4 зертханалық жұмыс Қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффицентін анықтау



бет1/3
Дата21.03.2023
өлшемі56,41 Kb.
#172906
  1   2   3
Байланысты:
Қатты дене сыз -Зер жзум




Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Физика – математика факультеті
Физика кафедрасы


Молекулалық физика
4 зертханалық жұмыс
Қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффицентін анықтау

Шымкент


Қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффицентін анықтау


Жұмыстың мақсаты: Қатты денелердің жылулық қасиеттерімен танысу және сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтау.


Қажетті құрал-жабдықтар: ПТРР құралы, пробиркалар, зерттелетін қатты дене үлгілері, штангенциркуль, термометр, және барометр.


Жұмысты орындау алдында студенттер төмендегі сұрақтарды
білуі тиіс:
1. Заттардың агрегаттық күйлері
2. Кристалдар анизатропиясы
3. Моно және поликристалдар
4. Деформация және олардың түрлері
5. Сызықтық және көлемдік ұлғаю


Теориядан қысқаша түсінік

Физикада қатты денелер кристалл және аморф болып екіге бөлінеді. Кристалл денелер анизотропиялық қасиетке ие. Көптеген кристал денелерде анизатропиялық ерекшеліктер айқын көрінбейді. Мұқият зер салып қарайтын болсақ,бұл денелердің майда, ретсіз қалыптасқан кристалшалардан тұратындығы байқалады. Сондықтан-да, бұл денелер поликристалдар деп аталады.


Кристалды құрылысы бар денелердің жылулық қасиеттері оның кристалдық торын құрайтын бөлшектердің (ион, атом, молекула) қозғалысының сипатына тәуелді. Бөлшектердің тербелмелі қозғалысы кристалдардағы жылулық қозғалыстардың негізгі түрі болып табылады. Қатты заттардың көпшілігі жылудан өзінің көлемін ұлғайтады. Олардың жылудан ұлғаю ерекшеліктері сыртқы әсерлер (қысым,температура т.б) бірдей болған жағдайларда тек материалына ғана тәуелді болады. Бұл ерекшеліктерді аңғару үшін көлемдік ұлғаю коэффициенті енгізілген. Қатты заттардың көлемдік ұлғаю коэффициентін тәжірибеде анықтаудан, олардың сызықтық ұлғаю коэффицентін табу қолайлы. Өйткені температураның жоғарылауына тәуелді түрде көлемнің ұлғаюымен қатар қатты дененің сызықтық (геометриялық) параметрлері де өзгереді.
Қатты денелердің температурасы артқан кезде олардың сызықтық өлшемдерінің ұлғаюы байқалады. Денелердің мұндай жылулық касиеті ең алдымен олардың құрылысы (структурасы),кристалдық тордағы иондардың өзара әсерлесуі мен орнықты күйдің маңайында жасалатын жылулық тербелістерімен сипатталады. Дәлірек айтқанда, қатты дененің температурасы жоғарылаған кезде кристалдық тор түйіндерінде орналасқан иондар арасындағы тебілу күштерінің (Ғо) шамасы олардың тартылу күштерінен (F1) басым болып, (Ғ0»Ғ1), нәтижеде қатты дене ұлғаяды. Айтылған осы қасиет сызықтық (α) және көлемдік (β) ұлғаю коэффициенттерімен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет