11 лабораториялық ЖҰмыс. ТҰРАҚты ток көпірінің КӨмегімен кедергіні өлшеу уйтстон көпірі. Жұмыстың мақсаты



бет1/7
Дата13.09.2020
өлшемі200,63 Kb.
#78428
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
№11 Уитстон ЛЖ 3
Саипов Ермек Зертханалық жұмыс 48, Саипов Ермек Зертханалық жұмыс 48

11 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС.

ТҰРАҚТЫ ТОК КӨПІРІНІҢ КӨМЕГІМЕН КЕДЕРГІНІ ӨЛШЕУ

УЙТСТОН КӨПІРІ.
Жұмыстың мақсаты:тұрақты ток заңдарымен танысып, көпір схемасының жұмысымен танысу.

Құрал-жабдықтар:тұрақты ток көзі, кілт, гальванометр, кедергілер магазині, реохорд, өлшенетін кедергілер;
1. Ток күші. Ток тығыздығы.

Егер өткізгіште электр өрісін тудырсақ, онда оның заряд тасушы бөлшектері реттелген қозғалысқа түседі: оң зарядтар өріс бағытында, терістері өрісіне қарсы бағытта.

Электр зарядтарының бағытталған қозғалысын электр тогы дейді. Оның бағытына оң зарядтар бағытын алу келісілген. Заряд тасушыларға оң және теріс иондар, электрондар жатады. Мысалы, электролиттердегі ток иондардың қозғалысынан, ал металдардағы ток бос электрондардың бағытталған қозғалысынан туады. Кез келген жағдайда токтың болуы мынадай қосымша құбылыстармен қатар жүреді: магнит өрісі пайда болады, өткізгіш қызады, /электродтарда заттар бөліну/ электролиз, т.с.с.

Электр тогы ток күші /І/ деп аталатын шамаман сипатталады. Ток күші деп өткізгіштің бір өлшем /І м2/ көлденең ауданынан перпендикуляр бағытта 1 секунд ішінде өтіп шығатын зарядқа тең скалярлық шаманы айтады.



(1)

Егер уақытқа байланысты ток күші өзгермесе, онда ток тұрақты деп аталады, онда



(2)

СИ жүйесінде ток күші өлшеміне ампер [А] алынады.Ампер деп көлденең қимасы өте аз шексіз, өзара параллель бір-бірінен бостықта 1 м қашықтықта орналасқан өзгермейтін ток күшін айтады, егер олардың әрбір метр ұзындыққа келетін әсерлесу күші 2·10-7Н тең болса. Электр тогының өткізгіштің қимасына бөлінуі токтың тығыздық векторының көмегімен сипатталады. Оның бағыты ток бағытымен және сан мәні токқа перпендикуляр бір өлшем ауданнан бір секундта ағып өтетін электр мөлшеріне тең болады.



(3)

СИ жүйесіндегі өлшемі - [А/м2].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет