2 аралық бақылау сұрақтары №7 дәріс бойынша тест сұрақтары



бет1/4
Дата12.12.2023
өлшемі24,74 Kb.
#196666
  1   2   3   4
Байланысты:
2 аралық бақылау сұрақтары 2023 (1)
receipt

2 аралық бақылау сұрақтары
7 дәріс бойынша тест сұрақтары

1. Желдің пайда болу себебі


2. Жел бағытын көрсету үшін қолданылатын параметр (өлшем)
3. Метеорологияда көкжиекті бөлетін румбтар саны
4. Ғаламдық желдер қатарына жататын желдер
5. Солтүстік және оңтүстік ендіктердің 300 дейін созылатын, бағыты мен жылдамдығы біркелкі болатын жел түрі
6. Желдің күшін бағалау үшін қолданылатын шкала
7. Желдік қондырғылар есептік диапазонда жұмыс жасай алатын желдің жылдамдығы
8. Жел энергетикасына деген қызығушылықтың себебі
9. Желдің ағының энергиясының оның жылдамдығына тәуелділігі
10. Жел бағытына перпендикуляр қойылған және осы бағытта қозғалатын жазықтықтың жел энергиясын пайдалану коэффициентінің максимал мәні
11. Қанатты жел қозғалтқышының жақсы үлгілерінің жел энергиясын пайдалану коэффициентінің максимал мәні
12. Идеал қанатты жел қозғалтқышының жел энергиясын пайдалану коэффициентінің максимал мәні
13. Қалақтың жазықтығының айналу жазықтығымен жасайтын бұрышының  атауы
14. Жел ағынының қалақтың элементтеріне бағытталу бұрышының α атауы
15. Жел қозғалтқышы артындағы жел жылдамдығының V1 оның алдындағы жел жылдамдығына V қатынасының е атауы
16. Жел энергиясын пайдалану коэффициентінің ζ өрнегі

8 дәріс бойынша тест сұрақтары


1. Электр энергиясын өндіретін желдік қондырғылардың жұмыс істеу принципі


2. Желдік дөңгелектердің диаметрінің неғұрлым үлкен болуының нәтижесі
3. Желдік дөңгелегінің айналмалы білігі жел ағынына параллель желдік қондырғылар тобы
4. Желдік дөңгелегінің айналмалы білігі жел ағынына перпендикуляр желдік қондырғылар тобы
5. Желдік дөңгелегінің айналмалы білігі жел ағынына параллель, айналу жазықтығы жел бағытына перпендикуляр қондырғының атауы
6. Желдік дөңгелектің қалақшасының ұшының сызықты жылдамдығының (ωR) жел жылдамдығына (V) қатынасы
7.Көп қалақшалы, ақырын жүретін жел қозғалтқыштарының жүрдектігінің Zn сандық мәні
8. Савониус жүйесінің роторлы желдік қозғалтқыштарының айналмалы біліктерінің орналасуы
9. Желдің дөңгелегінің айналу білігі горизонталь орналасатын және жел бағытына перпендикуляр болып келетін қондырғының атауы
10. Орналасу қалпын өзгертпей, желдің кез келген бағытында жұмыс істей алатын, жүрдектігі баяулау, іске қосу кезінде айналу моменті айтарлықтай үлкен жел қозғалтқыштарының бір түрі
11. Аэродинамикалық қасиеттері жақсы, үлкен қуат алуға болатын құрылымдық мүмкіндіктері бар, қуат бірлігіне қатысты алғанда салмағы жеңіл болатын жел қозғалтқыштарының бір түрі
12. Желдік дөңгелегінің айналу білігін жел бағытына автоматты бұру үшін арнаулы құрылғысы бар желдік қозғалтқыштың атауы
13. Желдік қозғалтқыштардың арасында басқаларға қарағанда жел энергиясын пайдалану коэффициенті де, айналу жылдамдығы да әлдеқайда жоғары, кең таралған желдік қозғалтқыш
14. Әлсіз жел кезінде үлкен айналдырушы момент тудыратын көп қалақшалы желдік дөңгелектерін қолданатын қондырғы
15. Табақшалы роторлы (анемометр), Савониус роторы, Дарье роторы және Болотовтың роторы қолданылатын желдік қондырғылар тобының жалпы атауы
16. Сыртқы қозғалмайтын цилиндрлік бөлік-статордан және оның ішінде орналасқан, активті және реактивті қалақшалы айналатын ротордан тұратын турбинасы бар желдік қондырғының атауы
17. Вертикаль білікті турбиналы ЖЭС қанатты ЖЭС қарағанда артықшылығы
18. Желдік электрстанцияның негізгі элементтерінің қатары
19. Желдік электрстанциясының тек тұтынушы электр энергиясымен қамтамасыз етумен байланысты жұмыс режимі
20. Желдік энергетиканың қоршаған ортаға әсері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет