10-орыс сыныбына арналған қазақ тілі бойынша қысқа мерзімді жоспары: Ж.Күдерин еңбектері
Шаженова Алмаш Калиакпаровна
Атырау қаласы, Ф.Досымова атындағы №12 орта мектебі.
«Ж.Күдерин еңбектері» сабағында сыныпты 5 топқа бөліп, іздену дағдысын дамыту мақсатында Блумның қолдану, талдау, жинақтау,бағалау кезеңдерінде ЖИГСО әдісін қолданып, төмендегідей тапсырмалар бердім:
1- топ «Ж.Күдериннің өмірбаяны»;
2- топ «Биология саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер»;
3-топ «Ботаника саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер»;
4- топ «Алғашқы оқулықтары мен енгізген терминдер»;
5- топ «Ж.Күдериннің қуғындалуы».
Алдымен, өздеріне орындауға ұсынылған тапсырма бойынша өз топтарында ізденіс жұмысын ұйымдастырдым. т«Ж.Күдериннің құғындалуына қатысты өзге Алаш азаматтарымен қандай ұқсастықтары, байланысы бар?» деген сұрақ қойып, алдыңғы сабақтағы тәсілді, сұрақ мазмұнын өзгертіп, және жеке орындайтын тапсырма бердім.
Бұл жерде оқушылар өзіне сеніп тапсырған іздестіру жұмысын жоғары деңгейде атқара білді. Ол қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ зиялылары қатарына ғалым Ж. Күдерин де жататынын, 1930 жылы әкелі-балалы Күдериндер Маусымбай мен Жұмахан туысы Мұхамеджан Тынышбаевтың ісіне байланысты тұтқынға алынып, бас еркінен айрылып, қуғындалғаны туралы нақты мәліметтер тауып, өз тобының жұмысына құнды деректер ұсынды.
Енді бір топ «Ботаника саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер» тақырыбын ашу мақсатында топпен бірігіп, ботаникаға қатысты еңбектерін анықтаған соң, жеке тапсырма орындау - Ж.Күдериннің зерттеген өсімдіктер туралы мәліметтер табу және соларды сипаттау, суреттерін салу тапсырылды. Ол өсімдіктердің қай аймақта көп өсетінін, түрлерін және осы саладағы ғылыми-зерттеулері тәжірибеден өтіп, пайдаланылуға ұсынылғандығы туралы деректер келтірді.
Өзге ұлт өкілі нің оқушыларына деңгейлеп тапсырма беріп, Выготскийдің әлеуметтік-мәдени теориясындағы маңызды ұғым - жақын арадағы даму аймағындағы көпіршелерді қолдануды іске асырдым. Бұл жерде топ тапсырмасы Ж.Күдериннің өмірбаянынан деректер тауып, оны өзгеше түрде көрсету болатын. Өзге оқушылардың көмегімен Ж.Күдериннің өмірбаянын баяндау үшін оқушылар рөлге еніп, сұхбат берді. Өздерне берілген тапсырмаға жауапты қарады.
Қазақ тілі
|
10-сынып
|
Шаженова А.К.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ж.Күдерин еңбектері
|
Мақсаты
|
Ж.Күдерин еңбектерімен танысып, қосымша мәлімет қарастыру, еңбектерінің тақырыбын, мазмұнын ашу.
|
Жұмыс нәтижесі
|
1.Оқушы алғашқы биолог ғалымдарының бірі Ж.Күдерин өмірімен, қызметімен танысады.
2. Алған білімдерін өмірмен байланыстырады. 3.Еңбектерінің тақырыбын, мазмұнын меңгереді.
|
Сілтеме
|
10-сынып оқулығы
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Диалогтік оқыту; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
|
Ресурстар
|
Постер, елдер туларының жоспары, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар,контурлық карта, әлем картасы. компьютер, проектор.
|
Сабақтың өтілетін уақыты
|
45 минут
|
Сабақ жоспары
|
Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
|
Үйге тапсырма
|
2-тапсырма. Диалогті толықтырып, ауызша сөйлесуге дайындалып келу.
Жеке тапсырма: «Ж.Күдерин туралы іздену» айтылмаған ақпарат іздеу.. (А оқушы тапсырмасы)
|
Ойлауды Блум
бойынша жіктеу
|
Мақсат
|
Тапсырма түрі.
Түрткілер.
|
Нәтиже
|
Бағалау
|
Критерийлер
|
дескриптор
|
Ұпай
|
Жиынтық баға
|
Білу
10 минут
|
Үй тапсырмасының игерілу деңгейін қадағалау
Қызығушылығын ояту.
|
Психологиялық ахуал орнату-бір-біріне тілек айту. Шығармашылық-ізденіс :
Сәбит Шоқан туралы «Жарқын жұлдыз» кітабын жазған. «Жарқын жұлдыз» деп неге айтқан? (жеке тапсырма) Шығармашылық жеке тапсырманы тыңдау.
Шоқан еңбектері бойынша әр топтың құраған сұрақтары бойынша топтардың бір-біріне сұрақ қоюы.
Топтарға бөлу – Қазақстанмен шектескен аймақтардың астаналары бойынша 5 топқа бөлу: Ресей-Мәскеу
Қытай-Пекин(Бейжің) ,Өзбекстан - Ташкент, Қырғыстан -Бішкек,
Түркменстан - Ашхабад атаулары бар кеспе қағаздар таратамын.
Қызығушылықты ояту – биологияға қатысты бейнежазба арқылы.
|
Жайлы орта қалыптасады.
Игерілген білім еске түсіріледі.
Өз ойларын ортаға салып, Шоқанның қысқа да, жарқын өмірі жайлы еске түсіреді.
Сынып оқушылары 5 топқа бөлінеді.
Бейнежазба арқылы қызығушылығы оянады, өз пікірін, көзқарасын білдіреді.
Биология саласын зерттеу не үшін қажет? деген сұрақ төңірегінде ойларын ортаға салады.
|
Білім көлемін зерделеу
|
Өткен тақырыпты меңгерген
|
3
|
|
Даталарды еске түсіре алмау
|
2
|
|
1
|
Түсіну
7 минут
|
Оқулық мәтінін игерту.
|
Жеке жұмыс -Ж.Күдерин мәтінін оқулықтан оқиды, сөздікпен танысады, еңбектері туралы ғаламтор арқылы ақпарат іздейді.
1- топ «Ж.Күдериннің -өмірбаяны
2- топ «Биология саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер»
3-топ «Ботаника саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулер»
4- топ «Алғашқы оқулықтары мен енгізген терминдер»
5- топ «Ж.Күдериннің қуғындалуы»
Топтық жұмыс - Өз топтарында отырып жеке ізденістегі ақпаратпен жұптарда бөліседі.
|
Сөздік жұмысы арқылы түсініксіз сөздердің мағынасын ұғынады.
Мәтін мазмұнымен танысады.
Жұмақан Күдеровке байланысты әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша ақпаратты зерделеп, талдап, талқылайды.
|
Тақырыптың зерттелуі мен зерделену деңгейі.
|
Іздену мен ақпарат жинау жоғары деңгейде
|
3
|
|
Ақпарат бар, бірақ аз.
|
2
|
Ізену мен ақпарат табу дәрежесі нәтижесі төмен.
|
1
|
Қолдану
10 минут
|
Тақырыпқа сай тапсырма орындау
|
«Постер қорғау» әдісі.
Топтық жұмыс.- Әр топ өздеріне тиесілі тақырып мазмұны бойынша постер құрады. Топ ішінде ортақ шешімге келеді. Өз пікірін айтуға бағыттау.
|
Топ ішінде ортақ шешімге келеді Алған білімін өмірмен байланыстырады, тәжірибеде қолдана
алады, пайдалы тұстарын алады.Өмірмен байлыстырып, өз пікірін айтуға бағыттау.
|
Мазмұнын түсініп, өмірмен байланыстыру дағдысы
|
Тақырыптың өмірде алатын орнын нақты түсінеді, мойындайды.
|
3
|
Мазмұнын түсінген, өмірмен байланыстыра алмайды
|
2
|
|
Қиындықтарға кезікті
|
1
|
Сергіту (3мин): Тақырыпқа сай етіп «Түсін мені» ойынын ойнату. Мысалы Ж.Күдериннің еңбегінің атын жасыру, немесе туған жерін т.б.
|
Талдау
5 минут
|
Шешім шығару, яғни Ж.Күдерин еңбектерінің құндылығы жайлы пікірталас, салыстыру арқылы, (3топ біріге отырып) ортақ негізгі шешім іздеу.
|
Ұжымдық жұмыс -пікірталас. Сұрақ: Күдерин еңбегінің құндылығы, артықшылығы неде?
Қазіргі кездегі қай ғалымдардың еңбектерімен салыстыруға болады?
|
Салыстыру арқылы пікірталасқа түседі.
Топтар білімдерімен бөліседі.
|
Пікірталасқа түсу
|
Талқылау жүрді, дәлелдемелер айтады.
|
3
|
|
Тек өзара талқылау болды, дәлелдер аз
|
2
|
|
Жұмысқа қатыспады
|
1
|
|
Жинақтау
7 минут
|
Тақырыпты толық түсіну
|
Ұжымдық жұмыс:
Кластер құру – алынған мәліметтерді жинақтап бір жүйеге келтіру.
|
Жұмақан Күдеринге қатысты негізгі түсініктерді және еңбектерінің маңыздылығы жөнінде білімдерін тұжырымдайды.
|
Кеңесу, бір ортақ шешімге келу.
|
Ортақ шешім табылды.
|
3
|
|
Екі жақты түсініктің пайда болуы
|
2
|
|
Шешім шығара алмау
|
1
|
|
Бағалау
5 минут
|
Сабақ тақырыбына сай негізгі мақсатқа жету жолын қарастыру
|
Эссе жазу
«Қазіргі таңдағы ғалымдардың мүмкіндіктері»
|
Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді.
|
Логикалық ойы
|
Креативті
|
3
|
|
Ойы жүйелі, тың ой емес
|
2
|
|
Жалпыға ортақ ой
|
1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |