Нейрондық желілерді машинаға көшіру немесе нейрондық желілер негізінде машина жасау жөніндегі ой алғаш рет өткен ғасырдың 40- жылдарында туындаған. Ол кездері ми туралы таным-білім бүгінгідей кең ауқымда болмаған. Және есептеуіш техникалардың қуаты төмен еді. Бүгінде ақпаратты компьютерге енгізу қиын дүние емес. Оны арнайы бағдарлама, кодтар арқылы жасауға болады, Адам миының толықтай бағдарламалық көшірмесін жасау әліге дейін мүмкін болмағанымен, нейрондық желілерді белгілі бір мақсатта қолданатын бағдарламалар бар. Оған мысал – BI Group компаниясының офисында орнатылған камералар. Ол камералар ғимаратқа кіретін жерде орнатылған. Олар адамдарға және көліктерге арналып жасалған. Егер офис ішіне қандай да бір адам келетін болса, ол адам камераға қарап өтуі керек, егер ол адам BI Group компаниясында жұмыс жасайтын болса, онда есік ашылады, егер жұмыс жасамайтын болса, есік сол жердегі қызметкердің рұқсатымен ғана ашылады. Машиналарға арналған жүйеде осылай жұмыс жасайды.
Машиналық оқыту – бұл ғылымдағы үрдіс, ал келешекте компьютерлік оқыту мәселесін шешетін технологиялар. Бірден айтқым келеді, бұл толыққанды оқытуға жол берілмейді, бұл адамның оқытуымен салыстыруға болады. Оқу процесінде қалыптасқан машина білімі адам қабілетіне қарай нақты ақылды шешімдерді жасай алмайды. Осыған қарамастан, машина жасау қажеттілігі күрт өсуде. Машиналық оқытудың тек математиктер мен алгоритмдер саласынан кетіп, IT - бизнесмендер әлеміне, содан кейін қарапайым адамдардың әлеміне тереңірек еніп жатыр. Бұл адамға зор пайда әкеледі. Машиналық оқытудың мақсаты адам қызметінің түрлі салаларында күрделі кәсіби мәселелерді шешудің жартылай немесе толық автоматтандыруы болып табылады. Машиналық оқытудың кең ауқымды қосымшалары бар:
тапсырма
Нейронды желінің жұмыс істеу принцптері және оның түрлері:
Бірқабатты нейронды желі
Көпқабатты нейронды желі
Бірбағытты желілер
Рекурентті желілер
Үй жұмысы
Нейронды желі түрлері бойынша сызба құрыңдар.
Олардың жұмыс істеу принцптерін түсіндіріңдер