2-курс студенті Нұрсәлімова Сымбат



Дата16.11.2016
өлшемі47,13 Kb.
#1890
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

халықаралық қатынастар факультеті

халықаралық құқық мамандығы

2-курс студенті Нұрсәлімова Сымбат
Халықаралық құқықтағы эвтаназияның заңи ерекшелігі (отандық және шет ел практикасында)

Қазіргі кезде дүние жүзінде өзекті болып табылатын соңғы кезде әлемде жиі көтеріліп жүрген Эвтаназия мәселесі. Эвтаназия мәселесі медициналық-деонтологиялық, діни-этикалық және заңи тұрғыдан шешілмеген даулы мәселе. Бұл даулы мәселеде негізгі дәлел (аргумент) ретінде заңи рұқсаттар мен шектеулер басшылыққа алынып отыр.

Эвтаназия (грек. жеңіл өлім) – қатты жазылмайтын аурумен ауыратын адам өмірін қысқарту немесе тоқтату, адамның азабын азайту немесе адамдарға қиналмай өлуге медициналық жолмен мүмкіндік беру. Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделушінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды. Яғни науқастың өмірін сақтауға ешқандай шаралар қолданылмайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі. Эвтаназия терминін ең алғаш рет XVII ғасырда ағылшын философы Фрэнсис Бэкон қолданған. Бұл мәселе Джек Геворкянның өлім жазасына кесілген қылмыскерлерге осы эвтаназияны қолдану керек деген мақаласы шыққаннан кейін қызу талқылауға түсті [1].

Қазақстан Республикасында 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 141- бабына сәйкес Эвтаназияға жол берілмейді [2]. ҚР Конституциясының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 15-бап 1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар. 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. 12-бап 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi делінген. Осы баптарға сәйкес эвтаназия Қазақстан заңына қайшы келеді. Және Эвтаназия институты Қазақстанда жоқ [3].

Қазіргі уақытта эвтаназияны қолдану көп елдерде Ресейде, Әзербайжанда, Австралияда қылмыстық жауаптылыққа алып келеді. Ал Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Германия, Албания, Жапонияда эвтаназияға заңи тұрғыда рұқсат етілген. Соның ішінде 2002 жылдың 28 мамырында Бельгия парламенті заңи тұрғыда эвтаназияға рұқсат берді. Ал осы жылы балалар эвтаназиясына рұқсат етілді. 2002 жылы қабылданған заң VI тарау және 16 бөлімнен тұрады. Бұл заң Бельгия Конституциясының 78 бабына негізделген. Бұл заңнын I тарауының 2 бөлімінде Эвтаназия тек қана сұрау жіберу арқылы дәрегерлердің көмегімен жүзеге асырылады. II тарауының 3 бөлімінде Эвтаназияны жүзеге асырушы дәрігер қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Сұрау беруші есі дұрыс, кәмелетке толған немесе эмансипацияланған болуы қажет. Бірақ 2014 жылы қабылданған балалар эвтаназиясы туралы заңда бұл шектеулер жойылды. Себебі, Бельгияда аса ауыр жағдайда, емделуге келмейтін, өте қатты физикалық ауыртпалықты басынан кешірітін балалар саны жыл сайын өсуде. Сұрау беру ешқандай қысымсыз өз еркімен берілген сұрау болуы қажет. Осы заңға сәйкес сұрау беруші ауруы аса ауыр дәрежеде және медициналық тұрғыдан мүлдем емдеуге келмейтін болуы қажет. Науқас сұрауды жазбаша түрде беруі тиіс. III тараудың 4 бөлімінде ауыр науқас өз еркін білдіре алмайтын жағдайда, яғни аса ауыр жағдайда болғанда оған медициналық сараптама жүргізіледі. Сараптамадан кейін оның атынан заңды қорғаушысы немесе қамқоршысы сұрау бере алады. Сұрау эвтаназия туралы заңдағы шарттарға сәйкес келуі қажет. VI тараудың 5 бөліміне сәйкес эвтаназия жасаған дәрігер тіркеуден өтуі қажет. V тараудың 6 бөліміне сәйкес тіркелгеннен кейін жасалған эвтаназия осы заңда көрсетілген шарттарға сәйкес келгенін тексеруден өткізеді. Бұл комиссия 16 мүшеден тұрады. 8 мүшесі профессор дәрігерлер, 4 мүшесі профессор заңгерлер. Эвтаназия заңды тұрғыда жасалған жағдайда ол расталады, егер шарттарға сәйкес келмеген жағдайда ол іс прокуратураға тапсырылады [4].

Қазақстан Респубикасындағы 2013 жылғы статистикаға қарайтын болсақ СПИД/ВИЧ ауруына шалдыққан науқастардың саны 21 578 көрсетеді. Бұл тек тіркелгендердің саны ғана. Ал емдеу қабылдап жатқандардың саны 4000 шамасында ғана. Емделмей өте қатты физикалық ауыртпалық сезініп жүрген науқастарға эвтаназия керек. [5]. Ал аса ауыр дәрежедегі ісікпен ауыратын науқас балалар санына келетін болсақ әрбір 450 баланың ішінен 1 бала осы ісікке шалдыққан. Бұның өзі де аз емес. Осы ауруға шалдыққан ересек адамдардың саны бұдан 10 есе көп. Қазіргі кезде онкологиялық аурулардың 30% емделуге келмейді, яғни медицина дәрменсіз [6].

Астана қаласындағы дәрігерлерден сұрау барысында эвтаназияны 42,5% қолдап, 37,6% қарсы шыққан болатын. Ал медициналық жұмыскерлердің 43,3% қолдап 33,9% қарсы болған [7].

Қорытынды. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе менің ойымша эвтаназия Қазақстанға қажет. Себебі әрбір азаматтың дүниеге келіп, өмір сүруге құқығы бар секілді, өлім таңдау құқығы болу керек. Әр адам өз өміріне билік етуге құқылы. Және Қазақстандағы аса ауыр онкологиялық ауруға шалдыққан, ВИЧ/СПИД ауруымен ауыратын, дүниеге келгенен бастап даун одан да басқа жазылмайтын, емделмейдін адамдардың жағдайын ескеру қажет. Бүкіл Қазақстан Республикасындағы дәрігерлерден жауап ала отырып Бельгия сияқты Қазақстанға да Эвтаназия заңын қабылдап, заңи тұрғыда рұқсат берілуі керек сияқты. Эвтаназияға адамды өмірінен айыру деп қана қарамау керек, адамды жан қиналысынан құтқару деп түсінген жөн секілді.

«Өлімге деген құқық – дүниеге келген адамның туа біткен құқығы».



Джавахарлал Неру

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ардашева Н. А. Эвтаназия как метод искусственного прерывания жизни: правовые условия 1996 г. С. 71-74;

  2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі

  3. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданылған Конституциясы http://www.constcouncil.kz/kaz/norpb/constrk/

  4. The Belgian Act on Euthanasia of May, 28th 2002

http://www.ethical-perspectives.be/viewpic.php?LAN=E&TABLE=EP&ID=59 (

  1. http://www.zakon.kz/4586122-v-rk-oficialno-zaregistrirovano-bolee.html

  2. http://www.vidal.kz/patsientam/entsiklopediya/Detskie-bolezni/onkologiya-u-detei.html

  3. Проблема эвтаназии: "за" и "против" Л.Л. Карп, Т.Б. Потапчук 2004 г. http://ecsocman.hse.ru/data/422/927/1219/019.KARP.pdf

Баяндаманың түйіні:

  1. Этот доклад содержит краткое описание об эвтаназии и об его видах. В дополнении к этому приводится аргументы с отечественного закона. Так как эвтаназия самая обсуждаемая тема в мире в докладе приводится в пример страны где позволено эвтаназия и где нет.

«Право на смерть — врожденное право появившегося на свет человека». Джавахарлал Неру

  1. This report contains a brief description of euthanasia and of its forms. In addition to that provided arguments with domestic law. Since euthanasia is the most discussed topic in the world, the report provides an example of the country where euthanasia is allowed and where not. «Right to Die - birthright which was born of man». Jawaharlal Nehru

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет