1.Қазақстан тарихының археологиялық ескерткіштері. Түркі халықтарының жазба ескерткіштері мен халық-ауыз шығармашылығы



бет1/2
Дата02.11.2022
өлшемі39,88 Kb.
#156143
  1   2
Байланысты:
Срсп 1
философия практика

1.Қазақстан тарихының археологиялық ескерткіштері.
2.Түркі халықтарының жазба ескерткіштері мен халық-ауыз шығармашылығы.
Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырған.
Қожа Ахмет Иасауи кесенесі.
Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәулім ескерткіш тұрғызуды қолға алды.
Қожа Ахмет Иасауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, кітаптар, шежірелер сақтаулы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы
Айша Бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Айша бибі кесенесі Тараз қаласынан 80 шақырым жерде.
Қарахан кесенесі
Кесене ортағасырлық Тараз аумағында құрылған қасиетті-мемориалды кешенеге жатады.Қарахан кесенесі өзінің әсемдігімен Ресей сәулет өнерін бағалаушыларын 1902 жылдың өзінде ежелгі Тараздың теңдесіз жасампаздығы ретінде таңдандырыпты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей, бұл ғимаратты өрлеу кезінде өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіштер пайдаланған. Құрылыс қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда жасалған. Оның құрылысы Айша бибі мен Бабджа қатын кесенесімен тікелей байланысты. Оның жерленуін тарих, біздің аймақты Х-ХІІ ғасырларда билеген Қараханидтер әулетінің хандығымен байланыстырады. Әулие-Ата атануы да содан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет