қалмай, өзімен бірге жойылып кете ме деп қауіптенеді. Өлеңінде ақын кесір мінезді Жұмаққа реніш те білдіреді. Сүйінбайдың аталмыш өлеңдері — өзінің мәнімен де, көркемдігімен де елеулі шығармалар. Ақынға тән сыншылдық пен шыншылдық бұл өлеңдерде де айқын.
Сүйінбай Алатаудай, атым дардай,
Жатқанымда боламын шөккен нардай.
Еңбегімнен екі ауыз із қалмастай,
Көктемдегі жер тартып кеткен қардай.
Ақылымды қараңғы басып қалған,
Сау күнімде құдайым еске салмай,
Ауру билеп бойымнан әлім кетті-ау,
Бауырсаққа иленген кескен нандай.
Сүйінбай – халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдерінің өзі дәлел. Ақынның «Кәрілік» атты өлеңін еске алсақ, бұл да оның адамның қартая бастаған өмір белестерін айқын бейнелеп, шендестіре сөйлеуге ұста екенін танытады.Сүйінбайды тек қазақ елі ғана емес, көрші Орта Азия халықтары да жақсы білген. Әсіресе, оның есімі – туысқан қырғыз халқына жете таныс. Қырғыз айылдарын өз аулындай аралап, олардың басындағы ауыртпалықтарды да жақсы ұғынған. Қырғыз кедейлері мен қазақ жатақтарының тағдырластығын түсініп, оларды қанап отырған хан, төре, датқаларды бірдей сынаған.Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр ақындары айтыстары ішінде бір төбе жоғары тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады. Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, тілге тиекті сол бай мен төрелер маңынан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және Өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр атанған ел азаматтары болады.Сүйінбай шығармаларының ішінде өзінің мәнділігімен ерекше көзге түсетіні – оның Тезек төремен кездесіп, дидарласуы. Мұның өзі әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, елдегі қоғамдық екі тап өкілінің саяси тартысы деуге тұрарлық шығарма. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді. Мұнда бір-бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан-ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық, еңбекші ел атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы текті төре Тезек өз табының туын ұстап, тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.
Сүйінбай хан-сұлтандар алдында қасқиып тұрып, батыл сөйлеген Махамбет пен Шернияз типтес талант иесі. Әсіресе, ол – Шернияз ақынмен тағдырлас. Екеуі де ел батырларын жақтап, ел мұңын жоқтаған. Екеуі де өз елінің хан-сұлтанын түйреген өлеңдерімен белгілі.
Сүйінбайдың айтыстары ішінде оның Қаңтарбай ақынмен тілдесуінің мәні ерекше. Қаңтарбаймен айтысқанда Сүйінбай да өз елін бай, өз руын күшті етіп көрсетуге тырысады. Қаңтарбайды кедейсің деп кемітеді. Албан, дулаттың көптігін айтып састырмақ болған Қаңтарбайға Сүйінбай екей аз болса да, оның Сұраншыдай батыры бар екенін, талай жауды тойтарып, ол дулатқа да қорған болғанын айтады. Мен ол тірі тұрғанда ешкімнен қорықпаймын деп Сұраншыны мақтайды.
Қорықпаймын дулаттан Сұраншы өлмей,
Қара шұбар жігітке қаза келмей.
Мың кісіңе бір кісім болар, дулат,
Шуылдап Сұрыншыны жерге көмбей.
Бұл айтыста Сүйінбай өзінің ақындық өнерін асырып,Қаңтарбайды жеңіп кетеді.Сүйінбайды жалайыр,албан,дулат елдерінің ақындары ұстаз тұтып,ардақтаған,Бақтыбай деген жалайырдың жас ақыны Сүйінбайдан бата алып,өнер жолына түскен.
Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санап,пір тұтқан.Сүйінбайдың ақындығын Жамбыл аса жоғары бағалаған.Бұл ретте Жәкеңнің мына бір өлең жолдары көбірек еске оралады:
Ақындардың ақыны,
Айдын көлдей ақылы.
Жыр тұлпары-Сүйінбай
Сүйінбайдың көпшілікке мәлім,баспа бетін көрген өлеңдері тым аз және көркемдігі жағынан да онша мәз емес еді.1940 жылдардан бастап,Сүйінбай шығармашылығын орта мектепте оқу құралдары әрекеттеріне енгізу жасалды.Бұл салада Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайлов тұңғыш қадамдар жасаған болатын.