2 «Б» сынып. 09. 12. 15ж Математика. Ашық сабақ. Тақырыбы: Теңдеуді қайталау



Дата26.08.2017
өлшемі0,87 Mb.
#29565
2 «Б» сынып. 09.12.15ж

Математика. Ашық сабақ.

Тақырыбы: Теңдеуді қайталау.

Мақсаты:

  • Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.

  • Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту

  • Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа , жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме, оқулық. Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу.

Назарын сабаққа аудару.

2. Жаңа сабақ.

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ.

«Жыл мезгілдері» видео ролик тамашалау.

Балық бақадан сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Бақаның жауабын тыңдау үшін тапсырма орындауымыз керек.

Ойын: «Аққалаға қалпақ кигіз». Тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасын бекіту:



Бақаның жауабы:

  • Табиғат деген телегей теңіз су.

  • Қалай ойлайсыңдар балалар, бақа неге суды айтты?

  • Оқушылардың жауабы.

Қонжық аюдан сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Аюдың жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындауымыз керек

  • Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырма. / ауызша/

Аюдың жауабы:

  • Мен талай жерде болдым, табиғат деген орман.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар аю неге орман деді?

  • Балалардың жауабы.

Бота сұрапты түйеден:

  • Табиғат деген не?

  • Түйенің жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындайық.

Өрнекті жаз және мәндерін тап:

8-ге 40 пен 20 сандарының айырмасын қосу;

а-ға 30 бен 10 сандарының айырмасын қосу, мұндағы а = 9.

60 пен 50 сандарының айырмасына а-ны қосу, мұндағы а = 7.

45 пен 10 сандарының айырмасынан 4-ті азайту;

  • Түйенің жауабы:

Табиғат деген көп құм, тікенек шөп.

  • Балалар, неге түйе олай жауап берді?

  • Балалардың жауабы.

Көгершін қарлығаштан сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Қарлығаштың жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындауымыз керек.

  • Теңдеуді шеш:

Х + 30 = 70 50 - х = 1 Х - 20 = 60

Шаршының периметрін табу:

Бір қабырғасы 5см болатын шаршының периметрін тап?

  • Қарлығаштың жауабы:

Табиғат деген ашық аспан, дәнді дақылдар, таза ауа.

  • Қалай ойлайсыңдар қарлығаш неге олай деді?

  • Балалардың жауабы.

Кішкентай жәндіктер еліктен сұрапты:

  • Табиғат деген не?

Еліктің жауабын есту үшін тапсырманы орындауымыз керек:

Шығар:

Сызғыш 55 теңге, ал жай қарындаш одан 30 теңге арзан тұрады. Жай қарындаш неше теңге тұрады?

Екі амалмен шығатындай етіп есептің сұрағын өзгерт. Оны шығар.

  • Сәйкестендіру:

    Мысал

    20

    14

    16

    13

    6 + 7













    10 + 10













    8 + 8













    10 + 4













  • Жұппен жұмыс.




Теңдеу

Өрнек

Әріпті өрнек

Теңсіздік

Теңдік

Есеп

4+3 9 - 1



















5+5 = 20-10



















Болды – 10

Сатылды – 3

Қалды - ?

Ш: 10 – 3

Ж: 7



















10 - 5



















а + 4



















Х + 20 = 50






















  • Балалар, өте жақсы тапсырмаларды орындадық.

Енді еліктің жауабын тыңдайық:

  • Жер- Жер - деп жар салды Елік.

Балалар, елік неге олай айтты?

«Әрине, балалар барлығымыздың асыраушымыз, анамыз – жер – Ана, табиғат – Ана»

  • Неліктен табиғатты анаға теңейміз?

Қорытынды.

Логикалық есептер:

Алматта үш асық

Саматта екі асық

Қанатта бір асық

Ал менде төрт асық

Барлығы неше асық? /10/

Дүкеннен үш сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бәрі?
/8/
Бағалау. Мен бүгінгі сабағымды табиғаттың берген сыйларымен бағалағым келіп отыр. Оқушылар бірін бірі бағалайды.



Үйге тапсырма. №6 , 109 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет