2- тоқсан тжб 10-сынып



Дата27.12.2022
өлшемі116,34 Kb.
#164645
Байланысты:
ТЖБ 10сынып 30балл


2- тоқсан ТЖБ 10-сынып
1. Жабық ыдыста тұрған газ суиды. Осы кезде газдың қысымы мен газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді? [1]




Газ қысымы

Газ молекулаларының кинетикалық энергиясы

А

кемиді

Кемиді

В

кемиді

Артады

С

артады

Кемиді

Д

артады

Артады

(b) (а)-бөліміндегі жауабыңызды түсіндіріңіз. [2]

2. Термодинамиканың бірінші заңының өрнегі былай жазылады: 𝑄 =∆𝑈 + 𝐴 , мұндағы,


ΔU -
Q –
A –
Кестені әр берілген процес үшін толтырыңыз.
[3]




U

Q

A

Температура тұрақты










Қысым тұрақты










Көлем тұрақты










3. Изотермиялық процесс дегеніміз... [1]


4. Температурасы Т = 296 К, массасы 10 г газдың орташа квадраттық жылдамдығы


υ = 480 м/с.
(a) Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығының температурамен байланысын көрсететін формуланы жазыңыз. [1]
(b) Осы газдағы молекула санын есептеңіз. k = 1,38∙10-23 Дж/К [2]

5. Тұрақты массадағы А газдың 2,4 ∙ 105 Па қысымдағы көлемі 5,0 ∙ 10-4 м3 . Газды тұрақты қысымда қыздырғанда көлемі 14,5 ∙ 10-4 м3 болып өзгереді.


(a) Газдың жасаған жұмысын есептеңіз.
[2]
(b) Қыздыру кезінде А газына берілген жылу мөлшері 569 Дж. Осы газдың ішкі энергиясының өзгерісін анықтаңыз.
[2]
6. Жұмыстық дене қыздырғыштан алған әрбір килоджоуль энергияның арқасында 300 Дж жұмыс атқарады
(а) Жылу машинасының ПӘК-ін есептеңіз. [2]
(b) Суытқыштың температурасы 290 К. Қыздырғыштың температурасын есептеңіз.
[2]
7. Идеал жылу машинасындағы тұрақты массадағы газ қысымы мен көлемі температурамен байланысты өзгереді. Ол цикл диаграммасы төменде 9- суретте көрсетілген.



(a) Графикте берілген мәліметті пайдаланып, бір цикл кезінде газ атқарған жұмыстың мәнін анықтаңыз.
[2]
(b) Бір цикл кезінде салқындатқышқа берілген энергия 1,8 ∙ 106 Дж. Қозғалтқыштың ПӘК-ін есептеңіз. [2]
8. Ұзындығы 0,24 м, көлденең қимасының ауданы 7,9 ∙ 10-7 м2 оптикалық шыныны үзілу шегіне жеткенге дейін күш түсіріп сынайды. Оның ұзаруының түсірілген күшке тәуелділігі 12-суретте берілген.

12-суретті пайдаланып оптикалық шыны үшін мына шамаларды анықтаңыз (есептеулерді көрсетіңіз):
(a) шектік механикалық кернеу
[2]
(b) Юнг модулі
[2]
9. Аргон газын идеал деп санауға болады. Массасы 3,2 г аргонның 37 ℃ болған кездегі көлемі 210 см3 .
(a) Аргонның осы массасы үшін зат мөлшерін есептеңіз.
[2]
(b) Аргонның қысымын есептеңіз. [2]
Жалпы балл 30

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет