1. Зоология ғылымы зерттейді: а жануарларды в өлі табиғатты с жапырақтарды



Дата14.03.2020
өлшемі108 Kb.
#60193
Байланысты:
7 сынып тест




1. Зоология ғылымы ... зерттейді:

А) жануарларды В) өлі табиғатты С) жапырақтарды

Д) ауаны Е) өсімдіктерді

2. Дизентерия ауруын тарататын -

А) шыбын, тарақан В) адам С) ит, мысық

Д) үй құстары Е) құмырсқа

3. Денесінде бақалшағы бар біржасушалы қарапайым жәндік:

А) эвглена В) лямблия С) кірпікшелі кебісше

Д) арцелла Е) амеба

4. Тірі табиғатта жүйелеуде аса зор еңбек сіңіріп, жүйелеу атасы аталуы:

А) Ф.Энгельс В) К.Линней С) Рулье

Д) Ж.Б.Ламарк Е) Ч.Дарвин

5. Қарапайымдылар түрлерін алғаш ашқан ғалым:

А) К.А.Тимирязев В) С.Г.Навашин С) Антони Ван Левенгук

Д) Әкелі-балалы Янсендер Е) Роберт Гук

6. Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын

зақымдайтын біржасушалы қарапайым жәндік:

А) амеба В) эвглена

С) арцелла Д) лейшмания Е) дизентерия амебасы

7. Жасыл эвгленаның көбеюі: А) көлденең екіге бөліну арқылы

В) бүршіктену арқылы С)жыныссыз ұзыннан бөліну арқылы

Д) жынысты жолмен Е) циста түзу арқылы

8. Талшықтылар класына жататын жәндіктер:

А) полиптер В) тұщы су гидрасы

С) кірпікшелі кебісше Д) кәдімгі амеба Е) жасыл эвглена

9. Құм шіркейлері арқылы таралатын тері ауруының түрі:

А) лейшманиоз В) гоммоз

С) қышыма ауруы Д) безгек ауруы Е) дизентерия

10. Қарапайымдар үшін цистаның маңызы:

А) қолайсыз жағдайдан сақтайды В) даму үшін

С) жылжу қызметін атқарады Д) өсу үшін Е) көбею үшін

11. Безгек ауруының қоздырушысы (таратушы):

А) лейшмания В) көбелек

С) маса Д) лямблия Е) трипанасома

12. Өсімдік пен жануарлардың туыстығына дәлел бола алатын біржасушалы жәндік:

А) амеба В) жасыл эвглена

С) арцелла Д) лейшмания Е) кірпікшелі кебісше

13. Амебаның тыныс алуы:

А) суда еріген оттегімен В) көмірқышқыл газымен

С) азотпен Д) судағы көмірқышқыл газымен Е) ауадағы оттегімен

14. Хинин, акрихин дәрілерінің емдік қасиеті:

А) сүзекті құрту В) безгек масаларын құрту

С) обаны жою Д) құтырманы жою Е) қантышқақты құрту

15. Біржасушалы қарапайым жәндік:

А) жасыл эвглена В) актиния

С) маржан Д) шұбалшаң Е) гидра

16. Вольвокс шоғырының пішіні:

А) үтір В) оралма С) шар Д) спираль Е) таяқша

17. Шөгінділерінен мұнайдың қоры түзілетін жәндіктер:

А) бақалшақты біржасушалылар В) кірпікшелер

С) талшық Д) лейшмания Е) безгек паразит


Ішекқуыстылар.

18. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі:

А) регенерация В) қоректі аулау

С) жауынан қорғану Д) асқорту, сөл шығару Е) тыныс алу

19. Гидраның жазылатын жіпшесі орналасқан жері:

А) аралық жасушада В) жүйке жасушада

С) тері-бұлшықетті жасушада Д) асқорту жасушада Е) атпа жасушада

20. Медузаның қорегін ұстауы:

А) ас қорыту жасушаларымен В) қатты қозғалуымен

С) бұлшық ет талшықтарымен Д) аралық клеткаларымен

Е) қармалауыштарындығы атқыш жасушаларымен

21. Гүлге ұқсас ішекқуыстылар:

А) медуза В) эвглена

С) кәдімгі амеба Д) кебісше Е) актиния

22. Ішекқуыстыларға тән-қасиет:

А) екі жақты симметриялылығы В) пішін тұрақсыздығы

С) сәулелі симметриялылығы Д) көзшесінің болуы Е) қарынның болуы

23. Гидраның жынысты жолмен көбеюі:

А) жазда В) жаңбырлы жылы күндері

С) ыстық күндері Д) көктемнің жылы күндері Е) қолайсыз жағдай туғанда

24. Ішекқуыстылардың дернәсілі:

А) қуыршақ В) жұлдызқұрт

С) бүрлеме Д) планула Е) имаго

25. Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі:

А) гаметалар В) уылдырық

С) зигота Д) гермофродитті Е) бүршіктену

26. Сцифос сөзінің мағынасы:

А) жалпақ В) қоңырау

С) табақша Д) қолшатыр Е) таяқша

27. Терең суларда қозғалып жүретін көпжасушалы жәндік:

А) медуза В) қызыл маржан

С) амеба Д) кебісше Е) актиния





Ұлулар типі.

1. Қосжақтаулы ұлуларда жүрегі ... қуысты:

А) 1 В) 5 С) 3 Д) 2 Е) 4

2. Бауыраяқты ұлуларда жүрегі:

А) 1 В) 5 С) 3 Д) 2 Е) 4

3. Тоспа ұлуы тыныс алады: А) бүкіл денесімен тыныс алады

В) желбезек арқылы тыныс алады С) мантия арқылы тыныс алады

Д) өкпе арқылы тыныс алады Е) аяғымен тыныс алады

4. Бауыраяқты былқылдақденелі жәндік: А) тоспаұлу В) каракатица

С) сүлік Д) айқұлақ Е) шұбалшан

5. Былқылдақденелілердің тұлғадан ерекше қатпарлы қабаты:

А) целлом В) кутикула

С) полип Д) шапанша Е) планула

6. Көптеген былқылдақденелілердің қаны: А) қызыл В) сарғыш

С) түссіз Д) көк Е) қызғылт

7. Былқылдақденелілердің зәр шығару мүшесі: А) несеп жолы В) қуық

С) мальпигий түтікшелері Д) бүйрек Е) түтікше

8. Бауыраяқты былқылдақденелілердің өкілі:

А) айқұлақ В) каракатица

С) тоспаұлуы Д) мидия Е) кальмар

Буынаяқтылар типі.

9. Екі жұп мұртшасы бар (ұзын және қысқа) жәндік: А) өрмекші В) қандала

С) кене Д) шаян Е) шыбын

10. Өрмекшінің аузы ... бейімделген:

А) шайнауға В) сезуге

С) кеміруге Д) сорып алуға Е) ұсақтауға

11. Шаянның зәр шығару жүйесі орналасады:

А) бас бөлігінде В) аяғында

С) қарында Д) құрсағында Е) аналь тесігінің жанында

12. Кесірткенің мүйізді қабыршақ терісінің негізгі қызметі:

А) құрғап кетуден сақтайды В) денесін ысып кетуден сақтайды

С) жауыннан қорғайды Д) денесін суықтан қорғайды Е) жақсы созылады

13. Қоңыздардың тыныс алу мүшесі:

А) бүкіл денесімен В) шапанша қалтасы

С) хитинді демтүтікшелер Д) ауа қапшығы Е) тері жабыны

14. Қатты затпен қоректенетін кененің ауыз мүшесі:

А) кеміріп-жалағыш В) шаншып-соруға бейімделген

С) сүзіп-жалаушы Д) сорғыш-түтік Е) кеміруші

15. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің 80 пайыздан астам мына типтің үлесіне тиеді:

А) қарапайымдар В) буынаяқтылар

С) желілер Д) құрттар Е) былқылдақденелілер

16. Сыртқы қанқаның қызметін атқаратын буынаяқтылардың жабыны:

А) әкті В) хитинді

С) гликогенді Д) кремнийлі Е) гирудинді

17. Шаянтектестерге жатады: А) асшаян В) қарақұрт

С) сушалқақ Д) кене Е) суаршын

18. Ұсақшаянтектестерге жатады:

А) циклоп В) омар С) шаян Д) таңқышаян Е) асшаян

19. Өрмекшітектестердің баскөкірек бөлігіндегі екінші жұп аяғы:

А) күйісаяқ В) аяқша

С) тұтқыаяқ Д) параподий Е) қармалауыш

20. Өрмекшітектестердің зәр шығару мүшесі:

А) бүйрек В) мальпигий тамырлары

С) несепағар Д) түтікше Е) су түтікшелі жүйе

21.Астың ішектің тыс қорытылуы жүретін буынаяқты жәндіктер:

А) өрмекшілер В) бүргелер

С) масалар Д) кенелер Е) қандалалар

22. Адамға энцефалит ауруын жұқтырушы қауіпті паразит:

А) жайылым кенесі В) ит кене

С) тайга кенесі Д) өрмек кене Е) мамық кене

23. Адам денесінде паразиттік тіршілік етіп, қышыма ауруын туғызатын жәндік:

А) жайылым кене В) қышыма кене

С) мамық кене Д) өрмек кене Е) ит кене

24. Құстардың денесінде мекендеп, әкаяқ ауруын туғызатын кененің түрі:

А) жайылым кене В) қышыма кене

С) мамық кене Д) су кене Е) шаш кене

25. Өсімдіктердің шырынын сорып, олардың денесінде ісіктер (беріш) түзетін құрт пішінді

ұсақ кененің түрі: А) жайылымкене В) берішкене

С) астық кенесі Д) тайга кенесі Е) қамба кенесі








































































































Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет