жарақат тұрлері



Дата01.01.2024
өлшемі122,21 Kb.
#199905
Байланысты:
жарақат тұрлері
«Жас маман» мектебінің

Білім беру ұйымының атауы

Егіндібұлақ МББК

Пәні:

Сынып сағаты

Бөлім:

ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТАЛАП, АР-ҰЯТ, ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ (ОТАН)

Педагогтің аты-жөні:

Амангелдиева С.М

Күні:

20.09.23

Сынып: 5 «а»

Қатысушылар саны: 4

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:

«Балалардың жарақаттануы.Жарақат түрлері»

Сабақтың мақсаты

1. Оқушыларға жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс – тәсілдерімен таныстыру;
2. Оқушыларды алғашқы медициналық көмектің практикалық дағдысын қалыптастыру;
3. Достыққа, адамгершілікке, біріне - бірі көмек беруге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: қажетті материалдар, жгут, шина, дәрі - дәрмек түрлері.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Жаңа білім



Бүгінгі сынып сағатынын тақырыбы: Жарақаттардың түрі, оған көрсетілетін бірінші көмек және оның алдын алу
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
5. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет