1.Қатынастардан пропорция құрындар. 18-дің 20-ға қатынасы 9-дың 10-ға қатынасына тең
4,2-нің 7-га қатынасы 1,2-нің 2-ге қатынасына тең
2.Пропорция түрінде жазыңдар 8·4=16·2
12·6=9·8
3.Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар а)
ә)
б)
в)
4. Ажар мен Ақниет 2,5 кг смородинадан варенье пісіреміз деп шешті. Рецепт бойынша 2 кг смородинаға 3 кг қант қажет. Ажар 3,75 кг қант керек дегенде, Ақниет 3,25 кг қант керек деді. Кімнің айтқаны дұрыс?
5. 1,5 л чай дәмдеу үшін 30 г заварка керек. Шәйнекте 0,39 л ғана сыяды. Қанша заварка керек?
6. 4 порция бидай ботқасына 220 г бидай, 1 л сүт, 30 г қант керек. 14 порция ботқаға қанша бидай, сүт, қант керек?
7. Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар?
8. Қарбыз массасының 98%-ы су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
9. Товарлың бағасы 120 теңгеге арзандатылған,бұл бастапқы бағасының 15%-ын құрайды. Товардың бастапқы бағасы қандай?
10. 400 г ерітіндіде 20г тұз бар.Тұздың ерітіндідегі проценттік қатынасын табыңдар?
11. Айдағы дененің салмағы жердегі осындай дененің салмағының 16 %-ын құрайды. Егер ғарышкер жерде 70 кг салмағы болса, айдағы салмағы қанша болады?
12. Барлығы 600теңге бар.Осы теңгенің 1/ 4- і жұмсалды.Қанша теңге жұмсалды?
13. Баласы 10 жаста.Оның жасы әкесінің жасының 2/7-сін құрайды.Әкесі неше жаста?
14. Өрікті кептіргенде өзінің массасының 0,3-ін жоғалтады.4,8 кг кептірілген өрік жинау үшін неше кг өрік жинау керек?
15. 35 саны 55 санының қандай бөлігін құрайды?
16. Кітапханада 2400 кітап бар, оның 8%-і шетел тілінде. Шетел тілінде қанша кітап бар?
17. Үйдің нақты ұзындығы 12 м, ені 10 м. Осы үйдің жоспарын сыз, егер масштабы 1:100.
18. Ауылды аймаққа газ құбыры өткізіліп жатты. 32 тұрғын 45 күн ішінде құбырларға арналған жерді өз қолдарымен орды. 24 тұрғыны бар дәл осындай ауылға құбыр өткізу үшін жерді оруға неше күн қажет болар еді?