«Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі»



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі96,79 Kb.
#93167
  1   2
Байланысты:
4 n s a- GB



ФИЗИКА



Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».
1. 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалған дененің 1 мин ішінде жүретін жолы
A) 1200 м
B) 72 м
C) 20 м
D) 720 м
E) 4320 м

2. Автомобильдің жылдамдығы 20 м/с, ал қарсы желдің жылдамдығы 14,4 км/сағ. Автомобильмен салыстырғандағы желдің жылдамдығы
A) 22 м/с
B) 10 м/с
C) 24 м/с
D) 12 м/с
E) 36 м/с

3. Циклдік жиілікті есептейтің формула
A) 
B) 2π 
C) 2πT
D) 
E) 2πν

4. және екі күш денедегі бір нүктеге түсірілген. және векторларының арасындағы бұрыш . Осы күштерге теңәрекетті күштің шамасы
A) 12 Н
B) 14 Н
C) 5 Н
D) 7 Н
E) 1 Н

5. Тұрақты 3 МПа қысымда көлемі 3 м3-ден 5 м3-ге дейін ұлғайған газдың атқарған жұмысы
A) 4 МДж.
B) 10 МДж.
C) 2 МДж.
D) 6 МДж.
E) 8 МДж.

6. Балондағы 5 моль газ молекулаларының саны
A) 1,2·1025
B) 7,8·1025
C) 3·1024
D) 4·1025
E) 2·1025

7. Бейтарап таяқшаны екі бірдей бөлікке бөлгенде, пайда болған бөліктердің заряды
A) екеуі де оң
B) екеуі де теріс
C) біреуі бейтарап, екіншісі оң
D) біреуі бейтарап, екіншісі теріс
E) бейтарап

8. Біртекті электростатикалық өрістің күш сызығының бойында орналасқан екі нүктенің потенциалдар айырымы 20 В. Нүктелердің арақашықтығы 10 см болса, өрістің кернеулігі
A) 200 В/м
B) 5 В/м
C) 0,2 В/м
D) 30 В/м
E) 10 В/м

9. Электрондармен атқылағанда қатты денелердің жарық шығару құбылысы
A) катодолюминесценция.
B) электролюминесценция.
C) люминесценция.
D) фотолюминесценция.
E) хемилюминесценция.

10. Түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысы
A) фотоэффект
B) дисперсия
C) дифракция
D) фотоэлемент
E) интерференция

11. Массасы 2 кг дененің жылдамдығы 4 м/с-тен 5 м/с-ке өзгерсе, оның кинетикалық энергиясының өзгерісі
A) 2 Дж
B) 1,9 Дж
C) 19 Дж
D) 9 Дж
E) 7 Дж

12. Толқын көзі 4 мин уақытта 30 м/с жылдамдықпен 1200 тербеліс жасайды. Толқын ұзындығы
A) 6 м
B) 3 м
C) 5 м
D) 2 м
E) 4 м

13. Берілген массадағы идеал газдың p-V диаграммасында көрсетілген процесс

A) изотермиялық сығылу
B) изобаралық ұлғаю
C) изохоралық қыздыру
D) изобаралық сығылу
E) изотермиялық ұлғаю

14. Белгілі бір процесте идеал газдың берілген массасының көлемі 3 есе артса, ал қысымы 2 есе кемісе, онда температурасы
A) 3 есе артады
B) өзгермейді
C) 3 есе кемиді
D) 1,5 есе артады
E) 1,5 есе кемиді

15. Электр тогы вакуумде, абсолют шамасы бойынша тасымалдай алатын минимал электр заряды
A) 1,6· 10–19 Кл. 
B) 3,2· 10–19 Кл.
C) 1 Кл.
D) 1,6· 1019 Кл.
E) 3,2· 1019 Кл.

16. Электр шамдары бағандарын бойлай қарағанда, алыстаған сайын бағандар кішірейе беретін себебі
A) көру бұрышының кішіреюіне байланысты.
B) жарықтың шашырауына байланысты.
C) көру бұрышының үлкеюіне байланысты.
D) жарықтың толқын ұзындығы нәрсеге дейінгі арақашықтықтан кіші.
E) жарықтың толқын ұзындығы нәрсеге дейінгі арақашықтықтан үлкен.

17. Серіппелі тапаншаны атуға дайындағанда, қатаңдығы 25 кН/м серіппе 1,6 см-ге жиырылады. Сонда оқтың горизонталь бағытта ие болатын жылдамдығы 10 м/с болса, оқтың массасы
A) 55 г
B) 25 г
C) 64 г
D) 36 г
E) 49 г

18. 5 моль температурасы 17ºС гелийді адиабаталық сыққанда істелген жұмыс 2,49 кДж болса, газдың соңғы температурасы (R=8,31 Дж/моль·К)
A) 67ºС
B) 23ºС
C) 83ºС
D) 57ºС
E) 73ºС

19. Электр өрісінде тыныштық күйінен қозғалған электронның 400 В потенциалдар айырымын жүріп өткендегі жылдамдығы (mе = 9,1∙10-31 кг; е = 1,6∙10-19 Кл)
A) ≈1,2∙107 м/с.
B) ≈5∙106 м/с.
C) ≈6∙106 м/с.
D) ≈2,4∙107 м/с.
E) ≈2,4∙106 м/с.

20. Бірдей төрт металл шардың зарядтары q1= -8q, q2 = 2q, q3= 21q, q4= -3q . Алдымен q1 және q2 зарядтары бар шарларды өзара түйістіріп, қайтадан бастапқы орындарына келтірді (1-ші зарядтар жүйесі). Содан соң q3 және q4 зарядтары бар шарларды өзара түйістіріп, қайтадан бастапқы орындарына келтірді (2-ші зарядтар жүйесі). Содан соң 1-ші және 2-ші зарядтар жүйелерінен бір шардан алып, оларды өзара түйістіріп, қайтадан бастапқы орындарына келтірді. Осы шарлардың заряды
A) 3q және 3q.
B) 2q және 3q.
C) -2q және -2q.
D) 2q және 2q.
E) q және q.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет