Сабақтың тақырыбы: Ауа. Сабақтың мақсаты: Ауаның қасиеті және оның маңызы туралы білімді кеңейту



бет1/5
Дата10.06.2017
өлшемі2,44 Mb.
#18424
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Дүниетану 3-сынып 

Сабақтың тақырыбы: Ауа. 
Сабақтың мақсаты: Ауаның қасиеті және оның маңызы туралы білімді кеңейту. 
Міндеттері: 1. Оқушылар ауаның қасиетін естеріне түсіреді және атайды.

2. Оқушылар ауаның қасиетін көрсететін мысалдар таңдап алып, оған талдау жасайды.

3. Оқушылар топқа бөлініп тірі ағза үшін ауаның маңыздылығына баға береді. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың түрі: Ашық сабақ. 
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап, тәжірибе, зерттеу. 
Пәнаралық байланыс: Күнделікті өмірмен байланыс. 
Көрнекілігі: Глобус, суреттер, стакан, топырақ, су, доп, салафан. 
Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, көңіл-күйлерін сұрау және сәттілік тілеу.

Психологиялық икем. (Топпен жұмыс)

Соғылды күткен қоңырау.

Сабағымыз басталды.

Дүниетану пәнінен

Аламыз білім сапалы.

Дүниетануды білеміз

Сондықтанда сүйеміз. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Нөмірлер таратылып, үй тапсырмасын сұраймын.

1, 2, 3 – нөмірдегі оқушыларды оқыту.

4. Зертханалық жұмыс деген не?

5. Бақылау дегеніміз не?

6. Табиғат құбылыстарын ата.

7. Табиғи апаттарға нелер жатады?

8. Жасанды денелерге нелер жатады?

9. Табиғи денелер дегеніміз не?

10. Қатты, сұйық және газ тәрізді денелерді ата.

11. Ауаның құрамында нелер бар?

12. Заттар дегеніміз не?

13. Заттардың қандай қасиеттері болады?

Қалған нөмірдегілер жұмбақ шешеді.

Адам, жануар, өсімдік

Онсыз тіршілік ете алмас.

Онсыз желде тұра алмас.

Тіршіліктің нағыз көзін

Табыңдаршы балалар.

(Ауа) 
ІІІ. Жаңа сабақ.


  • Ауа дегеніміз не? 


  • Ауаның қандай қасиеттерін білесіңдер? 


  • Ондай болса балалар, жаңа сабақ «Ауа» деп аталады. «Ауа» деп тақтаға жазып қоямын. 


  • Ауа бүкіл Жер шарын қоршап және бос кеңістіктерді толтырып тұрады. Мәселен: бөлме, қорап, шкаф іштері ауаға толы. 


  • Ауа топырақта (топырақты суға салып көрсету), суда (стаканға су құйып көпіршіктерін көрсету) және адам орнанизмінде болады. Тіпті аңдардың жүнінің, құстардың мамығының ішінде де ауа бар. Сондықтан олар суықтан тоңбайды. 


  • Яғни балалар, адамдар да, жануарлар мен өсімдіктер де ауасыз тіршілік ете алмайды. Ал енді жан-жағымыздан қоршаған ауаны неге көрмейміз. Өйткені ауа – мөлдір, түссіз, иіссіз болады және салқын, жылы да болады. 


  • Жылу, салқынға тоқталсақ, алдымен Күн Жердің бетіндегі топырақты қыздырады. Соның қызуынан ауаның төменгі қабаты жылы болады. Ауа жоғары көтерілген сайын салқындай береді. 





Тәжірибе: Мұны байқау үшін зертханалық жұмыс жүргіземіз.

Бізге балауыз шам мен сіріңке керек. Есікті сәл ашамыз. Балауыз шамды жағамыз. Кіреберіске шамды қоямыз. Шамның оты қалай қарай шалқығанын байқадық.



Ауа әр түрлі жылдамдықпен қозғалады. Яғни жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел дейміз. Мәселен әлсіз жел, қатты және өте қатты желдер болады. Өте қатты желді – дауыл дейді. Дауылдан басқа түрлі желдер де кездеседі. Оларды боран және торнадо дейді. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет