Сөйлейтін үнсіздік немесе үнсіздік үНІ



бет1/3
Дата19.03.2022
өлшемі27,84 Kb.
#136374
  1   2   3
Байланысты:
матем 5-6 апта
Новый документ в формате RTF, реферат, СОӨЖ, Эндовидеохирургия сабак 4., Вопросы на русском языке, 1-Lecture, treatise36891, Коллоквиум Нут.және тамақтану (1), План текста (1) (1), 9 кл Т 1каз лит 4-22, Математика6-класс, EITS, Документ DOC, дерма с сир англ



СӨЙЛЕЙТІН ҮНСІЗДІК НЕМЕСЕ ҮНСІЗДІК ҮНІ

«Үн» деген сөзді өз алдына бір философиялық феномен немесе қазақ философиясының бітімдік бір ұғымы ретінде қарастырсақ, оның көкжиегі кеңейіп, тынысы тереңдей бастайды. «Үн» - ол дауыс та, дыбыс та емес, үннің алдыңғы екеуінен шоқтығы биік. Үнсіздік те жай ғана тыныштық емес, оның деңгейі тыныштықтан әлдеқайда жоғары. Үнсіздік күн менен түн сияқты кейде пайдалы, кейде зиянды. Үн шығару, қажет кезде үндемеу- ынжықтықтың белгісі, шындық шырылдап жатқанда үндемеу өтірікшіге болысу. Ой тереңіне сүңги отырып үндемеу - даналық белгісі болса, қол байланған, тіл күрмелген сәтте үнсіз қалу, бейпаут әңгімеге ілеспей үнсіз қалу салиқалылық белгісі ме? Сонда дауыстан үнді, тыныштықтан үнсіздікті қалай ажыратуға болады? Адамды ең биік жаратылыс етіп тұрған маңызды факторлардың бірі – «тіл» болса, онда адам неге үндемеу керек? Әлде, үнсіздік сөйлей ме? Адам адам үшін адамнан жаралған болса , онда ол неге өзге адам дауысын қаламай үнсіздікті, тыныштықты қалайды? Адам қай кезде үндемеу керек? Тыныштықты қайдан іздеуге, қалай табуға болады? ... Сұрақтар легі таусылмақ емес, сондықтан да болар үнсіздік философиядан бөлек, филологтарға да, психологтарға да, өнер адамдарына да қызықты тақырыптардың бірі. Сөз құдіретін түсінген, өлең жырларымен гүл дестелеген ақын-жазушыларымызға тоқтасақ. Қазақтың нар ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Үнсіздік» өлеңі:


Бәрі де үнсіз. Үнсіз аспан, Үнсіз жер,
Үнсіз орман, Үнсіз таулар, Үнсіз көл.
Мен де үнсізбін, Дәрменім жоқ күрсінер.
Үнсіз кеуде... Үнсіз жүрек дүрсілдер.
Бәрі де үнсіз... Бәрінде бір сұрақ бар.
Үнсіз ауыл. Үнсіз жанып тұр оттар.
Үнсіз зират ұйықтап үнсіз қыратта,
Үнсіз ағып бара жатыр бұлақтар...
Мәселе соның бәрі бірдей құлаққа ұрған танадай тылсым тыныштықтың құшағына енген иә енбегенінде емес, сан мәрте қайталау арқылы ақын аңғарған үнсіздікке сізді де сезіксіз сендіретінінде. Тұнған тыныштық пен сол бір белгісіз де бейжай тірлікке сіздің де барша болмысыңызды беймарал ендіретінінде [1, 283 б.]. Дәл осындай «Үнсіздік» атауымен Мұхтар Шахановтың да өлеңі бар. Онда ол ақты қара деп айта алмай досын ақтауға дәлелі болмағандықтан үнсіз қалғанын, вокзалдағы билетін жоғалтып пұшайман күйде тұрған әжейге өз қалтасында көк тиын болмағандықтан жомарттық таныта алмаған ситуацияда тілді тістей үнсіз болғанын айтып, сол сәтін «набыт» деп сипаттайды. Сол ақпан айының тымырсық сәтіндей болып, өзін қор санауға мәжбүрлеген үнсіздікті Мұхтар Шаханов «мейрімсіз» деп айдар тағады.
Табиғаттың тымырсық ақпанындай,
Ақпанындай, жылдардың қақпанындай,
Мені осынау мейірімсіз үнсіздіктің
Азабынан әрдайым сақта, құдай! [2, 85 б.].
Көптеген ақындар мен прозашылар өз шығармаларын үнсіздікке арнады: Ф.Тютчев, О.Мандельстам, И.Анненский, К.Балмонт, З.Гиппиус, С.Городецкий, И.Северянин, М.Цветаева, Б.Ахмадулина, И.Бродский және т.б. сонымен қатар, ақындар алғашқылардың бір болып үнсіздік құпиясын ашуға тырысты [3, 105 с.].
Тіл тек заттарға арналған белгілерді таңдауға қызмет етпейді. «Ол сөйлеуді немесе сөйлетуді таңдаудан басталмайды, айтудан басталады. Үнсіздік пен белгі арасындағы таңдау белгі мен белгі арасындағы таңдаудан бұрын. Сөз мүмкін үнсіздіктен гөрі аз сөйлеңіз және осы соңғысын қамтамасыз ету қажет. Үнсіздік-бұл сөздің қажетті негізі. Жануарлардың дауыстарынан айырмашылығы адамның сөйлеуі болмауы мүмкін " [4, 28-29].
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменейдің1988 жылы Тәжікстанда түсірілген сценарист, әрі режиссер Мүһсен Мәхмәлбаф «Үнсіздік» [5] атты фильмі туралы айтады. Киноның бас кейіпкері есту қабілеті өте жоғары, дыбыстарға аса сезімтал, бірақ зағип «Хуршид» есімді бала. Ғалым Ислам Жеменейдің пайымдауынша, фильм бір қарағанда тәжік жұртының тауқыметті өмірінің көрінісі іспеттес, ал екінші қыры, авторлық фильмнің философиялық көзқарасына келіп тіреледі [5]. Хуршид ұстаханадағы қазанның жансыз дүмпуіне түркімен халқының дәстүрлі сазын және оған табиғаттың жанды үнін үйлестіріп атақты Моцарттың симфониясына жалғайды. Ислам Жеменей фильмдегі үйлесімді әуеннің пайда болуының үш факторын атайды:
Біріншден, тәжіктердің дәстүрлі қол өнері мыстан қазан жасаушылардың дыбысы;
Екіншіден, түрікмендердің дутар сазының әуені;
Үшіншіден, Моцарттың симфониясының әуеніне ұласуы әлем жұртшылығын жоқшылықтан құтқара алатын әлем өнерінің үндескендігі байлықтың сара жолын аша алады деген ойға жетелейді. Киноның тағы бір ойы Хуршид соқыр кейіпкер ретінде дүниенің ластығын көрмеген соң тыңдау арқылы табиғат пен өнер арасындағы үндестікті іздейді [5]. Өнер терең, әрі ауқымы мол. Өнерді тек өнер адамдары ғана сынай алады. Егер кез келген өнер адамының өнерін халық түсініп, жылы қабылдаса, онда ол сол өнер туындысын жоғары деп санауға болады. Өнерді тек өнер адамдары түсінеді деген ой қате болуы мүмкін.
Адам жанының ізденісіне үңілген психологтар үнсіздікті екі жақты бағалайды. Үндемеу мидың тынығуына, сәйкесінше терең ойлануға, шындыққа жақындауға көмектеседі, алайда үндемей қалу арқылы адам өзінің белгілі бір шешімге деген қарсылығын білдіреді. Бірақ конфликтті жағдай орын алғанда одан үндемей құтылу мүмкін емес. Үнсіздік арқылы жанжалдан аулақ болу – бұл басқа адаммен қарым-қатынаста шиеленісті тудыратын үнсіздік. Үнсіздік – кейде өліммен тең, өйткені біреуі үнсіздікпен жабылған кезде, екіншісі психологиялық азапқа, психологиялық тозаққа түседі, өйткені оны бұл үнсіздік артында қандай қауіп төнетінін білмейді [6].
Үнсіздік мәселесін философия саласында философиялық антропология зерттейді және ол адам мінез-құлқы мен жүріс-тұрысының негізгі формасы ретінде түсіндіріледі. Адам жанды табиғаттағы еркін сөйлей алатын жалғыз тіршілік иесі, алайда ол үнсіздіктің де алғашқысы. Әуелгі тыныштықсыз адамның сөйлеуі мүмкін емес [4, 32 с.]. Демек, бастапқы мүлгіген тыныштықты бұзған үн. Үнсіздік астарында адамның мойындағысы келмейтін өзіндік ішкі шындығы, жалаңаш жан дүниесі бар. Үн адамның ішкі дауысы болса, үнсіздік оның ішкі көңіл күйі.
Белгілі ағылшын жазушысы, новеллист,философ, литератор, «Ғажайып жаңа әлем туралы» атты әйгілі антиутопиялық романның авторы, сонымен қатар көптеген романдар, философиялық трактаттар, әңгімелер, өлеңдер мен сыни эсселер жазған Олдос Хаксли өз заманының көрнекті зиялыларының бірі ретінде кеңінен танылды. Ол әр жылдары жеті рет әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды. Оның «Мәңгілік философия»атты шығармасы барлық әлемдік діндердің рухани мұрасын зерттеудің тамаша үлгісі болды. Бұл кітап канондық мәтіндерге, философиялық ой мен әлемдік әдебиеттің шедеврлеріне негізделген. Олдос Хаксли эзотерикалық білімге арналған «Мәңгілік философия» кітабында үнсіздіктің үш категориясын атайды:

  • «ауыздың үнсіздігі» - бос әңгімелерден аулақ болу оңай емес;

  • «ақылдың үнсіздігі» - есте сақтау мен қиялдың толқуын жеңу әлдеқайда қиын;

  • «ерік-жігердің үнсіздігі» - ерік-жігердің құмарлығы мен жиіркенішті дауысын жеңу де қиын [7, 53 р.].

ХХ ғасырдың орта шеніндегі дүлдүлдердің ішіндегі бірегейі «Оба», «Құздан құлау», «Бейтаныс» сынды танымал романдар мен «Сизиф туралы аңыз» және «Калигула», «Абсурд театры» сынды бірнеше театрлық қойылымдар жазып 1957 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болған француз жазушысы, эссеист, дараматург, Кэтрин мен Жан есімді егіздердің әкесі, бар жоғы 46 жасында жол апатынан қайтыс болған Альбер Камюдің машина ішінде өзімен бірге 144 беттік қолжазба болған екен. Ол Альбердің Алжирдегі отарлық саясаттың куәсі болған балалық шағына негізделген эпикалық автобиографиялық романның бірінші бөлімі. Жазушы осы жұмысым ең жақсы жұмыс болады деп божамдаған көрінеді. Араға біраз уақыт салып 1995 жылы Камюдің қызы Кэтрин «Алғашқы адам» деген атпен қолжазбаны өңдеп қайта шығарған [8].Күнде естіп, күнде көріп жүрген тым қарабайыр ситуациялардан ерекше философиялық мән тауып алып оны керемет суреттейтін, ар-ожданның биігін көрсете алған Альбер Камюдің «Үнсіздік» әңгімесінен үзінді:
«Мен Сіздің маған ренжулі екеніңізді көріп тұрмын, ашығын айтсам, бұл маған ауыр. Мен тек мынаны қосқым келеді: мен бүгін істей алмағанымды, мүмкін жағдай жақсарған кезде істей аламын. Егер шамам келсе, мен Сіздің өтінішіңізді күтпестен-ақ орындар едім» [9, 447 с.].
Үнсіздік - бұл адамдар ымыраластығының белгісі емес. Бұл өз бетінше бір қарым-қатынастың түрі, ақпаратты вербалды емес жолмен беру. Неғайбыл сәтте үнсіздік сөзге қарағанда әлдеқайда өтімді. Олар өздерінің үнсіздіктерімен болған жағдайға наразылықтарын көрсетті [11, 23 с.]. Осылайша, үнсіздік экзистенциалды теориялық модельді білдіреді, яғни вербалды емес қарым-қатынас моделі [10, 24 с.]
«Үнсіздік» не деген жұмбақ, қырлары көп, құпиясы мол парадокс ұғым. Халқымыздың «үндемегеннен үйдей бәле шығады» дегеніне иланып үнсіздіктен қашайын десең «үндемеген үйдей бәледен құтылады» деген екінші мақал шығады. Одан қалса, әдеби мәтіндер «екі ғашық бірін-бірі үнсіз ұғынысты» деп келеді. Халық аузында ұлт ұстазы Абайдай ұлды тәрбиелеген адуыны қатты Құнанбай дауға қатысты шешім айтар алдында бір-екі күн ләм-мим деп үн қатпайды екен. Неге олай етесіз деп сұрағандарға «айтар шешім сөзіме дәм келтірем» деп жауап беретін көрінеді. Сонымен үнсіздік татулық белгісі ме, келісім ишарасы ма, ашу туғызатын әрекет пе, ынжықтықтың сипаты ма, ақылды шақырудың тәсілі ме?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет