2 «Б» сынып. 09.12.15ж
Математика. Ашық сабақ.
Тақырыбы: Теңдеуді қайталау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту
Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа , жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірме, оқулық. Сабақтың түрі: Аралас, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақ.
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ.
«Жыл мезгілдері» видео ролик тамашалау.
Балық бақадан сұрапты:
Бақаның жауабын тыңдау үшін тапсырма орындауымыз керек.
Ойын: «Аққалаға қалпақ кигіз». Тапсырмаларды орындау.
Үй тапсырмасын бекіту:
Бақаның жауабы:
Табиғат деген телегей теңіз су.
Қалай ойлайсыңдар балалар, бақа неге суды айтты?
Оқушылардың жауабы.
Қонжық аюдан сұрапты:
Аюдың жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындауымыз керек
Оқулықпен жұмыс. №1 тапсырма. / ауызша/
Аюдың жауабы:
Мен талай жерде болдым, табиғат деген орман.
Балалар, қалай ойлайсыңдар аю неге орман деді?
Балалардың жауабы.
Бота сұрапты түйеден:
Табиғат деген не?
Түйенің жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындайық.
Өрнекті жаз және мәндерін тап:
8-ге 40 пен 20 сандарының айырмасын қосу;
а-ға 30 бен 10 сандарының айырмасын қосу, мұндағы а = 9.
60 пен 50 сандарының айырмасына а-ны қосу, мұндағы а = 7.
45 пен 10 сандарының айырмасынан 4-ті азайту;
Табиғат деген көп құм, тікенек шөп.
Балалар, неге түйе олай жауап берді?
Балалардың жауабы.
Көгершін қарлығаштан сұрапты:
Қарлығаштың жауабын тыңдау үшін тапсырманы орындауымыз керек.
Х + 30 = 70 50 - х = 1 Х - 20 = 60
Шаршының периметрін табу:
Бір қабырғасы 5см болатын шаршының периметрін тап?
Табиғат деген ашық аспан, дәнді дақылдар, таза ауа.
Қалай ойлайсыңдар қарлығаш неге олай деді?
Балалардың жауабы.
Кішкентай жәндіктер еліктен сұрапты:
Еліктің жауабын есту үшін тапсырманы орындауымыз керек:
Шығар:
Сызғыш 55 теңге, ал жай қарындаш одан 30 теңге арзан тұрады. Жай қарындаш неше теңге тұрады?
Екі амалмен шығатындай етіп есептің сұрағын өзгерт. Оны шығар.
Сәйкестендіру:
Мысал
|
20
|
14
|
16
|
13
|
6 + 7
|
|
|
|
|
10 + 10
|
|
|
|
|
8 + 8
|
|
|
|
|
10 + 4
|
|
|
|
|
Жұппен жұмыс.
|
Теңдеу
|
Өрнек
|
Әріпті өрнек
|
Теңсіздік
|
Теңдік
|
Есеп
|
4+3 9 - 1
|
|
|
|
|
|
|
5+5 = 20-10
|
|
|
|
|
|
|
Болды – 10
Сатылды – 3
Қалды - ?
Ш: 10 – 3
Ж: 7
|
|
|
|
|
|
|
10 - 5
|
|
|
|
|
|
|
а + 4
|
|
|
|
|
|
|
Х + 20 = 50
|
|
|
|
|
|
|
Балалар, өте жақсы тапсырмаларды орындадық.
Енді еліктің жауабын тыңдайық:
Жер- Жер - деп жар салды Елік.
Балалар, елік неге олай айтты?
«Әрине, балалар барлығымыздың асыраушымыз, анамыз – жер – Ана, табиғат – Ана»
Неліктен табиғатты анаға теңейміз?
Қорытынды.
Логикалық есептер:
Алматта үш асық
Саматта екі асық
Қанатта бір асық
Ал менде төрт асық
Барлығы неше асық? /10/
Дүкеннен үш сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бәрі? /8/
Бағалау. Мен бүгінгі сабағымды табиғаттың берген сыйларымен бағалағым келіп отыр. Оқушылар бірін бірі бағалайды.
Үйге тапсырма. №6 , 109 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |