10 – сынып 1-нұсқа Тыңдалым



бет1/3
Дата23.12.2022
өлшемі26,82 Kb.
#164185
  1   2   3
Байланысты:
10 – сынып 1-н с а Ты далым


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН МЕКТЕПІШІЛІК ОЛИМПИАДА ТАПСЫРМАЛАРЫ
10 – сынып
1-нұсқа

Тыңдалым
Тілші: Біз Қазақстан сандық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында қала тұрғындарынан сұхбат алған болатынбыз. Тілші: Сәлеметсіз бе, біздің қазақстандықтардың сандық сауаттылығына қандай баға берер едіңіз? Сұхбат беруші: Менің есімім – Ерасыл. Менің ойымша, қазақстандықтардың басым бөлігі – сандық сауатты азаматтар. Оған дәлелім де бар. Жақында ғана теледидардан осыған қатысты жаңалық естідім. Министрліктің мәліметі бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда интернет желісімен халықтың 72%-ы қамтылған екен, ал халықтың сандық сауаттылық деңгейі 74%-ды құрайтын көрінеді. Қазақстандағы электронды сауданың дамыған түрлеріне әуе билеттерінің электронды сатылымы, мобильді байланыс қызметтерінің төлемі, коммуналды төлемдерді төлеу, теміржол билеттерінің электронды сатылымын жатқызуға болады. Қолданушы үшін ыңғайлы, түсінікті бағдарламалардың жасалуы – электронды сауданың дамуына жол ашады. Екінші тұрғыдан халықтың уақытын үнемдеп, ұзынсонар кезекті көп көрмейтін боламыз. Тілші: Сіздіңше, біздің еліміздің тұрғындары сандық тұрғыдан сауатты ма? Сұхбат беруші: Менің атым – Айша. Меніңше, сандық сауаттылығы бар азамат – сандық коммерцияны пайдалана алатын, оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер алу қабілетіне ие, интернет картасын пайдалана білетін, интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орната алатын адам. Ал біздің қоғам қандай? Өткенде жалақымды алайын деп банкке кірсем, банкомат алдында есікке дейін кезек тұр, көптеген азаматтарымыз ақшаны қалай шешу керектігін білмей, банк қызметкерлеріне өтініш етуде. Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?
1.Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Сөздер: электронды/банкоматтан/банк қызметкерлерінен/ көпшілігі/
1) Менің ойымша, қазақстандықтардың _____________________________ – сандық азамат.
2) Тұтынушыларға арналған бағдарламалар___________________ сауданың дамуына мүмкіндік береді.
3) Халық __________________ ақша шеше алмағандықтан, ...................................... көмек сұрайды. [3]
2. Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ [3]
3. «Осындай жағдайда біз халқымызды қалайша сауатты дей аламыз?» деген сауал арқылы Айша не айтқысы келді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз. ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ [3]
Оқылым
Денсаулық – адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Алайда ол мәңгілікке берілмейді. Оны сақтау үшін ауырмай тұрып, іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынтаықылас, ерік-жігер қажет, онсыз денсаулықты ұзақ сақтау қиын. Қазіргі кезде Қазақстан халқының, оның ішінде жастардың денсаулығы төмен деңгейде. Тек бір көрсеткіш – әскер қатарына шақырылған жастардың 50%-ы дене дайындықтарының нашар дамуына және денсаулықтарына байланысты қорғаныс күштерінің қатарында қызмет атқаруға жарамсыз. Бұл қауіпті жағдай Қазақстан үкіметін, әскери ұжымдарды, педагогтерді, дәрігерлерді, ғалымдарды шындап толғандыруда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50-60%-ы өмір тіршілігіне, 20%-ы – тұқым қуалаушылыққа, 20%-ы – сыртқы ортаның жағдайына, 8-10%-ы – дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Жастардың денсаулығының нашар болуы немен байланысты? Ғаламтордың зияны туралы әлем ғалымдары дабыл қағуда. Біріншіден, мониторға ұзақ уақыт қараудың салдарынан адамның көз жанары құрғап, көру қабілеті нашарлайды. Сіресіп отырғандықтан омыртқа зақымданып, скалиоз, кифоз ауруларына шалдығады. Қимылқозғалыс азайғандықтан, қан айналымы нашарлайды, семіздік пайда болады. Жаңа технологиялар адамның жасушаларына қауіп төндіріп, қатерлі ісік ауруының туындауына себеп болады. Еліміздің нарығында «Дизи», «Редбул», «Монстер» секілді энергетикалық сусындар ашықтан-ашық сатылуда. Жастар осы бір «сиқырлы сусынға» әуестеніп алған, себебі оның жарнамасы керемет. Ұйқыны ашып, күш беріп, сергек жүруге көмектесетін сусын, әсіресе, балалардың ағзасына өте зиянды. Оған дәлел энергетикалық сусындарды жиі пайдаланатын мектеп жасындағы балаларды тексергенде, олардың бауыры 35 жастағы маскүнемнің бауырымен бірдей болатындығы анықталды. Бұл улағыш сұйықтықты балалар көп ішсе, жастайынан түрлі ауруларға шалдығады екен. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке апаратын мұндай сусындарды пайдаланбаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет