Экологиялық таза өнімдерді жобалау



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі34,55 Kb.
#84186
түріҚұрамы
  1   2
Байланысты:
Microsoft Word Document (36)

Экологиялық таза өнімдерді жобалау.

Тұрмыста қолданылған кейбір өнімдер немесе осы өнімдердің тоғанақтары табиғат үшін зиянды болуы мүмкін. Аталмыш өнімдердің зияндары өндіріс барысында, қолданған кезде немесе қалдыққа айналған кезде ортаға шығады. Экологиялық таза деп аталған өнімдер болса шикізатынан тоғанағына дейін толығымен табиғатқа дос. Осы өнімдердің өндірісінде қайта өңделетін материалдар қолданылады және құрамында ешбір зиянды нәрсе болмайды. Осындай өнімдерден басқа шашқа арналған гелшаш бояуы сынды косметикалық өнімдердің құрамында аммиак болмағандары табиғатқа ыңғайлы болып келеді. Қайтадан зарядталатын батареялар мен энергия үнемдейтін жарықтар да осындай табиғатқа дос өнімдер қатарына жатады. Айырықша қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтірмейтін әдістермен өндірілген органикалық көкөніс пен жемістер де экологиялық таза деп есептеледі.
Көптеген салада табиғатқа зиянды өнімдердің орнына табиғатқа дос балама өнімдер қолдануға болады. Мысалы су жүрмей қалған шүмектерде химикаттар емес, насос қолдану керек. Шайнектер мен басқа да су қайнататын ыдыстарда жиналған ізбесті тазалау үшін сірке су қосылған су немесе лимонның суын қолдануға болады. Бау-бақшада органикалық тыңайтқыш, бояғанда химикаттар қосылған бояу емес, сумен жасалған бояулар қолдану табиғат үшін өте маңызды.
Экологиялық таза өнімдерді қолдану арқылы табиғи ресурстардың қорғалуына және табиғаттың таза сақталуына үлес қосуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет