11 Дәріс. Электр тораптары сұлбасын құру негіздері



бет1/2
Дата13.12.2021
өлшемі71,5 Kb.
#100314
  1   2
Байланысты:
11 Дәріс ЭСС 27.11.2020 (13)


11 Дәріс. Электр тораптары сұлбасын құру негіздері

 

Дәріс мазмұны: электр тораптары сұлбасына қойылатын жалпы талаптар және электрмен қамту беріктілігі, тораптар сұлбасын құру принциптері.



 

11.1 Электр тораптары сұлбаларына қойылатын жалпы талаптар және электрмен жабдықтау беріктілігі

 

Электр сұлбаларын құрастыру кезінде жаңа электр стансаларының қуатын беру сұлбаларын, жаңа қосалқы стансаларды орналастыру орындарын және оларды бар тораптарға (жобаланған) қосу сұлбалары, электр стансалары мен қосалқы стансаларының электрлік қосылыс сұлбаларының, компенсациялаушы және реттеуші қондырғыларды орналастыру орындарын табу тапсырмалары шешіледі.



Электр тораптарының сұлбасын құру кезінде оларды шартты түрде жүйе түзгіш және таратушы тораптарға бөлуге болады.

Жүйе түзушілерге, электр стансалары мен жүктеменің ірі түйіндерін біріктіретін электр тораптары жатады. Олар ірі ағым қуаттарын беруге арналған және энергия жүйелерінің түзілу қызметін біртұтас объект түрінде орындайды. Жүйе түзгіш тораптар 500, 220 кВ кернеуде орындалады, және олардың үлкен өткізгіш қабілетін қамтамасыз етеді. Таратушы тораптардың мәні – электр энергияны жүйе түзгіш тораптың қосалқы стансаларынан электр энергияны қаланы, өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауылдық жерлерді қоректендіру тораптарының орталығына береді. Таратушы тораптардың бірінші баспасына  220 және 35 кВ кернеуі бар тораптар, ал екіншісіне – 10 және 6 кВ тораптар жатады.

Электр тораптарының сұлбасына төмендегідей талаптар қойылады:

1) Қажетті беріктілікпен қамтамасыз ету. ПУЭ сәйкес барлық электр қабылдағыштар талап етілетін беріктілік дәрежесіне қарай 3 категорияға бөлінеді. Әрбір категорияның тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшін сәйкес талаптар сұлбаларға қойылады (бір, екі және т.с.с тәуелсіз көздерден қоректену).

2) Электр энергиясының қалыпты сапасымен қамтамасыз ету. Электр энергиясының сапасын анықтайтын іс жүзіндегі стандарт ± 5% және ± 10% электр қабылдағыштарының қысымындағы кернеудің қалыпты рұқсат етілген ауытқуларын белгілейді.

3) Тораптың иілгіштігі. Тораптың сұлбасы түрлі режімдерде тораптың таралуы мен берілуін қамтамасыз етуге бейімделген, соның ішінде жеке элементтерді ажырату кезіндегі апаттан кейінгі және бұрыннан белгілі тораптың одан әрі дамуына мүмкіндік беретін тораптың конфигурациясын жасауға бейімделген деп болжанады.

4) Қысқа тұйықталудың қолайлы дәрежесін қамтамасыз ету. Қысқа тұйықталуды болдырмаудың кешенді іс шаралары қарастырылады: тармақталған орамдары бар трансформаторларды пайдалану, энергожүйелерінің негізгі тораптарын, электр стансалары мен қосалқы стансалар жақтауларын бөліктерге бөлу және т.б.

5) Унифицирлі элементтерден торапты құру мүмкіндігін жасау. Электр беріліс және қосалқы стансалар желілерінің унифицирлі элементтерін пайдалану торап қондырғысының жобалы сұлбасының бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Сондықтан, жаңа шешімдердің техникалық және экономикалық негізделген сұлбасының минималды санын қолданған орынды.

6) Қоршаған ортаны қорғау жағдайын қамтамасыз ету. Торап сұлбасын құрудағы бұл талап екі тізбекті және көп тізбекті желілерді қолдана отырып, шеттетілген территориялардың азаюы есебінен орындалуы мүмкін, соның ішінде, өткізгіштік қабілетінің жоғарылығы мен қосалқы стансалардың қарапайым сұлбалары және т.с.с.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет