1.Қазақстандағы әміршіл-әкімшіл реформалар және оның салдарлары.
2.Қазақстандағы жеделдете индустрияландыру саясаты және жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар.
3.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын,”Социалистік жолмен “қайта құрудағы асыра сілтеулер.
4.ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірдің саясаттандырылуы
1.Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. ХІХ ғасырдың 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды. Батыс облысы оның орталығы – Торғай. Шығыс облысы оның орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы. Бірақта бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Қазақ даласын басқару туралы «Ереженің» жобасын даярлау үшін «Дала комиссиясы» құрылды. Оның құрамына Ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлықтардың өкілдері кірді.
1865 жылғы 5 маусымда ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе тағы басқа. Өзінің шекарасы күннен-күнге ұлғайып келе жатқан Ресей империясы үшін сыртқы жағдай әкімшілік жүйесін реформалауды жүргізуге қолайлы болды. Шаруалардың басыбайлы тәртібі жойылғаннан соң Ресей үкіметі земствоның, соттың, қалалықтардың және тағы басқа әлеуметтік-саяси өмірін түбегейлі өзгерткен бірқатар реформалар жүргізді. Осы жағдайда Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен қайта құру міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл күйі назарға алынбады. Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалар — Ресей патшалық үкіметі жүргізген әкімшілік-басқару шаралары. Түркістан және Дала өлкелерін басқару үшін тәжірибе ретінде жүргізілген бұл реформалар «Уақытша ереже» деп аталды.
Ресей өнеркәсібі үшін Қазақстан бай шикізат көзі және тауар өткізетін рынок болды. Қазақстанның байлығын Ресейге толық тәуелді ету үшін патша үкіметі Қазақстандағы өзінің үкімет билігін нығайтуды көздеді. Осыған байланысты қазақ даласында жүргізілген әкімшілік-басқару реформалары сот, оқу-ағарту, алым-салық, жер тағы басқа мәселелерді қамтыды. 1867 жылы наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілік басқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д.А.Милютин бастаған ерекше комитет құрылды.
Нәтижесінде ІІ Александра патша 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ережені», 1868 жылғы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының Дала облыстарын басқару туралы уақытша ережені» бекітті.
1867-1868 жылдары реформаның (Уақытша ереже) негізгі мақсаты «Қазақ даласының ХІХ ғасырдағы Ресейдің басқа да бөліктерімен толық қосылуына қол жеткізу, Ресейдің қол астындағы халықтарды бір басқарманың астына біріктіру, жергілікті ақсүйектерді биліктен шеттету, рулық бастамаларды әлсірету» болды.
Реформаның негізінде Қазақстан аумағы үш генерал-губернаторлыққа: Түркістан, Орынбор және батыс Сібір болып бөлінді. Әрбір генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Қазақстанның бүкіл аумағында 6 облыс құрылды, олардың екеуі — Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан. Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір, ал Орынбор мен Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді.
Әрбір облыс белгілі бір шамадағы уездерден тұрды. Мысалы, Семей және Ақмола облыстары 5 уезден, ал Сырдария облысы 8 уезден және т.б. Уездер болыстарға бөлінді. Болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын әкімшілік ауылдарға бөлінді. Облыстың басына әскери губернаторлар қойылды, ал уездерді генерал-губернатор сайлаған орыс офицерлері басқарды. Болыс басына сайланбалы болыс басқармалары, әкімшілік ауылдарда ауыл старшындары тағайындалды. Болыстар сияқты ауылдар да рулық принцип бойынша емес, аумақтық принцип бойынша құрылды. Әкімшілік басқарма ашықтан-ашық әскери сипатта болды. Облыстардың басында барлық әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына шоғырландырған әскери губернаторлар тұрды.
2. Қазақстан өнеркәсібін дамытуда индустрияландыру жылдары батыл қадамдар жасалды. Индустрияландыруды жүзеге асырудың негізгі принциптері мен әдістері бүкіл елімізде бірдей болғанымен, Қазақстанда өте қиын жағдайда жүрді. Ұлттық кадрлар мәселесі баяу шешілді. Сауатсыздар қатарынан кәсіби деңгейі жоғары жұмысшыларды тәрбиелеп шығару өте қиын болды. Мамандыққа оқып-үйрету ресейлік кәсіпорындарда және орыс тілінде жүргізілді. Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.
Қазақстанда индустрияландыру ісі 1928-1932 жылдары өтті. Осы жылдары халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығы болды. Соғысқа дейін Қазақстанда Ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты, Алтайдағы түсті металлургия сияқты санаулы ғана ірі кәсіпорындар салынды. Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті. Жалпы, өнімнің 84,4 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі болды. Елді индустрияландыру үшін ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде машина жасау саласын, кен өндірісі орындарын, теміржол жүйесін дамыту керек болды.
КСРО-ның индустрияландыру жоспарына Қазақстан да енгізілді. Қазақстанды индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті өлкенің табиғат байлықтарын зерттеуден басталды. КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы — 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді. Индустрияландыруды жүзеге асыру мақсатында қазақ жерінің табиғат байлықтарын зерттеу басталды. Академик Н.С.Курнаков бастаған геологтар Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеді. Ол «Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Ал, академик И.М.Губкин Орал-Ембі ауданында мол мұнай қоры бар екенін дәлелдеді. «Бұл кен орны — мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп қорытындылады. Сондай-ақ, инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезқазған мыс кен орнының мол байлығын анықтап. Өңірдің болашағы зор екенін дәлелдеп берді.
3.Большевиктер 20-шы жылдары ЖЭС-ті ұзақ мерізімді саяси стратегия деп есептеді. Сондықтан, олар ЖЭС аясында шаруа қожалықтарын біртіндеп кооперативтендіру арқылы ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды көздеді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік тұрғыдан еріксіз күштеу арқылы емес, керісінше экономикалық қажеттіліктен туындайтын қозғалыс болу керек еді. Қазақстанда большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру тәжірибесінде тәркілеу саясатымен шектелмеді. Шаруа қожалықтарын біртіндеп, ерікті түрде коперативтендіру арқылы социалистік ірі ауыл шаруашылық ұжымына біріктіру туралы 1927 жылы желтоқсанда өткен партияның ХУ съезінің шешімдерін жүзеге асыруға кірісті. Алайда үкімет біртіндеп құрылып жатқан колхоздарға материалдық жағынан көмекті күшейту шарасының орнына керісінше нұсқаулар беру арқылы күштеу әдістерінің кең етек алуына жол ашты. 1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға орта және төменгі Волга Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше бұл реформалар шаруалардың еңбекке деген ынтасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.
4. 20-жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірінде "қосшы" одағы және өзара көмек жөніндегі шаруа комитеттері және 1921 жылдары ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру мен жер реформаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған басқа да қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқарды. Одақ шаруаларға ауылшаруашылық артельдерін ұйымдастыруға, жер-су реформасын жүргізуге, мәдениетті арттыруға көмектесті. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы қоғамдық-саяси өмір туралы сөз болғанда, мынадай жағдайларға ерекше назар аудару қажет. Осы уақыттан бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи жадын жоюға ұмтылды. Бұл жадтың тасымалдаушылары ұлттық интеллигенцияның көрнекті өкілдері болды, сондықтан оларды жоюға бағытталған кең ауқымды шаралар жүргізілді. Жүздеген жылдар бойы Орталық Азия халықтары, атап айтқанда түркі халықтары араб алфавитін қолданғаны белгілі. Орталықтың бұйрығымен бұл халықтар латын әліпбиіне, ал 1940 жылдан бастап кириллицаға ауыстырылды. Соның нәтижесінде қазақ халқы рухани байлығынан — араб әріптерімен жазылған кітаптардан, газеттер мен журналдардан айырылды.
Республикада партия мен комсомолдың Орталық органдарын құру. 1921 жылы ұйымдастырылған БКП(б) облыстық комитеті 1925 жылы аймақтық ұйым болып қайта құрылды. 1921 жылы Орынборда өткен Қазақстан комсомолының бірінші съезінен кейін жастар ұйымдарының да жұмысы жанданды. Қазақстан комсомолы тарихында Ғани Мұратбаев (1902-1924) ерекше рөл атқарды. Өзінің қысқа ғұмырына қарамастан, ол Қазақстан комсомолы тарихында жарқын із қалдырды. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басында Голощекиннің Қазкрайкомының бірінші хатшысы лауазымына инленгенине республикадағы қоғамдық-саяси өмір күрт өзгерді. Республиканың жаңа басшысы Сталиннің диктаторлық әдістері мен аймақтық көшбасшылық идеясын қолдады. Ол қазанның тынысы ауылға жетпеді және Қазақстанда және оның партиялық ұйымында ешқандай өзгерістер жоқ деп есептеді. Қазақ ауылында "кіші Октябрь төңкерісін" өткізу идеясы республикамыздағы ахуалға иелік ететін және парасатты мемлекет және партия қайраткерлері тарапынан қатты қарсылыққа тап болды. Алайда Голощекин Мәскеуде қолдау тапты және оның зиянды бағытына қарсы шыққан адамдар қудаланды. 1928-1929 жылдары түрлі сылтаулармен Қазақстаннан Т. Рысқұлов, Н.Нұртақов, с. Ходжанов, М. Мырзағалиев секілді белгілі партия және мемлекет қайраткерлері қудалшанған болатын. Қазақстан ОСК төрағасы Ж. Мыңбаев, халық ағарту комиссары С. Сәдуақасов, егін шаруашылығы халық комиссары Ж. Сұлтанаибеков және т.б. атқарып отырған қызметтерінен босатылды. 1928 жылы Алаш Орданың бұрынғы қайраткерлерін "буржуазиялық ұлтшылдыққа" айыпталған 44 адам қамауға алынды. Олардың арасында А.Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және басқа да ұлттық интеллигенция өкілдері болды. 1930 ж.қыркүйек-қазан айларында ұлттық интеллигенцияның екінші тобы тұтқындалды, оның ішінде М. Тынышпаев, ж. Ақбаев, X. Досмұхамедов, және т. б. олардың барлығы 1937-1938 жж. заңсыз қуғын-сүргінге ұшырады.
20-30 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді қорытындылай келе, қазақ халқы, КСРО-ның барлық халықтары сияқты, қайшылықтар мен қиындықтарға толы батырлық жолдан өтті деп айтуға болады. Қазақ халқы саяси теңдікке, аумақтық автономияға қол жеткізді. Өнеркәсіп қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрамы өзгерді. Мәдениет пен білім беруді дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Осы жетістіктердің барлығы бұқараның ерлік еңбегінің және олардың жарқын болашаққа деген сенімінің арқасында мүмкін болды. Алайда, экономика мен мәдениетті дамыту саласындағы жетістіктер тым қымбат болды. Тоталитарлық-казармалық жүйе құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |