2. Пропорция түрінде жазыңдар 8·4=16·2 12·6=9·8 Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар


кг тауар үшін 325 теңге төленді. Осындай тауардың 11 кг-ы үшін қанша ақша төледі? 20



бет2/3
Дата09.11.2023
өлшемі23,63 Kb.
#190576
1   2   3
Байланысты:
«Қатынас және пропорция» тарауы бойынша тапсырмалар жинағы

19. 5 кг тауар үшін 325 теңге төленді. Осындай тауардың 11 кг-ы үшін қанша ақша төледі?
20. 16 солдат 21 сағат ішінде ор қаза алады. Осы жұмысты 12 сағатта орындау үшін тағы қанша солдат қажет болады?
21. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3- кг болды,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
22. Төрт қойдың неше аяғы бар?
23. Бір жұмыртқа үш минутта піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі?
24. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
25. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атыпалады. Торғайдың қанша сықалады?
26. Қатар тұрған ұш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қандай сан?
27. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?
28. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? 
29. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? 
30. Кенжетай 1968 –жыл 29-ақпанда дүниеге келген. Қазір 41-жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады?
31. Қалаға 100 турист келді, олардың 10-ы немісше де, французша да білмейді. 75-і тек немісше, ал 83-і тек французша сөйлейді. Неше турист екі тілде де сөйлейді?
32. Немересінің жасы неше ай болса, әжесінің жасы сонша жыл, ал олардың жастарының қосындысы 52-ге тең. Немересі нешеде? Әжесі ше?
33. Сіріңке шиінің ұзындығы 4,5 см.13 шиден метрді қалай құру керек?
34. 8 лақ пен 9 қазды 5 қораға аяқтарының саны 10 және әр қорада лақ пен қаз болатындай етіп қалай орналастыру керек?
35. Кез келген амал мен 6 цифрын 3 рет қолдану арқылы 30 санын жазыңдар.
36. Күндізгі 12-де жаңбыр жауып тұр, ал 36 сағат өткенде күннің көзі жарқырап шығады деп тұжырымдауға бола ма?
37. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады?
38. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты 3-тапсырма: Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?
40. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шабактан ?екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі. Барлық үхынылған балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?
41. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
Жұмбақтың жауабы: х+(х+6)+(х+12)+(х+18)+(х+24)=1005х=40, х=8 балық. 
42. Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада?
Жауабы: 2 жаста
43. Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
Жауабы: Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет