1 зертханалық жұмыс Зертханалық флотация машинасында жұмыс жасаудың әдісін біліп алу Жұмыстың орындалу жоспары



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі60,49 Kb.
#117247
  1   2   3   4
Байланысты:
1 зертханалық жұмыс


1 зертханалық жұмыс
Зертханалық флотация машинасында жұмыс жасаудың әдісін біліп алу
Жұмыстың орындалу жоспары:
1. Зертханалық флотация машинасының құрылыстық өзгешілігін оқып білу;
2. Машинада жұмыс жасаудың әдісін үйрену;
3. Негізгі бөлімдерін көрсетіп флотомәшиненің эскизін түсіру;
4. Флотациялық тәжірибелерді жасаудың әдісін үйрену.
Флотациялық машиналар құрылыстық нышандары, аэрация тәсілі және технологиялық міндеті бойынша айырылады. Көбінесе, белгілейтін нышана ретінде аэрация тәсілін алады. Осы нышаны ретінде флотациялық машиналар келесі топтарға бөлінеді:
1. Механикалық, пульпаның аэрациясы атмосферадан әр құрылысты араластырғышпен, ауаны сорып алумен ісін жүзеге асырады;
2. Пневмомеханикалық, пульпаның аэрациясы қосылған ауа арқылы қамтиды, ауа машинаға желдеткіштермен, компрессорлармен беріледі, диспергациясы әр құрылысты айластырғыштармен немесе виброжабдықтарымен жасалынады;
3. Пневмогидравликалық, өзі қамтамасыз ететін аэрация немесе қысылған ауаны күштеп бергенмен жасалынады, онда диспергация үшін әр түрлі гидравликалық жабдықтар қолданылады;
4. Пневматикалық, пульпаның аэрациясы қысылған ауа бойынша жүзеге асырылады;
5. Электрофлотациялық, сұйықтық аэрациясы электролизде бөлінетін көбік арқылы жасалынады.
Қысымы өзгеретін флотациялық машиналарда аэрация, қысым азайғанда, пульпада еріген газдардың бөлінуімен қамтамасыз етіледі.
Құрастырылған машиналарда пульпаның аэрациясы бірнеше тәсілмен жасалынады.
Қазіргі заманғы флотациялық машиналарға қойылатын міндеттер:
1. Ең жақсы қамтамасыз етудегі жұқа дисперстік және үлкендеу көбшіктердің ауаның дисперсиялауының жоғары дәрежесінде, пульпаның аэрациясы бүкіл көлем бойынша бірдей болу керек;
2. Пульпадағы қатты бөлшектер ауаның көбіктерімен жақын байланысқан жағдайда өлшенген қалыпта болу керек. Бөлшектердің көбшіктермен соғылысуларының ең көп жиілігі олардың шартты түрдегі ең аз жылдамдықтарында болу керек, бірақ көбшіктердің толық минералданулары өтетін пульпадағы қозғалысқа жететін болу керек;
3. Минералданған көбшіктердің пульпаның үстінгі бетіне шығулары шаратты түрде тыныш (айналымсыз) ортада немесе пульпаның көтерілетін ағысында өтеді (ірі бөлшектердің және агрегаттардың флотациясын жақсартады);
4. Флотациялық көбіктің көлемі мен көбікті алып тастау жылдамдығының арасында ең жақсы аралық қатынас қамтамасыз етілуі керек:
а) жылдамдығы жылдам болса, концентраттың сапасы нашарлайды, өйткені көбіктен пульпаға көбшіктерді механикалық жібергенде, бос жыныстың бөлшектері қайтарылмайды;
б) ал көбікті алып тастау жылдамдығы аз болса, көбіктің диминерализациясына байланысты алыну сапасы төмендейді;
5. Флотацияның үздіксіздігі. Қоректі берудің үздіксіздігі және флотацияланған немесе флотацияланбаған бөлшектердің алып тасталуының үздіксіздігі;
6. Пульпаның және көбіктің деңгейінің ұзындығын бақылау мүмкіншілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет