12 Тақырып Қарыз қаражаттарын тарту саясаты



бет1/3
Дата17.11.2023
өлшемі32,46 Kb.
#191955
  1   2   3
Байланысты:
Лекция 12




12 - Тақырып Қарыз қаражаттарын тарту саясаты.


1 Қарыз қаражаттары кәсіпорын экономикасындағы маңызы
2 Қаржылық тұтқаны бағалау әдістемесі
3 Қаржылық леверидж эффектісінің қалыптасу негізі


1 Қарыз қаражаттары кәсіпорын экономикасындағы маңызы
Қаржылық менеджментте тұтқа (leverege) сөзі пайданы өсіруге бағытталған кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын басқару үрдісін көрсетеді.
Мұнда негізгі нәтижелік көрсеткіш болып кәсіпорынның таза табысы табылады, ол көптеген факторларға байланысты бо­лып келеді. Яғни, басқаша айтқанда оны түсім мен шығынның арасындағы айырма деуге болады, Оның негізгі екі түрі бар:

  • өндірістік;

  • қаржылык.

Олар бір-бірін алмастыра алмайды, алайда осы шығындардың бөліктерінбаскаруға болады. Мұндайтәсілментүсімніңқұрылымын зерттеу, нарықтық экономикада коммерциялық ұйымдарды коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыландыруды жеңілдетеді.
Қаржылык басқару тұрғысынан карағанда коммерциялық ұйымның табысы мыналарға байланысты болып келеді:

  • біріншіден, кәсіпорынның қаржысы қаншалықты оңтайлы
    әрі тиімді пайдалануда;

  • екіншіден, қаржылық көздердің құрылымы қандай;

  • үшіншіден, олардың жұмсалу бағыты мен салынымы;

Жоғарыда аталып кеткендер негізгі қүралдар мен айналым құралдарының құрылымы мен көлемінде керініс табады. Өнімнің өзіндік құнының негізіі элементтері болып тұрақты және айнымалы шығындар жатады және олардың арасындағы байланыс кәсіпорынның техникалық және технологиялық саясатына байла­нысты әртүрлі болып келеді. Өнімнің өзіндік құны құрылымының өзгеруі табысқа әсер етеді.
Кез келген кәсіпорынның құрылуы мен оның жұмыс істеуі - қарапайым түрде қаржылық ресурстарды табыс алу мақсатында ұзақ мерзімге инвестициялау процесін білдіреді. Табыстың өсуіне бағытталған активтерді басқару процесі қаржы менеджментінде леверидж категориясымен сипатталады. Тікелей мағынада леверидж - шамалы күшті (тұтқаны) білдіреді, яғни оның көмегімен ауыр затттарды қозғалтуға болады.
Тұтқа үнемі шығын бөлшегі, яғни кәсіпорын үшін тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Қаржылық тұтқа, қаржылық тәуекел өлшемі, кәсіпорын ішінде төлем бағасын қоюмен бірге ұзақ мерзімді қаржыландырумен анықталады. Қаржылық тұтқа жоғары болған сайын, қаржылық тәуекел де жоғары. Демек, капиталдың да бағасы жоғары болады. Капиталдың тиімділік құрылымы кез-келген кәсіпорын үшін капиталдың бағасына және кәсіпорын жіберетін леверидждің ауқымына байланысты.
Тұтқа - бұл каржылық жүйедегі белгілі бір фактор болып табылады, оның біраз мөлшерде өзгеруі, нәтижелік көрсеткіштерді біршама өзгертеді.
Қаржылық менеджментте тұтқа келесі 3 түрге бөлінеді:

  • каржылық

  • өндірістік (операциондық)

  • өндірістік-қаржылық

Кез келген кәсіпорын өз қызметінде үлкен тәуекелге барып отырады, яғни ол тәуекел көзі болыптабылады. Ал, өз кезегінде осы тәуекелдерөндірістік және қаржылық факторлардың негізінде пайда болады. Осы факторларкәсіпорынның шығындарын құрады.
Түрлі қаржылық көздерді пайдалану нәтижесінде меншік және қарыз капиталының арасында белгілі бір теңдік пайда болады, ал қарыз капиталы қайтарымды болғандықтан қаржылық ұсталымдар болады. Яғни, осы кезде осы ұсталымдардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне қалай әсер ететінін есептеу кажет бо­лады. Сондықтан қаржылық леверидж капиталдың құрылымының кәсіпорын табысына қалай әсер ететіндігін көрсетеді.
Сонымен компанияда қалыптасқан қаржылық тұтқа деңгейі – бұл ұзақ мерзімді пассивтерінің көлемі құрылымын өзгерту арқылы коммерциялық ұйымның таза пайдасына әсер етудің әлеуетті мүмкіндігінің сипаттамасы.
Жалпылаушы санат болып өндірістік – қаржылық тұтқа табылады. Оған үш көрсеткіштердің өзара байланысы тән: түсім, өндірістік және қаржылық сипаттағы шығыстар және таза пайда.
Бұл өзара байланыстарды талдау, яғни леверидж деңгейін сандық бағалау қаржылық талдауда “залалсыздық нүкте” әдісі ретінде танымал арнайы әдіс көмегімен орындалады.
Тұтқаны бағалау және болжауға қатысты “ залалсыздық нүктесі ” (немесе сатудың критикалық көлемі) әдісі әрбір нақты жағдайы үшін залалсыз қызметті қамтамасыз ететін шығарылым көлемін анықтайды.

2 Қаржылық тұтқаны бағалау әдістемесі


Өндірістіклевериджгеұқсас, қаржылық леверидж деңгейі (Уфл) жалпытабыстыңөзгерукезінде таза пайданыңсалыстырмалыөзгеруінсипаттайтынкөрсеткішпенөлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет