2 жас сәбиға арналған және қазаға байланысты туған салт-дәстүрлер



бет2/2
Дата20.05.2020
өлшемі98.02 Kb.
1   2
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Халқымызбен  бірге  жасасып,  өрісін 

тауып,  өркенін  жайып  келе  жатқан  салт-

дәстүріміздің  ішіндегі  өнегелі  де  өміршең 

ғұрыптың бірі қыз ұзату, келін түсіру, үйлену 

жөніндегі той-томалағы. 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҮЙЛЕНУ ҒҰРЫПТАРЫ 

 

Қазақ халқының әдет-ғұрпы бойынша үйлену мәселесіне байланысты 



қалындық айттырудан бастап, келін түсіру тойына дейінгі мерзімде 

орындалатын толып жатқан жол-жоралғылар бар. Олар X. Қостанаев, Ы. 

Алтынсарин, М. Леваневский және Н.Гродеков И.Ибрагимов, А.Диваев, 

Ф.Лазаревский, Г. Бонч-Осмоловский, Л. Баллюзек, Н. Изразцов, Н. Рычков, Г. 

И. Спасский, С. Б. Броневскийдің еңбектерінде сипатталған. Кейінгі этнограф 

зерттеушілерден Х. Арғынбаев, С. Кенжеахметұлы, А. Жүнісұлы, Е. 

Әбдрахманов, Б. Әлімқұлов, Б. Сапаралы, Ж. Дәуренбеков, т.б. еңбектерінде 

суреттелген. 

Қыз бен жігіттің дәстүрлі танысулары (кыз ойнақ, бастаңғы, ұйқы ашар, 

селт еткізер, тобық тығу т.б.). Қазақ халқының үйлену ғұрпында, қалыңдық пен 

күйеу бала болу үшін кейде ата-ананың ұйғаруынан тысқары да кыз бен жігіт 

танысып, болашақ жұбайлар болысып жататыны өмірде жасырын емес. Қыз 

бен жігіттің танысу себеп-салдар, сылтаулары көп, олар қазақи салт-дәстүр 

аясында үйлесіп жатады. Соның бірі “қыз ойнақта” танысу. Қыз ойнақты 

бойжеткен қыздар жиналып, топтасып ұйымдастырады. Олар бұл ойынды көп 

әке-шешелеріне білдіре бермейді. Әке-шешелері қыздары “бір ұятты жағдайға 

түсіп қалады” деп сақтанады. Қыздар ұйымдастыратын ойын-сауық 

болғандықтан “қыз ойнақ” деп аталса керек. Қыз ойнаққа жігіттер де барады. 

Олар қыздармен танысады. Әртүрлі ұлттық ойындарды ойнауда қыз, жігіттер 

жұптаса жүріп”, кейін келе өмірде де “жұптасып өмір сүріп кететіндері” 



болады. Сол сияқты ауылдың үлкен адамдары біржаққа кеткенде ауылдағы 

жастар, ұл-қыздар жиналып бас қосады. Олар тамақ, ас-су дайындап, әртүрлі 

ойын-сауықтар, ұлттық ойындарды ұйымдастырады. Бұған басқадай ауылдың 

жастары да тап болса, бас қосуға араласады. Бұл бас қосудың бір қыры 

жолаушылап кеткен кісілердің шаршамай, бастары ауырмай, ауырса тез 

жазылсын деп тілеушілік болмақ. Содан да ауыл жастарының бұл бас қосуын 

“бастаңғы” дсп атайды. Бастаңғыға тиым салынбайды, бұл салт. Бастаңғы 

кезінде де қыз бен жігіт танысып, келешекте “қосылып” жататын жағдайлар 

кездеседі. Сонымен қатар қазақ ғұрпында той, мерекелерде, діни мейрамдарда, 

түнде қыз, жігіттердің үйықтап қалмасы үшін “ұйқы ашар” деп аталатын дәмді 

тағамдар дайындалады. Ұйқы ашарды көбінде қыздар өздері ұнатқан жігіттерге 

де арнап істейтін жайттар кездеседі. Бұл тағамның да қыз бен жігіттің 

келешекте “жұптасқан жұбайлар” болуына себепші болып жататыны да өмірде 

кездеседі. Той, мерекелерде өздеріне “ұйқы ашар” тамағын істеп берген қызға, 

егер ол қыз ұнаса жігіт сый-сияпат көрсетеді. Бұл сыйлық өте бағалы, “күтпеген 

сыйлық” болғандықтан қызды “селт еткізіп” елендетеді. Содан да бұл салт 

“селт еткізер” деп аталған. Селт еткізер сыйлығы “өмірлік сыйлық”, 

“махаббаттық белгіге” айналып, екі жас “селт еткізерден бастап келешек өмірге 

бірге баруға серттесіп, болашақта бірге бақытты болып жататын да жайттар 

болады. Сонымен қатар кызбен жігіт танысып, серттесетін ғұрып “тобық 

сақтау”, “тобық тығу” әдеті болмақ. Қыз бен жігіт тобықты тығысып серттеседі. 

Тобықты жігіт тығып, сақтауға тиісті. Қыз кез келген кезде жігіттен “тобығым 


қайда” дегенде, жігіт “тобық мұнда” деп қызға корсетіп беруі керек. Тобыққа 

бұрын белгі салынады. Сол тобық болмаса немесе тобықты тауып бере алмаса 

жігіт айып жүктеп, қызға асыл дүниелер береді. Ал, жігіт сертте тұрып, 

тобықты көрсетіп берсе, қыз жігітке асыл дүниелер тарту етеді. Қыз бен 

жігіттің “тобық тығып” серттесуі, кейде махаббатқа айналып, олар сертке берік 

екендерін дәлелдесе, “өмірлік жарлар” да болып жататыны жасырын емес. Сол 

сияқты қыз, жігіт ұлтгық ойындар, той-мереке, жиын, ауыл қыдырған кезде де 

кездесіп, танысып жатады. Сол сияқты кездейсоқ та танысып жататын 

тағдырлар да баршылық. Бұлардың көпшілігі салт-дәстүрлік танысуларға 

саяды. 

 

Қыз көру.  Қазақ халқының “үйлену”, “үй болу” дәстүрінің бастапқы, 



басты шарттарының бірі болашақ үйленетін қалыңдығын іздеу, көру, таңдау 

болмақ. Бұл да бір ғұрып. Ел арасында, ауыл, ру, тайпа арасында “сол ауылда, 

соның пәленше деген сұлу да, ақылды қызы бар екен” деген әңгіме болып 

жатады. Оны көруге әркімнің қақысы, ынтызары болады. Қызды көруге әртүрлі 

себептер сылтау болады. Оларға той-томалақ, өлім-жітім, сауық сайран, қымыз 

қыдыру, жоқ іздеу, шілдехана, әдейі қонақ болу, кездейсоқ кездесу деген 

сияқты сандаған себептер кепіл болады. Қызды көру дәстүрінде сол қызға 

үйленер болашақ күйеудің өзі жеке барып, кейде жан досын ертіп барса, кейде 

күйеуді әкесі, ағасы, туысы да ертіп барып көретін ғұрып бар. Қызды көру 

салты ашық та, жасырын түрде де жүріледі. Елдің “аузына ілінген” әйгілі 

қызды көрушілер көп болады. Оның бәрі қызды сынап, әртүрлі жолмен оны 

тексереді. Тұла бойынан мін іздейді. Мінсіз болса көңілдері толады. Кейбір 

қыздарды ата-анасы, туыс-туғандары кез-келген кісілерге көрсете бермейді. 

Қызды беталды дүниелерге жалғыз жібермейді. Бұл қызын аяушылық болмақ. 

Кейде қызды жеңгелері жасырып, іс болады. Содан да кейбір жігіттер, қыз 

жеңгесіне жалынышты болып, қыз жеңгесіне “қыз көрсе”, “қыз көру кәдесін” 

бере, кейде “құр алақан” қалатын да жайттар кездесіп елге күлкі болып 

жататындар да кездесетіні жасырын емес.  

 

Қыз таңдау, “жар таңдау”. Қазақ халқының дәстүрлі үй болу, үйлену 



ғұрпында келешек жар болатын қызды, қалыңдықты таңдап алатын да салт, 

әдет бар. Бұл да “адам тандау” болғандықтан аса жауапты іс. Қызды таңдап 

алуға “адамды сынай алатын әйгілі сыншыларды” да ертіп барып, “қызды 

көрсетіп”, сынатып алатын да салт баршылық. Олар қыздарды дәстүр бойынша 

сынап, ақыл кеңес беретіндер. Кей жағдайларда ауыл қыдырғай, ерулік апарғай, 

жігіттің шешесі, бауырлары, жеңгелері, қарындастары да барып қызды көріп 

қайтатын салттар кездеседі. Болашақ келінді көруді қазақ ғұрпында “дұрыс 

мәселе” деп көреді. Себебі “Көріп алған келін көрім болады” деседі халық. 

Қазақ халқының үйлену дәстүрінде қандайда бір ауылда, ру, сүйек, тайпада 

“пәленше” деген қыз бар екен десе, оны көруге ержеткен баласы барлардың 

бәрі құмар болған.  

Қыз таңдауды “жар таңдау” деп те атап жатады. Жар таңдау, яғни қыз 

таңдау хақында қазақ халқында “аталы сөздер” көп. Оларға: “Тегіне қарап қыз 

ал», Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Текті жердің қызы 

текті келер», «Қатынына қарап қызын ал», «Шешесін көріп қызын ал” десе, тек 

қызы ғана емес, қайын жұрт болатын елді де таңдау дұрыс деп дәстүрде 

көрілген. Содан да “Қатын алма, қайын ал” десіп жатады. Қазақтың байырғы 

салтында қыздың сұлулығынан, оның ақылды, арлы парасаттылығына баса 

назар аударған. Соған сай “Сұлуына жылуы” деп көрілген. Жар таңдап жүрміз 

деп беталды келуді де қазақ халқы жақтамаған. Содан да “Таңдаған тазға 

жолығады” деген де ескертпе ұлағатты сөз бар. 

 

Қалыңдық айттыру. Жігіт әкесі тарапынан қыз таңдау, қыз көру 



аяқталғаннан кейін, айттырылатын қызға құда түсуге кіріседі. 

“Жаушы” ауылдан аттанарда шалбарының бір балағын етік қонышының 

сыртына түсіріп, екіншісін қонышқа сұғындырады. Бұл әдет қыз әкесі 

құдалыққа қарсы болмай, жаушының жолы болып қайтуы үшін жасалатын 

ырым. Қыз әкесінің үйіне кірісімен озінің қандай мақсатпен келгендігін дереу 

сездіру үшін төрге шыға бере көрпе салуын етінеді. 

Үй иесі жаушыға тиісті сый-құрмет көрсетеді. Жаз болса — кой 

сойылады. Қыс болса, соғымның жылы-жүмсағын салып, қонақасы береді. 

Содан кейін жаушы қыз әкесіне озінің келу мақсатын айтады. Қыз әкесі 

Мұндай ұсынысқа қарсы болмаса, болашақ құдасының жай-жапсарын сұрап, 

көкейіндегі қалыңмал мөлшерін ескертіп, құдалардың келу уақытын белгілеп, 

жаушыны аттандырады. 

Жаушыға қыз әкесі өзінің байлығына, мырзалығына қарай түрлі 

сыйлықтар беретін. А.Диваевтің айтуынша, көбінесе шапан кигізетін, оны қазақ 

арасында “шеге шапан” деп атаған. Сыйлықтың атынан-ақ оның мәнін 

аңғартқандай, яғни жаушы мен қыз әкесінің алдын ала жасасқан уәдесі бір 

нәрсеге шегеленген шегедей берік болсын дегеннің жоралғысы. Сондықтан 

Мұның озі синдиосмилдік магияның негізінде қалыптаскан көне әдет екені 

даусыз. 

Кейде ресми түрде жаушы жібермей тұрып-ақ болашақ құдалар арасында 

жақын тамыр-таныстар арқылы астыртын келісіп, мәселе шешілген уақытта 

ресми жаушыны тек құдалыққа бару мерзімін тағайындау үшін жіберетін. 

Жаушы жіберу мен құда түсуге келу арасы ұзаққа созылмайды. 

Қыз әкесінің жылы лебізін әкелген жаушы келісімен жігіт әкесінің үйіне 

жанашыр туыстар жиналып, құдалыққа кімдер баратыны мен аттану мерзімі 

белгіленеді. Бас құда болып көбінесе жігіт әкесінің жөн білетін сенімді 

туысының бірі барады. Кейде Мұндай сенері болмаса, жігіт әкесінің өзі бастап 

барады. Құдалар саны әрдайым үш-төрт кісіден, кейде 20-30 адамға дейін 

жетеді. Мұның өзі негізінен қалыңмал мөлшеріне, құдалардың ауқаттылығына 

байланысты болады. 

Құдалардың келуіне жеке үйлер тігіп, сойысы мен күтуші жігіттерін 

дайындайды. Құдаларды үйді-үйіне түсіріп, ықыласпен күтеді. Қонақасы 

беріледі. Ауыл адамдары тәуір киімдерін киініп, құдалық қамында бо¬лады. 

Сый-құрмет көрсетілгеннен кейін құдалар қалыңмал мөлшерін, оны қай 

мерзімде, қалай өтейтіндігін, жасау жағынан тек отау жөнінде сөз болып, өзге 

жасау жайы айтылмайды. Бұдан басқа әр түрлі шақырыстар мен берілетін 

жоралғы мөлшері, ең соңында қызды ұзату мерзімі туралы да келісім жасалады. 

Мәселе әбден шешіліп болғанда құдалық бұзылмау үшін анттасып, бата 

қылысады. Ол үшін ақсарбас айтылып, оның бауыздалу қанына қол батырып, 

бас құдалар бата бұзбауға серттесіп, уәдені бекітеді. Бұрынырақта қойдың 

бауыздау каны құйылған ыдысқа екі жақтың бас құдалары найзаларының 

ұштарын батырысып, “қанымыз қосылды, туысқан болдық” деген ишаратты 

білдіру үшін қанды бөліп ішетін әдет те болған. Бас құдалардың халық 

арасында “бауыздау құда” атануы да осыдан болса керек. Қанға қол батыру 

болсын, найза ұштарын батырысу болсын ақ батаны бұзбауға серт бергендік 

болып табылады. Бата аяққа арнап күйеу әкесі өзінің дәулетіне қарай бір 

жылқы не түйе, немесе олардың әрқайсысы бір, яки бірнеше тоғыз бо¬лып 

беріледі. “Қыз Жібек” жырында Төлеген Қыз Жібектің бата аяғына 250 жылқы 

берген. Бұдан бөлек қалыңдық “қарғы бауына” деп жылқы не түйе түлігінен бір 

тәуір мал немесе 10 сомнан 60 сомға дейін күміс ақша апаратындар да болған. 

Бата аяқ пен қарғы бауы алынған қыз бұдан былай айттырушының заңды 

қалыңдығы болып есептеледі. 

Құдаларға арналып сойылған қойдың төстігін алдын ала сыпырып алып, 

темір істікпен отқа пісіреді де, табаққа турап, құдаларға шаймен барады. Төстік 

тарту әдеті Жетісу және Оңтүстік Қазақстан төңірегінде ғана кездеседі. Төстік 

тартудың кәде алудан басқадай мағынасын әдеби деректерден де, ел аузынан да 

ұшырата алмадық. 

Құда түсіп, туысқан болудың белгісі -құдаларға “құйрық-бауыр” жегізу. 

Қүйрық-бауыр туралған екі та¬бақ екі жақтың сөзін сөйлеп отырған құдалар 

алдына қойылады. Құдаларды дәстүрлі құйрық-бауырмен сыйлау үшін 

сойылған қойдың құйрығы мен бауырын жапырақтап турап, қыз әкесі 

құдаларына қолымен асатып, өздері де жеп, құдалықтың ең соңғы қажетті 

дәстүрін орындағандай болады. Жақындық туыстығын түсіндіргісі келген қазақ 

“құйрық-бауыр жескен құда едік” дейтін. Ал құйрық-бауыр жеудің мәніне 

келсек, екі жақтың енді бауырласып туыс болғанын көрсетсе керек. Құда 

болған екі жақтың бірі жазатайым бата бұзып, би алдына жүгініске барса, “ақ 

бата жасалып, құйрық-бауыр жесіп пе едіңдер?” - деп сұраудың өзі ілгеріректе 

мұның маңызды әдет екендігін дәлелдейді. Екі жағы күйрық-бауыр жегендерін 

мойындаса, билер бата бұзған жағына дереу айып кесетін. Қүйрык-бауыр 

жеудің екі жағына бірдей жауапкершілігін арттыратындай мәні болатынын 

Ибрагимов, Маковецкий, Гродеков, Акпаев сияқты авторлардың еңбектерінен 

және ел арасынан 1966-1969 жылдарғы деректер¬ден, архив қоймасынан табуға 

болады. Ал кейініректе құйрық-бауырға қаймақ қосып, құдаларға асатарда 

олардың бет-аузына қаймақ жағып күлкі ету ежелгі әдеттің алғашқы мәнін 

жойып, көңіл көтеру, құдалар мен әзілдесу тәсіліне айналғандығы тәрізді. 

Той кезінде құдаларға тартылған табақтарға қоса, арнайы кәде алу үшін 

асық жілік салынған “қос та¬бақ” атты табақ тартылады. Ол табақтан үйде 

отырған құдалардың бәрі дәм тартып, ақшалай не заттай жолын береді. 

Төстік, құйрық-бауыр және қос табақ тарту әдетіне байланысты берілетін 

кәделерді оларды тартушы әйелдер өзара бөлісетін. Осыдан кейін қыз әкесінің 


ауқаты мен ауыл ішіндегі беделіне қарай той өтеді. Күй тарту, өлең айту, әр 

түрлі ойын-сауықтар өтіп жатады. Балуан күресі, тіпті кішігірім құнан бәйгесін 

де ұйымдастырып жібереді. Құдалық мәселесі әбден шешіліп, барлық жұрт 

жоғарыда айтылған көңіл көтеру шараларына көшкен кезде құдалар отырған 

үйге бір топ әйел кіріп, “қуаныштарың құтты болсын!” деп шашу сылтауымен 

олардың басы-көзі демей үстерінен бауырсақ пен үлкенді-кішілі құрттарды 

жаудырады.  

Ойын, той бітіп, құдалар қайтарда олардың әрқайсысына кит кигізіп, ат 

мінгізеді, түйе жетектетеді. Киіттің ең бастысы жігіт әкесіне арналады. Бұл 

арада оның құдалар құрамында болу, болмауы шарт емес, яғни үйінде жатса 

оған деп, қыз әкесінің шамасына қарай кілем жауып нар жетектетеді, не жүйрік 

жорғадан таңдап тәуір ат мінгізеді. И.Ибрагимовтың айтуынша, кейде күйеу 

әкесіне кит есебінде не берсе де 2-3 тоғызға дейін жеткізетін, қалған құдаларға 

күйеуге туыстық жақындығына қарай жолын беріп, киіт кигізеді. Киіт есебінде 

үлкенді-кішілі мал (көбінесе түйе мен жылқы түліктері), әр түрлі киім түрлері 

беріледі. 

Құдалар оралысымен, жігіт әкесі құдасын шақырып, белгіленген 

қалыңмалдың алғашқы бөлігін беруге дайындалады. Қыз беретін жақтан 

келетін құдалар саны күйеу жағынан келетін құдалар санына қарағанда, 

Х.Қостанаевтың айтуынша, бір адамға кем, ал И.Ибрагимовте - 1-2 адамға 

артық делінсе, Ф.Лазаревский тең болатындығын баяндаған. Ел арасынан 

жинаған деректерге қарағанда дәл осындай міндеттілік болмағанмен, қыз 

беретін жақтың құдалар саны әрқашан артық болады. Бұл жағдай халық өміріне 

сіңісіп, әбден бекіген дәстүр. Құдаларды қарсы алу, қонақасы беру, түрлі 

ойындар ұйымдастырып (күй тарту, ән салу), көңіл көтеру кештерін өткізумен 

бірге, “құда тарту” сияқты әзіл ойындар да болады. Құдалардың қайтатын күні 

қалыңмал ретінде берілетін қой қосақталып, түйе, жылқы түліктерінен 

керектілері ұсталады. Әдетте қалыңмалға берілетін малды бөлген уақытта 

құдалар бірге болады. Сондықтан қой қосақтасқан әйелдер мен қойшылар 

“қосақ беру” деп, жылқы ұстаған жылқышылар “құрық беру” деп, кәде есебінде 

бір-бір мал немесе ақшалай сыйлықтар алады. Бұдан соң күйеу әкесі 

құдаларына дайындаған киіттерін атап-атап үлестіреді, ат мінгізіп, түйе де 

жетектетеді. Дәл жүрерде күйеу баланы көрсетіп көрімдік сұрайды. Әдетте 

көрімдік ретінде бір жылқы тастап кету керек. Қалыңға алған малдың ішінен 

кейбірін “келін тілі” деп қалдыру әдетінің де болғандығын М.Леваневский 

айтқан. Мұндай ғүрыпты орындамаса, халық түсінігі бойынша, келін кекеш 

болуы ықтимал. Ал күйеу әкесі өз тарапынан осы жолы қалыңнан басқа бір 

қойды “өлі-тірі” деп артық береді. Халық түсінігі бойынша, өлі-тірі бермесе, 

келін аурулы болуы мүмкін. Кейде өлі-тіріні ұрын барғанда апаратын. 

Осындай құдалар арасындағы алыс-беріс кейде көпке созылады да, кейде 

кысқа мерзімнің ішінде аяқталып, үйлену тойы ұйымдастырылады. Мұның өзі 

әр түрлі жағдайларға байланысты болатын. Мысалы, атастырған кезде қыз бен 

күйеу жас болса, олар ержеткенше құдалар арасындағы кезек шақырысу, алыс-

беріс тоқтамай жүріп жатады. Ал енді айттыру кезінде әсіресе қалындық бой 

жетіп, некелесу жасына толып қалса, қалыңмал жеделдетіліп, өтелген соң, қыз 

ұзату тойы кешікпей-ақ өткізіледі. 

Құдалық мәселесі әбден шешілісімен күйеу де, қалыңдық та қайын 

жұртына көрінбейді. Уақыты жеткенше күйеу қалындық ауылына бармайды, 

егер бара қалса, әдепсіздік істеді деп атын тартып алып, өзін жаяу жібереді. 

Мұндай жағдайда күйеу жігіт қайын атасының көзіне түспейді, қыз 

жеңгелерінің көмегімен зорға құтылатын. Ержеткен күйеуге қайын жұртының 

тарапынан болатын мұндай ілтифат оның ауылға келіп көрініп қоюынан ғана 

емес, мұның басты себебі қалыңмалын толық төлемей тұрып рұқсатсыз келген 

күйеу қалыңдығын алып қашып кетеді деген қауіптен сескену болу керек. Бұл 

пікірдің дұрыстығын Ы.Алтынсариннің ұрын келіп, қайтқанша күйеудің 

қалыңдықпен жасырын кездескендігін сезіп қойса, әсіресе ол колға түссе, қатты 

жазаланатындығын ескерткендігінен-ақ көруге болады. Қалындық, әрине, 

мұндай кездейсоқтыққа ұшырамайды. Өйткені қыз балалар бөтен ауылға, 

әсіресе қайын жұртына еш уақытта бармайды. Н.Гродековтың айтуынша, 

әлдеқалай күйеудің ауылына бара қалып, оның туыстарының біреуінің үйіне 

кірсе болды, оны қайтып жібермейді. Келін болып қала береді. 

Сөйтіп, күйеу мен қалындық ержетіп, оң-солын танығанша, қалыңмал 

түгелдей өтелгенше құдалар арасындағы қарым-қатынас қаншалықты дәрежеде 

болып жатса да, күйеу мен қалыңдық бірімен-бірі ресми түрде кездеспейтін. 

Мұндай тәртіпті сақтамағандарға әдептілікті бұзушылар деп қарайтын. 

 

Қыз, ұлға (жігіттерге) қойылатын дәстүрлі талаптар. 



 

 

Қазақ халқының “некелесу” дәстүрінде ары қарай үй болу салтында, 



келешек жұбайларға, ерлі-зайыптыларға қойылатын дәстүрлі талаптар болады. 

Бұл талаптарды орындауға қыз бен жігіттің әке-шешелері, аға-жеңге, туыс-

туғандары, нағашы жұрты, рулас қандастары ерте мән береді. Қыз балаға әдепті 

болып өсу үшін “қырық үйден тиым” салынса, ұл баланың да ардақты азамат 

болып қалыптасуына “отыз үйден тиым” салынатын салт бар. Қыз балаға — 

келешек келінге қойылар басты талаптар: оның кең мінезді, үлкенді-кішіні 

сыйлауы, инабаттылығы, ұятты білуі, дінді қастерлесуі, ерін сыйлауы, оған 

серік бола алуы болса, осымен қатар іскер, шебер, ұқыпты, пысық, ыспар 

болуы, тамақ істей білуі, жөн-жосықты айыра білгендігі басты көрсеткіштер 

болмақ. Келіннің “сөзінен де, өзінен де, қолынан да“ барлық іс бітіп тұруы 

үлкен талапқа саяды. Келін қағылез, сергек, сұңғыла болуы шарт. Олардың 

“салпы етек, сары өңір, салақ” болуын халық қаламайды. Сол үшін шешесі 

қызына ерте іс істетіп, мал саудырып, ас дайындатып төрбиелейді. Бір елге 

барып “түк көрмеген тексіз екен” деп сөз естіртпе десіп жатады шешелері 

қыздарына. 

Ал, ұлдың (жігіттің, келешек күйеудің) тәрбиесі әкесінің құзырында 

болады. Ұл тәрбиесіне әке жауап береді. Сол үшін ұлына ең әуелі өзі істей 

алатын, әкесінен, туыстарынан үйренген істерін үйрете бастайды. Ұлға қойылар 

талаптар: оның өжет, алғыр, сергек, зерек, сұңғыла, ақылды болуы, қолынан іс 

келетіндігі талап етіледі. Ол үшін жігіт адам бес түлік малдың сыры-қырына 


қанық, олардың бағым-күтімін білетін, аңшылық, егіншілікті де меңгерген 

болуы керек. Қазақ халқы аңқос халық болғандықтан балаларын жастайынан 

аңға ертіп жүріп, далада қонып, бүркітпен, басқадай кішірек қыран құстармен 

аң қарауға баулиды. Ең бергі жағы малды сою, етін бұзу, қайыс иілісу, мал 

жабдықтарын істеуге дейін үйретеді. Бастысы күйеу болып, қайын жұртына 

барғанда “ет кесе алмаса”, мал соя алмаса үлкен “сөгіс” алады. “Әке көрмеген 

екен” десіп жатады. Бүл “сүйекке сызат еткен таңба” болады. Жігітке нағашы 

жұрты көп өнер үйретеді. 

 

Қыз бен жігітке қояр талаптар, тіршілік тұрмыс талабына сай әртүрлі 



келеді. Бастысы жоғарыда баяндалғандар болмақ. Бұл бұрынғы талаптар, жаңа 

заманға сай “жаңғырары” даусыз. Сол сияқты қыз, жігіттерден негізгі “төрт 

талап” талап етілмек. Оларға “атасының тектілігі, ақыл парасатты болуы, іскер 

өнерлігі, сымбат көркі” ескертілмек. Бұлар тағанды дәстүрлі талаптар болмақ. 

 

Келешек қалыңдық, күйеулердің жас ерекшеліктері. Қазақ халқының 



үйлену дәстүрінде үйленетін қыз бен жігіттің жасы да салт бойынша 

үйлестіріледі. Қазақи ғұрыптың бір ерекшелігі жігіттің жасы үйленетін 

қызының жасынан үлкен болуы шарт. Алайда, өмірде әйелінің жасы бір екі жас 

артық болатыны да бар. Бірақ әйелінен “кіші жастағы” еркектерді “кемсітіп”, 

“қорлап”, “келеке” ететін де әдет бары жасырын емес. Қазақтың көне 

дәстүрінде ұл 15-те, қыз 13-те яғни “жасқа толғанда” оларды “балиғатқа толды” 

десіп ұлды үйлендіріп, қызды ұзатуға қам жасайды. Бұл жасқа келгендер 

“үйлену, ұзатылу” құқына ие болады. Содан да казақта “Он бес, он үш жаста 

отау иесі” деген дәстүр қалыптасқан. Қазақтар ертеде ұл-қыздарын ерте 

үйлендірген. Бұл сол кездің қоғамдық дамуы және көшпелі өмір тіршіліктің 

қамы болса керек. Онда дәстүрлі шаруашылыққа адам қажет болған. Ұрпақ тез 

ержетсін деушілік те бар. Шаңыраққа ие балу, мұрагер деген сияқты сандаған 

қажеттіліктен ерте үйлендірушілік те туындап жатады. Ерте үйленушілікті 

“жастары жетілмеген”, денсаулыққа зиян деп көрушіліктер де кездеседі. Көне 

кезде “әйелді заттай көріп”, қалың мал төлеп, кәрі шал, уыздай жас, жасы 

балиғатқа тола бермегенін де, “он екіде бір гүлі ашылмаған” қыздарға 

үйленушілікті әділсіздік, жабайылық, басымшылдық, байлыққа 

мастанушылық дегеннен басқа жол жоқ. Бұл дәстүрдің озығы емес нағыз 

тозығы болмақ.  

Қазақтар қызын 20 жастан асырмауға тырысады. Дәстүр бойынша 20 



жастан асқан қыздарды қазақтар “кәрі қыз”, “отырып қалған қыз” деп “ат 

қойып, айдар” тағады. Ал, жігіттердің 30 жаста үйлене алмағандарын “кәрі 

бойдақ”, “сұр бойдақ” десіп жатады. Қазақтар жігіттің 20-25 аралығында, ал 

қыздардың 15-20 жас аралығында өзара тұрмыс құрып кетулерін дұрыс деп 

көреді. Қазақтардың ертеде ерте үйлендіруінің өзіндік себебі болса керек. Оған 

қазақтардың “орташа жас ғұмыры” да себеп болғанға ұқсайды. Ол 50-60, 60-65 

жас аралықтарында болғандықтан ерте үйленуге де себеп болуы мүмкін. Қазақ 

халқы ұрпақ қамын ойлайтын болса, болашақ жас жұбайлардың да жас 

мөлшерінің үйленуіне мән бергендігі дұрыс болмақ. Егер ерте немесе, ерекше 

кеш немесе орташа, қалыпты жаста “жас жұбайларды”, “қалыңдық, күйеуді” 

некелестіру шарт. 

 

Туыстық қан жақындастырмау. Қазақ халқы ұлтын, “қанын” таза сақтап 



келген халық. Содан да көне заманнан бері қарай ұлт, ұрпақ үзілмей, Түркінің 

қара шаңырағына ие болып келген ел. Қазақтың үйлену дәстүрінде үйленетін 

екі жастың туыстығы болмауы басты шарт болған. Содан да үйленер 

жастардың “тегі тектеледі”, онда жұбайлардың “жеті атасы”, “жетпіс жеті 

атасына” дейін тексеріліп білсе артықтығы жоқ. Қазақта жеті ата аралатпай, 

жеті атаға жетпей, үйленушілерді үйлендірмейді. Некелерін қимайды. Бұл “қан 

жақындастырмаудың қамы” болмақ. Туыстас, қандас адамдар өзара үйленсе, 

онда олардан туған бала әлжуаз, есалаң, жасы қысқа, жетесіз болып туады деп 

жорамалдайды. Содан да қазақтар “сүйек жаңартып”, “сүйек жаңғыртып”, 

болмаса өте алыс, бөгде ру, сүйек, тайпа, ел, халықтардан қыз алып, қыз беруді 

қалайды. Кейде қазақтар ертеде ақсүйектер басқа жат жұрттықтармен 

құдаласатын да дәстүр болатыны тарихтан аян. Бұлардан туған балалардан 

“әйгілі адамдар” көп шыққанын тарихи деректер айғақтайды. Бұл да сүйек 

жаңғыртудың бір әдісі болса керек. Кезінде арабтардың аталас, туыс, қандас 

адамдарының балаларының өзара үйлене беру салты қазақтарға “кіріп”, 

жайылып кете жаздағанын қазақтың сұңғыла ханы еңсегей бойлы Есімхан 

жарлық шығарып: “Қандас қазақтар өзара үйленсе өлім жазасына кесілсін” деп 

әділ үкім етіп, тиым салғаны қазақтардың таза қанды, қайсар, өжет халық 

болып қалыптасуына сөз жоқ өз үлесін қосқаны даусыз, үлкен ұлағатты іс екені 

баршаға белгілі. Сондықтан қазақ халқының бала тәрбиесіндегі ең маңызды 

мәселелерінің бірі балаға жастайынан “жеті атасын білгізіп, жаттатып, 

санасына қалыптастыру” болмақ. Қазақта “Жеті атасын білмеген жетесіз” деген 

ұлағатты сөз бар. Сондықтан әрбір қазақ келешектегі ұлы қазақ ұлтын 

қалыптастыруға үлес қосам десе, ең алдымен ол елдің “нағыз қазақ” ұлтын, 

қоғам мүшесін дайындауға атсалысамын десе қан жақындасудан” аулақ болып, 

болашақ балаларына “жеті ата тарихын” тәптіштеп ұқтырып, алыс жекжат, ру, 

сүйек, тайпалардан қыз айттырып немесе қыз беріп, қазақ ұлтын сапаландыруға 

әр қазақ мән берулері абзал болмақ. Бұл қазақи “жазылмаған заң” болуға тиісті. 

Беталды туыс адамдарды өзара үйлендірмеу, некелесуіне жол бермеу керек. Бұл 

нағыз қазақи байырғы ғұрып, ерекшелік болмақ. 

 

Құда түсу, «қыздың жарты бауы» Қазақ халқының дос түрінде қыздың 



балиғатқа жасы толғандығы, “басы бостығы”, бой жеткендігі сияқты 

жағдайларына арнайы белгілер куә болады. Онда балиғатқа толған қыз бала 

үйде жүргенде басына жұқа қызыл шыт, орамал тақса, сыртта, түзде жүргенде 

қарқаралы тақия, қарқаралы топы, қарқара киеді. Бұған сай қыздарды “қызыл 

орамалды қыз”, “қызыл шытты қыз”, “қарқаралы қыз” деп атайды. Басы бос 

бойжеткенді “белгісінен” таныған қыз көрушілер, жар таңдауышылар, 

қалыңдық іздеушілер құда түсуге ниеттенеді. Егер сол адамның, сол ауылдың 

қызы ұнаса, жігіт өзі келсін мейлі әкесімен, ағасы, жан досымен келсін, әркім 

өздерінше дәстүрге сай жосын-жораларды істейді. Жігіт шешесінің болашақ 

келініне арнап тіккізген үкілі тақия, істеткен білезік, сақиналарын қызға береді, 

“белгі етеді”. Қыз жігітті ұнатса алады, үнатпаса алмай қояды. Алса “үкілі қыз”, 

“сақиналы, жүзікті, білезікті қыз” деп аталады. Бұл қыздың басы бос емес, 

біреудің белгі салған қалыңдығы дегенді білдіреді. Ал, жігіт әкесі қыздың 

әкесінің үйінің төріне сәнді сары ала қамшысын іліп кетеді. Және құдалықтың 

басы осы болсын, құдай деген құдалар болайық, Алла соған жазсын деп, 

құдасының үйінің белдеуіне бір атты байлайды. Ол ат жақсы ат, жорға ат, 

жүйрік ат болуы шарт. Бұлай болмағанда “жаман алты” байлауды кемсіту, 

менсінбеу, қыз құнын түсіру деп көреді. Бұл дәстүр өтс ерте замандардан бері 

қарай келе жатқан дәстүр. Көне Түркі-Монғол тарихнама, шежірелерінде 

көптеп кездеседі. Кезінде Шыңғысханның әкесі, Түркілі Қоңыраттың Дөй 

шешені белдеуіне “жетек атын” байлап, Бөртеге “қарғы бау” тағып кеткені баян 

етіледі. Қызға арнайы құда түсетін адам, арнайы атты жетектей жүреді. Оны 

“жетек ат”, “үкілеген ат” деп атайды. Атқа үкі тағады. Қызға қатысты 

белгілерді қазақ дәстүрінде “қыздың қарғы бауы” дейді. Жігіт алғаш келгенде, 

жігіт әкесі келгенде қыздың әке-шешесі “қызымыз ұнаса қарғы бау тағып 

кетіңдер, әйтпесе басқадай біреулер маза көрсетпейді. Қарғы баулы болса, 

сіздердікі болмақ” деп қолқа салады. Сол үшін де қарғы бау тағады. Қыз әкесі 

төріне ілінген жігіт әкесінің қамшысы “құда түсу тойына дейін” ілулі тұрады. 

Қыз әкесі жігіт әкесі ауылынан жыл, жыл жарым жаушының келуін күтеді. Егер 

жаушы келмесе қыз әкесі жігіт әкесіне қамшысын қайтарып жібереді. Мұны 

қазақ дәстүрінде “қамшы қайтару” ғүрпы деп атайды. Бұдан кейін қыздың 

“барлық қарғы баулары” күшсіз болады. Ат қайтарылмайды. Кейде бұл ғұрып 

қорлау, кемсіту, елемеушілік деп көріліп ашты араздыққа да апарып жататыны 

жасырын емес. Қызға қарғыбау тағу жауапты іс. Бұдан кейін қызға жанама ат 

қойылады. Оған “басы бос емес қыз”, “қарғы бауы тағылған қыз”, 

“айттырылған қыз”, “басы байлаулы қыз”, “басы ноқталы қыз”, “келісілген 

күйеуі бар қыз” деген сияқты сандаған аттар койылады. 

 

Құдаласу ғұрпы, “құда сынақ”, “құда күту” тойы. Қазақ халқының үйлену 



ғұрпында “қызды айттырып” жаушы барып “дұрыс жауап” әкелгеннен кейін, 

жігіт жағының әке-шешесі барлық жан ашыр туыстары жиналып “құдалыққа” 

барудың жайын сойлесіп, шешім қабылдайды, баратын адамдар таңдалып 

белгіленеді. Ондай адамдарға ақылды, сабаз, өнерлі, шешен, жөн жосын 

білетін, өткір, сергек, тапқыр, ойын көтеретін адамдар сұрыпталынып, олардың 

ішінен ақылдысын “бас құда” етіп тағайындайды. Олар жөн-жорасымен қыз 

ауылына аттанады. Мұны “құдалыққа бару” деп атайды. Барған қалыңдық 

ауылының құдаларына арнап істеген тілеу тойын “құда түсу тойы” деп атайды. 

Қазақта “Құданы құдайдай күт” дейтін тәмсіл бар. Сол үшін ауыл намысы, туыс 

туған, ру, тайпа, намысы үшін құдалардан сөгіс естімес үшін әркім құдаларын 

шама шарқынша күтуге ұмтылады. Қыздың ауылы құдаларға арнап, “ақ 

шаңқан, ақ үйлер” тігіп, құдаларды алыстан алдынан шығып, ат көлігін байлап, 

қонақ үйлердің есігін ашып, сырмақ төсеп, жастық салып, қолдарына су құйып 

сән-салтанатпен қарсы алып қабылдайды. Қазақ халқының сонау Түркі 

дәуірінен бері қарай келе жатқан дәстүр бойынша шай ішіліп болған соң, “ақ 

сарбас қойға” бата істеліп, малды бауыздап, қойдың “бауыздау қанына” 

құдалар қол батырып “қандаспыз, андамыз, құдамыз, қанымыз бен жанымыз 

бір” десіп бата бұзбауға, сертті бұзбауға ант етісіп ишара істеседі. Ерте 

Ғүн(Күн), Түркі дәуірінде малдың бауыздау қаны құйылған ыдысқа, екі құда 

бата айта тұрып, екеуі “ішіп” ауыз тиіп, найзалары ұшын қанға малып, “Тәңір 

дескен құда болайық” деп серттесстін болған. Бұл ырым “қанға қан қосылды, 

енді туыс болдық, егер серт бұзылса найзаласқан дұшпанға айналамыз” деген 

ишара болтан. Бұлар кейін “ақ бата, қызыл қан” бойынша құдаласқандар деп 

есептелінеді. Мал бауыздарда “малға бата істеген” құданы кейін “бауыздау 

құда” деп атайды. 

Қазақи көне құдаласудың бір белгісі ол “құйрық-бауыр жесісу” ғүрпы 

болмақ. Бұл да құдаласудың бір “кепілдік дәстүрі” болады. Құдалар алдына 

қүйрық-бауыр туралған табақ тартылады. Құйрық-бауырды алдымен екі 

жақтың бас құдалары жесіседі. Бұл дәстүр екі жақ “қүйрық-бауырдай” жақын 

“бауырлас” болдық дегенге саятын салт болмақ. Құйрық-бауыр жесіскен 

құдалар ешқашан уәдені, сертті, құдалықты бұзбауға тиіс. Әйтсе қай бірін “ант 

атады” деп көрген. Себебі құйрық-бауыр жесісерде, оларға “Бауырдай жақын, 

құйрықтай тәтті болыңдар” деп тиіек айтылған. Қазақта “Құйрық-бауыр жедің 

бе, құда болдым дедің бе” дейтін де тәмсіл бар. Бұл құйрық-бауыр жесісең, 

құдаңменен керіспе дегенді меңзейді. Құйрық-бауыр жесісу қазақ дәстүріндегі 

құдалықтың ең басты кепілі, құжаты, айғағы болған. Содан да егер құдалықтың 

бірі серттен тайса, билер, қазылар: “Құйрық, бауыр жесісіп пе едіндер” деп 

бірінші сұрайды. Бұлай болса уәде бұзғанын айыптайды. Біріне бірі екі құда 

ренжісе, немесе назданса қүйрық-бауыр жесіскен құда емеспіз бе” десіп 

жатады. Осылай құдаласқан соң қалындық пен күйеу жігітгің алдағы дәстүрлі 

шараларына келіседі. Оларға қалың мал саны, күйеудің ұрын келу кезі, келін 

түсіру тойы деген сияқты сандаған мәселелер келісіледі. Осылай құдаласу 

кұпталған соң, үйге “құдалықтарыңыз құтты болсын” деп сылтаурата шашу 

шашқан қатындар келген құдаларын құрт, ірімшікпен “сабайды”. Құдалар бұл 

сынаққа көнеді. Бұдан кейін құдаларға ауыл адамдары “батыл кіріседі”. Олар 

құдарлардан “құда тарту”, “құда кәде” талап етеді. Оларға әрбіреуінен бір өнер 

талап етіледі. Бірі ән айтады, келесісі күй шертеді. Қойған талапты орындай 

алмаса, тиіегі жаза жүктегіліп, айып салынады. Құдалардың мінез-құлқын, 

төзімділігін сынап дәстүр бойынша “сайқымазақ” етеді. Онда бірінің мойынына 

құмалақ маржан” салып, бетіне күйені айранға езіп жағады. Енді бірінің 



басына құрым киізден тіккен, істелген қалпақ, күләпәра кигізеді. Бет-

ауыздарына сорпа, май жағатын да салт бар. Тағы бірінің бетіне балшық 

жағады. Тағы біреуінің үстіне суық су құяды. Келесісін есекке, өгізге теріс 

мінгізіп айдайды. Сол сияқты құдаға “алты қатын” мінгесіп, есік-төрге алма 

кезек жеткіздіреді. Мұны “алты қатын жортақай” деп атаған. Енді бірде 

құдаларды арбаға жегіп, қыз-келіншектер сүйреттіреді. Сол сияқты кей 

жерлерде құдаларға келіншектер мініп, “шыт тарғысады” яғни “келіншек 

көкпар” тартыс істейді. Сол сияқты қазақтың кұдалық сыйластық кәделеріне 

алдарына тамақ, ет келгенде, ет жеп қолдары май болып отырғанда әйелдер 

келіп құдаларға “қолымыз суық, қойыныңыз ыстық” деп қойындарын тінтіп, 

ондағы ақша, жүзік, сырға сияқты асыл заттарды алады. Бұл ойын 

базынашылықты “құда тінту” деп атайды. Сонымен қатар “сылқым 

келіншектер” құданы ортаға шығарып етек, жеңін қағып сілкіндіреді. Құданың 

қойыны, етек жеңіндегі дүниелер түседі. Оны қатындар талап алады. Мұны 

құдалық дәстүрде “құда сілкіндіру” дсп атайды. Сондай-ақ құдаларды 

сынаудың талай “сорақы” сайқы мазақтары істеледі. Мұның бәрі құдаларға 

“қыз керек болса, бәріне көніп көріңдер” деушілік те болып жатады. Құдалар 

“бәріне көнеміз” деп келген соң шыдап бағады. Ыза балғандарын одан бетер 

ыза болдыратын дәстүр бар. Оған ешкім жауап бермейді. Керісінше келген 

құдаларға “сын, ұят, намыс” болады. Онда олар өздерін “жетесіз құдалар екен” 

дегізіп алмақ. Сол үшін тыртысып бағады. 

Ертеңгісі құдаларды күту басталады. Жаңадан мал сойылып, қымыз 

құйылып, ән-күй айтылып, шертіліп, би биленіп, ұлттық ойындар ойналып

ауқатты адамдар кішігірім той, тілсу істейді. Құдалар құрметіне палуан 

күрестіріп, ат бәйгесін ұйымдастырып, көкпар тартысып, жамбы аттырып, 

кешкісін алтыбақан, ақсүйек ойындарымен, он, күй, айтыс үйымдастырылып 

құдалар көңілін қош етеді. Құдаларды күту тілеу тойы бітксн еоң, қыз жагы бас 

құдаға “киіт кигізіп”, ат мінгізіп, түйе жетектетіп, өрбір құдаларға да шапан 

жауып, ат мінгізеді. Ауылдарына разы қош қайтарады. Құда түскей келгенде 

ұлдың әкесі берген сый- малды бата аяқ, “сырға тағар” деп те кей жерде атап 

жатады. 

 

Құдалар, құдаласудың түрлері. Қазақ халқының құдаласу ғұрпында 



құдаласудың түрі көп. Олар: андас (қандас) құда, бас құда, бауыздау құда, бел 

құда, бесік құда, жанама құда, егіз құда, көңіл құда, қарсы құда, қарын құда, 

құйрық-бауыр құда, қызыл құда, құрсақ құда, тос құда. 

Андас құда (Қандас құда) — Құдаласқан екі жақтың бас құдалары бата 

істелген малдың қанынан ішіп, ұрттап, найзалары ұшын қанға малып 

құдаласып серіктесетін болған. Бұл ырым “Ақ бата, қызыл қан шығарған құда 

болдық”, “Қанға қан қосылды, қандас, туыстас құда болыстық”   дегенді де 

білдірген. Мұндай құдаларды көне Түркі тілінде “анда”, “андас құда”, қазақша 

“қандас, қан ішісксн құда” деп ертеде атаған екен. 

Бауыздау қуда — құдаласуға қой сойылған малды бауыздарда бата 

 

берген құданы “бауыздау құда” деп атаған. Бауыздау қан ішіскен құдалар 



да “бауыздау құда” болып есептслінген. 

Бас құда. Құдаларды басқарушы, ең сыйлы, беделді адам. Екі жақтың 

қадірлі құдалары. Құдаласу тобының “басы”. Кейде қалыдық пен күйеу 

баланың әке-шешелері, үлкен ағалары, қадірлі туыстары да жағдайға сай “бас 

құда” атала береді. 

Бел құда. Туылмаған “белдегі балаларға” алдын ала ниет қылып 

құдаласуды “бел құда” деп атаған. 

Бесік қуда. Құдалықтың бұл түрі ежелден келе жатқан дәстүр. Үл-қыз 

балалары бесікте жатқан кезінде екі жақ серттесіп, құдаласады.  

Мұны “бесік құда” деп атаған. Бесік құдалық дәстүрінде ұл жағының әке-

шешесі қыз баланың бесігіне “асық жіліктің” басына үкі тағып, “тұмар етіп” 

тағып қояды. Бұл “қыз балаға белгі салу”, “үкі тағу”, “бұл қыз келешектегі 

біздің келін” деуге де саяды. Мұны көрген халық “Бесік құдасы бар екен, 

құдалық құтты болсын” деп тілек тілесіп жатады. Бесікке “бесікті кертіп те” 

белгі салады. Мұны “бесік көрпе құда”, “бесік кертті құда” деп атайды. 

Егіз құда. Қазақ халқы егіз ұлдарына келесі бір ру, сүйек, тайпаның егіз 

қызына құдалық сөйлесетін салт бар. Бұл егіздерде “ырыс тұрады”, “бас 

көбейеді” ауыл бақытқа кенеледі деп көрушіліктен туындайтын құдалық 

болмақ. Егіз ұл, қыздарды атастыруды “егіз құда” деп атаған. 

Көңіл құда. Бірін бірі, бірінің тегін бірі жақсы білетін екі кісі, әйелдері 

босанбай жатып, сенен ұл немесе қыз туса, немесе керісінше болса да екі 

нәресте өскен соң құдаласып, екеуін қосайық десіп есіртеді. Мұны “көңіл құда” 

дейді. Алайда, екі әйелден де бірыңғай қыз немесе ұл туып жататын жайттар да 

болып, “көңіл құда” күшсіз болып та қалатын жайттар кездеседі. Көңіл құда 

болушылар бірін бірі “шайға шақырып”, мал сойып, малдың екі “асық жілігін” 

қатар асып, жақсылап тазалап мүжіп, “белгі салысып” үйлеріне алып кетіседі. 

Кейін ұл, қыз туса сол сүйектен “шүмек” ойып балаларына пайдаланады. 

Казақта “Асық жілік алдың ба, асығып құда болдың ба“ десіп жататыны 

баршылық. 

Қарсы құда. Екі жақтан “қыз алысып, қыз берісіп” құдаласуды “карсы 

құда” деп атайды. 

Қарын қуда. Нәрестелерінің әйелдері “қарынында жатқанда” құдаласуды 

“қарын құда” деп атайды. 

Құйрык-бауыр қуда. Құдалар құдалыққа арнап сойған малдың қүйрық-

бауырынан жегізеді. Бұл бауырдай “бауыр туыс” болдық дегенді білдіреді. 

Бастысы “бас құдалар” қүйрық бауыр жеп серттессді. Қүйрық-бауыр 

жегіскен құдалар серттен таюға тиіс емес. Тайса, “Қүйрық-бауыр жегісіп пе 

едіңдер” деп бірден сұралып, жегіскен болса “айып” бұйырылады. 

Қызыл құда. Нәрестелердің ана жатырында “қызылданып” жатқан 

кезінде, “дәмеленіп” өзара ұл, қыз туса оларды келешекте өзара қосып 

құдаласуға келісушілікті “қызыл құда” деп атаған. 

Құрсақ құда. Нәрестелердің анасы құрсағында жатқанында, олардың әке-

шешесінің ұл, қыз туса алдын ала құдаласуын “құрсақ құда” деп атаған. 

Төсқұда. Құдаласу кезінде құдалар “төс қағысып” құдаласатын түрі бар. 

Бұл “төске төс тиді”, туыс болдық, құда болдық дегеннің белгісі болмақ. 

Мұндай әдет істсгсн құдаларды “төс құда” дейді. 

Құданың құдасы. Бұл құдалардың құдасы болмақ. Қазақта “Құданың 

құдасы, балықтың сорпасы” деген төмсіл бар. 

 

Құдалықтың бұзылу жайттары. Қазақ халқының үйлену дәстүрінде 



әртүрлі жағдайлар болып жатады. Құдаласу сәтті өтсе, кейде сәтсіздікке де 

ұшырап жататыны жасырын емес. Мұның себебі сан салалы. Алаша дәстүрлі 

себептер де болады. Қызға үкі тағып, “белгі салып” қойып, кейін бір себеппен 

“қызды алуға” келіспесе, қыздың әке-шешесі күйеу жағынан ат-тон айып талап 

етуге құқылары бар. Кемістік қыз жағынан болса, олар да ат тон айып төлейді. 

Қалың малға келісе алмаған жақтар бір-біріне айып телеседі. Қыз немесе 

күйеудің бірі кембағал, науқас, нәдүріс, есалаңдау болса құдалықтың бұзылуын 

айыптамайды. Бір қызға құда түсіп, енді бір қызға үйленбекші болған күйеуге, 

күйеу жағына түйе бастатқан “бір тоғыз” айып төлетіледі. Алғашқы 

қалындықты күйеу екінші үйленген қыз алдында, жұрт алдында “бәйбішем” 

деп айттыратын түрі бар. Сол сияқты күйеу жігіт ұрын келгенде немесе келін 

түсірген кезде қалыңдығы қыз болмай шықса, “неке жаулықта” белгі болмаса 

күйеу бала қалыңдығына үйленуден бас тартуға құқылы. Алайда, қыздың 

обалына қалуға болмайды. Қыз бала жайдақ атқа көп мінсе, бәйгеге шапса оның 

“қыз пердесі” айырылып, жарылып кететін де жайттар кездеседі. Табиғатынан 

“кыз пердесіз” де қыздар жаратылады. Бұл шартты ғана талап болмақ. 

Мұндайда қыздың әке-шешесі немесе екі куәгер “Құран ұстап”, қыздың пәк 

екенін де дәлелдеп жатады. Өмірде ақылы аз, қызғаншақ, ақымақ адамдар “қыз 

обалына қалып”, оны “қара бет” деп, “ат қойып, айдар тағып“ атқа теріс 

мінгізіп, ауылына қайтарып жататын жайттар да ертеде болып жатқаны жайлы 

деректер кездеседі. Мұндайда құдалық бұзылады. Құдалық алыс-берістер 

қайтарылып жатады. Қыздың “ақтығы”, “пәктігі” бұлжытпас деректермен 

айғақталса, күйеу жігіт бұрынғы берген қалың малы үстіне “тағы бір толық” 

қалың мал төлейді. Жігіт екінші рет “ұрын келіп”, қызды “абыройсыз” деп 

кінәласа, онысына ешкім құлақ аспайды. Қазақ халқы қыз баланың тәртіпті 

өсуіне мән берген. Бұл келешек құдаласу кезінде әртүрлі келіспеушіліктің 

шықпауына және қызының күйеуі алдында беделді, сенімді болуын 

қалаушылық болмақ. 

 

Құдаларға   есік-көрсету. 



 

Қазақ  

үйлену  

дәстүрінде 

 

құдаласқан  екі жақтың бір-біріне көрсстетін сый-сияпат сыйластығының 



тұрі көп.   Олар кейде жүйелі түрде жүріле, кейде келісім бойынша реті 

бұзылып істеле береді. Сый-сияпат, құдалар сыйластығының бірі жігіт 

жағының қыздың әке-шешесінс, туыс-туғанына өз үйінің, ауылының, ағайын-

туыстарының жағдайын таныстыру, яғни “үйлердің есігін, төрін көрсетіп” 

таныстыру салты болмақ. Бұл көбінде қыз жағына барып құдаласып, құда түсу 

тойын істегеннен кейінгі жігіт жағының “берер шайы”, “есік, төр көрсету тойы, 

тілеуі” болмақ. Есік, төр көрсету тойының мақсатты қыз жағына жігіт жағының 

ерекшеліктерін таныстыруға саяды. Көне дәстүр бойынша есік, төр көруге қыз 

жағынан бір-екі адам баратын болса, кейін келе көп адамдар әдейі “сынау” 

үшін де баратын болған. Есік, төр көруге барған қыз жағының қандайда бір 

қылықтарын жігіт жағы дәстүр бойынша көтеріп, кең пейіл, көмпістік, 

жомарттық танытулары тиіс. Алайда, өмірдс қыз жағының кылығы дәстүрден, 

шектен шығып кетіп, кейде келіспеушілікке ұрындырып, аяғы “насырға” 

шауып кететін жайттар да кездесетіні жасырын емес. Сол үшін есік, төр көру 

тойына да аса жауапкершілік қажет болады. Құдалар есік, төр көріп болған соң, 

жігіттің әкесі қалың малдың алғашқы бөлігін бөліп беретін ғұрып бар. Бұл 

құдалардың серттерінің кепілі де балмақ. Есік, төр көрсету тойы кезінде екі 

жақта “іштей сынаса отырып” өз ерекшеліктерін бір біріне алдын ала көрсетіп 

алады. Екі жақ ауыл, ру, тайпа намысын қорғауға тырысады. Алайда екі жақ 

сырт көзге күлкі болмауға бірлесе талпынып, олар “досқа күлкі, дұшпанға таба 

болмауды” мақсат етеді. 

 

Күйеу кәде, құда кәделер. Казақтың үйлену дәстүрінде кәденің түрлері 



көп. Кәде “үйленуге” сай берілетін әртүрлі сый-сияпат, ақы, алыс-берісті. 

Кәденің бастысы “күйеу кәде”, “құда кәде” болмақ. Қазақта “қалыңсыз қыз 

болса да, кәдесіз күйеу болмайды” дейтін тәмсіл бар. Бұл күйеу баланың ата-

анасы деген және қайын жұртына бағытталған, қалыңдығы “үшіні сый-сияпат, 

құрмет белгісі болмақ. Күйеу кәденің түрі көп. Кенеттен әкеде түрі шығып 

жатады. Бастыларына келсек “қалыңдықты көру кәдесі”, “ат байлар”, “желі 

тартар”, “ит ырылдатар”, “бақан салар”, “үйге кірер”, “кемпір өлді”, 

“шымылдық ашар”, “төсек салар”, “қыз құшақтатар”, “көрпе қимылдатар”, “қыз 

қашар”, “күйеу қашырар”, “кереге керер”, “шаңырақ көтерер”, “уық шаншар”, 

“туырлық жабар”, “үзік жабар”, “түндік жабар”, “бау-шу байлар” деген сияқты 

көптеген кәделерді күйеу бала және оның қасындағы дос-жаран, құдалар 

береді. Күйеу кәденің бір мағынасы қалың малды әке-шешесі берсе, күйеу 

“күйеу кәде” бермек. Күйеудің өзі үнатқан қалындығына қаншалықты кәде 

бергендігімен оның жомарттығын да қайын жұрты адамдары “іштей” баға 

беріп, қорытындылар жасап жатады. Кәдемен ешкім “қабырға жаппайды”. Бұл 

базынашылық әдет ғұрып. Дер кезіндегі “көңіл тойдыру” болмақ. Күйеу балаға 

кәдені әке-шешесі дайындап беретін салт бар. Кейбір күйеулер беретін 

кәдесінің көп бөлігін өзі де дайындап алады. Оларға зергер, ұста, қолы өнерлі 

жігіттер жатады. Кәдесіз болған күйеу балаларды халық жақамайды. Оны 

“қалындығын”, “қара орман қайын жұртын сыйламады” деп сөгетін салт бар. 

Содан да “Күйеу кәдесіз болмайды” деп көреді халық. Сол сияқты куйеу бала 

қалыңдығын алып кетуге барғанда, қалыңдығын дәстүр бойынша көрші үйге, 

ауылға жібереді. Қыз қашып кеткен болады. Күйеу оны іздеп барып, тығылған 

үйінен тауып алады. Қызды тауып алуына көмектескендеріне күйеу бала тағы 

да кәде береді. Бұл кәдені қазақ дәстүріндс “қыз қашар” кәдесі деп атайды. 

Қазақтың көне дәстүрінде ұзатылар қыз жақын үйлерге барып қоштасады. Сол 

кезде қалыңдықты құрметтеп, қыз-жігіттер, құрбы-құрдастары қалыңдықты 

“кілемге отырғызып” ауыл қыдыртады. Кілем ұстаушылар, кілемнің шетін 

ұстаушыларға күйеу бала “ақы төлейді” яғни кәде береді. Бұл кәдені қазақ 

дәстүрінде “қыз көгерер” кәдесі деп атайды. 



 

Ұрын бару (күйеу түсіру), ұрын тойы, кәделер. Қазақ ұлтының үйлену 

ғұрпында күйеу қайын жұртына қалындығымен дәстүр бойынша ресми кездесіп 

жүздесуге барады. Бұл әдет ғүрып та өзіндік дәстүр аясында, жол-жосын, 

жоралғылар аумағында өтеді. Жігіт әкесі құдалар жағына қалың малды 

жартылай немесе толық төлеген соң құдаларына “қолқа салып”, ұлын 

қалыңдығына жіберуге рұқсат алады. Бұдан кейін күйеу жігіттің жанына бес-

алты өнерлі жолдас жігіттерін ертіп беріп, жігітті қайын жұртына, 

қалыңдығына “ұрын жібереді”. Мұны қазак дәстүрінде “ұрын бару” дейді. Бұл 

“бұрын бару”, “үйленбей тұрып алдын ала баруға” саяды. Куйеудің “ұрын 

келуіне” орай қайын жұртында болатын той тілеуді “ұрын тойы” деп атаған. 

Той арқылы ынтызар екі жасты жеке кездестіру болмақ. Оған жағдайлар 

жасалады. Ұрын барған күйеудің де атқарар ғұрпы көп болады. Бастысы “күйеу 

кәделер” болмақ. Бұл күйеудің қалыңдығы үшін көмек еткендерге және 

қалыңдықты асырап сақтаған әке-шешесіне беретін “ақылары” балмақ. Ұрын 

баратын куйеуге әке-шешесі, ауыл аймақ, туыстары көмек етеді. Бастысы әке-

шешесі. Олар баласына “ілуге”, “есік ашуға” деп кәделер беріп және мал-мүлік, 

сый-сияпатқа көп дүниелерді береді. Күйеу ұрын келе жатыр деген хабар 

естіген қалындықтың әке-шешесі, ауыл аймақ, туыс туғандары түгелдей дерлік 

дайындықтар жасайды. Бұл олар үшін “сын” болмақ. Күйеудің қарасы көрінген 

соң, ауылдың әйелдері, қыздары куйеу баланың алдынан шығады. Күйеу бала 

ауылдан алысырақ атынан түсіп “тәжім етіп”, ауылға беттейді. Бұл әдептілікке 

саяды. Күйеу алдынан шыққан қыздың жеңге, құрбы қыздарына күйеу 

“ентікпесін басу” кәдесін береді. Бұған асыл пұлдар таратылады. Күйеуге 

арналып арнайы үй тігіскен әйел, қыз, жігіттерге “шатыр байғазы”, “шатыр 

кәдесі” беріледі. Күйеу балдыздарын көргендігі үшін “балдыз көрімдігін”, 

“балдыз байғазысын”, “балдыз кәдесін” береді. Қыз әкесінің үйіне “тәжім” етіп, 

босағасын аттаған соң, дос жігіті босағаға “ілу кәдесін” іледі, кәделерін таратып 

береді. Күйеу бала үлкендерге көрінбей, қыз-келіншектер ортасында отырады. 

Оған үлкендер табағынан “төс” ұсынылады. Мұның қарымтасына күйеу “төс 

салар” кәдесін береді. Бұл кеште ауыл жастары күйеу баланың “ұрын келген” 

құрметіне “кінә менде” (қына менде) ойын сауығын ұйымдастырады. Бұл 

ойынның мәні сауық кеш жүріліп, он күй, би сияқты өнерлер көрсетіледі. Бұл 

жүрілген сауық сайранды әр түрлі атайды әp жерде. Кей жерлерде күйеудің 

жолдастары мен қалыңдықтың құрбы қыздары “айтысады”. Өзара сайыса он-

күй, би өнерлерін көрсетеді. Жеңілген жағы жеңген жағына сыйлық береді. 

Осыны “кінә менде” деп атаған. Ал кей жерлердегі қазақтарда Мұны 

“қалыңдық ойнау”, “ұрын келу” десе енді бір жерлерде “қына менде”, “кінә 

менде” деп те атап жатады. Алайда мағынасы біреу. Ертеңгесі “ұрын той” 

жалғасып, ән-күй, би жүріліп, күрес, ат бәйгесі, алты бақан, жамбы ату сияқты 

сауық сайрандар жүріліп, осы кезде “қыз қашар” ғұрпы істеледі. Бұл дәстүр 

бойынша кешке киіз үй керегесіндегі туырлығын түріп немесе “жабықтан” 

каралып, ел тамашалауға лайықтаған үйде ақындар айтысып, ән-күй шертісіп, 

би биленіп, ойын көрсетіледі. Түн ортасы ауа ойын сауыққа қатысқан екі жақ 

екіге бөлініп, бір тобы қалыңдықты тартып әкетпек болып, келесі жағы қызды, 

қалындықты “бермей”, “қалыңдық тартыс” ойынын ойнайды. Қалыңдықты 

күшпен ала алмайтынын аңғарған жігіттер тобы, қалыңдық жағына “қалыңдық 

тартыс” кәдесін береді. Бұдан кейін қалыңдықты кілемге отырғызып, әкесінің 

үйіне енгізеді. Бұл жолы “қызды кілемге отырғызар” кәдесі төленеді. Күйеуді 

атасының үйіне алғаш шақырған қыз жеңгесі “күйеу шақырар” кәдесін алады. 

Бұдан кейін күйеу дәстүрлі кәделерді үлестіреді. Онда: куйеу бала желінің 

жанынан өткендігі үшін “желі тартар”, үйге таяғанда “ит болып” ырылдаған 

қыз жеңгесіне “ит ырылдатар”, алдына бақан тастаған калындықтың жеңгесіне 

“бақан салар”, кәде жоралғыларын “төлеген” соң, қалыңдықтың әке-шешесінің 

үйінің табалдырығын аттағаны үшін “үйге кірер” кәдесін береді. Бұл кәдеге 

түйе немесе жорға, жүйрік ат беріледі. Үйге кірген күйеу бала шаңыраққа, отқа, 


әруақтарға, қалыңдықтың әке-шешесінс үш рет иіліп сәлем береді. Осы кезде 

қарт бір ана күйеуге бір қасық май беріп оны ошақтағы отқа құйдырады. Лап 

етіп жанған оттың жалынына барлығы алақандарын тосып, “Киіз үйдің иесі, 

жанған оттың иесі, Ұмай Ана риза болсын”, “Оттай опалы бол”, “Оттай қаулап, 

ұзақ жас бер” деп алдымен маңдайына, бұдан кейін төстеріне тигізу ырымы 

жасалады. Қалыңдық шешесі үйге кірген күйеу баласына ақ дәмнен “дәм 

татқызады”. Осы уақытта қалыңдықтың төсегі алдында жатып алған, “өтірік 

өлген” болған кемпірге “кемпір өлді” кәдесін береді. Кемпір “тіріліп” тұрады. 

Қалыңдықтың төсегінің шымылдығын ашқан қыз жеңгелері шымылдықты 

ашқандарына “шымылдық ашар”, төсек салғанына “төсек салар”, күйеу бала 

мен қалыңдықтың қолын ұстатқанына “қол ұстатар”, құшактатқанына “қыз 

құшақтатар” (қалындық құшақтатар), шаш сипатқанына “шаш сипатар, 

мандайынан иіскеткеніне “мандайынан иіскетер”, көрпелерін жапқанына 

“көрпе қимылдатар” (көрпе бұлкілдетер), ертеңіндегі қыз пәктігі үшін 

жеңгелері “пәктік кәдесін” де алатын болған. Қазақтың үйлену дәстүрінде 

күйеудің қайын жұртына барғанда беретін сый-сияпты көбірек болған. Мұны 

қазақ халқы “Күйеу бала зат алып жатқан жоқ, ол “жанды адам” алып жатыр, 

шыдаса толей берсін” деп те керіледі. Ұрын тойын, келін түсіру тойына ұқсас 

деп көрсек, “күйеу түсіру” (қалыңдық жағынан көргенде) деп атаса болғандай. 

Яғни ұрын тойы күйеу түсіру тойы болмақ. Ұрын тойы кезінде қалыңдықтың 

жанашырларынын бірі күйеу бала мен қалыңдықты және дос жарандарын 

“жақынырақ таныстыру” үшін, яғни бәрі “жақындасу” үшін оларды шақырып 

қонақ етеді. Халық дәстүрінде тойға шақырған үй “болыс үй”, ойын сауық, 

сауық сайранды “болыс той” дейді. Бұл той күйеу бала мен қалындықтың емін 

еркін жүруіне жасалған аз да болса жағдай болмақ. Еріп жүрген жастар да 

жырғап қалады. Олардың кейбірі өмірлік келешек жарларына осы “болыс 

тойында” да танысып жататыны жасырын емес. Ұрын той аяқталған соң күйеу 

бала, достарымен еліне қайтады. Қалыңдық әкесі күйеу баласына жүйрік 

немесе жорға ат мінгізеді. Күйеу баланың жолдастарына бір-бір ат беріледі. 

Күйеу баланың бос қалған “қоржынына” көптеген сыйлық, жоралғылармен 

тотырылады. Мұны қазақ дәстүрінде “қап түбі” деп атаған. Күйеу балаға 

қалыңдығы: “Қайын сіңлі, жеңгелеріме бер” деп сақина, жүзік, білезік, сырға 

басқадай асыл әшекей бұйымдар түйілген түйіншек, орамал береді. Күйеу 

баланы жастар тобы, қыз жеңгелері, ауыл адамдары жаяулап шығарып, белгілі 

жерден аттандырады. Күйеу баланың “ұрын баруы” да үлкен дәстүр. Бұған 

шығатын қаражат, екі жақтан да бірдей шығады. Шамалас қаражат 

шығатындықтан қай бір жағы шығындалмайды. Дәстүр бойынша үйлестіріліп 

жататыны болса керек. 

 

Киіт, киіт беру. Қазақ халқының үйлену дәстүрінде құдалықтың көптеген 



сый-сияпат, тарту таралғы, кәде, жосын жоралғылары, “алыс-берістері” болып 

жатады. Олар қазақи салт-дәстүр, әдет-ғұрып аясында жүріліп, үйлестіріліп 

жатады. Осындай сый құрметтің бірі “киіт” болмақ. Киітті “құдаласудың 

белгісі”, “алғы шарттарының бірі” деп көреді халық. Содан да қазақта 

“Құдалық белгісі киіт, қоныс белгісі бейіт” дейтін тәмсіл бар. Киіттің басқадай 

жоралғы, сый-сияпаттан айырмашылығы, оның киім, пұл түрінде “басымырақ” 

берілетіндігі. Алайда, кейбір “құдалық белгісінде” берілетін заттар да “киіт” 

аталып жататыны жасырын емес. Тарихи деректерге жүгінсек, қадым 

замандардан бері қарай “киітке” асыл киімдер тарту етіліп келгеніне куә 

боламыз. Бұған Шыңғыс қағанның жас кезінде шешесінің киітке келген 

“бұлғын ішігін” Тұғыр ұл қағанға тарту еткені жайлы дерек дәлел болмақ. 

Қазақ байлары киітке “құндыз ішік, қасқыр ішік, қабылан ішік, түлкі ішік” 

тағысын тағыдай асыл терілерден тігілген ішіктерді киітке, құдаларына 

бергендері жайлы да мәліметтер кездеседі. Сен сияқты киітке асыл заттар, 

кілем кілемше, асыл пұлдар да беріледі. Киіт сөзі “киетін сый” деген сөзге 

саятын сияқты. Содан да киімге киіт сай келмек. Киітті екі жақ яғни құдалар 

жағы бір біріне беріседі. Киіттің “кездеме” түрі де болады. Киітті берудің өз 

жосын жоралғысы бар. Көбінде құдалар “құйрық-бауыр” жесіскен соң киіт беру 

басталады. Киітті берерде туыс туғандар жиналып, құдаға табыс ететін ғұрып 

бар. Ең жоғарғы киіт қыз, жігіттің әке-шешелеріне, одан кейінгілері бас 

құдаларға, қалғандары келесі дәрежелі құдаларға үлестіріледі. Қазақта “Киітсіз 

құда болмайды” десіп жатады. Киітпен ешкім байып кетпесе де “көңілдік”, 

“сыйластық”, “құдаластық” белгісі “базынашылығы” болмақ. Киіт беру ғұрпы 

сан ғасыр жалғасқан қазақи салт. 

 

Қалың мал. Қазақ халқының үйлену ғұрпының бір негізгі салты, ол 



“қызға берілетін” яғни “қыз үшін төленетін мал, дүниелер” болмақ. Қалың мал 

туралы әртүрлі, әр жақты түсініктер бар. Бір тобы “қызды заттай көріп, сатып 

алу”, әбестік, әйел адамды қорлау, тозығы жеткен ғұрып десе, енді біреулері 

қыздың жасауы, әртүрлі той-тілеуі, кәделерге, киім кешектеріне жігіт жағынан 

төленетін төлем деседі. Ал, енді біреулер қазақтардың құдаласуының қаражаты 

тең келеді. Жігіт жағы қалың мал берсе, қыз жағы жасау береді. Шамасы тең 

төлемдер, Мұнда сөкеттік жоқ деседі. Неде болса қазақ қазақ болғалы қалың 

мал, жасау беріліп келеді. 

Мұның түпкі тегі құдалармен қатар екі жастың келешегіне, олардың үй 

болып қалыптасуына да белгілі мөлшерде себі тиері қақ. Қалың мал, қазақ көп 

малды кезде қалыптасқан дәстүр. Бүгіндері мал орнына басқадай да бағалы 

заттар, ақшалар жүрілуде. Қазақтың қалың малының жүйесі болғанымен, оны 

кез келген қазақ адамы орындай алмайды. Себебі әркімде әліне қарай мал, 

дәулет болады. Байлар байларша, кедейлер кедейлерше қалың мал берген. 

Қалың малдың қосымша берілетін түрлері де көп. Барлығы қалың малға саяды.  

 

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдын басындағы қалыңмал мен жасаудың 



мөлшері және оның құрамына келсек деректерге қарағанда қазақ арасындағы 

қалыңмал есебінде бұрын-соңды негізінен төрт түлік (түйе, жылқы, ірі қара 

қой) мал беретін. Мұнымен бірге сауда-саттық ісіне жақын болған кейбір 

құдалар арасында мал басын ақшаға шағып, ақшалай төлеу немесе малға қоса 

ақша беру де орын алған: (ф. 17, д. 3361, л. 3; д. 3717, л. 2; д. 3064, л. 2—3; д. 

3556, л. 10, ф. 78, д. 2564, л. 1, Ф. Лазаревский, № 154; И. Алтынсарин, 105; Л. 

Баллюзек 176; М. Леваневский, 76; Н. Изразцов 27—89). Бірақ қалыңмалды 

ақшадай төлегеннің өзінде, оның мөлшерін мал санымен белгілейтін. 


Қазақи қалың мал жүйесіне келсек; 

Бас жақсы. Қалың малдың “ең бастысы, жақсы” бөлігі. Бұған төрт асыл 

мүлік, мал жатады. Оларға мылтық, сауыт, жүйрік ат, атан түйе. Бұлардың 

әрқайсысы бес ірі қараға баға санады. Сонда бас жақсы 20 ірі қараға тең келеді. 

Көбінде 20 жылқы беріледі. 

Қара мал. Бұл қалың малдың негізгі бөлігі. Әркім өзінше төлейді. Бір 

жиырмадан шамасынша бірнеше жиырма басты ірі қара беріледі. Бір жиырма 

— 

20 жылқы. Кей жерлерде бір 47, бір 37 деген де мөлшер бар. Бұл 47, 37 



жылқы деген сөз. Көне мал құрамы өзгертіліп беріледі. Бұл қаралар еселенеді. 

Ілу. Дәстүр бойынша күйеу жігіт қалындығына ұрын барғанда қыздың 

әке-шешесінің қызын асырағаны, тәрбиелегені ақысына беретін мал. Бұл да әр 

түрлі. Кей жерлерде 10 түйе, кейде 30-80 жылқыға дейін төлейді. 

Той малы. Қыздың ұзатылу тойына жігіт жағынан берілетін мал. Саны 20-

70 бас жылқыға жетеді. 

Сүт ақы. Қыздың, қалындықтың анасына қызын адам етіп, ақ сүтін емізіп, 

асырағаны үшін берілетін ақы. Ақы мөлшері 1-7 түйе. 

Жігіт түйе. Күйеу баласының атасына, қалындығын асырап адам еткені 

үшін берілетін ақы. Мөлшері 2 түйеден аспайды. Тарихи деректерге жүгінсек 

қазақтың ең көп қалың малы байлар үшін 200 ірі қара, 1000 қой, 100 байтал, 

орташалары 75-100 бас ірі қара, нашар жарлылары 20-40 ірі қара, тақыр 

кедейлер 10 бас ірі қара беретін болған. Бұлдәстүр қазақ халқы малды кездегі 

дәстүр. Бүгіндегі мұндай мал табу қиын. Содан да қалың мал басқадай бағалы 

асыл зат, ақшаға ауысқан. Қалың малсыз үйлену, ягни қалың малды “ескінің 

қалдығы” деп көрушілік те баршылық. Алайда жасырын қалың мал өсіріп 

алысатын да жайттар кездесуде. Неде болса қалың мал қазақтың үйлену 

дәстүрінің бір құрамдас бөлігі болмақ. Қалың малдың кей бөлігі кері “кәде 

түрінде” қайтарылып жатады. Қалың малдың ең шағын түрі, шамамен он бес 

малдан тұрады. Мұны “дөңгелек қалың мал” деп атайды. Қырықжеті байталдан 

тұратын қалың малды “домалақ қырық жеті” деп атайды. Қалың малдың “бас 

жақсы” бөлігіне қосымша төрт түйе беруді қалың малдың “аяқ жақсысы” деп 

атайды. Орташа қалың малды “балама қалың” деп атайды. Шамасы 20-40 бас 

мал арасында болмақ. Қалындығы өлсе, күйеу бала оның “інісіне” үйленетін 

ғұрып бар. Мұндайда күйеу “балдызы үшін” беретін қалың мал “балдыз қалың” 

деп аталады. Қалың малға қосымша екі түйеден жоғары беруді “жігіт түйе” деп 

атайды. Кей жағдайларда қалың малдың мөлшерін жобалап келіседі. Мұны 

“кімсіз қалың мал” дейді. Қалың малдың малдай бөлігін “тірісі” деп, ал елі 

дүниелерді, мүліктерді жасау, жыртыс тағы басқадай дүниелерді “өлісі” деп 

атайды. Tipi бөлігін кейде “аяқты мал түрі” деп те беріледі. Қалың малдың “тірі 

әдісі” деп мал мен мүлікті атайды. 

 

Жасау, жасау беру. Қазақтың үйлену дәстүрінің бір қыры “жасау” ғұрпы 



болмақ. Бұл қызына әке-шешесінің беретін қалың малдың “қарымтасы” іспетті 

дүние мүлкі, малдар болмақ. Жасау берудің мөлшері қалың мал мөлшеріне 

негізінен пара-пар келеді. Жасау сөзі “жаңадан жасақтау”, “жасау, істеу”, 

“жаңадан іетелген, жаңадан жасалған” деген сөздермсн тектес, түбірлес, 


мағыналас келеді. Жасаудың негізгі құрамы: жаңа ақ отау, төсек-орын, киім-

кешек, қару-жарақ, құрал-жабдық, жүйрік ат, сойыс малы және ірілі-ұсақты 

сыйлық бұйымдар, басқадай дүниелер беріледі. Қазақ дәстүрінде ақ отаудың 

шаңырағы мен екі керегесін және үйдің жарты киіз жабдығын күйеу жағы 

беріп, күйеу әкелетін дәстүр бар. Кейінгі кезде күйеу жағы ұлына отау көтеріп 

беретін де дәстүр қалыптасуда. Ертеде қазақтарда тұтас жаеау төмендегідей 

болған: Отау үй, атан түйе, ер шылбыр, үзеңгі, өмілдірік, құйысқан, жүген, 

жәмші, қамшы, ыдыстан: таған, қазан, аяқ-табақ астау, шара, ожау, күбі, келі, 

кебеже, асадал, саба, торсық, үрген қарын, қасық, шөміш, құмған, төсек ағаш, 

жүк аяқ, кебеже, әбдіре, аяқ, киімнен: сәукеле, көйлек, желек, дамбал, тон, етік, 

белбеу ішік, төсек орын, жастық, көрпе, киіз, шымылдық, түе киіз, кілем, 

сырмақ, алаша, қару-жараққа: ертұрман, садақ, түзу мылтық, берік сауыт, 

қалқан, берен қылыш т.с.с. кілем 2-3, кейбір киімдер “тоғыз тоғыздан” тон ішік, 

көйлек-көншек, шапан тағы басқалар берілсе, құрал-жабдықтарға балта, шот, 

төс, балға, пышақ, түрпі, ара, ине, талыс, үскі, сапсалғы, біз, сыдырғы, мәкі 

тағы басқалар жатады. Жалпысы жасауға бір үйде болатын барлық дүниені 

түгендеп беруге әке-шешесі ұмтылады. Жасауға туыс туған адамдар көмек етіп, 

“үлес қосатын” да дәстүр бар. Бай адамдар қызының отауының шаңырағын

кереге көгін, есіктің босағасын түгелдей дерлік құймалап, күмістеп, алтындап 

беретін болғаны жайлы тарихта деректср баршылық. Жасауды әркім өзінше 

береді. Қызына жасау беруді әке-шешесі өздерінің міндеті деп көреді. Әке-

шешесі қыз жасауын ерте дайындайды. Содан да қазақта “Жасауды алты 

жасынан жинасаң асады, жеті жасынан жинасаң жетеді” дейтін тәмсіл бар. 

Жасауды кей жағынан қыздың “еншісі” деп көруге де болады. Алайда енші 

кеңде жасаудан бөлек, тысқары да берілетін құрыш бар. Сол сияқты “сеп” деп 

аталатын әдет те баршылық. Септі жаңадан түскен келіннің жасауы кейде 

қоржыны “кәдесі” деп те түсінуге болады. Септі ауылдың сыйлы адамдары, 

кейде абысын-ажын, жеңгелері “сөгеді”, ашады. Содан да қазақта “Келін 

келгенде көр, “себін жайғанда кер” деген сынау сөз тіркесі бар. Жасауды 

абысын-ажын алдымен ашып, “ашқаны үшін кәде” алады. Ол жасау 

қоржынның “аузында” салулы да келеді. Кейде келіннің ата-енесі “жасау кәде” 

деп те береді. Жасауды жаюды “сеп” деп те көруге болады. Жасауға не әкеліпті 

деп жұртқа алғаш таныстыру болмақ. 

 

Қыз ұзату, қыз ұзату тойы. Қазақ халқының қалыңдық пен күйеу балаға 



қатысты дәстүрлер өткеннен кейін, екі жақтағы құда-құдағи, туыс туғандар 

келісімге келген соң “қызды ұзату” қамы ойластырылып, дәстүр бойынша қыз 

ұзатылады. Қыз ұзату әр жердегі қазақтар ғұрпында әртүрлі. Бір жердегі 

қазақтарда күйеу бала ұрын келгенде қайтарында “қызын ертіп” ұзатып 

жібереді. Енді бір жерде күйеубала ұрын келіп кеткен соң, артынан қызын 

шешесі, бір-екі адам ертіп, “жасауын түйеге артып, кошіріп” қызын ұзатып 

барады. Тағы бір жерде күйеу бала ұрын келіп кетіп, қайтадан қалындығын 

іздеп келіп ертіп кететін дәстүр бар. Басқадай да қыз ұзату ғұрыптары 

кездеседі. Сондай дерлік “қалыптасқан қыз ұзату” дәстүрі жоқ. Әркім, әр ауыл, 

әр сүйек, тайпалар ерекшелігіне сай әркім өз қызын өзінше ұзатуға құқылы 

балмақ.  

Алайда, қазақи қыз ұзату ғұрпы да бар. Оның бастысы күйеу баланың 

келіп, қалыңдыған алып кету болмақ. Бұл жағдайларда да “күйеудің ұрын” 

келгеніндегідей ұқсас көптеген ғұрып, жосын жоралғылар істеледі.  

 

Қызды ұзатардан екі-үш күн бұрын күйеу бала бес-алты өнерлі 



жолдастарын ертіп қалыңдығы ауылына келеді. Олар арнайы кәде, мал-мүлікті 

ала келеді. Бұл жолы күйеудің апаратын сыйлықтарының бастылары «сүт ақы», 

«той малы», «жыртыс», т. б. көптеген кәделерге деп мал, шапан, орамал, күміс 

ақшалар алады. Қызға жасау ретінде берілетін отау үйдің киізін кейде 

жартылап (Н. Гродеков, И. Алтынсарин, А. Диваев), кейде отаудың шаңырағы 

мен босағасын да күйеу әкелетін көрінеді. Ал, қалған жабдықтары түгелдей қыз 

әкесінің мойнында болады. Негізінен отауға керекті киіздің жартысын не 

барлығын әкелу құдалардың жағдайына және келісуіне қарай жасалады да, ал 

міндетті түрде киіз үйдің шаңырағын және босағасын әкелу ертеден келе 

жатқан халықтық әдет-ғұрып. Жасаумен бірге отау тігіп беру әдеті қай 

халықтың болмасын көне замандарда басынан өткізген кезеңдерінде, яғни 

ерлердің әйелдер үйіне барып тұрмыс құратын матриархат дәуірінін. Қалдығы 

екендігін Г. Бонч-Осмоловский дұрыс көрсеткен. Өйткені мүндай жағдайда 

үйдегі бар мүлік, үй-жай әйелдікі болған. Ал кейін ол ерінің тұрағына көшкенде 

бар мүлкін бірге ала кететін. Міне, бұл көне дәуір халык есінде мүлде 

қалмағанмен, оның болымсыз қалдығы қызға отау беру дәстүрінен елес береді. 

Ал енді шаңырақ, босаға және киіз жамылғышын күйеудің әкелуінен отауды 

түбінде өзімдікі деу мақсатын аңғаруға болады. 

 

Күйеуді яғни жездесі атын көрмеге байлағаны үшін балдызы “ат байлар” 



ақысын алады. Қыз әкесі екі жасқа арнап, үйі артына ақ отау тіккізеді. Отау 

тігер алдында “құдай жолы” деген тілекпен “тілеу мал” сойылады. Үйдің 

керегесін көргені үшін “кереге жаяр”, “кереге керер”, уық шанышқандары “уық 

шаншар”, үзік жабысқандары “үзік жабар”, туырлық жабысқандары “туырлық 

жабар”, түндігін жабысқандар “түндік жабар”, бау шуын байласқандар “бау шу 

байлар” деп тағысын тағы дәстүрлі ақы кәделерін отау тігіскендер күйеу бала 

жағынан, өзінен алады. 

Отауды қыз әкесінің үйінің артынан тігеді. Отау тігуге ауылдағы балалы-

шағалы, ауқатты, бақытты, үлгілі деген әйелдер ғана қатысады. Әсіресе жаңа 

отаудын шаңырағын «осының бақ дәулетін берсін» дейтіндей мосқал тартқан 

әйелге көтертеді.  

Отау әбден тігілген соң үй тіккен қыз-келіншектер “отау байғазысын” 

құдалардан алады. Отау ішіне алдымен қалыңдықты кіргізеді. Ол үйдің қазан 

жағы босағасына барып, “оң аяғымен жерді бір теуіп” үйден шығып кетеді. Бұл 

ырым “Бұл отаудың иесі бізбіз” деген ишара болмақ. Бұл ғұрыпты күйеу бала 

да қайталайды. Жиналып үй тігіскендер “құдайы малдың етін жаңа отау ішінде 

жейді. Ет желініп болған соң сойылған қойдың мұжылған мойын омыртқасын 

күйеуге ұсынады. Мойын омыртқалар әдет бойынша бөлінбей түтасымен 


алынып, Сүйегіне тіс тимей мүжіген кезде де оны бөлмеу керек. Мойын 

омыртқаны күйеу қалтасынан алған жібек орамалға орап отаудың 

шаңырағынан тысқа лақтырып жібереді. Жібек орамалды «мойын тастар» 

кәдесі ретінде күйеуге мойын омыртқа ұсынған әйел алады. Шаңырақ кезінен 

сыртқа қарай мойын тастау әдеті болашақ жаңа отаудың түтіні әменде 

шаңырақтан шығып тұрсын, оты ешқашан да сенбесін деген тілек-арманға, 

магиялық сенімге байланысты қалыптасқан (И. Ибра¬гимов, 1966—1970 ж. 

Ерейментау, Шет, Көкпекті, Кеген, Сарыағаш, Маңғыстау өңірінде жиналған 

деректерден. Ал бұл әдетті орындау үшін малдың өзге сүйегін алмай тек кана 

омырылмаған тұтас мойын омыртқаны таңдаудың да өзіндік символикалық 

себебі болуы керек. 

Алаша, сырмақ, кілемдер төселіп, іргеге тұс киіздер ілініп, жүк 

жиналады. Күйеу мен қалыңдыққа арналған төсек қойылып шымылдық 

байланады. Қалыңдыққа арналған құнды жасаулардың біразы отаудың ішіне 

енгізіледі. Отау дайын болған күні кешкісін осы отауда күйеу мен қалыңдық 

алғашқы рет кездеседі. Кейбір авторлардың айтуынша, алғашқы кездесу қыз 

әкесінің үйінде шымылдық ішінде ұйымдастырылатын болған (А. Левшин; П. 

Маковецкий, X. Қостанаев, Леваневский; И. Изразцов, А. Диваев; ). Расында 

қыз әкесінің үйінде кездестіру ұрын келгенде міндетті болса, үйлену тойында 

міндетті болмайды. Сірә, қайын атасының үйінде алғашқы түнді өткізу отау 

берілмейтін - тым кедейлер арасында болған. Қайткен күнде де бұл кеш күйеу 

мен қалыңдықтың тағдыр ұштастыруының алғашқы түні есебінде көптеген 

дайындықты талап етумен бірге қалыңдыққа, оның ата-анасына, туған-

туыстарына үлкен сын сағаты болып есептеледі. Әр кісінің көңіліндегі белгісіз 

күдіктің не айығып, не әйгіленіп аяқталатын өте жауапты сәт. Бұл түннің де 

толып жатқан ырым, кәделері бар. Қыз жеңгелері күйеуден ұрын келгенде 

алатын кәделерін бұл жолы тағы қайталайды. Сондықтан бұрын айтылған 

әдеттерді бұл арада қайталамай тек аттарын келтірумен бірге, оларға қосымша 

орындалатын ғұрыптарды ғана баяндамақпыз. Кешке бір үйде жастар жиналып 

ойын-сауық, айтыс ұйымдастырылады. Түн ортасы ауған кезде қыздар мен жігіттер арасында қалыңдық үшін дәстүрлі талас басталады да, жеңгелердің 

көмегімен жігіттер жеңіп, қалыңдықты отауға әкетеді. А. Левшиннің айтуына 

қарағанда бұрынғы кезде тартысқа күйеудің өзі де қатысатын болған. 

Қалыңдық отауға келісімен төсек салынып, бірнеше жеңгейлер күйеу шақыруға 

барып, бақан аттар, ит ырылдатар ғұрыптарынан өткізіп, күйеуді әкелген соң 

отау ішінде кемпір өлді, төсек салар, көрпе қимылдатар кәделерін алып, төсек 

салады да, көрпе үстіне ақ шөберек (неке жаулық) төсеп, қалыңдық пен күйеуді 

жатқызып, шамдарын сөндіріп жеңгелер сыртқа шығады. 

Сөйтіп, отаудан сыртқа шыққан жеңгелер бірден кете қоймай, үй 

іргесінен құлақ салып тындайды. Таңертең қалыңдық төсегін жинауға келген 

жеңгелер әдейі төселген шүберектен қалыңдық адалдығының ізін көрсе, 

қуаныштары қойнына сыймай, шүберекті орап алып күйеуі және қыз 

апаларынан сүйінші сұрауға асығады. Мұндайда тілеуқор аналар сүйінші 

аямайды. Арулы қалындық құшқан күйеу тәуір киімдерін киіп, атына мініп

жолдасымен бірге қайын атасының алдына барып, қайын жұртына да, 

қалыңдығына да ризалығын білдіреді. Атасы да батасын беріп, тойды 

тездететіндігін айтады. 

Ал күйеудің осы кездесуінде қалындық таза болмай шықса, оның мұндай 

күнәсына күйеудің еш қатынасы болмаса, мәселе қиынға айналады. XVII—

XVIII ғасырда мұндай жағдайға душар болған күйеудің жолдастары таңертең 

ерте шындыққа көздері жетісімен күйеудің ерттеулі атын жарып, тәуір 

киімдерін турап, ер-тұрманын шапқылап қиратып тастайды. Әрине, бұған 

ешкімнің ара түсуіне хақы жоқ. Күйеу жігіт бас құда боп келген отағасын ертіп 

қай¬ын атасына барып, «алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды, 

мен қалыңмалды қатынға емес, қызға төлеп едім ғой» деп қалыңдықтан бас 

тартатынын айта-ды да, жолдастары жатқан үйге барып, жауап күтеді. 

Қыз әкесі жақын, жанашыр туыстарын шақырып, қызының кімдермен 

байланысын, оның мұндай масқаралыққа душар болуына кімнің себепкер 

болғандығын сұрастырып, анықталған күнде масқараланған ата қызын да, 

онын. Дәстүрді бұзып көңіл қосқан жігітін де түйеге асып өлтіруге дейін 

баратын. (М. Андреев, Позо¬рище... Г. Спасский, А. Левшин, ). Левшиннің 

айтуынша XIX ғ. басында қалыңдықтың күнәлілігіне байланысты мұндай 

жазаға бару өте сирек кездесетін. Күйеу тарапынан наразылық туған күннің 

өзінде қыз әкесі оған кісі салып кешірім сұрап, айып төлейтіндіғін білдіреді. 

Бұған келіспеген жағдайда, қалынмалын қайтарғысы келмесе, басы бос басқа 

қызын беруге келісімін білдіреді. 

Билер екі жақтың шығынын, кінәсін есептей келе қалыңмалдың белгілі 

мөлшерін ғана қайтартқызады. Мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда 

қалыңмалды түгел қайтаруға келісімін береді. Н. Гродековтың айту¬ынша, 

қызының абыройсыздығы үшін оның әкесі күйеуге бұрын үш тоғызға дейін 

айып төлесе, XIX ғ. соңында ат-тонға дейін төмендеген. Жалпы бұл мәселе 

аяқсыз қал-дырылмайтын. (Н. Гродеков, 67—68). Бұл арада айта кететін 

жағдай, бұрын-соңды қазақ арасында мұндай оқиғаның сирек кездесетіндігі. 

Өйткені казақ халқы Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін қыздарын негізінен 15-

16 жастың арасында ұзататындықтан, бұл жастағы кыз балаларының басқа 

біреумен көңіл табыстыруы мүмкін емес. Оған қосымша қазақ қыздары ата-

анасының әрдайым қатал бақылауында болатындығы олардың жағымсыз 

әдеттерден аулақ болуына әсерін тигізбей қоймаған. «Қызға қырык үйден тыю» 

дейді халық. Бұл оларды жеңілтектік мінезден, өзіне, ата-анасына ұят келтіретін 

әрекеттерден қорғаштау мақсатындағы тыйым екені даусыз. 

Қалыңдықтын күйеуге шығар алдындағы арулығын мұқият тексеріп, оған 

зор мән беру тек қазақ халқына ғана тән емес, оны басқа көптеген халықтардың 

өмірінен де кездестіруге болады. Қай халық қандай әдіспен тексеріп, оған 

қандай мән берсе оның әуелгі, негізгі мақсаты қыздарды әдептілікке, адалдыкка 

тәрбиелеумен тығыз байланысты. Шынында да қалыңдыктың арулық қасиетін 

жоғалтпай, заңды некеге дейін сезім тізгініне жол беріп, беті ашылмай, құтты 

орнына қонуы, бір жағынан ата-аналарға, екінші жағынан, өзіне үлкен абырой 

әперсе, келешекте де жаңа отбасының шын мәнісінде бақытты болуының 

маңызды кепілінің бірі екені ақиқат. Ұзату тойын бастаудың тағы бір дәстүрі 

қалындыққа арналып жасалатын баскиім-сәукеленің жасалып бітуі. Ауқатты 


адамдар көпшілік жағдайда сәукелені күні-бұрын жасатып кояды да, той 

басталардан бір күн бұрын, қыз жеңгесі күйеуден сәукеле байғазысын алады. 

 

Тойдың басталуынан бірер күн бұрын маңайдағы елдерге тойға 



шақырушылар жіберіледі. Жетісу қазақтарының арасында ұзату тойына 

маңайдағы ауылдарды тойдан бір күн бұрын барлық қымбат киімдерін сәндене 

киген қыз жеңгесі басына қалыңдықтың жаңа сәукелесін киіп, мойнына 

қоңырау тағылған күміс ертоқымды жорғамен жүріп шақыратын болған (Н. 

Изразцов). 

Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында күйеу отаудан шығып 

кеткенде, қалыңдықтың жанында қыз-келіншектер қалады. Ал жас жігіттер 

жиналып келіп, отауды қоршай тұра қалып, түндігін сыпырып алып көкпар қып 

тарту әдеті де болған. Бұған үйдегі қыз-келіншектер сойыл, қамшы, 

айбалталарымен қаруланып түндікті қорғауға шығады. Ақыр аяғында күйеу  

«түндік тарту» кәдесін беріп жігіттерді риза етеді де, олар жайына кетеді. 

Бұдан кейін отау алдына жар-жар айтатын жігіттер жиналады. Сырт 

қарағанда жар-жар калыңдықпен ауыл жігіттерінің айтысы тәрізді. Ал шын 

мазмүнына үңілсек, бір ауылда бірге өскен қыз-бозбалалардың бір-бірімен 

қоштасуы және бөтен елге кетіп бара жатқан қызды ауыл жігіттері онда да 

қайын ата, қайын ене, қайын аға, қай- ын, қайынбике, қайын сіңлілер бөтен 

емес, өз туысыңнан кем болмайды, үйренерсің деп жұбату айтады. Жат жерде 

әдепті болып көрегенділікпен көзге түссең сыйлы боласың, шыққан ордаңа сөз 

келтірмейсің деп ақыл-кеңес береді. Қазақстанның қай жерінде, қай елінде 

болсын айтылатын жар-жардың жалпы мазмұны бір сарында болғанмен, әр 

жерде әр түрлі үлгілері кездеседі. Әсіресе ақын-жігіттер жар-жардың сөзін 

алдын ала жазып, бұрынғы ел аузында жүрген жаттанды үлгілеріне үзінділер 

қосады. Қалыңдықтың да айтатын сөздерін алдын ала дайындайды. Қейде 

суырып салма жігіттер де, қалыңдык та өз жанынан қолма-қол шығарып, 

тыңдаушы жұртшылықты бірде өздерінің ұнамды әзілімен сергітіп, 

көңілдендіре түссе, енді бірде, көздеріне жас алдырып мұңайтады. Мұның өзі 

ауылдағы кейбір өнерлі жігіттер мен қыз арасында әр түрлі жағдайға 

байланысты айтылмай, сыртқа шықпай кетіп бара жатқан жүректің мұңлы 

лүпілі болса керек. Егер қалыңдық баратын жеріне, болашақ күйеуіне көңілі 

толмаса, әкесіне, ел жұртына жар-жар айту сылтауымен өзінің наразылығын да 

айтып салады. Бірақ бұл есепке алынбайды. 

Жар-жар айту тәртібі: Бір жігіт бастайды да, қалғган жігіттер керек 

жерінде қосылып айтады. Оған жауап ретінде қалыңдық бастайды да 

құрбылары қосылады, Жар-жар мазмұны төмендегідей болып келеді. 

 

Жігіт: 



Бисмилла деп бастайық жар-жар басын, 

Ұзақ қой деп жүрушем өмір басын. 

жар-жар-ау. 

Біразырақ көңілді көтерейік, 

Кетер болсаң шынымен қарындасым 

жар-жар-ау. 

Ел-жұртың жылайды сені қимай, 

Көздің жасын бұлайды көңіл тыймай. 

Қарындасым жылама бұл мирасқа, 

Кеткен жұмыс емес қой елге сыймай жар-жар-ау

Қарындасым жылама бұл мирасқа, 

Пайғамбар ұзатқан Фатимасын жар-жар-ау, 

Қыз: 

Текеметтің шеттерін оя тұрсын жар-жар-ау, 

Той басына ту бие соя тұрсын жар-жар-ау. 

Мен шешеме айтайын әкеме айт деп жар-жар-ау 

Мені десе биылша қоя тұрсын жар-жар-ау. 

Жігіт: 


Қызыл қыршын замандас, қызыл қыршын, жар-жар-ау, 

Қызыл қыршын ішінен кырғи ұшсын жар-жар-ау. 

Әкем бар деп арқаға медеу кылма, жар-жар-ау, 

Алып кетер мал берген сені кісің  

жар-жар-ау. 

Қыз: 


Түндігімнің төрт бауы бауымды, жар-жар-ау, 

Алты жеңгем сұрайды шашбауымды, жар-жар-ау. 

Алты жеңгем сұраса, аласың да, жар-жар-ау, 

Айналайын жан әкем, қаласың да, жар-жар-ау. 

Жігіт: 

Қара нөсер замандас, қара нөсер, жар-жар-ау, 

Қара мақпал сәукеле шашың басар жар-жар-ау.                                                                                                                                                     

Ата-анам қалды деп қам жемеңіз жар-жар-ау,   

Жақсы болсаң ата-ана онда да бар жар-жар-ау. 

Кыз: 


Есік алды қара су майдан болсын жар-жар-ау, 

Өткен күнге көңілім кайран болсын жар-жар-ау.  

Дүниеге келуге себеп болған жар-жар-ау, 

Қайын ата, әкемдей қайдан болсын жар-жар-ау, 

Он ай сақтап ішінде ақ сүт берген жар-жар-ау, 

Қайын ене анамдай кайдан болсын жар-жар-ау, 

Жігіт: 

Тағдыр жазды осылай, 

Сізді жатқа бұйырып. 

Амалсыз берді ата-анаң. 

Балама-ай деп күйініп. 

Насихат айтам қарағым, 

Қөңіліңе кірсін құйылып. 

Үлкеннің өтпе алдынан, 

Әдеп қыл көрсең иіліп. 

Жұртың мақтар сүйініп 


Жақсы болсаң қарындасым,  

Етек-женің түрініп. 

Әдепті бол шырағым, 

Көптен алғыс табам деп. 

Өз бағыңды кетірме, 

Өсек-аяң бағам деп. 

Некелеген жарына, 

Кішілік қыл жағам деп. 

Қайнағаң мен қайныңыз, 

Ойласын жақсы адам деп. 

Жалғыз емес жар жолдас Жаныңда бар, 

жар-жар-ау. 

Түзік болсаң жан ашыр, 

Онда да бар  

Кыз: 


Оң жақтағы бұл дәурен қайтып келмес, жар-жар-ау, 

Бөтен елге барған соң келін болып жар-жар-ау. 

Өз ордамдай алшақтар заман қайда жар-жар-ау. 

Ақ шүберек салған соң бөлек жайда жар-жар-ау

Тар құрсақтан бір шығып сүт еміскен жар-жар-ау, 

Өз ағамдай, інімдей бауыр қайда жар-жар-ау. 

Жұбатып жылағанға айтасындар, жар-жар-ау, 

Жат жұртқа оңайлықпен жағу кайда, жар-жар-ау. 

Қайран атам-анаммен, елім-жұртым, жар-жар-ау, 

Жүрегіме зафран болды пайда, жар-жар-ау. 

Жігіт: 

Әйел болып туған соң, 

Осылайша айтады. 

Тұз таусылса бұл елден, 

Сапар күнің жетеді. 

Жақсы болсаң өзіңнен, 

Осы елдей-ақ күтеді. 

Ардақтайтын асыл жұрт, 

Онда да бар жар-жар! 

Атаң тұтты аузына Пайғамбардың лебізін. 

Түсіргелі езінен, 

Мойнындағы парызын. 

Жарылқасын алдынан 

 

Айтылды жұртқа арызын 



Құтты болсын ақ ордаң, 

Аман бол енді жарқыным! 

(Қ. Халиди, 519). 

Кей уақытта жар-жар айту сылтауымен өзінің бар ойын, қызға деген 

ыстық сезімін лапылдатып, жат елге, сүймеген адамына кету үлкен 

бақытсыздық екенін, туған жер мен елдің ұзатылған қыз үшін қаншалықты 

ыстық болатынын, мәпелеп өсірген ата-ана, бетінен қақпай барлык назын 

көтере беретін аға-жеңге, құлынтайдай тебісіп жастық шақты бірге өткізген 

құрбы-құрдастардан еріксіз ажырап бара жатқанын айтып жылайтын ғашықтар 

да болады. Мұндайда қалыңдық жеңгелері оған токтау айтып, тоқтататын 

кездері де болады. Жар-жардың мұндай үлгісі де ел арасынан жиі кездесетін 

(XX ғ. басындағы ). Жар-жардың бұл түрін халық өте сүйіп тыңдайтын. 

Өйткені бұлар тұрмыс ақиқатынан алынған, шынайы шындықты шерткен 

ғашықтар лебізі. 

Жар-жар айтылып болған соң қалыңдық пен күйеуді қоршаған жастар ән 

салып, күй тартады, сыртқа шығып ақ сүйек, айгөлек сияқты ойындарды 

ойнайды, түн ортасы ауа тарасады. Ертеңінде қалыңдықты аттандыру қамына 

кіріседі. Ол үшін қалындық үйді-үйге кіріп ел- жұртымен қоштасады, молда 

жастардың некесін қияды, қызға берілетін жасауды бас кұда мен күйеудің 

серіктеріне көрсетіп оларды жолға дайындайды. Мұның бәрі бір-ақ күнде 

бітпей, кейде екі-үш күнге созылады. 

Ұзатылатын қыз өз ауылымен, көрші отырған жақын туыстарымен 

қоштасу үшін жас жеңгелерін, ауылдас құрбыларын, жасөспірім сіңлілерін 

ертіп, үйді-үйге кіріп танысады. А. Левшиннің айтуынша, Кіші және Орта жүз 

ішінде ел жұртымен таныса қоштасып шыққан қызды кілемге салып көтеріп 

жүрген, ал Ұлы жүз ішінде қыз өз аяғымен жүретін болса керек. (А. Левшин). 

Ауылымен қоштасу яғни  сыңсу айтады. Кейбір ақын қыздардың шығарып 

кеткен сыңсуы ел арасында көпке дейін ұмытылмай, айтылып жүреді. Қыздың 

ауыл аралайтын күні туыстары үйлерінде болады, әрқайсысы өзінше 

дайындалып, дастарқаннан дәм татқызады. 

Бірі балқаймағын қайнатса, бірі бауырсағын пісіріп, жаңа былғанған 

майы мен дәмді сықпасын, ірімшік, ежегеймен сыйлайды. Кіретін үйлердің 

саны мен қай үйде қанша кідіретін мерзімді бастаушы жеңгелері белгілейді. Түс 

кезінде кіретін үйге қозы да сойғызып, біраз тыныс алады. Түстен кейін тағы да 

жеделдетіп әр үйге кіріп,  тізе бүгіп, дәм татып, қош айтысып шыға береді де, 

кешке қарай өз үйіне оралады. 

Қоштасудың бұл түрінің негізгі мәні ол үйлердің адамдарымен ғана 

жүздесіп шығу емес, әр туыстың от орнымен, шаңырағымен қоштасып, сол 

шаңырақ иелерінен қазақ дәстүрі бойынша ескерткіш есебінде кұнды болса 

көпсінбей, арзан болса қомсынбай ықыласына ризашылық білдіріп, ұсынған 

сыйлықтарын қабылдап, оның көзіндей көріп жүру болса керек. 

Ы. Алтынсарин , И. Ибрагимов, Н. Израз¬цов және И. Гродековтардың 

еңбектерінде ел-жұртымен танысқан қызға кілемнен бастап білезік, жүзік, 

сырға сияқты заттарды сыйлайтындығы айтылған. Бұл сияқтылардың бәрі де 

қыз жасауына қосылады. 

Кешке қарай қыз әкесінің үйіне туысқандар кайта жиналып, жастардың 

некесін қию үшін молда шақырады. Неке қию мұсылман дінінің, яғни шариғат 

қағидаларына сай өткізіледі. Молда үйдің төрінде отырады, оның сол жағында 

қыз әкесі, шешесі, одан төмен қалындық, жеңгелерімен отырады. Ал, молданың 

оң жағында күйеуді бас¬тап келген отағасы - бас құда, одан төмен жолдастары 

мен күйеу отырады. Молданың қарсы алдында куәлікке жүретін инабатты үш 

жігіт отырады. Бұлардың екеуі кыз жағынан болса, үшіншісі күйеу 

жолдастарының бірі бола¬ды. Сырлы тостағанға су құйып, қыз анасы оның 

ішіне күміс жүзік, сақина не садақ жебесін, яки ішірткі жазылған қағаз салады, 

молданың алдындағы ақ шүберектің устіне қояды. Молда неке дұғасын оқып, 

куәлар арқылы күйеу- дің, қалыңдықтың, кұдалардың осы некеге ризашылығын 

сұрайды. Олар ризалығын беріп, тостағандағы судан бір- бір ұрттап молданың 

өзіне қайтарады. Молда тостаған ішіндегі бұйымдарды қалыңдыққа ұсына 

отырып, некенің берік болуын тілеп батасын береді. Қалыңдық ол затты 

жоғалтпай өзінде сақтау керек. Неке қию тәртібі осымен аяқталады. (И. 

Андреев, JI. Левшин,  Н. Гродеков, X. Кустанаев, П. Маковецкий, М. Бекимов). 

Қыз әкесі молдаға неке қиярды малдай не ақшадай береді. Ал, куәлікке 

жүрген жігіттер бір- бір шапан киеді. Бұдан соң үлкендер қыз әкесінің үйінде 

қалады да, жастар басқа үйге барып әңгіме-дүкен созыла түседі. Кешкі тамақ 

берілген соң тағы да ән шырқалады, айтыс, жарасымды әзіл гулейді, жеңгелер 

жеңілгендерден тоғыз алы- сып, сауыққой жастар кешірек тарайды. Үлкендер 

отырған үйде ақын жыраулар ескі жырлар мен қиссаларды жатқа айтып, 

тыңдаушы қауымды тамсандырып айызын қандырады. Келесі күні таңертеңгі 

шай ішіліп жайланған соң, күйеу жағынан келген бас қүданы барлық 

жолдастарымен қыз әкесінің үйіне шақырып, қызға берілетін жасауларын 

көрсетеді, құдаларға киіт есебінде жетектететін түйе, мінгізетін ат, кигізетін 

шапандарын атап-атап үлестіреді. Әдетте, болашақ отаудың көшер көлігі де, 

сауып ішер сиыры мен биесі де қыз әкесінің барлығына қа¬рай қыз жасауының 

құрамына кіреді. Сондықтан кұдаларға беретін мал санын да айтады. Тіпті 

ертеректе ірі байлар қыздарын ұзатарда кұл мен күң есебінде екі жетім не бір 

жетім беретін де дәстүр болған. 

Екі жетімнің бірі ұл, бірі қыз болады, ал бір жетім берсе, мүмкіндігінше, 

қыз беруді әрқашан орынды деп білетін. Бұл жетімдердің бар өмірі ұзатылған 

қалыңдык пен оның күйеуінің есігінде құлдықта, күңдікте өткен. Сондықтан да 

халық арасында мен сенің шаңырағыңа  шаңырак артқан түйеге мініп  кел¬ген 

басы байлы құлың не күнің бе едім?- деген мақал осы әдетке байланысты 

қалыптасса керек. Қызға берілетін жасауға, малға, кигізілген киіттерге құдалар 

ризалығын білдіргеннен соң, ертеден келе жатқан әдет бойынша, қыз әкесінен 

өз қалауы бойынша бір мал алады. Әкесінің құты деп есептелінетін белгілі 

айғыр, буралардан басқаның қайсысын алам десе де өз еркі, ешуақытта бетінен 

қақпайды. Мұндайда қалындық, көбінесе болашақ күйеуінің айтуынша, аты-

шулы бәйге, жорға аттарды калайтын. Әрине, егер күйеу көңіліндегі ат, қыз 

жасауы мен көлігінің құрамына енбеген жағдайда. Мұндай жақсы аттан ажырау 

қыз әкесіне қанша қиын болғанмен, қызының қалағанын беретін. Бұған «Ер 

Төстік батыр» ертегісіндегі оның калыңдығы Кенжекейдің әкесінен сұраған 

қалауы  шалқұйрық ат, ақсырмал сауыт пен құба інген мысал бола алады (Қазақ 

ертегілері, 1 т. 8). 

Бас құданың рұқсатымен енді қыз жасауы буылып, түйіледі. Бұл арада 

тағы да бірқыдыру кәделер берілуі керек, оған да тоқтай кетейік. Мәселен, 

төсек бұзар, шымылдық шешер, отау жығар деген кәделер үшін ақша берілетін. 

Ақшаны өзара бөліскен әйелдер қыз шешесінін немесе жөн білетін басқа 


әйелдердің басшылығымен барлык дүниені теңдерге буады. Әр теңнің арасына 

дәстүр бойынша тең шешкен әйелдерге арналып кішігірім сыйлықтар, яғни 

жібек орамал, көйлектік мата, күміс ақша, әр түрлі күміс әшекейлер (сақина, 

жүзік, білезіктер) салынады. 

 

Қалыңмал мен жасау мәселесіне кейінірек өз алдына жеке тоқталамыз, 



дегенмен бұл арада кызға берілетін жасау мөлшерінің нендей болатындығы 

жайында біраз мысал жөнелтумен тығыз байланысты. Ы. Алтынсарин қыз 

жасауы әркімнің әліне қарай түрлі мөлшерде берілетіндегін айта келе, өзінің бір 

танысы қызын ұзатқанда жасау артуға 25 түйе, 125 шапан, 50 кілем, 25 ішік, 

киіз үй, 5 жылқы (екеуі жорға) күміс ер-тоқым, төсеніш, көрпе-жастық, киім-

кешек ыдыс-аяқ, т. б. уақ-түйектер бергендігін баяндайды. (Ы. Алтынсарин ). 

Жасау кұрамына кіретін бұйымдардың әрқайсысы тоғыздан берілсе, 

кейбіреулер әр бұйымды он рет тоғыз-тоғыздан береді.  Бұған қосымша дәл 

аттандырарда қыз әкесі қызына да, күйеуге де төрт түлік малының ішінен бір 

малын таңдап алуға рұқсат етеді. Бірақ қалыңдық та, күйеу де бұрыннан алғысы 

келіп жүргендері болмаса, көпшілік жағдайда сыпайыгершілікпен бас тартады. 

Қайсыбір уақытта жасау қалыңмалдан екі-үш есе артық болған. Тіпті қызы көп 

үйлер ұзатылған қыздарына жа¬сау берумен шабылып, мүлде кедейленіп 

отырып қалатындары да болады. 

Қалындық, жасауы тиелген көштің сәнді, салтанатты болуын кыз әкесі 

мен шешесі кадағалайды. Жүк артыл- ған түйелердің үстіне үлкен-үлкен 

кілемдер жауып, үкі тағып, «бәле-жаласынан сақтай көр»,— деп аруақ-құдай- 

ға сыйынып, көшті алдынала жүргізіп жібереді. Қалыңдық пен күйеу аттанарда 

қыз әкесінің үйіне кіреді. Әкесі қыз бен күйеуге ақылын айтып, батасын беріп, 

рұқсат береді. Қыз әкесімен көрісіп қимайтынын ай¬тып жылайды. Қыздың 

аттанардағы сыңсуы осыдан басталады. Қыз әкесінің үйінен шығарда жақын 

туысынын мосқал тартқан әйелі алдын ала шүберекке орап қойған піскен ет, 

бауырсақ немесе тұз сияқты тағамды қыздың басынан үш айналдырып алып 

қалады. Бұл әдет халықтын кейбір діни түсініктеріне байланысты қалыптасқан 

яғни басқа жұртқа ұзатылатын қызбен бірге осы үйдің кұты, ырысы кетпес 

үшін істелетін ырым. Әкелерінің алдынан шыққан қызды жеңгелері басқа үйге 

кіргізеді де, қыз киімін шешкізіп алдын-ала дайындап қойған келіншек киімін 

кигізеді. 

Келіншек киімінің, өзгешелігі сол, тақия орнына сәукеле кигізіп, иығына 

желек іледі. Басқа киімдерін де көп айырмашылық бола қоймайды. Киініп 

шыққан қалындык оны шығарып салуға жиналған туысқандарымен, ауыл 

адамдарымен қоштасып, жылап жүріп, өлеңдетіп сыңсиды. 

Сыңсу сөзін әр қыз өздері шығару керек, құрбы, құрдастары да 

көмектеседі, кейде ақын жігіттерге шығартып жаттап алады. Бұрын айтылып 

жүрген сыңсу сөздерін қайталауды қай қыз болсын намыс көреді. Өйткені әр 

қыздың өзінің мұңы, арманы болады. Біреулер болған іске ризашылықпен 

көңілді түрде аттанса, екіншісі басына түскен тағдырға еріксіз мойынсұнып, 

сырттай ғана емес, іштей де жылап, арманда кетеді. Сондықтан сыңсудың 

мазмұны түрліше болады. Еріксіз малға сатылып, шалға кеткенін, барған 

жеріндегі болашағын көз алдына елестете келіп ата-анасымен, ел-жұрты, 

құрбы-кұрдасымен, жер-су мекенімен қоштасып айтқан ақырғы сөзі арман-

мұңы жиылған жұртты қатты елтітетіндей болады. 

«Қайран аулым қалды-ау, 

Қарасам көзім талады-ау. 

Әлпештеген ел-жұртым, 

Жылай да жылай қалады-ау. 

Бұлғақтап жүрген заманым, 

Білмей де қалдым өтерін. 

Малға мені сатқандай, 

Мен жұртыма жау ма едім. 

Жатжұрттық боп кеткен соң,  

Кетер-ау бастан сәулетім. 

Дәуренім менің өткен соң, 

Естіле жүрер дейсіз бе  

Не болып жүрген хабарым, 

 

Заманым қайып болар-ау, 



Көкірекке қайғы толар-ау. 

Ел-жұртым сенен айрылып, 

 

Санамен жүзім солар-ау (Көкпекті, 1967) 



«Ақ үйге салған үзігім, 

 

Қолыма салған жүзігім,  



Айналайын Мүсреп жан  

Көре алмай кеттім қызығын. 

Ақ үйдің сәні дөдеге, 

Ақ сұңқар ілер бөдене. 

Айналайын жан әке, 

Сенсіз сәнім келе ме?» (Шет, 1969). 

* * * 

Шыңырау-шыңырау құдықтың суы тәтті, 



Әке менен шешенің мейірі қатты. 

Қаттылығы мейірінің сол емес пе, 

Шырылдатып баласын малға сатты. 

Кигенім басымдағы аты сусар, 

Көп жылқы көкалалы көлде жусар. 

Ал кәнекей қалыңмалға сатып мені. 

Алпауыт шой қараға болдым душар (Іле, 1969). 

* * * 

Есік алды қара ағаш, 

Қабығын алсам жалаңаш. 

Мен жыламай кім жылар, 

Әке бір кәрі, бауыр жас. 

Қара ат мінсем, таға жоқ, 

Кәжине кисем жаға жоқ. 

Мен жыламай кім жылар, 

Алдымда өскен аға жоқ. 

Есіктін алды ошаған, 

Ұстатпайды қашаған. 

Қайта айналып келгенше  

Аман да бол босағам! 

Базардан келген кұйысқан, 

Тарамай шашым ұйысқан. 

Келіп те кетіп жүріңдер, 

Сағындырмай туысқан (Көкпекті, 1967). 

* * * 

Қалыңдықты күйеу еліне ертіп бару үшін қыздың шешесі, аға не інісі



жеңгесі, 2-3 қосшы жігіт, барлығы 5-6 кісі үлкен дайындықпен аттанады. Қазақ 

тәртібінде қызын ертіп баруға тек шешенің, болмаса шеше орнына жүретін 

жеңгелерінің баруы, бұл әдеттің көне сырынан хабар бермей ме екен?,- яғни 

аналық дәуірмен байланысты ма екен деген болжау жасауға болады. Бірақ бұл 

болжау терең зерттеуді қажет етеді. 

Қалыңдық пен күйеуге күміс тұрманды, үкіленіп Кы¬зыл шұғамен 

жабуланған жорғалар дайындалады. Қыз шешесіне де жүрісі жайлы көлік 

дайындалады. XIX ғ. соңында ірі байлар қыздарын ұзатарда оларға арнап 

Россия қалаларынан пәуеске деп аталатын күйме сатып алатын да, ұзатылған 

қыз бен шешесі пәуескемен жүретін. Мұндай салт ең алдымен Қазақстанның 

Россиямен шектес солтүстік шегінде мекендейтін қазақтар арасында болды. Ал, 

базары алыс көшпелі қазақтар ұзатылған қызға салт ат дайындайтын. 

Әдетте қыз аттанарда барлық ауыл адамдары жиналып үлкендері ауылда 

қоштасып қалады да, қыз-келіншек ауыл сыртына дейін жаяу шығарып салады. 

Қыздың, күйеудің, қыз шешесінің және күйеу жолдастың, аттарын ауыл 

жігіттері, қыз жеңгелері жетектеп келіп, тек қоштасар кезде оларды 

қолтығынан көтеріп, аттандырып, у-шу болып көрісіп, жыласып 

айырылысатын. Жиылған топ жүргіншілер ұзағанша көзбен ұзатып қарап 

тұрады. Ал қыз бен күйеу әдет бойынша орнынан қозғалып кеткен соң артына 

жалтақтап қарамау керек. Қыз бен күйеу бұрын кеткен жасау көшін қуып жетіп, 

әрі қарай жылжиды. Бұларға жолшыбай жолыққан таныс ауылдар ал¬дынан 

шығып шашу шашып, керек болған жағдайда сусындатып жібереді. Қыз елінің 

ең соңғы кездескен ауылдары қалыңдық, көшінің алдына арқан керіп кәдесін 

алмай өткізбейді. (Қарағанды, Алматы, Шымкент, ЭЭ, 1969).  

 

Ұзатылар қыздың “қосаға”, “доғалаңда” тұруы. Қазақ баласы белгілі 



жасқа келіп, одан ары оны ұл болса “отау иесі” болу, қыз болса “от иесі” 

болады деп көріп, ұлга сырттағы, түздегі, даладағы іс жұмыстарды істетіп, қыз 

балаға үй іш жұмыстарын істетіп тәрбиелеген. Жігіт балалар мал, етін, аң, 

балық шаруашылығымен, қыз балалар ас-су дайындау, киім кешек тігу, бау шу 

есу, кілем кілше тоқу, сырмақ тігу, кесте тігу, іс істеуге үйретілген. Қазақтар 

қыз баласын он екі жасқа толғанда “от иесі, отау иесі” болады деп, оны үйдің 

оң жағынан орын беріп, оң жаққа шығарады. Мұны қазақ дәстүрінде “қызды оң 

жаққа шығару” деп атайды. Осыған сай күйеуге шықпай қалған қызды “оң 

жақта отырып қалған қыз” дейді. Қызды үйдің оң жағына шығарғанда, оның 

төсек орнын оң жаққа салып, төсек жабдықтарын төсеп, төсек орнын 

көлегейлеп, шымылдық құрады. Шымылдықтың ішінде басқадай да қыздың 

өзіне қарасты дүниелері қойылып, жиылып, үй ішінен “кішкентай үйшік” 

істеледі. Бұл үйге ұқсас “бұрышты” “қыздың үйі” немесе қазақ дәстүрінде 

қосаға деп атаған қыздың үйі, қосағаны көлегейлеп, ел көзінен тасалап тұрған, 

бүркемені, пердені қазақтар “көсеге” деп атап келген. Қазақ дәстүрінде қыз 

күйеуге тигенде жасауымен бірге көсегесін де ала келетін ғұрып болған. Кей 

жағдайларда қыз жасауын артынан апаратын жайттар болса, қыз көсегесін де 

бірге апарып беретін болған. Көсегені қыз кастерлеп, сақтап алатын болған. 

Қазақта “Көсегең көгерсін” деген тілек бар. Бұл адамдарға “қызың құтты жерге 

қонып, көп жасап, сандығы түбінде көп жыл жатып, көсегесі көгеріп, ескірсін” 

деген тілекке ұқсайды. Көсегенің өңіне айтылмаса керек. Бұл тәмсіл тілек 

“жақсылық болсын” деген тілекті білдіреді. Кім кімгс де айтыла береді. 

Қазақтың көне ғұрпында, қызды ұзатуға жарты жыл қалғанда оны бір 

жеңгесімен бірге жеке тігілген отауға бөлек шығарады. Бұл үйді қазақ салтында 

“доғалан” деп атайды. Бойжеткен қыз сол отау үйде жеке тұрмыс құрып, 

келешек нағыз омірге дайындық жасайды, тәрбиеленеді. Ол қонақ қабылдап, 

ас-су дайындап, үйдің тіршілік тынысын реттеп, үйге ие болуға қалыптасады. 

Бұл кезде ұзатылар қыз емін еркін өмір сүріп, отауына құрбы-құрдастарын 

шақырып, олармен ойнап-күліп, “бой жазып” жырғап қалады. Достарымен 

сырласады, Мұндасады, “ескерткіш дүниелер” алмасады. Бұл қыздың ауыл 

аймақпсн алдын-ала қоштасуы да болмақ. Кейбір көшпелі халықтарда 

“доғаланда” үйленген жас жұбайлар уақытша бірнеше ай тұратын да салт бар. 

Жоғарыдағы “қосаға”, “доғалан” деген жеке үйлерде, орында қыз балалардың 

уақытша тұруы, ол оның өмірге деген дайындығы болмақ. Осылай сұңғыла 

қазақ халқы қызын мұқият өмірге дайындаған. 

 

Келін түсіру. Күйеу жанына ерген серіктерінің бір екеуі көштен озып 



суыт кетеді де, күйеу әкесінен сүйінші сұрап, хабар жеткізеді. Күйеу әкесі 

дереу дайындыққа кіріседі. Хабаршының соңынан күйеу шешесі ауыл 

әйелдерімен көш алдынан шығып, шашу шашып, қыз шешесінен жасаулы 

көшті қабылдап алып, дереу жүкті түсіріп, отауды тігуге кіріседі. Қалыңдыктың 

отауын күйеу әкесінің үйінің оң жағынан тігеді. Отаудың шаңырағын көтеруге 

мұнда да бірнеше балалы болып, ауылға жақсы атағы шыққан әдепті әйелді 

таңдайды. Отау тігіліп болысымен әйелдер теңдерді шешіп, отауды 

мүліктерімен түрлендіре жинайды. Бұл уақытта қалыңдық та ауыл шетіне 

жақындап келіп жеңгесімен аттан түсіп, жаяу қалады да, күйеу ауылға келіп 

хабар береді. Келіннің алдынан ауылдың кыз-келіншектері шымылдық алып 

шығады, ауылға барлық топ асықпай жайлап жаяулап келеді. Ауыл шетіне кіре 

келінді шымылдықпен қоршап, үлкендерге көрсетпей, отау алдына әкеледі. 

Отау алдында күйеу шешесі қарсы алып, шашу шашып үйге кіргізеді. Келінді 

отаудың сол жағына құрылған шымылдық ішіне отырғызады. Оның жанында 

жасөспірім қайын сіңлілері отырады. Ал отау ішінде қалыңдықтың шешесі, 

ертіп келген жеңгелері, т. б. ауыл әйелдері болады. Ауыл адамдары бірінен соң 

бірі отауға кіріп, келін жасауын көріп, шымылдықтан сығалап, келінді көріп 

кетіп жатады. 

Мал сойылып, қазан көтеріледі. Кешке қарай жиналған жұртқа тамақ 

беріліп болған соң әр үйде той бастар айтылып, ән салынады, күйлер тартылып 

әр түрлі ойындар ұйымдастырылады. Қалыңдық шешесі құдағиының айтуымен 

жиналған қыз-келіншектерге күміс білезік, сақина-жүзік, сырға, алқа, түрлі 

маржан тізбектері мен асыл тастар, таналарды үлестіреді. Күйеу әкесінің үйіне 

келесі күні туыстар, ауыл үлкендері жиналады. Үйдің сол жағына шымылдық 

ұсталады. Қыз шешесі де осында шақырылады. Бұдан соң, келінді де бетін ақ 

торғынмен жауып үйге кіргізеді. Қайын атасының босағасынан аттай беріп тізе 

бүгіп, сәлем етеді. Атасы бұған жауап ретінде «көп жаса балам» деп 

ризашылығын білдіреді. Қайын енесі үй ортасындағы отқа май құйғызады. «От 

ана, май ана қабыл ет, аруақ- құдай разы болсын» деп отырған үлкендер бата 

береді. Бұл әдет өте көне - отқа табынудың, аруақтар құдіретіне сенушіліктің 

сілемі ретінде сақталған. Халық түсінігі бойынша бұрын өлген ата-

бабаларының рухы әр- дайым ұрпақтарын жағалап келіп жүреді. Қөңілі түссе 

жебеп, қолдап жүреді дегенге халық әбден сенетіндіктен аруақ рухын риза ету 

үшін отқа май құйып, олардың жаңа тілеу, жас қосақтарға оң көзімен қарап, 

шарапатын тигізуін тілейтін. Осы әдетке байланысты «отқа май құярына» (отқа 

салар деп те аталады) деп қыз шешесі күйеу әкесінің үйіне кілем жапқан түйе, 

не кілемнің өзін жібереді. Бүған шамасы келмегендер шапан әкеледі. Miне осы 

арада қыз шешесі отқа саларға не әкелгенін атайтын да, есік алдында дайын 

тұрған жігіттер кілемді үйге алып кіреді. Ал түйе алып келсе үстіне кілем 

жауып жетектеп келіп есік алдына байлайды. Отқа саларға разы болған қайын 

ата келінге жақсы тілектерін айтып, ризашылығын білдіреді. Отқа саларға 

әкелген түйе де, кілем де, басқа бұйымдар да қыз әкесінің үйінде қалады. Бұл 

әдеттер орындалған соң келін шымылдық ішіне енгізіледі де, қонақтарға ет 

тартылады. Келінге бөлек табақ даярланады. Ақсақалдар өз табағынан келінге 

сыбаға жібереді. Оларды да келін сәлем етіп қабылдайды. Бұдан соң жас 

келіннің бетін ашу яғни күйеу жұртының үлкендерімен келінді таныстыру, 

оларға келінді көрсетіп көрімдік алу үшін «беташар» дәстүрі басталады. 

Беташар әрдайым өлеңмен айтылады. Мұның да халық арасына кең тараған 

тамаша үлгілері бар. Беташар айтуға әбден машықтанған ақын жігіттер 

жаттанды үлгілерге өз лебізін қоса айтады. Беташардың мазмұны әзіл-шыны 

аралас қайын ағалардың жетістігі мен кемшілігін сипаттаумен бірге, келінге 

толып жатқан ескертулерден тұрады.Беташар айтатын жігіт үйге кіріп, 

шымылдық ішінен келінді шығарады. Келін шымылдық алдында түрегеп 

тұрады. Оның беті сәукеленің төбесінен төмен түсетін үлбіреген ақ торғын 

желекпен жабулы болады. Керек кезінде желекті жоғары көтеру үшін келіншек 

жанында күйеудің бір жақын жеңгесі тұрады, немесе беташар айтушы 

жыршының өзі ашып тұрады. Ол үшін келіннің бетін жауып тұрған желектің 

төменгі шетін шыбық ұшына байлап, керек болғанда желекті жоғары көтеріп 

келіннің бетін ашып тұрады. Ауыл үлкендерін сипаттай келіп, бәленшеге бір 

сәлем дейді де, бетін ашады, ал келін тізе бүгіп тәжім етеді. Бұдан соң сәлемін 


алып, рахметін айтқан қайын аға көрімдігіне не беретіндігін қолма қол айтады. 

Мұндай келін кәрімдігіне көбінесе мал бе¬реді. Әрқайсысы өз әлінше біреу бие

біреу сиыр атаса, оған шамасы келмейтіндер қой, ешкі беретіндігін айтады. Бұл 

көрімдіктер түгелімен келіннің өзіне, яғни жаңа отауға берілетін. Ертеректе 

келін атасының босағасын аттамай тұрып, ауылға жаяулап, шымылдық артында 

келген кезінде, яғни келінді далада қарсы алу мерекесімен бірге, бет¬ашар 

дәстүрі де өткізетін болған. Мұндайда ауыл үлкендері үй сыртындағы көк 

майса алаңға жиналып отырғандарға келіншекті қаумалаған жастар тобы 

олардың алдарына әкеліп, ақын жігіт беташар айтатын. 

 

Беташар мазмұнын толығырақ айқындау мақсатымен оның кейбір 



үлгілерін келтірейік: 

Бет ашайын, бісміллә, 

Жаңа түскен жас келін. 

Келіп үйге еніп тұр, 

Қайын жұрты халқына, 

Иіліп сәлем беріп тұр. 

Айт келін-ау, айт келін,  

Атыңның басын тарт келін.  

Бетіңді, келін ашқаным,  

Жаңа жұртқа қосқаным. 

Бұйрықпен келдің бұл елге. 

Үйдегі қамнан қайт келін.  

Тұнық судай таза боп,  

Жақсы жолды тап келін.  

Бойыңды кірсіз таза ұста,  

Жұмыртқадай ақ келін.  

Жаман жолдан жырақ бол,  

Сауысқаннан сақ келін 

 

Шын пейілмен қызмет қып,  



Ата-енеңе жақ келін. 

Келін келді көріңіз 

 

Көрімдігін беріңіз. 



Берем деп босқа жұбатпай,  

Атын атап қойыңыз. 

Атасына бір сәлем!  

Орынсызға сөз қатып,  

Күнәға батпа келіншек, 

Үй басына қыдырып, 

Өсек айтпа келіншек. 

Рас сөзді өзгертіп,  

Жалғанға сатпа келіншек. 

 

Кісі келсе үйіңе, 



Қиізіңді қақ келін, 

Өзіңнен үлкен адамның, 

 

Бетіне тіке қарама. 



Үлкен кісі келгенде,  

Қатарласып отырма, 

Кейін отыр панада. 

Лажы болса шығып тұр,  

Қайтқанынша далаға.  

Сөлекет болып отырма,  

Еркектей болып жүгініп, 

Бір тізерлеп жөн отыр,  

Төмен қарап бүгіліп.  

Шаңқылдап қатты сөйлеме,  

Ақырын сөйле мүдіріп.  

Майдалығы сөзіңнің,  

Қеткендей болсын үзіліп.  

Келін келді көріңіз,  

Көрімдігін беріңіз, 

 

Беретұғын малыңның, 



Түсін айтып қойыңыз. 

Енесіне бір сәлем!  

Айналайын жас келін,  

Басқаларға бас келін, 

Өрлік қылмай ешкімге,  

Орынды жерде кішік бол.  

Қолын ұстап, бетін сүй, 

Бала келсе қасыңа. 

Қайныңды сыйлап қадірле,  

Карамай үлкен жасына. 

Жасы кұрбы екен деп,  

Жаманға болма ашына.  

Ойынның жөні осы деп, 

 

Әркімге берме ашыла. 



Келін келді көріңіз, 

 

Көрімдігін беріңіз. 



Нар берсеніз, мая бер... 

Үстіне кілем жая бер... 

Жылқы берсең биеден, 

Кем болмасын түйеден... 

Сиыр берсең, қызылдан,  

Шұбалаң құйрық узыннан.  

Қой берсең үлкен ағынан, 

Егіз болсын қозысы,  

Болмасын жылқы тағынан.  

Ауылымыздың ағасы,  

Қырмызы тонның жағасы,  

Төрде отырған шіреніп,  

Пәленшеге бір сәлем!  

Кайыптан бұлбұл кез болды,  

Гүл бақшаға қонғалы. 

Алла нәсіп қылған соң, 

Бір жұртқа ана болғалы.  

Құтты болсын орныңыз,  

Мақтау сөзге толғалы.  

Қайнаға-қайын баршалар,  

Разы қошуақ болғалы. 

Қайын ағаларға бір сәлем! 

Ырзықты алла бүйырды, 

Өз жұртыңнан жат елге. 

Өмір беріп құдайым,  

Некеленген жастарға, 

Енді сөзді тәмәмдап, 

Тоқтау қылдық бұл жерге

Ақ желегін ашайын, 

Асыл жүзін көріңіз, 

Әумин деп бата беріңіз! 

Барша көпке бір сәлем! 

СҚ. Халиди, М. Әуезов). 

Беташар кезінде келін неше рет иіліп сәлем етсе, сонша рет рахмет айтып 

«көп жаса», «өмірлі бол, қарағым» деген тілектер айтылады да, ең соңында 

ақсақалдар қол жайып бата береді. Бата мазмұны толып жатқан жақсы 

тілектерден тұрады. «Қадамың қайырлы, қойының құтты болсын, үбірлі-

шүбірлі бол; есігің малды, орамал дастар- ханың майлы болсын, пейілің кең, 

алақаның жазық бол¬сын; көп жаса», деген сияқты ізгі тілектерді батагей 

қарттар аямай-ақ шұбыртатын. 

Беташар айтқан жыршыға, қалыңдықтың екі қолтығынан сүйеп тұратын 

қыз жеңгесі мен күйеу жеңгесіне күйеудің әке-шешесіне беташар кезіндегі 

еңбектері үшін келін керімдігі деп жібек көйлек, биқасап шапан кигізетін. Ал, 

келін керімдігі деп жаңа отауға енесімен жакын қайнағаларының беретін 

малдары өз алдына. 

Беташардан соң, ауыл жастары түнімен ән салып, күй тартады, әр түрлі 

ойындар ойнайды. Ертеңіне үлкен той жасалады. Мұндай үйлену тойына яғни 

келін түсіру тойына, өз ауылынан басқа көрші ауылдан күні бұрын 

шақырылады. Күйеу әкесінін, жан-жақтағы туыстары, құдандалы жекжаттары, 

ұзатылған апа-қарындас, қыздары болса солардың бәрі де келіп тойды өткізуге 

жәрдемдесіп, той өткен соң бір-ақ қайтады. Келін түсіру тойды өткізу тәртібі 

қыз ұзату тойынан еш өзгешелігі болмайды. Мұнда да арқан тарту, көкпар, 

алтын қабақ, құнан бәйге, ат бәйгесі, ақындар айтысы, балуан күресі, бала 

күресі т. б. толып жатқан ойындар өткізіліп, жүлдегерлерге малдай, заттай және 

ақшадай бәйгі беріледі. Күйеу әкесінің байлығына қарай, әсіресе жалғыз бала 

болса, той бірнеше күнге созылады. 


Той біткенше күйеу қалыңдық маңына жоламайды. Келін ылғи отауда 

болады да, оның жанында шешесі және еріп келген жеңгесі түнейді. Ал, күндіз 

жас жеңгенің жанында ауыл бойжеткендері мен жақын қайын сіңлілері болады. 

Қайын сіңлілер әруақытта жеңгесімен сырлас болатындықтан, болашақ 

қалыңдықтар жастай түскен жас жеңгелеріне келген күннен бастап үйір келеді. 

Оларды бір-біріне мұншалықты жақын және сырлас ететін қазақ қыздарының 

бәріне бірдей ортак. тағдыр болса керек. 

Той аяқталысымен қалыңдық шешесін, яғни бас құдағиды қалған 

жолдастарымен қосып күйеудің жақын туыстары шақырып, әрқайсысы өз 

шамасына қарай жолын беріп кұрмет тұтады. Шешесіне еріп жас келін де, 

куйеу де барады. Олар өз тарапынан жасауға келген ішік, шапан сияқты 

киімдерінен ала барады. Келіннің бас тонын қалап алу үшін күйеу әкесінің ең 

жақын туысы шақырылып, келінге мал сыйлайды да, оның ең қымбат ішігін 

алады. Егер ішік алушының қызы болса, оның жасауына қосылады. Бұған 

қарағанда мұндай қымбат ішіктер бірден-бірге ауыса берген. Қаланатын бас 

тоннан басқа киімдердің де бірқыдыруы күйеу туыстарына үлестірілетін. Бірақ, 

ол туыстар да қалыңмал төлеуге, той ұйымдастыруға, т. б. әдет-ғұрыптарды 

орындауға бірге шығынданатын, «Алмақтың да салмағы бар» дегендейін әр 

туысқа, одан шыққан шығынға лайық сыйлықтар жасалып, жолдар беріледі. 

Осыған орай айта кететін бір жағдай, төңкеріске дейінгі көптеген орыс 

авторларының еңбектерінде қалыңдық жасауының көпшілігін күйеу туыстары 

еркіне қоймай сұрап, талап алады (А. Левшин) деген жаңсақ пікірді уағыздауы 

олардың қазақ арасындағы туыстық қатынасты, алыс-беріс байланыстарының 

шынайы сырын, мәнін жете түсінбеуінің нәтижесі деп қарау керек. Ал. Ы. 

Алтынсарин мұндай сыйлықтардың халықтың әдет-ғұрпына байланысты 

жасауға келген дүние мен киімнің жартысынан жуығы үлестірілуі ықтимал деп 

дұрыс көрсеткен (И. Алтынса¬рин). 

Қыз шешесі көбінесе той өткен соң жолдастарымен еліне қайтады. 

Олардың әрқайсысына кит кигізіледі. Құда мен құдағиға түйе жетектетіп, ат 

мінгізеді, тәуір киім кигізеді. Басқа жолдастарын да разы етіп, қайтарады. 

Үйінде шаруасына, қарайтын адамы бар қыз анасы кейде қалған серіктерін 

қайтарып жіберіп өзі бір айға дейін қызының жанында болып, оны әрнемеге 

баулап, өмірдің сан түрлі қырын қалай қарсы алып, оған қалай бейімдеуге 

дағдыландырады. 

Қысқасы тәжірибелі ана өз әлінше ақыл-кеңесін беріп, жайлы орнына 

берік қондырып, көңілі орныққан сон ғана үйіне қайтады. Құдағи қанша жатса 

да үлкен сый, құрмет керсетіліп, салтанатты түрде аттандырылады. Мұндайда 

енесін күйеудің өзі бастаған 2-3 жігіт апарып салады. 

Той өтіп, ел аяғы басылған соң жас келін өз отауының шаруасына араласа 

бастайды. Енді жас келіннің той кезінде киген киімдерін ресми түрде шешкізіп, 

күнделікті шаруа әйелінің киімін кигізеді. Әсіресе сәукеле орнына жаулық 

кигізу әдеті жас келінді, қалыңдық кезін ұмытып, нағыз әйел болғанын 

мойындатады. Бұл әдет те ескерусіз қалмайды. Қелін енесі абысын-ажындарын 

шақырып, шашуларын шашысып, шай-пайын ішіп, еттерін жеп тарасады. 

Дегенмен жаңа түскен келін жыл уақытына дейін, яғни алғашқы баласын 

туғанға дейін көш-қон кезінде немесе жиын тойдың кезінде сәукелесін киіп, 

өткенді бір елестетіп, сергіп қалатын. Бала тапқан соң қандай жағдай болмасын 

сәукеле киюді мүлдем қоятын. 

XX ғ. басында қалыңдыққа міндетті түрде сәукеле дайындау өте сирек 

кездесетін. Оған соңғы жылдар ішін- де Семей, Қарағанды, Атырау, Ақмола, 

Шымкент және Алматы облыстарында кездестірген көптеген 70-80 жасар қарт 

әйелдердің бірде біріне сәукеле берілмегендігі дәлел. Бұл уақытта сәукеле 

жасату қалып, тек бірден бірге ауысып жүрген ескілері ғана сақталған. 

Сондықтан XX ғ. басында халық арасынан сәукеле ұшырату некен-саяқ болған. 

Келін түсірген ауылда той өтіп жайланған соң қазақтың ескі әдеті 

бойынша сол ауылда немесе көрші ауылда тұратын жамағайынның бірі жаңа 

түскен келіннің бір тәуір бұйымын алу үшін өздерінің бөтен жұрттан келінге 

өкіл әке, өкіл шеше болу ниеттерін білдіреді. (Ақмола, Шымкент, ЭЭ, 1966). 

Бұған жас келіннің түскен жұрты қарсы болмаса, олардың үйіне келін 

күйеуімен қонаққа барады. Келінді қызым деп, күйеуді өз күйеу баласы 

есебінде қабылдап, әдет бойынша қызға асық жілік ұстатып, күйеуге бас 

тартып, барлық әдет-ғұрып сақтауға тырысады. Күйеу де бұл үйдің төріне баса 

көктеп шықпай, ізеттілік көрсетуі қажет. Олар өкіл әкенің ниет қылған тәуір 

кілем, қымбат ішік т. б. осы сияқты құнды бұйымдарын ала барады. Ал өкіл әке 

қызына көбінесе мал беретін. Бұдан кейінгі жерде өкіл әке жас келіннің төркіні 

есебінде оған қамқорлық жасап тұрады. 

Сыйласып тұрған жағдайда алыс беріс өмір бойы үзілмейтін. Өкіл әке мен 

шеше мейірімді жандар болса, «қыздары» онда барғанда «өз үйіндей» 

сайраңдап кенеліп қалатын. Ал, енді  келіннің құнды дүниесіне қызығып, 

немесе өзіне күйеу тарапынан басқадай пайда түсіруді көздегендер сыртын бере 

бастайды да, қарым-қатынас біртіндеп үзіледі. 

 

Келін түсіп «құтты болсын» айта келген адамдардың аяғы саябырлай 



бастағанда, жігіт ауылындағы туыс-туған, көрші-қолаңдары келінге өздерінің 

от жаққан жерін көрсетіп, үлкен-кіші бала-шағаларымен таныстырып, бұдан 

кейін барып-келіп, алып-беріп тұруына қолайлы болу үшін, бірінен соң бірі 

қонаққа шақырады. Міне, бүл «келінді отқа шақыру» деп аталады. 

Отқа шақырған үйлерге келінді қайын сіңлілері ертіп барады, әрі келінге 

шақырған үйдің жолы, барыс-келіс, алыс-беріс жағдайына қарай енесі «мынаны 

ілуге сал» деп (кей жерде «отына сал дейді») ең кішісі орамалдан тартып, кілем, 

сусар, құндыз, түлкі ішікке дейін апарып салдырады. 

Жаңа түскен келінді отқа шақыру — жігіттің туыс туғандарының жас 

келінге көрсеткен сый-құрметі, сондай-ақ, туыстық жақындықтарын білдіруі, 

барыс-келіс, алыс  берісіміз үзілмесін деген ізгі ниеттері. Отқа шақыру жаңа 

түскен келіннің жігіт туыстарына деген құрмет сезімін арттырып, туыстық, 

жақындық сүйіспеншілігін тереңдетеді. Сондай-ақ, жас келінді әдепті, ибалы, 

қонақшыл, бауырмал болуға баулиды. Жақын адам¬дар алдында борыштық 

және жауапкершілік сезімін оятып, адамдар арасындағы қарым-қатынасы мен 

қоғамдық өрісін кеңейтіп, досын көбейтіп, жас келіннің көңілін көтеріп, рухын 

серпілтеді. Жатырқау, жабығу сезімдерінен арылтып, сау-сәлемет өмір сүруіне 

мүмкіндік жасайды. 

 

Ілу салу. Қазақ салтында жаңа түскен келінді жігіттің жақын туыс-



туғандары түгел отқа шақырып, арнаулы мал сойып ерекше күтеді. Сонымен 

бірге, келіннің төркінінен келген (естелік болуға татиды  ау деген) бір бағалы 

затын қалап, оны «ілуге сал» (отқа салу) деп базына айтатын тағы бар. 

Сондықтан да, көңілдері жақын, алыс-беріс, барыс-келістері жиі, бір-біріне 

өткен өтісі бар туыстары мен үлкен шаңырақты ұстап отырған туыстары келінді 

отқа шақыруға барғанда: келіннің төркінінен келген пәлен затын санадық, соны 

ілуге салсын (отқа салсын) деп қалауын айтып кетеді. Енесі келінімен 

ақылдасып, шақырған адамның «ілуге сал» деп сұраған затын беруге лайық деп 

тапса, онда келін оны апарып береді. Ал, оны жөн көрмесе, басқа бір лайықты 

зат апарады. Міне, бұл «ілу салу» (отқа салу) деп аталады. Салт бойынша, жаңа 

түскен келін өзін отқа шақырғандар «ілу сал» деп бір затын мейлі қолқаласын, 

мейлі қол қаламасын, шақырған отбасына өз жағдайына қарай «ілу салады», 

ешқашан құры қол бармайды. Қалайда, жасауынан бір зат алып бару шарт. «Ілу 

салу» туыстар арасындағы қарым – қатынасты нығайтып, сүйіспен-шіліктерін 

арттырады. Алыс-беріс, барыс-келістерін жиілетудің дәнекері болады. Жас 

келінді көпшіл, қолы ашық жомарт, кеңпейіл, кешірімді болуға 

дағдыландырады. Дүние қорлықтан, өзімшілдіктен арылтып, кеңпейіл, 

кешірімді, ақ көңіл, ашық-жарқын, қонақшыл болуға баулиды. 

Ұзатылған қыз алғашқы баласын туған соң, халық әдеті бойынша баласын алып, әкесінің үйіне барып, бір ай шамасындай жатып қайтады. Мұны 

«төркіндеу» деп атайды. Жыл уағына дейін бала болмаған күннің өзінде 

төркіндеп бару парыз. Сондықтан баланың болу, болмауына қарамай-ақ 

төркіндей беретін. Қыз әкесі төркіндей кел¬ген қызына ең кем дегенде түйе 

жетектетіп не ат мінгізіп аттандыратын. Кейбір ірі байлар қоралап қой, үйірлеп 

жылқы айдататын. Төркіндей келген қыз тек бір ай бойы өз үйінде жата 

бермейді. Сіңлілерін, жас жеңгелерін ертіп барлық туыстарын аралайды. Әр 

туысы мүмкіндігінше құрмет көрсетіп, әр түрлі сыйлықтар береді. Өйткені 

төркіндеп келген қыз да құр қол келмейтін. Үлкендерге шапан, көйлек, ең ақыр-

аяғы кішкене балаларға көйлектік мата, т.б. усақ-түйектерді жеткілікті етіп 

әкеледі. Әрбір шақырған туысының үйіне барғанда оның туыстық 

жақындығына қарай сыйлығын да ала баратын. 

Әрбір әке ұзатылған қызының төркіндеу сыбағасын беруді өзінің парызы 

деп біледі. Егер бір жағдайлармен уақытында келе алмаған қыздар болса, оның 

сыбағасын, өз мүмкіндігінше қарай, бөліп қоятын. Бұл сыбаға қыздың заңды 

еншісін беру болып табылады. Төркіндеу өте көне матрилокалды некенің сілемі 

ретінде сақталып келгендігі даусыз. Мұндай ғұрыптың Орта Азия 

халықтарының бірнешеуінде бар екенін айта келіп, Н. А. Кисляковтың қазақ 

халқында кездеспейді деуі жаңылыс айтылған (Н. А. Кисляков, Очерки). Тіпті 

Н. Гродековтың айтуы бойынша, бірнеше жыл ішінде төркіндеп келе алмай 

жүрген қыздарын әкесі өзі шақырып алып тіршілігінде сыбағасын беруді әкелік 

міндетім деп білетін. 


Тіршілігінде мұндай қарызын өтей алмай кеткен әкенің борышын оның 

мұрагерлері орындауға тиіс болатын. Ұзатылған қыз төркіндеп келгенше төркін 

жұртына әйел киімімен, әсіресе жаулықпен көрінуге ұялып, әдеп сақтайтын 

болса, төркіндеу дәстүрі өткеннен кейін кімнің алдында болсын өзінің әйелдік, 

аналық қалпы үшін қаймықпайтындай болады. Бір жылдан соң баласымен 

төркіндеп келген қызға 100 қой, 15-20 жылқыға дейін сыйға беретінін 

Н.Изразцов та атап айтқан болатын. Осы келтірілген деректер қазақ халқында 

төркіндеудің болғандығын толық дәлелдейді. 

Сөйтіп, ұзатылған қыздың төркіндеу дәстүрімен құда түсу арқылы қыз 

алып, қыз беру аяқталады да, өмір көші күнделікті ретімен созыла береді. 

Құдалар арасындағы қатынас, күйеу мен қайын жұрт, қыз бен төркін, келін мен 

қайын жұрт (түскен жері) жиен мен нағашы жұртының арасындағы қарым-

қатынас әрдайым болып тұрады. Осы қарым-қатынастарға сай құдаға жамбас, 

күйеуге төс, қызға асық жілік сияқты сыбаға тарту дәстүрі ежелден бері осы 

уақытқа дейін үзілмей келе жатқан ұнамды әдеттің бірі. 

 

Отау, отау көтеру. Қазақ халқының үйлену, үй болу дәстүрінде жас 



жұбайларға ата-аналары “отау көтеріп” беретін дәстүр бар. Отау көтерудің 

өзіндік дәстүрлі ғүрыптары бар. Бірінші жағынан қалыңдық, қыздың әке-

шешесі қызға беретін жасау, енші ретінде қалың малдың қарымтасына деп 

қызына отау көтеріп береді. Екінші жағынан күйеу жігіттің әке- шешесі ұлына 

отау көтеріп беріп, жас жұбайларды жеке шығарады. Кейде отауды кейінірек 

көтеріп береді. Алғашында келінді күйеу баланың әке-шешесі, өз үйлерінің оң 

жағына түсіріп, кейін отауды жабдықтап, тігіп, соған шығарады. Жас 

жұбайлардың отау жабдығын қыз, ұлдардың әке-шешесі ертеден жинастырып, 

ойластырады. Жастарға отау көтеріп беру, олардың әке-шешелерінің негізгі ісі 

болғанымен отау көтеруге ағайын туыстары да “отауға берген байғазымыз”, 

“отауға жапқанымыз” деп көмектер етеді. Әйел, қыздар киіз басысып, өздері 

“өрген өрмелерін”, “терген термелерін”, құр жіптерін береді. 

 

Отау көтеріліп біткен соң, “ақ сарбас” мал аталып сойылып, “отау шай” 



беріледі. Отаудың киізі ақ қой жүнінен ақ етіліп басылады. Содан да “ақ отау” 

деп аталады. Отауға арнап ақсақалдар “ақ бата” бергенде: “Ақ отауларың ақ 

ордаға айналсын” деп жатады. Қазақ дәстүрінде “отау көтерген”, жеке шыққан 

жас жұбайларға екі жақтың әке-шешелері, туыс туғандарынан көрсетілетін 

көмек, мал мүлікті “немеуірін” деп атайды. Отау үйде жастар ойын сауық 

құрып, ырғап-жырлап жатады. Отау жастар үйі. Отаудан келешек қарашаңырақ 

үйлер қалыптасып жатады. Отау көтергенде, отауды тіккенде көптеген 

“кәделер” істеледі. Отаудың әрбір дүниесі атауымен кәделер беріліп жатады. 

 

Қыз, қалындық келіндердің киім ерекшеліктері. Қазақ қыз баланы “қүт”, 



“ырыс алды қыз” деп қастерлейді. Қыздарын қызыл түсті пұлдардан тігілген 

көйлек, бешпет кигізіп, қос бұрымын салалап өргізіп, төгілтіп тор жаққа 

отырғызып қоятын салт бар. Қыз есік жаққа отырса сол үйдің “ырысы кетеді” 

деп ырымдалады. Балиғатқа толған қыз бала үй ішінде жүргенде басына жұқа 

қызыл орамал тартса, сыртта жүргенде қарқара, қарқаралы “топы” немеес 

қарқаралы тақия киеді. Содан да ел арасында “қарқаралы қыз”, “қызыл 

орамалды қыз” деп атайды. Құда түскендер қызға “белгі салып” үкілі тақия, 

жүзік, сақина салады. Бұдан “үкілі қыз”, “сақиналы қыз” деп аталады. Күйеуге 

шықпаған қыз үкілі тақия, үкілі бөрік киіп жүреді. Үкі таққандары біреудің 

қалыңдығы, қалыңдығы еместер де үкі таға беретін (өзндік үшін) салттар 

баршылық. Үкісіз тақия, кепеш, бөріктердіде киіп жүреді қыздар. Некесі 

қиылғаннан кейін қалындық қызың басынан бөрік шешіліп алынып, “сәукеле” 

кигізіледі. Ұзатылған қыздың “сау келуін” тілеген, болашақ қайын жұрты 

келініміз “сау келсін” деп бас киім “сәукеле” атанып кетуі мүмкін болса керек. 

Келін түсірген кезде келін бетіне “перде” тағылып жабылады. Бұл жұқа, бет 

бсйне көрілмейтін, жұқа асыл пұлдан істеледі. Бүрмелі көйлек киюдің де 

өзіндік мәні болады. Оны “он екіде бір гүлі ашылмаған” қыздар көбінде киеді. 

Кейін келе келіншектер “кең етек” көйлек киетін де ғұрып бар. Күйеуге шыққан 

келіншектің басына ақ бәтестен, бөзден, ақжібектен “бас киім” істеліп 

тартылады. Мұны “жаулық” деп атайды, яғни “ақ жаулық” деп те атайды. Сол 

сияқты жаңа түскен келін жыл бойы басына “желек” деп аталатын “жамылғы” 

жауып, салып жүреді. Желекті жібектен тігіп, жиегі “алтын, күміс” жіптермен 

зерлендіріеді. Желегіне қарап келіннің тұрмысқа шыққанына жыл болмағанын 

жүрт білетін дәстүр бар. Олар “Желегі басынан түспеген келіншек” десіп 

жатады. Қандайда бір жағдаймен күйеуі өліп, әйелі жесір қалып, әйеліне 

айыпты жақ “қүн” төлейтінін білдіріп, жесірге “сары түсті жаулықты” жібереді. 



Жесір “сары жаулықты” бір жыл басына тартып жүреді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет