10-сынып. ТЖБ 2-тоқсан



Дата05.03.2021
өлшемі21,77 Kb.
#107117
Байланысты:
10-сынып. ТЖБ 2-тоқсан
2914334312073 Дәріс №6

1. Берілген мәтінді қып, негізгі және қосымша ақпаратты анықта. (4 балл)

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні


1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш реет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.
Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етті. 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады.
1992 жылы республикамызда әнұранның әні мен мәтініне байқау жарияланды. Қазақстанның тұңғыш әнұранының әнін жазған авторлар – МұқанТөлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
Халық арасында кең танымал патриоттық ән «МеніңҚазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды. Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұранының авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстандағы жаңа мейрам. Қазақстандықтар оны асқан патриоттық сезіммен тойлайды.



Негізгі ақпарат

1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш реет бекітілді

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран – мемлекеттің негізгі рәміздері саналады

1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді

Елтаңба авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов

Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік әнұранының авторлары – Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Қосымша ақпарат

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі

Халық арасында кең танымал патриоттық ән «МеніңҚазақстаным» жаңа Әнұран негізіне айналды

Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстандағы жаңа мейрам. Қазақстандықтар оны асқан патриоттық сезіммен тойлайды

Мәтіннің идеясы

Оқырмандарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихын айта отырып, авторларымен таныстыру

2. Сұрақтарға жауап бер(3 балл)





  1. «Әнші» әңгімесі не жайлы?

Жетішатырдағы қазақ жастарының сахнадағы өнер көрсетуі. Оларды арасындағы Әмірқанның өзінің ерекше дауысымен жұрттың таң қалдырып, халық жүрегінен шығуы



  1. Әмірқанның прототипі кім?

Әміре Қашаубаев 

  1. Жезтаңдай әншітуралы не білесің?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет