20 орта мектебі Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі: Құрмантаева Алия Дүйсенбекқызы Ұлттық ойындар Мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі26,31 Kb.
#29568
Тараз қаласы

20 орта мектебі



Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі:

Құрмантаева Алия Дүйсенбекқызы

Ұлттық ойындар

Мақсаты:

Балаларға ұлттық ойындар жайлы түсінік беру. Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың атқаратын рөлін анықтау. Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұнын ашу. Ойындарды ойрынды пайдалана білуге үйрету. Балаларға шығармашылық белсенділігінің дамуына, өздігінен жұмыс әстеу арқылы өз білімін қалыптастыруға дағдыландыру.Олардың ой-өрісін жан-жақты логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындар арқылы балаларды зеректілікке, тапқырлыққа шапшандылыққа тәрбиелеу.

«Асық» ойыны

Асық- қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.Күндізгісі- мергендікке, түнгісі- ептілікке баулиды. Асық ойының мынадай түрлері бар: тәйкі, омпы, алшы, хан, хан ату т.б.

Асықтың мұртынан не жамбасынан тұрғызады омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, үлкен бөлмеде де ойналады. Мақсаты- көп асық ұтып алу. Асық ойыны- халық арасына кең тараған.

«Көкпар» ойыны

Көкпар- жігіттердің күш қайратын, ерлік, ептілігін, сынайтын- ұлттық ат ойыны. Көкпарға тақымы берік шабандоздар. Жарысқа түсетін бұл додалы сынға денесі жұмыр, аяқтары жуан сәйгүлік аттар қатыстырылады. Бұрындағы мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігіп ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, лақтырып ойнаған. Кейін ол ұлттық ат спорты ойына айналған.

«Тоғызқұмалақ» ойыны

Тоғызқұмалақ- шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнаған. Ертеде қойшылар малын өріске шығарып, тақыр жерден ұя- шұңқыр ойып, қойдың құмалағымен ойнаған. Тоғызқұмалақ атауы содан шыққан. Бекітілген өз ережесі бар, үлкен шеберлікті, ойлануды, ойла- тәсілі қажет ететін күрделі ойын.

«Теңге алу» ойыны

Теңге алу- қыраттау жерге биік сырық тігіп, оған көлденен қағылған тақтайға төмен түсіріп жіңішке жіп іледі. Жіптің ұшына күміс теңгелерді тесіп байлайды да садақ немесе мылтық оғы жетер жерден көздеп атқан. Теңгеге оғын тигізген ойыншы ең мерге саналған.

«Ақсүйек» ойыны

Ақсүйек- тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде ақсүйек ойнаған. Оның басты шарты лақтырған ақсүйекті жабыла іздеп тауып әкелу. Осы ақсүйек ізду үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған.

«Көрші» ойыны

Көрші- жастар оңаша отауда қыз бен жігіт боп қатар отырысып «көрші» ойнаған. Ортаға ойынды жүргізуші жігіт шығады. Қатар отырған жүптан «көршіңмен татусың ба?, аразсың ба?» деп сұрайды. Кыз бен жігіт «татумыз» десе, қозғалмайды да, ал аразбыз десе көңілі қалаған адамын сұрайды. Ол адамның көршісі сұраған адамын бергісі келмесе жазаланады. Өлең айту, би билеу, алақанына соқтыру сияқты, беріп жіберген жағдайда өз көңілі қалаған басқа адамның көршісі сұрайды. Осылай көңілді ойын жалғаса береді.

«Алтыбақан» ойыны

Алыбақан- қазақтың ұлттық ойыны. Алтыбақанды сырықтың екі басында үш-үштен қосақтап (мосы ағаш сияқтандырып) байлайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиіс. Алтыбақанды құрастырып болғаннан кейін, оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екуі бір деңгейде, үшіншісі олардан 40-50 см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама- қарсы отырады, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс. Алтыбақанды ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып халық аспаптарының сүймелдеуімен ән салатын, айтысатын, әзіл- оспақ, назды, күлкісімен көпшілік болып көңіл көтеретін ойын- сауығы болған. Алтыбақанның дене шынықтыруға да пайдасы мол.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет