№1 Ұзынкөл орта мектебі ММ
Баяндама
«Зиянды заттардың алдын алу»
Баяндамашы: бастауыш сынып мұғалімі Досумова А.К.
БЕКІТЕМІН:
Күні: 13.09.2019 ж.
Сыныбы: 5 «Б»
Тақырыбы: Зиянды заттардың алдын алу
Жұмыс түрі: Баяндама
I. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасының негізгі жеті басымдығының төртіншісінде Қазақстан азаматтарының әл-ауқаты, білімі және денсаулығы туралы атап көрсеткен. Халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі үш бағытта күрес ж
үргізу керек деді.
Біріншібағыт-”Темекі шегуді тоқтату”
Екінші бағыт-”Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес”
Үшінші бағыт-”Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес”
Денсаулық әркімнің өз қолында. Денсаулық – адам баласына табиғат сыйлаған басты байлық. Денсаулықты жоғалту оңай, қалпына келтіру қиын. Сондықтан адамның денсаулығының мықты болуы адамның өзіне байланысты. Жағымды, жағымсыз заттарды дұрыс таңдау арқылы салауатты өмір сүруге болады.
Меніңше, нашақорлық деген ұғым – «қауіп пен қатер» деген ұғым мен егіз .Одан өте сақ болу керек. Сондықтан әр адам, әрбір бала есірткіден аулақ жүргені жөн. Есірткі – әзәзіл, арбайды, ақылдан адастырады.
“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстың белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ.
Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын тартқан болатын. Темекінің Еуропада кеңінен таралуына француз халымы Жан Нико да себепкер болды. Ол теңізшілер әкелген темекі дәндерінен бірінші рет темекі өсіріп, өзінің атымен аталған “барлық ауруға қарсы ем ”- никотинді тапты.
Темекі түтіні – темекінің жауынан пайда болған өнімдер, олар ауада қалықтаған өте майда құрғақ тозан және миллимикронмен өлшенетін көлемдегі сұйықтық тамшылары түрінде болады. Темекі түрінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртетігі тотығы, аммиак, күкіртсутегі, формальдегит, фенол, түрліқышқылдар, қорғасын мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар.
Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.
Сақтанған адам оның торына түспейді. Біздің жүретін жолымыз ата жолы болуға тиіс. Темекі шегу, арақ ішу сияқты зиянды әдеттердің оқушылар арасында да кең етек ала бастағаны жасырын емес. «Шылымшы – өзін көрге тығушы» дейді халқымыз. Темекі шегу адамның өмірін қысқартады. Қазіргі кезде темекінің адам ағзасына тигізетін зияны жайлы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ кейде қалаларға барған кезде, сол қалалардың басты-басты ғимараттарында, көшелерінде әртүрлі шетел сигареттерінің керемет тартымды суреттері бар қорапшаларынан көз сүрінеді. Сол жасырын жарнаманы көріп жастар оны сатып алып бір тартады, екі тартады. Сонымен «ауру қалса да, әдет қалмайды» дегендей, әдетке айналады.
Алкоголъ атауы арабша термин болып, кірпіктерді бояуда қолданылатын ¥па бейнесіндегі ұнтақ мағнасына келетін «ЕЛ-КҮҰЛ» термині, барлық батыс тілдеріне өтіп, бізге де батыс негізді тілдерден, Түрікше оқылу формасымен Алкоголъ болып кірген.
Құрамында Алкоголъ бар ішімдіктер де химиялық жақтан бірнеше түрлі алкоголъ болғанымен, еңбастысы Этил (еШуіе) Ал-коголъ. БҮ-Л зат химиялық жақтан Этанол, жалпылық ретінде де, Дақыл спирті (£гаіпаісоһоі) деп аталады.
Арақта болатын басқаша алкоголъ тұрі де метил алкоголъ, немесе Метанол. БҮЛ алкоголъ халық арасында көбінесе Эгил Смирті ретінде білінеді. Метил (Меіһуіе) алкоголъ антифріздерде (қатырмайтынзат) жэнежанарзаттардаболғанындай, кейбірөмдірісорындарындасаудамақсатында да қолданылады. Метил спиртіөлтірушібір у. Өте аз мелшерініңөзісоқырлыққажәнеөлімгежолашады. Жасырынөндірілгенарақтардакейде метил спиртіқолданылып, көптегенөлімгесебепболған.
Ішімдіктің де зардаптыжақтары сан қилы .« Мас болу өзықтиярыменесуастану» дегенекенатақты Аристотель. Дегенменмұнытүсінетінжанжоқ. Маскүнемдіктіңкесіріненқаншамажолапаттарыболып, қаншамаотбасыныңшырқыбұзылдыдесеңші? Меніңшемұндайәуестіккесебепболатын-адамбойындағыерік-жігердіңәлсіреуі. Ал оданқұтқаратынкүш-табандылық пен сабырлық. Бүгінде ер адамдарғақосылаәйелдерде, қыздарда, тіптіжасөспірімбалалардыңтемекішегуі де әдеткеайналып бара жатыр. Мұхаммед( С.Ғ.С) ПайғамбарымызХадистерінде: «Адам денемүшесініңсалауаттылығынқорғауғаміндетті» депескертпежасаған. Ал адамдарболса, керісіншедененіулайтынзардапқа бой ұрыпкеледі. Темекі-сәнемес. Түтінінбұқыратып, өкпе-қолқамыздыуғатолтырғаннан не пайда? Нашақорлық-қоғамымыздакүнненкүнгедендеп бара жатқаніндет. Ғасырдыңеміжоқдертінеайналғанесірткі-келешекұрпақтыңқасжауы. Бүгінгіжас-ұлттыңертеңгіазаматы. Демекойланатынуақытжеткенсияқты. Бұлмәселеніжалпысалауаттыөмірсалтынқалыптастырустратегиясыныңшеңберіндеғанашешугеболатынсияқты. Арақжүйкежүйкежүйесіүшін, әсіресе миға ауыр зақым келтіреді. Арак, ішкен адамның миындағы жүйке клеткалары ауруға ұшырайды, тіпті өледі.
II. Абай атамыздың «Адам боламдесеңіз» өлеңі жатқа оқылып, бес асыл іс пен бес дұшпанды ажыратады.
Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық.
Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық. (Абай)
III. «Үш ұл» көрінісі қойылып,«Жалқаубек» әні орындалды.
IV. «Не жақсы?» , «Не жаман?» тақырыбына айтыс ұйымдастырылады.
«Зиянды заттардың алдын алу» атты тәрбие сағатында денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім бере отырып, өзін-өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын қалыптастыра білу мақсатында слайд көрсетіледі.
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-бірлеріне денсаулық туралы жақсы тілектер айтады.
“Денсаулығың өз қолыңда” дегенді қалай түсінесіңдер?
Салауатты өмір салты не үшін керек? “ сұрақтарына жауап беріп, түсіндіреді.
Топқа бөлініп, көрген слайдтарына байланысты «Темекі шегудің және нашақорлықтың зияны» туралы тақырыптарды қорғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |