12 тақырып .Топырақ микроорганизмдерін экологиялық әдістермен зерттеу. Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері. Табиғатта су бос және
байланысқан күйінде кездеседі. Байланысқан суды ертінді ретінде қолдануға
болмайды. Сондықтан микроорганизмдер ортад бос күйіндегі су болғанда
ғана тіршілік ете алады. Бұндай суда еріген қоректік заттар
микроорганизмдер клеткасына ене алады. Ортада судың мөлшері неғұрлым
азайған сайын соғұрлым микроорганизмдер тіршілігі баяулай береді.
Сондықтан кептіру микроорганизмдер тіршілігі үшін аса қауіпті. Дегенмен
ылғал тапшы болған жағдайдада микроорганизмдер тірі қалатыны
байқалады. Бұған олардың спора түзетін қасиеті дәлел бола алады.
Жарықтың микроорганизмдерге әсері. Табиғатта кездесетін шашырап
түсетін сәулелер көпшілік микроорганизмдерге аса көп әсер ете қоймайды.
2. Күн сәулесі тікелей түссе микроптарды құрып жіберетінін ескеру керек.
Сәулелердің ішінде ултракүлгін тобының жойқын әсері күшті .Сондықтан
оны бөлмелерді, ауаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданады.
3. Температураның бактериялар дамуына әсері. Микроорганизмдер өздері
қоршап тұрған орта температурасында тіршілік ете алады. Температура
әсеріне байланысты микроорганизмдерді 3 топқа бөледі. Психорофильдерсуық сүйгіш тіршілік ету диапазоны-2-4 суықтан, 20 градус жылыға дейін.
Мезофильдер – орташа температурада тіршілік етеді. Тіршілік диапазоны 20-
25 градустан 40-45 градусқа дейін. Бұлардың көпшілігі ауру қоздырғыштар.
Термофильдер-«ыстық сүйгіштер» тіршілік диапазона – 40-тан 70-75 градус
аралығында.