2-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, тапсырмаларын орындаңыздар



Дата06.02.2022
өлшемі18,79 Kb.
#79641
Байланысты:
7b3991b2-ee6e-46a7-a966-5d5d8e81d28c


6 Тіл ұстарту әдістемесі. Жаттығу жұмыстары
2-жаттығу.
Мәтінді мәнерлеп оқып, тапсырмаларын орындаңыздар.
Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар. Алтай, Күршім – не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы – қыспақ, жазы – Самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі – Алтай жары тау еркесі киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны. Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлық айнадай боп, көзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, көлеңдесіп, езу тартса – есің кетіп, сұңқыл қақса – шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.
(Ж. Аймауытов) құбыла – шығыс жақ мәйек – тыраңдасып – 10
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Үзіндіні мәнерлеп оқыңыздар. Табиғатты суреттеуде қолданылған сөздердің мағынасына, өзара ұйқасына, құрылысына, айтулы сазына назар аударыңыздар.
2. Жазушының Марқакөлдің сипатын, орналасқан жерін суреттеуінде қандай ерекшеліктері бар:
а) Өскемен, Бұқтырма, Алтай, Күршім жер атауларын не үшін пайдаланған?
ә) Жоғарыдағы ел, жер, өзен, көл, таудың суретін, табиғатын бейнелейтін сөздер мен сөз тіркестерінің қызметін анықтаңыздар.
3. «Ар жағында», «оң жағында», «қақ басында», «алақанның аясында» тіркестерінің синонимдерін жазыңыздар.
4. «Күз күзеткен», «қысы қыспақ», «түрі де аспан, сыры да аспан», «жазы самал» тіркестерінің мағынасын ашып айтыңыздар.
5. Сөйлем ішіндегі бір сөздің екі рет қайталанып берілуінің мағыналық, эмоциялық әсері қандай?


3-жаттығу.
Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, кестеге толтырып, әрқайсысымен сөйлем құраңыздар.
Ақберен, ақбөкен, алаша, әбес, айтымпаз, айығу, алагеуім, әупілдек, өрескел, әлеумет, сергу, томаға, бесін, сөзуар, кілем, керік, ләйлек, сұңқар, әсемпаз, қылаң, сөйлеу, жүгіру. Зат атауы Жан-жануар, құс аты Сын, бейне, түс, қасиет Қимылқозғалыс Уақыт 4-жаттығу. ...Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. Бір мезгілде алыстағы қағушының айғайы естілді. Ақшегір елең етіп, барлық үлкен денесі екі ғана отты шегір 11 көз болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, қадалып қалды. Артынан аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде қызыл тастың аңшыларға қараған қарсы беттегі бір жарықтан түлкі етекке қарай шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын қабат тастың арасынан қылп еткен жонын көрген екен. Денесі ыстық оттай қайнаған шыдамсыз қыран жай отындай жарқ етіп, аспанға шықты. Етекке түсе алмай асығып, қарбаласып қалған түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге шығып тоса алмай, қызыл тастың қия бетіне құйрығын шаншып, керіп тұрып қалды. Майданға шығып, қызықтырып тұрған жерін көрген қыран айналып, аспандап көтеріле берді. Аспандаған сайын жынын шақырған қара бақсының қабағындай төңкеріліп, қайта-қайта түйіліп, көтеріліп, күші мен ызасын жиып жүрді. Аяғында жерге қарсы қасқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып, бетін бұра сала түлкіге қарай шаншыла жөнелді (М. Әуезов. «Бүркіт аңшылығының суреттері»).
«.... Сол уақытта тағы да Баймағамбеттің «кеу» деген жіңішке, қысқа белгісі тас арасында жаңғыра шықты. Қарашолақ ытқи жөнелді. Бұл жолы ызалы ынтамен, қос қанатын ширақ сермеді. Шапшаң оралып, аз аяда ширақ айналып, қос қанатын қыса сермеп, екі-үш дөңгеленіп, биіктеп алды. Енді Тұрғанбайдың алдындағы құздың бауырына қарай қос қанатты аспанда бір қайшыландырып жіберіп, топшысын үшкірлеп лезде құдия жөнелді. Тұрғанбай үн қатқан жоқ еді» (М.Әуезов. «Абай жолы»).
3. ... Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сыпсың қағып із шалғанда.
Бүркітші – тау басында, қағушы-ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
Қызық көрер, көңілді болса аңшылар,
Шабар жерін қарамас жығылғанға.
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі,
О да осал жау емес қыран паңға.
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмайды ертең таңға.
Қанат, құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда

(Абай. «Қансонарда бүркітші шығады аңға»)




Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар.


2. Төмендегі сөздерді жазып, мағынасын еске сақтаңыздар. топшы – адам қолының, құс қанатының кеудеге жалғасқан жері. үшкірлеу – сүйірленіп, алдыға қарай созыла түсуі. қырым – алыс жер, қия шет. саға – өзен немесе өзен сілемінің қабысып түйіскен жері. Бұл жерде сай-саланың түйіскен жері
3. Үш мәтіннің ортақтығы мен айырмашылықтарын анықтаңыздар.
4. Келесі сөздердің мағынасын «Түсіндірме сөздіктен» қарап жазып алыңыздар: томаға – бет – құдия – қарсы бет – қағушы – қия бет – жон –
5. Кестені толтырыңыздар. Таулы жердің сипатын білдіретін сөздер Түлкінің қимылын білдіретін сөздер Бүркіттің қимылын білдіретін сөздер
6. «Аң аулау», «құс салу», «құс баптау», «ит жүгірту» тіркестерінің мағынасына талдау жасаңыздар.
7. «Қыран бүркіт не алмайды салса баптап» (Абай) тақырыбына әңгіме құрастырыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет