14-тақырып. Білім алу қажеттілігі ерекше балалардың жетістіктерінің мoнитopингі



бет1/4
Дата06.07.2023
өлшемі48,86 Kb.
#179339
  1   2   3   4
Байланысты:
5 тапсырма Айтқұл Нұрғазы МиФ-19-1
16448519630f7bcc7c-0ead-4940-8042-7dcfec1c7d23img, 2 5339427652178546381, олқ 6 сынып каз.т әдебиет, математика, Акмарал жумысы2013 13 05 2013, 1-2023-1-001287884-1-1, тжб 9 геометрия

14-тақырып. Білім алу қажеттілігі ерекше балалардың жетістіктерінің мoнитopингі.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар баланың өсіп, қалыптасуы барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңе отырып, оларды өздерінің кемістіктерінен қорсынбайтын, қоршаған ортаға қиналмай ене алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, танымдық қабілеттерін толықтыру, ерік-жігер саласындағы ақауларды жою, білім қорын толықтыру, ортаға, мектеп жағдайына бейімдеу-қазіргі таңдағы оңалту, түзету мекемелері мамандарының, яғни дефектологтардың негізгі міндеті.


Қазір бала туудың азаюымен және дені сау балалардың туылуының жиілеуімен күрделене түскен жайсыз демография қалыптасып келеді. Дамуында ауытқушылықтары бар балалар саны көбеюде. Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтар жас балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген. Мамандандырылған психологиялық – педагогикалық көмекті қажетсінетіндер тек мамандандырылған мекемелерде оқитын балалар ғана емес, сонымен қатар бұқаралық мектептер мен балабақша тәрбиеленушілері де қажетсінеді. Осындай балаларда ауытқушылықтардың өрескел емес, шамалы ғана, шекаралас түрі бар, ол назардың тапшылығы, эмоциялық аядағы бұзушылықтар, мінез-құлықтық девиация арқылы көрініс береді, осының салдарынан түрлі іс әрекеттің қалыптасып, ең алдымен баланың оқуына және әлеуметтік бейімделуіне және әлеуметтенуіне қиындық келтіріледі. Осылайша, жас баланың дамуындағы түрлі ауытқуды бір жасқа дейін ерте анықтау мен түзету бар ауытқушылықтарды түзетумен қатар, одан кейінгілердің пайда болуының алдын алуға, бала дамуында жоғары деңгейге жетуге және мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ҚР-да даму мүскіндігі шектеулі ерекше білім беруді қажетсінетін балалар саны өсуде. Өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтарын ескеріп, дамуында ауытқушылығы бар балалардың санын азайтудың және олардың әлеуметтік бейімделуін көтерудің ең тиімді және ең жарамды жолы – ерте түзету мен дамытудың әлеуметтік жүйесін ұйымдастыру.
Неғұрлым ерте түзету ықпалының маңыздылығы баланың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ерте балалық кезде мектепке дейінгі балалардың, оқушылардың, жасөспірімдердің, ақыр аяғында ересектердің денсаулық дәрежесі қалыптасады. Бұл жаста ағзаның барлық қызметтері қалыптасады, ең алғашқы әлеуметтік байланыстар жүреді. Осы кезеңде жас балалар қолайсыз және әлеуметтік ықпалдарға халықтың ең сезімтал контингенті болып табылады.
Л.С.Выготскийдің идеяларына сәйкес, дамуында ауытқушылығы бар балалардың қабілеттерін бағалаған кезде ең алдымен назарды оның сақтау қызметтеріне аудару керек, оларды белгілі бір өтемақы және әлеуметтік бейімделу жағдайына жету үшін пайдалануға болады. Ерте жастағы балалардың және бөбектердің педиатриясы, психологиясы, физиологиясы және патофизиологиясы салаларындағы заманауи көзқарастар дамудың ерте стимуляциясы методологиясының іргетасы болып табылды.
Дені сау балада толыққанды даму үшін бар жағдай жасалынған. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы балаларға да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар балаларға да ерте түзете оқыту өте маңызды. Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті екені бәріне аян, бірақ бұл ауытқушылықты түзете-дамыта оқыту көмегі арқылы ғана жеңуге болады.. Интеллект дегеніміз – білім, оны меңгеру үшін қабілетін дамыту және мәселені шешуге пайдалана білу. Баланың білім алуға көмегін тигізетін үш тәсіл бар, олар:
– анасымен қарым-қатынас;
– қадағалау;
– зерттеу.
Осы тәсілдерді жүзеге асыру үшін мыналар қажет:
– кіммен және қандай тақырыпта қарым –қатынас жасау;
– нені қадағалау;
– нені зерттеу.
Осы мақсаттарға жету үшін қажеттілердің ең бастысы – ана мен баланың берік қатынасы, олардың өзара түсіністігі, үнемі араласуы. Ғалымдар ананың қарым қатынасы – назары, қолдауы, еркелетуі – ана махаббаты дегеннің бәрі баланың дұрыс психикалық дамуына қажетті ең маңызды шарт болып табылады. Барлық қажеттіліктері өтелген, бәрінің сүйіктісі және еркесі болған, бәрі ойнататын, сөйлесетін бөбек айналасындағылармен өзін сенімді сезінеді, ол кейіннен басқаларға да ауысады. Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, махаббатқа толы қарым-қатынасы болмаса, онда ол балада сенімсіздік-үрейлілік және бүкіл әлемге, оның ішінде жекелеген адамдарға деген күдіктілік пайда болады, осы сенімсіздікті ол өз дамуының келесі кезеңдеріне алып өтеді.
Туғаннан 3-ке дейінгі жас – барлық ақыл-ой, эмоциялық және физикалық даму үшін ерекше маңызды болып табылады және одан кейінгі кезеңдерге ықпалын тигізеді. Дамудың әрбір кезеңінде жетекші қызмет болады, ол осы кезеңнің қалыптасуы мен бастапқы оқыту үдерісін белгілейді. Сәби кезде (0-12 ай арасы) –бұл эмоциялық қарым-қатынас және манипуляциялық қызмет, жас кезеңде (1-3 жас) –заттық қызмет. Баланың даму үдерісінде қызметтік жүйелер бір-біріне әсер етеді. Әсіресе осы әсер ерте жаста білінеді. Атап айтқанда өмірінің бірінші жылында бөбектің психикалық дамуы оның сенсорлық және моторлық қызметтерінің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан сенсомоторлық қызметтердің дамуы баланың анасымен эмоциялық-жағымды өзара әрекеттесуі үдерісінде барлық психикалық қызметтерінің: назардың, естің, мақсатты қызметтің, эмоциялық аяның, ойлаудың және сананың қалыптасуының негізін қалайды. Сенсомоторлы тәрбие баланың бір мезетте сезім органдары мен моторикасының дамуына бағытталған.
Көру шоғырлануының және бақылауының дамуы бөбекте жағымды эмоциялардың – алғашқы жымиыстың, алғашқы дыбыстық реакцияларының пайда болуына әкеледі.Бұл ретте бөбекті қуанту, әр түрлі түстегі ойыншықтарды кереуетінің жоғарғы жағына іліп, оларды көрсете отырып, жарық әсерлерімен байыту керек. Баланың назарын ойыншыққа аудару үшін ересек адам оны сілкілеп, кеңістікте орнын ауыстырып, қозғалысқа келтіреді.
Дамуында ауытқушылықтары бар кейбір балаларда әсіресе көзінің қылилығы бар болса, көру ауқымы тарылған болуы мүмкін. Мұндай бала тар көру ауқымын пайдалануға үйреніп кетеді. Бұндай жағдайларда ойыншықтардың көмегімен ойыншықтарды және ашық түсті заттарды ақаулы қозғалыстың бағытына қарай орналастырып және осы қозғалыстың дамуын жандандыра отырып балада көз бұлшық еттерінің жеткіліксіз қозғалыстарын ынталандыру қажет.
Ойыншық- бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды түзетудің және ақауын өтейтін анағұрлым ұтымды құрал. Ойыншық баланың жеке басының жалпы қалыптасуына белсенді ықпал етіп қана қоймай, онда белгілі бір психикалық үдерістердің қалыптасуына да, олардың қайта құрылуына және дамудың бұзушылықтарын түзетуге де ықпал етеді.
Ерте педагогикалық көмек екі негізгі мақсатқа жетуге бағытталған.:
– баланың интеллектуалды дамуына ұтымды жағдай жасау.
– баланың әлеуметтік және эмоциялық дамуына, жеке тұлғаның белсенділік, әуестік, қоршаған әлемге деген сенім, адамдарға мейірімді қарым-қатынас сияқты оның жағымды қасиеттерін қалыптастыруға ұтымды жағдай жасау.
Демек, балалардың жүйке-психикалық денсаулығын қалыптастыруда әлеуметтік факторлардың ролін ескере отырып, онтогенездің ерте кезеңіндегі түзету-дамыту көмегінің басты бағыттарының бірі – ең алдымен микроәлеуметтік ортаның, атап айтқанда отбасының ұтымды жағдайын жасау, өйткені ерте жастағы баланы тәрбиелеудің ең жақсы орны- отбасы болып табылады. Бұл ретте ата-аналардың білім мен материалдық жағдайы көп маңыз атқарады. Сондықтан дамуды ерте ынталандыру жөніндегі күштің негізгі бағыттары мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмекті ата-анаға деген көмек арқылы қарастыру қажет, оларды білікті мамандар оқытуы керек. Бұл ретте психологиялық консультация маңызды роль атқарады, оны баланың айналасындағы басты фигураларға жасалатын ықпал тәсілі деп қарастыру керек. Түзету мекемесінде осы қағида жүйелі орындалып, ең бірінші кезеңде ата-аналармен жылы қарым-қатынас орнатылады, кеңестер беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет