129 Ә. Жәмішев атындағы орта мектебі Интернет жаһандық желі. Ақпар іздеу. Электрондық пошта ашу Пәні: Информатика



Дата26.08.2017
өлшемі43,26 Kb.
#27922
129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебі

Интернет жаһандық желі. Ақпар іздеу. Электрондық пошта ашу
Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Алмаганбетова Айнур Асылбековна

Сыныбы: 11 сынып

Сабақтың тақырыбы: Интернет жаһандық желі. Ақпар іздеу. Электрондық пошта ашу. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
А) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылықтарын артыру.
Ә) Интернет желісіндегі электрондық почта қызметіне түсініктеме беру және оны құру тәсілдеріне үйрету.
Б) Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, интернетті пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелілігі: Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы ақпарат алмаса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Ребус, тест, 42” LCD TV, интерактивті тақта, компьютер, Internet.
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ - жауап, түсіндіру әдістері.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Ребус шешкізу

II. Өтілген тақырыпты қайталау.


а) Тест жұмысы
ә) Ауқымдық желі дегеніміз не?
б) Internet – дегеніміз не?
в) «Internet» қашан және қайда пайда болды?

III. Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.


Қазіргі уақытта маңызды байланыстың бірі – Internet. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Қазіргі маман заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгерумен қатар Интернетте жұмыс жасай алуы керек. Елбасының жолдауында айтылған: «Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейін электрондық оқулықты 40%- ға, 2020 жылы 90%- ға жеткізу керек» деп атап өтілген.

Internet – миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.


Интернетке қосылу үшін, бірінші Web - браузер арқылы жұмысымызды бастаймыз. Web - браузерлер бірнеше түрге бөлінеді:
Internet Explorer, Internet Opera, Internet Mozilla Firefox т. с. с.

WWW (World Wide Web) – ді көруге арналған қолданба, Web - браузер деп аталады.


Яғни, Web - браузерлер, «WWW» (World Wide Web) құжаттарын қарауға арналған. Оның негізгі қызмет мүмкіндіктеріне мыналар жатады:
• Әр түрлі терезелерде бір уақытта ашылған құжаттарды қарау;
• Бұрын қаралған құжаттарды эқранға жылдам шығаруды қамтамасысыз етеу;
• Электронды жәшік қызметін қолдану;
• Қаралатын құжатты және олардың бөлігін магнитті тасуышта сақтау;
• Ағымды Web – бетте ақпарат іздеу;
WWW (World Wide Web) – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW (World Wide Web) – мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және тағы басқа файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығын Web - құжат (Web - сайт, Web - site) ретінде түсінеміз. Web - құжат бөлек Web - беттерден тұрады. Web - серверде бірнеше Web - құжат орналасқан.
Мысалы, www. algokom. kz адресі бойынша (www (World Wide Web) дегеніміз – ресурс аты, algokom – фирма аты, kz - Қазақстан) Relkom желісінің Web серверіне шығуға болады. Пайдаланушыға түсініксіз болғанымен, дәл осы адрес компьютермен оқылады. Ақпарат іздеудің бірнеше түрлері бар. Мысалы біз мына іздестіру системалары арқылы өзімізге қажетті ақпараттарды таба аламыз. Олар:
www. google. ru
www. yandex. kz
www. rambler. ru
www. aport. ru
www. mail. ru
Осылардың ішінен біз бірнешеуін қолданып көрейік. Ол үшін компьютерімізде орналасқан браузерді тышқанның көмегімен таңдаймыз да, Интернет терезесін ашамыз. Ашылған терезенің мекен - жай жолағына www. google. ru деп жазып, сілтемені басамыз. Осы кезде сізге www. google. ru сайты ашылады. Енді кезекте сайт панеліне өзімізге керекті ақпаратты жазамызда, Поиск батырмасын басамыз. Алдарыңызға қажетті ақпарат шыға келеді.

Браузердің көмегімен біз бірнеше терезе ашып, қалаған сайттарымызға кіре аламыз. Тышқанның көмегімен алдыңғы ашылған терезенің жанынан, тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы бірнеше терезе ашып аламыз. Ашылған терезенің мекен - жай жолағына қажетті адресімізді жазамыз. Яғни әр терезеге мына Web – адрестерді енгіземіз: www. yandex. kz, www. mail. ru. Бірінші терезеге енгізілген www. yandex. kz Web - адресімізде Қазақстан аумағындағы ақпараттарды аламыз.

Интернет жүйесінің дамуына байланысты, көптеген адамдар өздерінің іс - тәжірибелерімен әлемдегі әріптестерімен бөліскісі келеді. Мұндай жағдайда оған көмекке электрондық пошта келеді.
www. mail. ru – сайтының көмегімен біз тек ақпарат іздеумен шектелмейміз. Сонымен қатар электрондық жәшік ашып, хабар алмаса аламыз. Егер Сіз жаңа пайдаланушы болсаңыз жүйеге тіркеліп алу қажет.
Пошта жәшіктерінің атаулары мынадай көріністе болады: ат@үйшік, бұндағы ат (Логин) пошта серверінде тіркелу кезінде көрсетілетін бірегей ат. Үйшік Сіз таңдаған пошта серверін көрсетеді. Тіркелу үшін www. mail. ru – сайтына кіріп, Тіркелу сілтемесін ( Регистрация почти) шерту қажет.
Берілген өрістерді мына ретпен толтырамыз.
1. Сіздің шынайы атыңыз: Сіздің хатыңызға қойылатын қолтаңба.
2. Сіздің шынайы тегіңіз: Сіздің хатыңызға қойылатын қолтаңба.
3. Туған күніңіз, айыңыз, жылыңыз.
4. Жынысыңыз.
5. Сіздің бірегей атыңыз (Логин).
Сіздің пошта жәшігіңіздің бірегей атауы – әр қашан Латын әріптерімен жазылады. Мысалы, аidos_1993.
6. Құпия сөз: пернетақтаның рұқсат етілетін нышандары, мысалы, аidos1993 (қойын кітапшаға жазып алған дұрыс болар).
7. Құпия сөзді қайталау: аidos1993.
8. Сайттың қосымша сұрағы.
Егер сіз құпия сөзіңізді ұмытып қалған жағдайда www. mail. ru сайты сізге қосымша сұрақ беру арқылы, сізге құпия сөзіңізді тауып немесе көрсетіп береді.
9. Суреттегі құпия сөзін енгізіңіз.
10. Тіркелу батырмасын басамыз.
Бұл кезде серверде «аidos1993» деген құпия сөзі бар аidos_1993@ mail. ru атты пошта жәшігі жасалады.
Егер Сіздің логиніңіз бірегей емес болса немесе сіз рұқсат етілмейтін құпия сөзді енгізсеңіз, қате туралы хабарлама шығады да, Сізге өз логиніңізбен құпия сөзіңізді қайта енгізуге тура келеді.

IV. Жаңа сабақты бекіту


- Оқушылар бүгінгі өткен сабағымызды мына сұрақтар арқылы және практикалық жұмыспен қорытайық.
1. Web - браузер дегеніміз не?
Жауабы: WWW (World Wide Web) – ді көруге арналған қолданба Web - браузер деп аталады.
2. Іздестіру системасы (www. google. ru) сайтына қалай кіреміз?
Жауабы: Internet – желісіне қосылып, Web - шолғышты іске қосамыз да, мекен - жай жолағына іздестіру системасының мекен жайын енгіземіз.
3. Практикалық жұмысты оқушылар өз бетімен ақпарат іздейді.
4. Әр оқушы өзіне электрондық пошта ашады.
V. Оқушылардың білімін бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру


Интернет жаһандық желі, ақпар іздеу, электрондық пошта ашу. Осы тақырыптарды қайталап келіңіздер.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Бекіту парағы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет