1.Қазақстанның қазіргі заманғы тарих


)Парасатты ұлт-2020.Ұлт жобасы-мемлекеттің иновациялық дамудың негізгі ретінде



бет48/52
Дата19.05.2020
өлшемі267,61 Kb.
#69549
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Сессия Тарих №5 27.05.2020 11.00-11.50
animals lp
86)Парасатты ұлт-2020.Ұлт жобасы-мемлекеттің иновациялық дамудың негізгі ретінде.жаһандық инновациялық индекс пен Дүниежүзілік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көшбасшысы болып табылатын Швейцария жоғары оң жақ бұрышта орналасқаны көрініп тұр. Бұл ретте, Қазақстан Мексика, Оңтүстік Африка, Словакия сияқты елдермен бір топта төмендегі сол жақ бұрышта орналасқан, бұларда инновацияларды жеке сектор мен жоғары оқу орындарының барынша аз қатысуымен негізінен мемлекет құрады.

Қазақстанның мұндай жағдайы елдің инновациялық дамуының іргелі негіздерін қалыптастыратын фактрорлармен негізделген.

Біріншіден, тұтастай алғанда, экономиканың инновациялық дамуының төмен деңгейі кейде мемлекеттік секторда инновацияларды енгізу дәрежесінің жеткіліксіз болуымен де негізделеді.

Қазіргі уақытта мемлекет халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық үкіметті дамыту, халыққа қызметтерді «жалғыз терезе» қағидаты бойынша көрсету және т.б. сияқты стандарттарын жоғарылату жөнінде бірқатар маңызды бастамаларды іске асырып отыр.

Сонымен қатар, интернет пайдаланушылардың 2008 жылғы 15.1 адамнан 2010 жылы бір жүз адамға айтарлықтай өскеніне қарамастан, интернетті білім алу және біліктілікті жоғарылату мақсатында пайдаланудың төмендегені байқалады (2008 жылы 34.1 % және 2010 жылы 25.9 %). Бұдан басқа, интернетті қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен байланыс жасау үшін пайдаланудың болмашы ғана өскені байқалып отыр, мысалға 2008 жылдан бастап 2010 жыл аралығындағы өсу бар болғаны 3.6 %-ды құрады.

Жоғарыда келтірілген статистика мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындарының заманауи технологияларды, атап айтқанда интернет-технологияларды енгізуі мен пайдалануының көрсеткіші төмен екенін көрсетеді.

Екіншіден, қоғамда инновациялар «мәдениетін» тарату деңгейінің жеткіліксіз екені байқалып отыр.

Әсіресе, бұл инновациялық ойлауды қалыптастыруға төмен дәрежеде бағытталған білім беру және кадрлар даярлау жүйесіндегі тәсілдерден көрінеді. Бұдан басқа, бұл отандық зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерінің талап етілу деңгейінен көрінеді де, ғалымның мәртебесімен және тұтастай қоғам үшін ғылыми қызметтің маңыздылығымен негізделеді.

Инновациялар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бизнесті, халық пен мемлекеттік органдарды біріктіретін ұлттық идеяға айналуға тиіс.

Үшіншіден, ғылымның тиімдігіне ықпал ететін факторлардың болуы.

Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым мен ғылыми-техникалық саланы басқаруды жетілдіру мәселелеріне мемлекет зор көңіл бөліп отыр. Әлемдік практикада бірегей Назарбаев Университеті құрылып, білімді, ғылым мен инновациялық процесті алғаш рет біріктірді, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, ғылым саласын басқарудың мүлдем жаңа жүйесі енгізілді, Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Ғылымды қаржыландырудың жаңа – гранттық, бағдарламалық-нысаналы және базалық нысандары енгізілді. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы құрылды. Инфрақұрылым дамытылуда, мысалға қазақстандық және шетелдік ғалымдардың барлығы үшін қолжетімді ашық үлгідегі ұлттық 5 зертхана және инженерлік бейіндегі 15 зертхана құрылып, заманауи жабдықтармен жарақталды.

Ғылымды қаржыландыруды жалпы ішкі өнімнің өсімін басып озатын қарқынмен айтарлықтай ұлғайту басталды. Айталық, 2011 жылы ғылыми зерттеулерге бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 23 миллиард теңгені құрады.

Дегенмен, ғылымның экономика мен инновацияларға іс жүзінде шығуы әзірге әлі де өте төмен. Әлемдік нарықтағы ғылымды қажетсінетін қазақстандық өнімнің үлесі нөлге тең дерлік. Бұл проблема, өз кезегінде, жоғары оқу орындары тарапынан меншікті ғылыми құзыретті дамытуға деген ынтаның болмауынан туындаған, өйткені батыстық универститеттерге қарағанда олар негізгі кірісті білім беру қызметтерін көрсетуден алады. Бұдан басқа, өнеркәсіптің неғұрлым серпінді дамып келе жатқан секторлары жаңа технологияларды көбінесе шет елдерде сатып алуға мәжбүр.

Тұтастай алғанда, қазақстандық қолданбалы ғылымды басқару мен қаржыландырудың қолданыстағы моделі айтарлықтай дәрежеде бизнестің алдында тұрған технологиялық сипаттағы нақты міндеттерді шешуге емес, ғылыми мүддені қанағаттандыруға бағдарланған.

Төртіншіден, технологияларды коммерцияландырудың тиімді жүйесінің жоқтығы.

Технологияларды коммерцияландыру, әдетте, ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызметтердің практикалық қолданысы негізімен байланысты, және де сол ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін басталып, нарық пен коммерциялық тұтынушылар үшін бағалы болатын қасиеттері мен артықшылықтары бар нақты айқындалған технология, өнім немесе қызмет бар жерде басталады.

Ғылымды қаржыландырудың жалпы ұлғайғанына қарамастан, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің қомақты бөлігі экономиканың нақты секторына енгізілмеген күйінде қалады, әзірлеушілерге пайда әкелмейді және жобалар мен әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал ететін ұйымдық және экономикалық тетіктердің болмауынан бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз етпейді.

Технологияларды табысты коммерцияландыру мысалдарының жетіспеушілігі елде білімдерді ұлттық байлыққа айналдырудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік бермейтін инновацияларды қолдау мен енгізудің ұлттық жүйесінде олқылықтар бар екендігі туралы қорытынды жасауға алып келеді.

Осыған орай, ғылыми-зерттеу қоғамдастығының, мемлекеттік және жеке секторлардың ресурстарын біріктіру арқылы мемлекеттік саясат деңгейінде ынталандырылатын және қолдау көрсетілетін келісілген жүйелі шаралар кешенінің көмегімен экономикада жаңа білімді игерудің тиімділігі мен қарқынын айтарлықтай үдетуге мүмкіндік беретін жаңа тәсіл қажет.

Алдыңғы қатарлы әлемдiк тәжiрибенiң мысалдары мұндай шаралардың қажеттiлiгін көрсетеді. Бұл ретте орталық, сонымен бiрге, жергілікті мемлекеттiк органдар әртүрлi жергiлiктi және мемлекеттiк әріптестердің көпшілігінен тұратын, өзара әрекет ететін және бiр-бiрін толықтыратын икемді желіні құру үшін технологияларды коммерцияландыру процесiн ынталандыруда және қолдауда маңызды рөл атқаруы керек.

Технологияларды коммерцияландыру жүйесінің ұлттық және өңірлік деңгейде дамуы Қазақстан Республикасының ресурстық экономикадан білімге негізделген экономикаға көшуінің бірқатар мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегiнде, инновациялар саласындағы кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға мүмкiндiк туғызады, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуы, ғылыми және инновациялық қызметтi пайда табудың және тұрғындардың өмiр деңгейiн жоғарылату көзі ретінде насихаттауды қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Нәтижесінде, 2020 жылға инновациялық кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа білімді қолдануда елдің барлық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін және алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені айқындайтын, қазақстандық жағдайларға сәйкес тиімді технологияларды коммерциаландыру жүйесі пайда болуы тиіс.

Бесіншіден, кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіз болуы елдегі инновациялық белсенділіктің жоғарылауына кедергі келтіреді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстанда инновацияларға сұранысты дамыту, оның ішінде техникалық реттеу, мемлекеттік сатып алу жүйесі, инновациялық компанияға ерекше мәртебе беру жолымен дамыту бойынша мемлекеттің арнайы реттеу шаралары жоқ. Сұраныстың аз болуы елдегі инновациялардың ілгерілеуін тежейтін түйінді фактор болып табылады.

Өз кезегінде, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары кейде осы бағдарламаларға кәсіпкерлердің қалың тобының қатысуына кедергі келтіретін өте күрделі процестерді қамтиды.

Осыған байланысты, инновациялық саясат бағдарламаларының нәтижелерін бақылау мен бағалаудың тиісті тетіктерін бизнеспен бірге орнатып, осындай бағалау нәтижелерін жаңа бастамаларды айқындау және түзетуші шараларды жүргізу процесінде ескерген жөн.

Нарықтық жағдайларда инновациялық даму көрсеткіштерінің жыл сайын өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін инновациялық және ғылыми-техникалық салаларда ғана емес, әлеуметтік-экономикалық салада да нысаналы мемлекеттік саясат қажет.

Алтыншыдан, өңірлік инновациялық жүйелерді дамытудың ағымдағы жай-күйі инновациялық компаниялардың қалыптасуын қамтамасыз етпейді.

Орталық – өңір, өңірлер – өңірлер іс-қимылын үйлестірудің төмен деңгейі өңірлер дамуында орын алатын теңсіздіктің маңызды элементі болып табылады. Атап айтқанда, бір жағынан көптеген өңірлерде ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың айтарлықтай ұлғаюының өзіне тән белгілері байқалады, бұл ретте кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі мен инновациялық өнім шығару мардымсыз қарқынмен, ал кейде тіпті осы көрсеткіштердің құлдырауымен жүзеге асырылады. Яғни өндірістік сектор үшін бұл жұмыстардың практикалық маңызы жоқ және көбінесе декларативті сипатта болады.

Екінші жағынан өңірлерде меншікті қаражаттың жетіспеуі қолда бар ішкі әлеуетті кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін дамытуға толық көлемде үйлестіруге, тартуға және шоғырландыруға мүмкіндік бермейді. Бұл шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін де, сонымен қатар өңірлік универститеттердің, технопарктердің, даму институттарының ғылыми және зерттеушілік әлеуетін де инновациялық қызметке тарту процесін тежейді. Жетіншіден, өңірлердегі ғалымдар мен инноваторларда инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, сондай-ақ инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау құралдарына жылдам қолжетімділіктің болмауы. Мемлекет күш-жігерінің басым бөлігі инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталғанын статистика көрсетіп отыр, дегенмен, құрылған инфрақұрылым инновациялық қызметті қолдаудың барлық құралдарын қамтымайтынын атап өткен жөн, сондықтан да нақты экономиканың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Бұдан басқа, инновациялық инфрақұрылым элементтері елдің бүкіл өңірлерін әлі де қамтымай отыр.

Сегізіншіден, әлемдік инновациялық жүйеге кірігуді күшейту қажеттігі.

Қазақстандық ғалымдар мен инноваторлардың халықаралық ғылыми және бизнес-жобаларға қатысуы, шетелдік қызметтер мен халықаралық даму иституттары және инвесторлар беретін капиталға қол жеткізуі шектелген.

2010 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен қатар бірыңғай кедендік аумақты көздейтін «Кеден одағына» кірді, оның шегіндегі тауарлардың өзара саудасында кедендік баждар мен экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. Бұдан басқа, ғылымды, технологиялар иен инновацияларды дамыту мәселелері бойынша Қазақстанның әрқилы шетелдік мемлекеттермен жасаған 140-қа жуық келісімдері мен шарттары бар.

Бұған қарамастан, инновациялық даму үшін маңызы бар бірқатар келеңсіз үрдістерді өзгерте, қазақстандық инновациялық жүйенің әлемдік жүйеге кірігу процесін айтарлықтай жеделдете алған жоқпыз. Қазақстандық компаниялардың әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің болмауы осындай факторлардың бірі болып табылады, бұдан басқа, Қазақстан шетелдік жоғары технологиялы компаниялар үшін әлі де жабық нарық күйінде қалып отыр, осының барлығы инновацияларды енгізудің негізгі көтермелеушісі ретіндегі бәсекеге келеңсіз әсерін тигізеді. Экономиканы жаңғырту және технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жобаларды саяси-дипломатиялық қолдаудың әлсіз болуы, шетелдік жоғары технологиялы компаниялардың Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарға орналастыруға сұраныстың төмен болуы әлі де байқалып отыр.

Жоғарыда аталған жүйелі кемшіліктермен қатар, Қазақстанда ғылым мен технологияларды шоғырланған түрде мемлекеттік жоспарлау мен үйлестіру жоқ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет