2 зертханалық жұмыс. I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары Жұмыстың мақсаты



бет1/31
Дата11.06.2024
өлшемі140,02 Kb.
#203320
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
катион и анион
prezident-kuni-1 (1), 79 Титул, test art 351, Презентация1, биология ағылшынша Турсинбек Аружан

2 зертханалық жұмыс.
I-VI аналитикалық топтар катиондарының өзіндік реакциялары


Жұмыстың мақсаты: Na⁺, NH 4⁺, Pb²⁺, Ca²⁺, Ba²⁺, Al³⁺, Zn²⁺, Mn²⁺, Fe²⁺, Fe³⁺, Mg²⁺, Cu²⁺, Ni²⁺ катиондарының өзіндік реакцияларын оқып үйрену.
Теориялық мәселелер.
Зертханалық жұмысты бастаудан бұрын осы жұмысқа байланысты негізгі теориялық мәселелерімен танысып алу керек. Оның ішінде:
1. Д.И. Менделеевтің периодтық системасы және катиондық өзіндік химиялық реакциялары арасындағы диалектикалық байланыс.
2. Катиондардың қышқылдық-негіздік классификациясы, топтық реагенттердің қасиеттері және катиондарды тұнбаға түсіру шарттары.
3. Сапалық анализді орындау шарттары және аналитикалық химиялық реакцияларға қойылатын талаптар.
4. Тұнбаға түсу, қышқылдық-негіздік комплекс түзу, тотықтану-тотықсыздану реацияларының және амфотерлік катиондардың негіздік қасиеттері.
Жұмсалатын өзіндік реактивтер:
Катиондарды ашуға топтық реактивтер және әрбір катионға тиісті өзіндік реактивтер пайдаланатындығын жоғарыда айтқанбыз. Жұмыстың орындалу барысында әрбір студент топтық реактивтердін, мысалы, 2н хлорлы сутек ерітіндісінің Pb2+, Ag+ катиондарына, 2н күкірт қышқылының Ca2+, Ba2+ катиондарына, 2н КОН сілтісі артық қосылған жағдайда Al2+,Zn2+,Cr3+,Fe3+, Fe2+, Mn2+,Mg2+,Cu2+,Ni2+ катиондарына, аммиактың судағы ерітіндісінің Ni²⁺,Cu²⁺ катиондарына әсерін тексеру керек. Сондай-ақ пайда болған тұнбалардың қышқылдарда және сілтілерде ерігіштік қасиетін тәжірибе жүзінде бақылау қажет.
Катиондарды ашуға төмендегі өзіндік реактивтер пайдаланылады:
1. NH4+ катионын ашуға- КОН, K 2(Hg 9J 4) реактивтер.
2. Na+ катионын ашуға -цинкуранил ацетат реактиві.
3. Pb2+ катионын ашуға - HCl, K 2Cr O4,KJ реактивтері.
4. Ca2+ катионын ашуга - H 2SO4, (NH 4) 2C 2O 4 реактивтері.
5. Ba2+ катионын ашуға - H 2SO4, K2CrO4, реактивтері.
6. Al3+ катионын ашуға - КОН, алюминон реактивтері.
7. Zn2+ катионын ашуға - КОН, дитизон, K4[Fe(CN)6] реактивтері.
8. Cr3+ катионын ашуға - КОН, Н 2О2, КМпО4 реактивтері.
9. Fe2+ катионын ашуға - K3 [Fe(CN) 6], диметилглиоксим реактивтері.
10. Fe3+ катионын ашуға - K4[Fe(CN)6], NH4 CNS реактивтері.
11. Mn2+ катионын ашуға - КОН, Н 2О2, Pb О2 реактивтері.
12. Mg2+ катионын ашуға - КОН, Na 2HPО4 + NH 4Cl + NH 4ОH реактивтері.
13. Cu2+ катионын ашуға - NH4ОH, K4 [Fe(CN)6] реактивтері.
14. Ni2+ катионын ашуға - NH4ОH, диметилглиоксим реактивтері.
15. Co2+ катионын ашуға - NH4ОH, C 10H6(NО) (ОH) реактивтері.
Катиондарды өзіндік реактивтерімен ашу тәсілдері таблица түрінде беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет