11сынып.Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма ЖМБ.
1. Бензол және оның гомологтарын алу реакцияларының теңдеулерін аяқтаңыз: 4 балл
2. Барлық ароматы көмірсутектер орынбасу реакциясына жеңілт үседі, ал қосылу реакциясына қиын түседі. 3 балл
(i) Нитрлеу реакциясының теңдеуін жазыңыз:
(ii) Галогендеу реакциясының теңдеуін жазыңыз:
(ііі) Бензолдың жану реакциясының теңдеуін жазыңыз:
3. 0,2 моль бензолды жаққанда түзілген көміртек диоксидін 555 г 20%-тік кальций гидроксиді арқылы өткізген. Түзілген тұнбаның массасын есепте. 4 балл
4. Егер шығымы 95% болса, 112 л ацетиленнен алынатын бензолдың массасын есепте. 3 балл
5. Мына қосылыстардың құрылым формулалалрын жазыңыз: 3 балл
а) п-метилэтилбензол, б) о-диметилбензол, в) м-этилтолуол,
11-сынып. «Аминдер мен амин қышқылдары » бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа. Тапсырмалар.
1. Аминдердің жіктелуі мен номенклатурасы бойынша кестені толтырыңыз. 6 балл
2. Массасы 125 г нитробензолды тотықсыздандыру арқылы алынған анилиннің массасын есептеңіз, өнім шығыны 85 %. 4 балл
3. Мына амин қышқылдарының құрылым формуласын жазыңыз. 3 балл
1) α-аминмай қышқылы
2) β-метил-δ-амингексан қышқылы
3) 2,2-диметил-3- аминвалериан қышқылы
4. Массасы 15 г аминсірке қышқылын толық бейтараптау үшін 20%-тік сілті ерітіндісінің қандай массасы қажет? 4 балл
5. Глицилаланиннің 14,6 грамы гидролизденгенде аланиннің қандай массасы түзіледі. 3 балл
11-сынып. «Аминдер мен амин қышқылдары » бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа. Тапсырмалар.
1. Аминдердің жіктелуі мен номенклатурасы бойынша кестені толтырыңыз. 6 балл
Құрылымдық формуласы
|
С 2Н5
С 2Н5 N
СН3
|
С2Н5
С3Н7 NH
|
СН3-СН2 NH2
|
Көмірсутек радикалының саны бойынша жіктелуі
|
|
|
|
Аталуы
|
|
|
|
2. Массасы 225 г хлорбензолдан аммонолиз арқылы алынған анилиннің массасын есептеңіз, өнім шығымы 85 %. 4 балл
3. Мына амин қышқылдарының құрылым формуласын жазыңыз. 3 балл
1) β-аминбутан қышқылы
2) δ-метил-α-аминкапрон қышқылы
3) 2,3-диметил-3- аминвалериан қышқылы
4. Массасы 30 г аминсірке қышқылын толық бейтараптау үшін 10%-тік сілті ерітіндісінің қандай массасы қажет? 4 балл
5. Глицилаланиннің 292 грамы гидролизденгенде глициннің қандай массасы түзіледі. 3 балл
Достарыңызбен бөлісу: |