11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»



Дата23.12.2022
өлшемі41,04 Kb.
#164133
Байланысты:
бжб1 11 сын


11-сынып Қазақ тілі 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Экология: ядролық және мұнай өндірістері»
БЖБ2
Оқу мақсаты 11.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут 13 балл


1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, кестені толтырыңыз. Екі мәтінді салыстыра талдаңыз.


А мәтіні

Кенет табан астымыз солқ ете түстi. Iзiнше бiз сүйенген түйедей тас қозғалып, жер сiлкiндi. Сол-ақ екен, аспанды қақ айырған күштi гүрiл естiлдi. Төңiректе тас құлап, қара жер жарылып, күллi дүние жаңғырығып кеттi. Оқыс күн күркiрегендей жарылыстан құлағым бiттi.


Бұлақ басындағы арқарлар да үрке жөнелдi...
Әлжуаздау менiң жүрегiм лоблып, басым айналып, жартас түбiне отыра кеттiм. Қажымұрат болса жартасқа сүйенген қалпы сырықтай боп тұра бердi. Жүрегiм айнып, зәрем ұшып, жартас жарығындағы қуысқа ендiм. Басым айналып, бүкiл әлем бауырымда бесіктей тербеліп барады.
Сол сәтте:
– Айтуар! Айтуар! Ананы қара!? Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы!? Саңырауқұлақтың үлкенi-ай! Қып-қызыл от... жалын... Күннен де жарық... Қара, қара деймiн!? Күн көрiнбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн... Қызыл күн шықты... – деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлады.
Бiрақ мен жартас қуысына кiрiп, қорыққаннан көзiмдi тас жұмып, жер бауырлап жата бердiм. Тұла бойым дiрiлдеп, менiмен бiрге бүйiрiмдегi қара жер де солқылдады. Маңайды дүрiл басып, беттi жалын жалап, төңiректi жай отындай сәуле шарпыды. Шiлде айының аптабынан да ыстық, күштi дауыл тұрды.
А.Алтай «Дегелеңдегі қызыл күн»
Ә мәтіні


Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі – Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі. Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосферағагидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (ПавлодарҚарағандыШығыс ҚазақстанЖезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
https://kk.wikipedia.org/wiki/

А мәтіні

Ә мәтіні



Тақырыбы

Автор көзқарасы

Қызметі

Құрылымы

Тілдік ерекшелігі



2-тапсырма. «Туған жерімнің табиғаты» тақырыбында көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, өлең немесе шағын шығарма жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет